Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2012 в 17:33, доклад

Краткое описание

Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуның ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ.

Содержание

1. ЭІТ пәні мен мазұмны
2. Экономикалық ілімдер тарихының әдістері
3. Экономикалық ілім тарихының дамуының жалпы сипаттамасы

Прикрепленные файлы: 1 файл

03 лекционный комплекс.doc

— 261.00 Кб (Скачать документ)

2.Давид Рикардо (1772-1823) – ағылшынның классикалық саяси  экономиясының ең ірі өкілдерінің  бірі. Ол ірі биржа кәсіпкерінің отбасында дүниеге келген. Өзінің үйінен жас кезінен кетіп, биржа ойынымен айналысуы  оны миллионерлік деңгейге көтерді. Сондықтан оның алғашқы еңбегі ақша айналымына арналуы тегін емес. Оның жаратылыстану ғылымдары – физика, математика, химия, гелогия және т.б. айналысуы саяси экономияны зерттеуші  ірі ғалым қалыптасуына маңызды рөл атқарды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның даму шыңын білдіретін «Саяси эконмоия және салық салу бастамасы» деп аталатын еңбегі 1817 жылы жарық көрді. Давид Рикардо – классикалық буржуазиялық саяси экономияның соңғы ұлы өкілі. Рикардо буржуазияның мүддесін қорғады. Бірақ, ол қоғамның өндіргіш күштерінің прогрессивті даму мүддесін қорғауды өзінің міндетіне көбірек алды. К.Маркс «Рикардоның бірбеткейлігі  оның ғылыми адалдығына ғана емес, өз позициясы үшін ғылыми міндеттілігінде», - деп жазды. Ол буржуазия мүддесін қоғамның өндіргіш күштерінің мүддесімен сәйкес тұстарында ғана қорғай білді.

Методологиясы. Рикардо  позициясының  ерекшелігіне және оның саяси экономияны зерттеу пәніне бөліну саласын  зерттеуі жатады.  Саяси экономияның пәнін  Рикардо қоғамдағы негізгі үш таптың, жер иелері, капитал мен ақша иелері және дұмысшы таптарының арасындағы ұлттық табыстың бөлінуі  деп есептеді. Өзінің «Саяси экономия бастаулары және салық салу» еңбегінде қоғамдық өнімнің бөлінуі туралы  «осы бөлінуді басқарудың заңдылықтарын анықтау – саяси экономияның басты мәселесі», - деп жазды. Дегенмен Рикардо талдау объектісі ретінде өндіріс саласынан да назардан тыс қалдырмайды. Рикардо методологиясының тағы бір ерекшелігі , оның экономикалық көзқарастарының  жүйесі құн теориясы негізінде құрылды.  Алғашқылардың бірі болып ол саяси экономия тарихында капитализмнің  экономикалық теориясының негізіне саналы түрде капиталистік өндірістік қатынастарды жан жақты ашып көрсететін құнның еңбекті теориясын салды. Бұл теория Рикардо іліміндегі капитализмнің экономикалық құбылыстарын зертетудің бастамасы  болды. Осы теория арқылы  ол экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми тәсілін даярлауда ілгері қадам жасады.

Рикардо өндіріс серпінін рыноктық механизм  мен табыстардың  қалыптасуы шартында  көрсетуге  тырысты, осы тұрғыда ол абстрактылы  тәсілді пайдаланды. Бұл тәсіл  оған экономикалық  құбылыстардың  нақты көрінісін көруге, жер құнарлылығының мөлшерлік сипаттамасын, тұрғындар санының өсуін, құн, рента, баға, жалақы, пайда өзгерістерін анықтаудағы сандық талдаулар жасауына көмектесті. Рикардо А.Смит секілді эконмикалық либерализмді жақтады.  Мемлекеттің экономикаға араласуын қаламады. Қоғам байлығының басты шарттарына еркін бәсекелестікті, еркін  сауда мен еркін кәсіпкерлікті жатқызды. Рыноктық механизм үшін мәңгі әрі жалғыз, оңтайлы экономикалық жүйе болып есептелді. Өндіріс, соның пікірінше тауарларға деген төлемқабілетті сұранысты өздігінен тудырып, тауарлардың өткізілімін қамтамасыз етеді.   

Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек құн теориясын  дамыту және жетілдіруде А.Смиттің  рөлі.

2. А.Смит бойынша экономиканың мемлекеттегі ролі .

3. Д.Рикардо және оның экономикалық ілімі.

4. Д.Рикардоның рента  және қоғамды класстарға бөлуі. 

5. Ж.Б.Сей, Т. Мальтус,Дж.С.  Мильдің еңбектеріндегі экономикалық  ілімдер эволюциясы.

Негізгі әдебиет:

1. История экономических учений (под ред. Худокормова А. Г.). – М., 2002.

2. История экономических  учений (под ред. Автономова В.). – М., 2002.

3. История экономических  учений (под ред. Шмарловской Г.  А.). – М., 2001.

4. История экономических  учений Ч.1 (под. Ред. В.А.Жамина., Е.Г.Василевского.) - М. 1989.

5. Бартенев С. А.  История экономических учений. –  М., 2002.

6. Блауг М. Экономическая  мысль в ретроспективе. – М., 1994.

7. Жид Ш., Рист Ш.  История экономических учений. –  М., 1995.

8. Майбурд Е. М. Введение  в историю экономической мысли. – М., 1996

9. Тюнин А.И. История  экономических учений. Учебное пособие  – Костанай : КГУ им. А. Байтурсынова, 2008.-94 (стр.20-29)

10. Жиентаев С.М., Тюнин  А.И., МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  по дисциплине «История экономических  учений» студентам экономических специальностей заочной формы обучения – ИЭУ- Костанай: КГУ им. А. Байтурсынова, 2008. – 35 с.

Қосымша әдебиет:

1. Ковалев И. Н. История  экономических учений. – Р/Д, 2000.

2. Костюк В. Н. История  экономических учений. – М., 2001.

3. Левита Р. Я. История  экономических учений. – М., 2001.

4. Сурин А. И. История  экономики и экономических учений. – М., 2002.

5. Ядгаров Я.С. История  экономических учений. 4-е изд.  М.: ИНФРА-М, 2002

6. Всемирная история  экономической мысли. М., 1987 - 1995. Т. 1 - 5.

7. Антология экономической  классики. В 2-х т. М., 1991, 1993.

 

 

Тақырып 5: К.Маркстің экономикалық ілімдері. Классикалық саяси экономиканың аяқталуы

Мақсаты: К.Маркстің экономикалық көзқарастарының мәнін ашу. Капиталдың құрылымымен танысу.

Жоспары:

1. Карл Маркс және  марксизмді қалыптасырудағы тарихи  жағдайлар. 

2. Основные идеи К.Маркстің «Капитал» негізгі иедялары

3. К. Маркстің экономикалық ілімі. К.Маркстің зерттеу әдістері

1.Марксизм – бұл  жұмысшы табының, жұмысшы табы  үшін қалыптасқан ілім. Маркс ілім туралы В.И.Ленин «Макрстің ілімі ең күшті ілім, өйткені ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымырласпайтын тұтас көзқарас беретін  толық және жүйелі ілім. Ол ілім – адамзаттың ХІХ ғасырда  жасаған   неміс философиясы, ағылшын саяси экономиясы, француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің заңды мирасқоры...», деп жоғары баға берді. Марксизм ілімінің негізін салушылар неміс революционер – ойшылдары Карл Маркс пен Фридрих  Энгельс.

К.Маркс (1818-1883) Пруссияда (Германияда), Трир қаласында, адвокаттың отбасында 1818 жылы 5 мамырда туған. Маркс  Трир гимназиясында, онда соң Бонн және Берлин университеттерінде  оқыды. Университетті бітіргеннен кейін «Демократиттің натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылық» деген тақырыпта докторлық диссертацияны тамаша қорғап шығады. Маркстің революциялық өте ерте басталды. 1842 жылы ол «Рейн газетін» шығаруға белсене қатысты және оның редакторы болды.1848 жылғы мартта  Пруссия үкіметі бұл газетті жапты. Бұдан кейін Макрс Парижге көшіп, «Неміс-француз жылнамасы» журналын шығаруға кірісті. 1844 жылы Маркс пен руге шығарған «Неміс-француз жылнамасында» Ф.Энгельс «Саяси экономия сынының очерктері» еңбегін жариялады. Энгельстің бұл мақаласы Маркстің экономикамен одан әрі айналысуына септігін тигізді.маркс бұл еңбекті жаңа, пролетпрлық саяси экономиканың кемеңгер очеркі деп атады. Экономикалық мәселелермен айналысуының нәтижесінде ретінде  Маркс «1844 жылдың экономикалық-философиялық  қолжазбаларын» шығарды, бұл еңбек ССРО-да алғаш рет 1932 жылы жарияланды. Бұл еңбегінде Ф.Энгельс секілді К.Маркс өндіріс шығындарының негізгі элементтеріне: жалақы, капиталдан алынатын пайда, жер рентасына талдау жасайды. Осы талдаудың негізінде Маркс жеке меншікті шеттетілген еңбектің нәтижесі деп тұжырымдайды.

Жеке меншіктің  мәнісін  одан әрі ашу үшін Маркс, еңбек  пен капитал арасындағы  диалектикалық  байланысты  талдайды. «Жұмысшы»,- деп  жазды ол,-капиталды өндірді,капитал жұмысшны өндіреді». Сондықтан буржуазиялық  қоғамда «жеке меншік қатынасы – бұл еңбек, капитал және олардың өзара қатынасы.

Еңбек бөлінісінің экономикалық қатынастардың алғы шарттары туралы алғашқы зерттеулік қадамдарын К.Маркс пен Ф.Энгельс кейіннен бірігіп жазған «неміс идеологиясы» еңбектерінде қарастырады және бұл еңбекте Маркс пен Энгельс ғылыми коммунизмнің жаңа қалыптасқан теориясын баяндады.

           1844 жылы тамыздың аяғында Энгельс  манчестерден Германияға келді.  Жолда ол парижде К.Маркспен танысты, олар бұрын да бір-бірінен хат алысып тұратын. Осы күннен бастап жұмысшы табының  екі ұлы көсемінің достығы асталды.

Парижда Маркс пен  Энгельс «Қасиетті әулет» деген  кітабын жазды. Бұл олардың бірлесіп жазған алғашқы еңбектері  болатын. Бұл кітап негізінен  сол кездегі  буржуазияға қарсы дербес таптық кресте  пролетариаттың  әлсіздігі туралы айтылған сындарға  қарсы жазылды.

Сөйтіп, ұсақ буржуазиялық  социализмнің әртүрлі ілімдеріне қарсы  күресте олар революцияшыл пролетарлық социализмнің теориясы мен тактикасын жасады.

1845 жылы маркс Пруссия  үкіметінің талап етуімен Париждан  қуылып, Бельгияға көшті. Маркстің  экономикалық көзқарастарының қалыптасуының   келесі кезеңі, оның 1847 жылы «Философия  қайыршылығы» деген еңбегінің жариялануы болып табылады. Мұнда ол ұсақ буржуазиялық  социализм теориясы мен Прудонның анархизмін күйрете сынады.

Буржуазиялық  экономия ғылымын сипаттай келе  Маркс, «жеке  меншік – саяси экономиканың  барлық ой-пікірінің алғы шарты болып  табылады»,- деп жазған болатын.

Маркстің экономикалық көзқарастарының қалыптасу кезеңдерін көрсететін, кейіннен шығармалар жинағына енген еңбектеріне «Жалдамалы еңбек  және капитал» (1849), «Экономико-философиялық қолжазбалар»(1857-1858, 1861-1863, 1864-1865), «Саяси экономикаға сын» (1859), «Гота программасына сын» (1857) жатады.

Маркстің «Жалдамалы еңбек және капитал» еңбегінде капиталға  тұңғыш рет буржуазиялық өндірістік қатынастар шеңберінде  анықтама беріледі. Капиталдың басты алғы шартына жалдамалы  еңбекті жатқызады. Капиталды қорланған еңбек  деп есептеген ол, «капиталдың мәні,- тірі еңбектің қорланған еңбекті сақтау мен айырбас қүнын  көбейтудің құралы болып қалуында»,- деп жахды.

Маркс Энгельспен бірге  «Коммунистер одағаның» басшысы  болды. 1847 жылдың аяғы мен 1848 жылдың басында олар «Коммунистік партияның манифесін» жазып шығарды. Ол халықаралық пролетариаттың тұңғыш программасы болды.

1848 жылы революция  басталғанда Маркс Бельгиядан  қуылды. Ол Парижге,  одан соң  Кельнге көшіп, онда «жаңа Рейн  газетінің» бас редакторы болды. Газет бетінде Маркс ірі буржуазияның  опасыздығын, ұсақ буржуазияның  қорқақтығы мен дәйексіздігін аясыз әшкерелеп, біртұтас  демократиялық Герман республикасын құру жолында саяси және экономикалық  тұрғыда күресті.

Революция жеңілгеннен кейін Пруссия үкіметі марксті «шетелдің адамы» ретінде Пруссиядан жер аудару туралы үкім шығарды. Маркс алдымен Парижге, содан соң Лондонға көшіп, өмірінің ақырына дейін сол Лондонда болды.  Қуғында оның тұрмыс жағдайы  өте ауыр  болды. Бұл жылдары Энгельс  Маркске  материалдық жағынан зор көмек көрсетіп отырды. Ол 1850 жылы Манчестерге көшіп келіп, Маркстің отбасы жөніндегі  материалды қамқорлықтың едәуір бөлегін  өз қарамағына алды.

Оның саяси экономикамен көп жыл айналысуының алғашқы  жемісі  1859 жылы шыққан «саяси экономия сынына» деген шығармасы еді. Бұл шығармада ақша туралы ілім қоса қамтылып, марксистік құн теориясы  тұңғыш рет жүйелі түрде  баяндалған.

Маркстік негізгі экономикалық шығармасы  - «капитал», бұл еңбекке  ол өзінің  бүкіл ғұмырын арнады. Маркс жүргізген  зерттеулерінің нәтижесі ретінде  кітапты  «саяси экономияға сын» деген тақырыппен 6 томдық  қылып шығаруды  жоспарлады. Бірақ бірінші кітап шыққан соң  (1859), ол өзінің еңбектерін  капиталистік  қоғамның заңдылықтарын  ашу мақсатында  «Капитал» деген тақырыпқа біріктірді.

«Капиталдың» алғашқы  варианты  Маркстің көп жылғы  зерттеу жұмыстарның  нәтижесі ретінде  қолжазбалар түрінде (1857-1859, 1861-1863)  және «Қосымша құн теориясы»  деп  аталатын  «Капиталдың» 4-ші томы дайын  болды.

1864-1865 жж. Ол тағы бір қолжазба жазды, бұл аталатын  «Капиталдың» 3-ші томына  негіз болды.

Осылайша 60-жылдардың  ортасында  К.Марксте   қолжазбалар  түрінде «Капиталдың» үш томы, зіне дейінгі және замандастарының экономикалық  ойларын талдауға арналған «Қосымша құн теориясы» деп аталатын  «Капиталдың» 4-ші томы дайын  болды.

К.Маркс  «капиталдың» бірінші томын шығаруға  бір  жарым жыл уақытын  жұмсады. 1867 жылдың күзінде кітап баспадан  шықты. Маркс «Капиталдың» қалған  2-ші және 3-ші томын көзінің тірісінде  шығарып үлгіре алмады. 1883 жылдың 14 наурызында К.Маркс қайтыс болды.

«Капиталдың» 2-ші (1885) және (1894) томдарын кейін өңдеп, толықтырып, баспаға дайындап шығарған – Ф.Энгельс. 1895 жылы  Ф.Энгельс  қайтыс болады. «Капиталдың»  4-ші томы қосымша құнның сыни тарихы  1905 жылы жарық көреді.

Маркстің  теориясы неғұрлым терең, жан-жақты  және дәлме-дәл  қуаттталып, қолданылуы  оның экономикалық ілімі болды.

 

«Капиталдың»  бірінші томының  негізгі проблемалары

«Капиталдың» бірініші томы  «Капиталды өндіру процесі» тақырыбымен берілген. Ол 7 бөлімнен және 25 тараудан  тұрады. «Капиталдың»  1-ші томының  зерттеу капиталды  капиталистік өндіру процесі болып табылады.  Өзінің бұл еңбегін  Маркс  тауарларға талдау жасаудан бастайды. Содан кейін құн, ақша, капитал, қосымша құн, капиталды  ұдайы өндіру  процесі, капиталдың алғашқы қорлануы  теориялары баяндалады.

«Капиталдың»  1-ші томының  негізгі идеялары:

  1. тауар-капиталистік қоғамның шағын клеткасы, тауардың біріншіден, адамның белгілі бір керегін өтейтін зат, екіншіден, басқа затқа айырбасталатын зат екендігі анықталады. Сол сияқты тауардың  екі қасиеті ашылады: тұтыну құны және құны. Тауар болуы үшін еңбек өнімі адамның белгілі бір керегін өтеуге тиіс, бұл оның пайдалылығы. Еңбек өнімі біткеннің бұл қасиеті оның тұтыну құны  етеді. Адам еңбегінің өнімдері – ет пен сүттің тұтыну құны адамның тамаққа деген керегің, сол сияқты, көйлектің, пальтоның, етіктің тұтыну құны – адамның киімге, аяқ киімге деген керегін өтейтінгінде.
  2. айырбаста тұтыну құны мүлде әртүрлі заттар бір-бірімен теңестіріледі. Олар тұтыну құны  әр түрлі болғандықтан  айырбасталады. Тұтыну қны жағынан тең заттар бір-бірімен айырбасқа түспейді.Мысалы, бір килограмм нанды сондай бір килограмм нанға ешкім де айырбастап жатпайды.Әр түрлі қажеттерді өтейтін заттар ғана айырбасқа  түседі. Бұлардың арасындағы  ортақ нәрсе  сол –олар  еңбек өнімдері.
  3. тауар өндірісі дегеніміз қоғамдық қатынастардың  жиынтығы, бұл жүйеде жеке өндірушілер әрқилы өнімдер жасайды, сөйтіп бұл өнімдердің бәрі айырбасқа түскенде бір-бірімен теңестіріледі. Демек барлық тауарларға ортақ нәрсе өндірістің белгілі бір тауарының нақты еңбегі  емес, адамның абстракт еңбегі, жалпы адам еңбегі. Осылайша тауарға сіңген еңбектің екі жақтылық сипаты ашылады: тауар өндірушінің қандай еңбегі болса да  бір жағынан, нақты еңбек, ол нақты  жұмыс ретінде  тауардың белгілі бір тұтыну құнын жасайды; тауар еңбегінің қандай еңбегі болас да, екінші жағынан, жалпы еңбек жұмсау, абстрактылы еңбек, бүкіл қоғамдық еңбектің  бір бөлігі болғандықтан, ол еңбек тауардың құнын жасайды.
  4. тауардың құнын өлшеуге болады: әрбір жеке тауар қоғамдық қажетті  жұмыс уақытының белгілі бір бөлігі  ғана болып табылады. Құн мөлшері қоғамдық – қажетті еңбектің мөлшерімен белгіленеді, немесе белгілі бір тауарды, белгілі бір тұтыну құыны өндіру үшін жұмсалатын қоғамдық – қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді.
  5. тауарларға  сіңген еңбектің  екі жақтылы сипаты талданған соң, құннның формаларынң  дамуы талданды. Бұл жөнінде Маркстің басты міндеті – құнның ақшалай формасының тегін зерттеу, айырбас дамуының тарихи процесін зерттеу.
  6. ақшаның бес  функциясы ажыратылды: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану құралы, әлемдік ақшалар; ақша айналымының заңы баяндалды, айналымдағы ақша санын анықтау формуласы анықталды.
  7. ақшаның капиталға айналуы, тауарлы ндірістің белгілі бір даму сатысында ақша капиталға айналады. Тауар айналысының  формуласы: Т – А –Т; яғни басқа бір тауарды сатып алу үшін бір тауарды сату болды.Капиталдың соңғы формуласы, керісінше: А-Т-А, яғни сату үшін сатып алу. Қосымша құн деп Маркс айналымға шығарылған  ақшаның  алғашқы құнының өсуін айтады.

Информация о работе Экономикалық ілімдер тарихы ғылым ретінде