Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 17:33, доклад
Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.
1. ЭІТ пәні мен мазұмны
2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы
6. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М., 1994.
7. Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений. – М., 1995.
8. Тюнин А.И. История экономических учений. Учебное пособие – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.10-13)
Қосымша әдебиет:
1. Ковалев И. Н. История экономических учений. – Р/Д, 2000.
2. Костюк В. Н. История экономических учений. – М., 2001.
3. Левита Р. Я. История экономических учений. – М., 2001.
4. Сурин А. И. История
экономики и экономических
5. Ядгаров Я.С. История экономических учений. 4-е изд. М.: ИНФРА-М, 2002
6. Всемирная история экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.
7. Антология экономической классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.
8. Жиентаев С.М., Тюнин
А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ
по дисциплине «История
Тақырып 3: Классикалық саяси экономияның қалыптасуы.
У.Петти. Физиократтар.
Мақсаты: Қазіргі экономикалық теория үшін саяси экономияның мәнін ашу. Классикалық саяси экономияның пайда болу мәселелерін қарастыру.
Жоспар:
1.Классикалық саяси экономияның пайда болуы (У. Пети - Англия, П. Буагильбер - Франция)
2. У. Петтидің теориясы (1623-1687) – «Богатства и денег», Теория «Стоимости», Теория «Доходов»
3 П. Буагильбердің экономикалық ілімі
4.Физиократия (Ф Кенэ 1694-1774)
5. А.Тюргоның экономикалық ілімі (1727-1781)
1.Буржуазиялық саяси
экономияның классикалық
Маркс ХҮІІ ғ. Ағылшын революциясындағы буржуазияның жеңіске жетуін жаңа құрылыстың жеңісін білдірді, деп атап көрсетті. Капитал экономиканы өз ырқына көндіре отырып, қоғамдық қарым-қатынастарды өзгеріске ұшыратты. Осы уақытқа дейін сауда саласында меркантилизм үстемдік құрып келген болса, енді мануфактуралық капитализмнің қалыптасуымен табыстың жаңа көздері пайда болды.
Сауда капиталы мен өнеркәсіп капиталының арасындағы үстемдік жолына бағытталған тартыс-теория мен практиканың қарама-қайшылықтарына жалғасты. Өнеркәсіптің қарқынды дамуымен сауда капиталын өзіне бағындырған өнеркәсіп капиталының үстемдігі, бұған дейінгі қалыптасқан меркантилистік көзқарастардың өзгеруіне әкеледі. Капиталистік өндірістің феодалдық өндірістен артықшылығын негіздеуші өнеркәсіп буржуазиясының өкілдері қажет болды. Бұл міндетті классикалық буржуазиялық саяси экономия атқарды. Ол жөнінде Маркс бұл мектептің міндеті «тек буржуазиялық өндірістік қатынастарда байлықтың қалай жасалатындығын, өндірістік қатынастарда қалай жасалатындығын, өндірістік қатынастарды заңдылықтар мен категориялардың феодалдық қоғамның заңдылықтары және категорияларымен салыстырғанда әлдеқайда ыңғайлылығын дәледеп көрсетуінде»,- деп жазды.
Сауда саласының сыртқы
көріністерін тұжырымдаумен ғана шектелген
меркантилистермен
Сонымен қатар ол «классикалық саяси экономия деп, мен өндірістің буржуазиялық қатынастарының ішкі байланыстарын зерттеген. У.Петтиден басталатын бүкіл саяси экономияны түсінетіндігімді біржолата ескертемін» деп, осы мектептің маңыздылығын атап көрсетті.
2.Ағылшынның классикалық
буржуазиялық саяси
У.Петти көқарастарындағы меркантилизм идеясын мынадай жағдаймен түсіндіруге болады: Англияда сол кездері Фрнацияға қарағанда капиталистік қатынастар тез ұлғайып, сауда, ақша айналысы жылдам дамып, өсті. Сонымен қатар, Англияның өнеркәсіп өндірісінің дамуы жағынан да өзге Еуропа елдерінен көш ілгері болуы, капитализм экономикасын теориялық жағынан таладуға қолайлы жағдай жасады. Осы жағдайлардың бәрі Петтиге жаңа ғылымның көшбасшысы болуына себебін тигізді.
Петтидің қаламынан көптеген еңбектер жарық көрді: «Салымдар және алымдар туралы трактат» (1662), «Даналардың сөзі» (1664), «Ирландияның саяси анатомиясы» (1672), «Саяи арифметика» (1676), «Ақша туралы әр түрлі ойлар» (1682). Меркантилист ретінде ол бір жағынан мемлекеттің экономикаға араласуын қолдаса, екінші жағынан бұл араласудың өндірісті дамытуға ықпал жасау кеерктігін айтады. Петти еңбек құн теориясының негізін салушы. Құнның негізін құраушы, құнды жасайтын еңбек екендігі туралы Еуропада алғаш рет тұжырым жасады. Өзінің «Салымдар мен алымдар туралы трактаты» деген еңбегінде ол, «нан мен күмістің белгілі бір мөлшерін өндіруге соншалықты еңбек мөлшері жұмсалады, сондықтан да тауарлардың бір-біріне тең болуы, олардағы бірдей еңбек мөлшерінің жұмсалғандығында, - деп түсіндіре келе, тауардың құны еңбек түрінің әр түрлілігімен емес, оны өндіруге жұмсалған жұмыс уақытымен өлшенеді», - дейді. Құн заңын нақты өмірмен байланыстыру жолында У.Петти мынадай қанатты сөз қалдырды: «Байлықтың әкесі – еңбек, шешесі жер».
3.Франциядағы классикалық
саяси экономияның дамуы П.
4.Экономикалық өмірдің
бүтіндей теориялық концепциясын
құрушы алғашқы идеялардың
5.Анн Робер Жак Тюрго
(1727-1781) физиократтардың ішінде
Бақылау сұрақтары:
1. Клсассикалық саяси
экономиясында еңбек құн
2. Англия мен Францияда еңбек құн теориясының пайда болуы ерекшеліктері.
3. Физиократизм
4. Экономикалық теоияның дамуындағы «Экономикалық кестенің» рөлі.
Негізгі әдебиет:
1. История экономических учений (под ред. Худокормова А. Г.). – М., 2002.
2. История экономических учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.
3. История экономических учений (под ред. Шмарловской Г. А.). – М., 2001.
4. История экономических учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина.,
Е.Г. Василевского.) - М. 1989.
5. Бартенев С. А. История экономических учений. – М., 2002.
6. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М., 1994.
7. Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений. – М., 1995.
8. Майбурд Е. М. Введение
в историю экономической мысли.
9. Тюнин А.И. История экономических учений. Учебное пособие – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.14-19)
Қосымша әдебиет:
1. Ковалев И. Н. История экономических учений. – Р/Д, 2000.
2. Костюк В. Н. История экономических учений. – М., 2001.
3. Левита Р. Я. История экономических учений. – М., 2001.
4. Сурин А. И. История
экономики и экономических
5. Ядгаров Я.С. История экономических учений. 4-е изд. М.: ИНФРА-М, 2002
6. Всемирная история экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.
7. Антология экономической классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.
8. Жиентаев С.М., Тюнин А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ по дисциплине «История экономических учений» студентам экономических специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.
Тақырып 4: Классикалық саяси экономиканың дамуы.
А.Смит және Д.Рикардоның экономикалық ойлары.
Мақсаты: А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде классикалық саяси экономияның дамуын зерттеу
Жоспар:
1. А.Смиттің экономткалық
ілімі. А. Смитатің «
2. А. Смит мемлекетте экономикалық саясат.
3. Д. Рикардоның экономикалық ілімі.
4. Классикалық бағыттағы өкілдер. Ж.Б.Сей , Т. Мальтус және Дж.С. Миль.
1.Классикалық буржуазиялық саяси экономияның толығырақ дамуы ағылшын ғалымдары А.Смит (1723-1790) және Д.Рикардоның (1772-1823) еңбектерінде орын алады. Бұл кезеңде Англия экономикалық қатынастардың барлық жағынан алдыңғы қатарда болды. Англия басқа Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуымен өнеркәсібінің тез өсуімен және белсенді сыртқы саудасымен ерекшеленеді.
А.Смит Керколди қаласында шотландтық кеден шенеунігінің отбасында өмірге келген. Ол қалалық мектеп Глазго және Оксофорд университеттерінен жақсы білім ала отырып, тарих, философия, әдебиетпен айналысады, математика, физиканы зерттей отырып заманының білімді адамдар санатында болады. 28 жасында Глазго университетінде моралдық философиядан профессор болып қабылданады. Оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің нәтижесі «Адамгершілік сезімдері теориясы» деген еңбегінде жинақ түрінде жарық көрді. 41 жасында Смит университеттегі жұмысын тастап аристократ отбасыларының біріне тәрбиешілік жұмысқа ауысады. Өзінің тәрбиеленушісімен бірге ол Еуропада саяхат жасап жүргенде, Париж бен Швейцарияда Вольтер, Дидро, Д.Даламбермен, физиократ мектебінің өкілдері Ф.Кенэ мен А.Тюргомен танысады. А.Смиттің еңбегі «Халықтар байлығының» өмірге келуі экономика ғылымының дамуына үлкен жаңалық әкелді. Мұнда экономикалық теорияның зерттеу пәні болып табылатын барлық сұрақтарға орын берілген .
Методологиясы. А.Смит мануфактуралық кезеңнің экономисі. Адам өзінің осы қасиетін шаруашылық қызметінде басшылыққа ала отырып әрекет етеді. Адамадар бір-біріне қызмет көрсете отырып, еңбек және еңбек өнімдері арқылы араласады, өзінің ойлаған бас пайдасына жетуге тырысады. Олардың әрбірі бұл тұрғыда «экономикалық адамды» бейнелейді. Смит «экономикалық адамды» былайша сипаттайды: ол адам өзінің мақсатына өзгенің өзімшілдік қасиетін тану арқылы, яғни өзгелердің өз мүддесі үшін бұдан талап ететінін көрсете алғанда ғана жетеді... Маған не керек соны бер, өзіңе сол керегіңді аласың – кез-келген ұсыныстың мағынасы осы...» «Экономикалық адамның» мәнісін Смит адам табиғатының сауда мен айырбасқа белгілі бір бейімділіктерінің нәтижесін білдіретін еңбек бөлінісі арқылы ашады. Жеке ажамның осы әрекет барысындағы мүддесі қоғам мүддесімен ұштасады, қоғамның өндіргіш күштерінің өсуіне ықпал етеді. Осы тұрғыда Смит «көрінбейтін қол» туралы жазды. «Рыноктің көрінбейтін қол» механизмі көптеген адамдардың шаруашылық қызметіндегі күрделі іс-әрекеттің, олардан тәуелсіз өз мақсаттарына жетуіне бағыттайды, қоғамдық еңбек бөлінісін реттейді. Смиттің пікірінше, экономикалық құбылыстар - бұл жеке адамдардың өз қалауларынан тәуелсіз, объективті және стихиялы заңдылықтармен реттелетін процесс. Бұл заңдарды Смит табиғи құбылыс деп есептеді және оныда адам табиғатымен байланыстырды. Смит меркантилизмді қатты сынға алды, әсіресе ол сыртқы саудаға еркіндік беру талабын қойды.
Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде