Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 17:33, доклад
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.
1. ЭІТ пәні мен мазұмны
2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
Қосымша құн өндіру процесін Маркс капиталистік өндіріс тәсілінің негізгі заңы деп есептеді.
Бұл қатынасты Маркс қосымша құннның нормасы (m/v) деп атады.
Екінші томдағы капиталдың айналым процесі
«Капиталдың» 2-ші томы капиталдың айналым процесін зерттеуге арналған Маркс капитал айналымы туралы мәселені жаңаша қарастырып, оның жаңа шешімін табуды қарастырды.
А.Симт пен Д.Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтарына теңестірді. Олар капиталды таза материалдық, заттық тұрғыда қарастырды, оынң айналымын өндіріс құралының айналымына, қарапайым қозғалысына балады.
Маркс капиталдың анықтамасын былайша береді: «капитал зат емес, белгілі бір қоғамдық қатынас. Ол өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуші тап пен өндіріс құрал –жабдығы жоқ, сондықтан қаналуға мәжбүр болған таптың арасындағы қоғамдық қатынас», - дейді.
Меркантилистер капитал
айналымын ақшалай формада
Маркстің пікірінше өндіріске жұмасалатын қандай да болсын капитал өзінің қозғалысын ақшалай формада бастайды. Кез келген капитал өзінің қозғалысында үш түрлі сатыдан өтеді. Бірінші сатыда ақшалай капиталды (А-Т) капиталист өндіріс құрал-жабдықтары (ӨҚ) мен жұмыс кшін (ЖК) сатып алуға жұмсайды, яғни капитал ақша формасынан өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші формасына өтеді. Екінші сатыда (...Ө...) бұлар өндіріс процесінде қосылып, немесе тікелей капиталистік өндіріс процесі жүзеге асып тауарлар (Т) жасалады. Үшінші сатыда (Т-А) капиталист тауарларды сатады, осының нәтижесінде құн мен қосымша құн жүзеге асады. Бірінші сатыда ол ақша капиталы, екінші сатыда өндіргіш үшінші сатыда тауарлық капитал формасында көрінеді.
Бір мезгілде үш функциялық формада болып, өзінің шеңбер айналымнда үш сатыдан бірінен соң біріне өтетін капиталды Маркс өнеркәсіп капиталы деп атады.
Өндіргіш капиталдың екі бөлігі өндірістік процеске түгелдей қатысатын болса да, олардың біреуінің құны өнімге тиісті өндіріс құрл-жабдықтарының тозу дәрежесіне сай, біртіндеп көшеді. Бұл бөлік негізгі капитал деп аталады. Ол – үй-жайлар, құрылыстар, машиналар, жабдық болып, яғни еңбек құралдары. Өндіргіш капиталдың екінші бөлігі бір айналып шығу ішінде қайта оралып келеді, ал оның құны дайындалған өнімнің құнына түгелдей өтеді. Бұл – айналмалы капитал.
«Капиталдың» 3-ші томының негізгі идеялары.
Капиталистік өндіріс процесі
«Капиталдың» үшінші томы 7 бөлімнен 52 тараудан тұрады. Ол тұтас алғандадағы, яғни өндіріс пен айналыс саласын біртұтас алғагдағы капиталистік өндіріс процесіне арналған. Мұнда капиталистік шынайы құбылстардың сыртқы көріністері әшкереленеді. Сыртқы көріністерін әшкерелеу, нақтылау барысында абстрактылы категориялардың өзгерген нысандары ашылды. Айталық қосымша құн пайданың өзгермелі түрі болса, қосымша құн нормасы – пайда нормасының өзгерген түрі.
Нақтылаудың келесі сатысы пайданың орта пайдаға айналуы. Соңғысы пайданың әртүрлі өндіріс салалары арасындағы бөлінісінің нәтижесі. Орта пайданың құралуы құнды өндіріс бағасына айналдырады. Ал өндіріс бағасы өзіне өндіріс шығындары мен капитала келетін орта пайда жиынтығын қосады.
Кпаиталистік қоғамда тауар өз құны бойынша емес, өндіріс бағасы бойынша сатылады. Бірақ бұдан капиталистік өндіріс тәсілі жағдайларында құн заңы әрекет етуден қалады деп түсінуге болмайды. Құн заңы да өзінің күшін толық сақтайды.
Өндіріс бағасы дегеніміз құнның өз түрін өзгерткен формасы ғана. Мұны да жағдайлар айқын көрсетеді.
Біріншден, бір кәсіпорын иелері таарларын құнынан жоғары сатады да, екіншілері төмен сатады, бірақ бүкіл қоғам көлемінде тауарлардың өн.діріс бағасының сомасы олардың құнының сомасына тең болады. Сонымен тұтас есептегенде капиталистер тауарларының құнын толық алады.
Екіншіден, бүкіл капиталстер табының пайдасы жұмысшы табының бүкіл ақы төленбеген еңбегі өндірген қосымша құнға тең.
Үшіншіден, тауардың құны төмендесе, оның өндіріс бағасы да төмендейді. Ал құн өссе тауардың өндіріс бағасы да өседі.
Әртүрлі сала капиталистері арасындағы бәсекелестік пайда нормасының теңестірілуіне алып келеді. Сөйтіп капиталистер арасындағы бәсеке пайданың жалпы нормасы заңы үстемдік етуіне апарып соғады.
Орта пайда нормасы қоғамда жасалған қосымша құнның іске қосылған бүкіл капиталға қатынасы ретінде процентке шағылып анықталады.
Маркс пайданың әртүрлі капиталистік салалар арасындағы бөлінісін, осы бөлініс процесі нәтижесінде пайданың өзгерген нақты формаларын зерттейді. Макрстің пікірінше, қосымша құн мынадай төрт нақты формада көрінеді: 1)кәсіпкерлік кіріс; 2) сауда пайдасы; 3) процент; 4) рента.
«Капиталдың» 4-ші томы «Қосымша құн теориясы»
Маркстің көзі тірісінде «акпиалдың» тек 1-ші томының жарық көргені белгілі (1867). Маркс қайтыс болған кейіннен кейін Энгельс «Капиталдың» 2-ші және 3-ші томдарын баспаға әзірлеуде орасан көп жұмыс атқарды, нәтижесінде 1885 және 1894 жылдары олар да жарық көрді. 1895 жылдың 10 сәуірінде С.Бауэрге жазған хатында Энгельс «Капиталдың» «Қосымша құн теориясы» деп Маркстің өзі атаған 4-ші томын бастырып шығару ойында бар екенін жазған болатын.Өкінішке орай Энгельстің қайтыс болуы бұл ойды жүзеге асыруға кедергі жасады.
Осылайша «Капиталдың» «Қосымша құн теориясы» деп аталатын тарихи – сын бөлімі, Маркстің өзімен 1862-1863 жылдары қолжазба түрінде жазылса да, екеуінің де көзі тірі кезінде жарыққа шыға алмады. Бұл шығарманы 1905-1910 жылдар аралығында К.Каутский баспаға шығарды.
«Қосымша құн теорияларының» жаңа басылымына Маркстің қолжазбасының өзі негіз етіп алынды, оның оқылуы мұқият тексеріліп, көп жағдайларда едәуір дәлдендіріле түсті. Текстің құрамын, оның орналасуы мен бөлшектенуін анықтауда Маркстің өзі нобайын жасаған тарау аттары пайдаланылды.
«Қосымша құн теорияларының» бірінші бөлімінде физиократтар мен Адам Смиттің көзқарастары талданып, сыналады. Маркс физиократтардың экономика ғылымының тарихында жасаған ірі-ірі екі еңбегін атап көрсетеді: біріншіден, олар қосымша құнның пайда болуы туралы мәселені бірінші болып айналыс саласынан өндіріс саласына көшірді, екіншіден, олар капиталдың ұдайы өндірілуі иен айналысының бүкіл процесін тұтас ел көлемінде бейнелеуге бірінші болып әрекет жасады.
Одан әрі Маркс құн, қосымша құн, еңбек өнімділігі сияқты аса маңызды экономикалық категорияларды баяндаудағы қайшылықтар мен екі жақтылықты А.Смитттің ілімінен де ашып көрсетеді: ал А.Смит құн мен қосымша құнның қайнар көзі туралы дұрыс, ғылыми түсініктерге кейде өте жақын келіп отырды, дегенмен ол өз теориясында бұл ғылыми бағытты дәйекті жүргізе алмады.
«Қосымша құн теорияларының» екінші бөлімінде Рикардоның экономикалық көзқарастары жүйесін сыни көзбен талдау негізгі орын алады. Рикардо бүкіл буржазиялық экономиканы құнның еңбек теориясы негзінде түсінуге және түсіндіруге тырысты. Бұл орайда оның көзқарастарында жер рентасы өте зор рөл атқарды, ал бл теорияның негізгі алғы шарттарының бірі Рикардода құн мен өндіріс бағасының нмесе, Маркс осында айтқандай «шығын бағасының» бірдейлігі туралы қате идея болды. Рикардо жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты Маркс бұл жүйені талдауын құн мен шығын бағасы бірдей деген қате пікірді сынаудан бастайды.
«Қосымша құн теорияларының» үшінші бөлімінде Рикардо жүйесіне оң жақтан – жер иеленуші аристрократия мен буржуазияның неғұрлым реакцияшыл элементтерінің мүдделерін бейнелейтін Мальтус тарапынан, сондай-ақ сол жақтан-ағылшынның утопияшыл социалист-рикардошылдары тарапынан болған сын қарастырылады; рикардошылдар мектебінің ыдырау процесі қаралады; пролетариат пен буржуазияның арасындағы тап күресі шиеленіскен сайын тұрпайылану процесі саяси экономияның негіздерінің өзін, оның түпкі қағидалары мен негізгі категорияларын қамтитыны көрсетілдеі.
Бақылу сұрақтары:
1. «Капиталдың» қалыптасу тарихы және ондағы негізгі идеялар.
2. Қосымша құн теориясы К.Маркстің басты ашылымы ретінде.
3. Еңбектің екі жақты сипаттамасы
4.Капитализм кезіндегі пайданың оташа мөлшерінің механизмін түсіндіріңіз? Негізгі әдебиет:
1. История экономических учений (под ред. Худокормова А. Г.). – М., 2002.
2. История экономических учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.
3. История экономических учений (под ред. Шмарловской Г. А.). – М., 2001.
4. История экономических учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина., Е.Г.Васи-
левского.) - М. 1989.
5. Бартенев С. А. История экономических учений. – М., 2002.
6. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М., 1994.
7. Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений. – М., 1995.
8. Майбурд Е. М. Введение
в историю экономической мысли.
9. Тюнин А.И. История экономических учений. Учебное пособие – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.34-37)
10. Жиентаев С.М., Тюнин А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ по дисциплине «История экономических учений» студентам экономических специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.
Қосымша әдебиет:
1. Ковалев И. Н. История экономических учений. – Р/Д, 2000.
2. Костюк В. Н. История экономических учений. – М., 2001.
3. Левита Р. Я. История экономических учений. – М., 2001.
4. Сурин А. И. История
экономики и экономических
5. Ядгаров Я.С. История экономических учений. 4-е изд. М.: ИНФРА-М,2002
6. Всемирная история экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.
7. Антология экономической классики. В 2-х т. М., 1991, 1993
Тақырып 6: Маржинализмнің пайда болуы.
Маржинализмнің бірінші және екінші этаптары
Мақсаты: Маржинализмнің пайда болу процесіндегі ерекшеліктері.
Жоспар:
1. «Маржиналды революция»
этаптары мен ерекшеліктері,
2. Маржинализмнің «Австриялық мектебі». К. Менгер, О. Бём-Баверк, Ф. Визер.
3. У.С. Джевонс және Л. Вальрастің «Математикалық мектебі»
Экономика ғылымындағы неоклассикалық бағыт ХІХ ғасырдың үшінші бөлігінде қалыптасты. Әйтсе де бұл бағыттың бастау алуы оан ертерек болды.
Нео(жаңа) тіркеуі экономикалық теорияда маржиналдық революцияның нәтижесінде пайда болды. Маржинал сөзі француз тілінен аударғанда шекті (қосымша) деген ұғымды білдіреді. Маржинализм мынадай жағдайлармен сипатталады: 1) экономикалық процестерге талдау жасауда шекті шамаларды пайдаланумен (шекті пайдалылық, шекті еңбек өнімділігі); экономикалық құбылыстардың сыртқы көріністерін ғана зерттеумен, олардың бастапқы зерттеулері адамның қажеттіліктерінен басталады; 3) шектеулерді ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеуді экономика ғылымының пәніне жатқызумен.
Маржинализмнің қалыптасуы математик-экономистердің еңбектерімен тығыз байланысты. Олар экономика ғылымындағы математикалық мектептің алғы шебін құрады, сонымен қатар шекті шамаларды талаудың алғашқы пионерлері болды. Оларға жататындары:
Госсен мынадай екі заңды ойлап шығарды:
а) бірінші заң бойынша белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бір бірлігін тұтынудан қанағаттану шамасы үздіксіз төменддейді, қаныққан жағдайда – нөлге теңеледі.Бұл тұтынылған игілік бірлігіне қосымша тартылан қосымша пайдалылық шамасының, яғни шекті пайдалылықтың төмендеу принципі.
ә) екінші заң бойынша, қол жетерлік игіліктердің шектеулі мөлшеріндегі қажеттіліктерді қанағаттандырудың жоғарғы шегі әрбір игідікті тұтынуды аяқтаған немесе қанағаттану қарқындылығы теңелген, барлық игіліктер үшін бірдей нүктеде жетеді.
Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде