Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 07:11, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе ________________________________________________________2
I-бөлім “контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау___________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау________________________________________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.__________________________________20
II-бөлім “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі.______________________________________________________________27
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі____________________________________27
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны________________________________32
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар-______________________________34
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы.
Демалыс ақысын төлеу._____________________________________________43
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.___________48

III-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.____________54
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері______________________54
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама_____________________________________________________-60
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау_______________________________68
Қорытынды________________________________________________________72
Пайдаланған әдебиеттер-_____________________________________________75
Қосымшалар -_________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-“Контал”-ЖШС.doc

— 473.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау

 

Аудит жұмысы бір жүйеге клтірілген белгілі бір құжаттар арқылы жүргізілетін құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.

Аудит тоериясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:

Бірінші сатысы Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен  жұмыс істеу, аудитор ұйымдарды үшін жасау кезеңнен басталады.  Аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудиті  аудит жүргізгенен бұрын оның қаржы шаруашылығына  толық зерттеу бастап, алдын ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақыт материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық  зерттейді.

Екінші сатысы. Алдын ала танысу. Аудитор  ұймы шарт жасасқан шаруашылық субьектісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы шаруашылық  жағдайымен  танысу мен зерттеуден бастайд. Осы кезде аудитор субьектінің қаржы есебін басылымға шыққан көресткішерін сұрастырулар зерттеп ғана қоймай сол субьекті туралы әр түрлі  жүргізеді. Яғни субьект шаруашылығы күрделі болса оны зерттеу, танысу процесі де күрделі болады. Аудит жұмысын сәтті, жедел, тиімді жүргізу қажет.

Үшінші сатысы: Аудит жұмысына бағдарлама.

Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама,жоспар жасауы қажет. Қазақстанның  аудит стандарты (7-шілдесінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Аудитті орындау сатысында, аудит процесін жүргізу үшін ол тиімді әрі жайлы болуы үшін бағдарламада оның тақырыбын немесе обьектілерін тізбектеп атап көрсету орынды:

    • негізгі құрал, материалдық емес активтер және күрделі шығындар аудиті;
    • материалдар есебінің аудиті;
    • өндіріс шығындарының аудиті;
    • дайын өнім және оны сату процесінің аудиті;
    • ақша қаржысының, есептеу процеснің, инвестициясының аудиті;
    • әр түрлі қорлар, резервтер, қаржылық табыстылық көрсеткіштерінің аудиті.

Аудитор аудиторлық тексеру нәтижесі туралы есебін жасайды. Оны тапсырушыға шартында белгіленген мерзімінен кешіктірмей өткізуі қажет. Ол арнайы құжат “Қабылдау- өткізу актісі” арқылы орындалады. Негізінде аудит есебі қортынды Қазақстанның бесінші стандартында келтірілген “қаржы есебін тексерудің аудиторлық қортындысы” талабына сәйкес жасалынады.

Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама   жазып берумен, сараптау қортындылары немес басқадай түрдегі актілермен анықталып тапсырылады.

Негізінде аудит есебінің мазмұнымен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет.Олар:

    • есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әр бір есеп басқа есептерден өзінше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;
    • аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет;
    • аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепте негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;
    • аудит есебінде барлық  тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі тиіс;
    • есебінде аудитті құқылық негіз болатын за құжаттары, нормативті құжаттар көрсетілуі қажет;
    • есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажетті мәліметтер бухгалтерлік жәгне аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;
    • есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.

Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қортындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталады.

Аудитор қортындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруін жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы Қазақстан стандарттарына сүйенен отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы қолданушылар, тұтынушылар  үшін сенімді мәлімет болады.

Аудит қортындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімсет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлдшерде зияныды болатынын қарастырады. Яғни ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады.  Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:

    • тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;
    • бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;
    • жалпы қаржы есебіне баға беру;

Аудит есебінің қортындлау бөлімінде аудит қортындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты субьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оныңғ мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сайкес жасалғандығын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анывқтамалар, сараптау қортындылары арөқыл көрсетіледі.Қазақстандағы аудит стандартының талабына сәйкес аудит қортындысының  түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі. . [24. 125-134 беттер]

«Контал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2003-204-2005 -2006 жылдардағы еңбекақы диаграмасын  қарастыратын болсақ,2003 жылғы еңбекақысы 59млн 718 мың теңге, 2004- жылы 68млн 888 мың теңге, 2005- жылы  77 млн 128 ммың теңге, 2006- жылы 79 млн 424 мың теңгені құрап   жылма –жыл еңбекақының өскенін байқаймыз яғни, 2003 жылды 2006 жылдың еңбекақысымен салыстыраитын болсақ,32,9 пайызға өскендігін байқаймыз.

Осының өзі еңбекерлдердің орташа еңбекақысы 24882 теңгеден 32417   теңгеге өскен.[27,4-6 беттер]

 

Қорытынды.

 

Қорыта келе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларына өзгеріс енгізілді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары  заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды.  Жұмыс беруші қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты-жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орын, келісім шарттың мерзімі, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқада мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады және тараптардың жауапкершілігі міндеті, құқықтары белгіленеді.

    Дегенмен де  “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік  жұмысшылар және қызыметкерлер мен түзілген келісім-шартына “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.

      Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасалады: міндетті зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталады.

    Өндіріс  технологиясымен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне,  өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқада жайларын компьютерлендіру деңгейінің әр түрлі әдістері қолданылады.

   Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен көрсетілген қызыметтің  есебі жөніндегі құжаттар тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

    Қызметкерлермен еңбек ақысының  төлемі бойынша есеп айырысу есебі 68 “Қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” үшін 682 “Лауазымды тұлғаларға қарыз” шоты арналған.

    Кез келген деңгейдегі шаруашылықтарды басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру керек. Экономиканы дамыту мен қызымет етудің жетекші  категориясы болып жалғыз ағымдағы   тапқан пайдасы ғана емес сондай-ақ   оның стратегиясы да болған жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және қызымет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың кезектегі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.

    Сонымен жедел  талдаудың талаптарына жауап бере алатын және экономикалық бұрыннан танымал әдістерді пайдаланады, атап айтсақ

  • Ауытқуды талдау әдістерді;
  • “Шығын-көлем –табыстарының ” ара қатынасы;
  • зиян сыздықты талдау;
  • жедел басқарушылық талдау  - бұл ішкі ресурстардың ситуациялық процесін және жоспарлаудың қисынды өзгерістерін үйлесімін талдлау болып табылады:

Серіктестіктің шаруашылық қызметтеріндегі басты экономикалық көрсеткіштердің келесі тобы – шығыстар, көрсетілген қызыметтің көлемі және табыстар болып бөлінеді, осылардың ара қатынасын, яғни оптималды деңгейін сақтап, басқарудың ең тиімді деңгейін қалыптастыру керек.

Қаржылық жағдайын ескеріп және сонымен бірге қаржылық теңдігін сақтай отырып, көптеген басшылар бірінші кезекте тұрақты шығындарды қысқартуға барады және соның көмегімен рентабельділіктің дәрежесін анықтайды.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар қаржылық есебін талдау және  тәуелсіз түрде экспорт жүргізуді жүзеге асырады. Нарықтық экономика кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар, бірлескен  коммерциялық банктер, мемлекеттік кәсіпорындар тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді. Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлармен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақты мақсатпен шешу болып есептелінеді.

Нақты аудиторлық тексеру дегеніміз – натуралдық түрде тексеретін обьектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттей оларды анықтау.

   “Контал” жауапкершіліг  шектеулі серіктестікте бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар жасаймын:

  • Бухгалтерлік есеп жүйесін 1.С. 7,7 “Бухгалтерия” програмасына көшіру.
  • Еңбеккерлермен есеп айырысуды карточка жүйесіне көшіру.
  • Бюджетпен есеп айырысу жүйесін автоматтандыру.

Осы жоғарыда көрсетілген мәселелер толықтай шешімін табатын болса, бухгалтерлік есеп жүйесі өз дәрежесінде жүргізу мүмкіндігіне ие болады деген пікірдемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 26.12.95ж. № 2732-ші “Бухгалтерлік есеп жайлы” Заңды күші бар. ҚР Президентінің қаулысы- “Нормативтік актілер” №1, 1996ж
  2. Бас счеттар жоспары
  3. “Бухгалтерлік есеп стандарттары және оны әдістемелік нұсқаулар” Алматы-1999 ҚР. Қаржы министрлігі- Бух есеп және аудит әдістемесінің Департаменті
  4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 17-18(83-84), 1997 ж қырқүйек
  5. “Бухгалтерлік есеп және аудит” №2, 2000ж.  Ғылыми- практикалық журнал.
  6. Бухгалтер бюлетені. №1 (106), №2 (107) 2000ж. Қаңтар, №6 (111), №7(112) 2000. ақпан, №24 1997ж
  7. Дүйсембаев К.Ш. “Анализ финансового положение предприятия” 1998г. уч. пособие, Алматы “Экономика”
  8. Дүйсембаев К.Ш. “Аудит и анализ финансовый отчетности” Егемен Қазақстан 1998ж. 11 наурыз
  9. Қаржы - Қаражат 2000ж. №1-2 және 1999ж. №2
  10. ҚР-ның Президентінің “Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер жайлы” Заңды  күші бар Қаулысы
  11. 1С: Предприятия 7.7. ІІ бөлімі –фирма “1С: предприятия
  12. Радостовец В.В., Шмидт О.И. “Бух учет на предприятиях” Алматы-97 НАК “Центраудит”
  13. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
  14. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”
  15. “Организация финансового учета” под редакцией В. К. Радостовеца
  16. Скала В.И. Белкин А.И. “Сборник бухгалтерских проводок” учебное пособие
  17. Толпаков Ж.С. “Учет основных средств”
  18. Тасмағанбетов Т.А. “Қаржы есебі” Алматы - 98, ИД “LEM”
  19. Белкин А.И., Скала Н.В. “Сборник бухгалтерских проводок”,  Алматы –1999, ИД “LEM”
  20. Русакова Е.А., Ибрагимов Н.А. “Учет основных средств”, москва –1990, “Финансы и статистика”
  21. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Фининсовый анализ. Москва –1995г
  22. Баканов М.И. Шеремет А.д. Теория   анализа хозяйственной деятельности. Москва –1987г.
  23. Радостовец В.К., Шмидт О.И. “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы., 2000ж
  24. А.А. Сәтмырзаев Б.Е. Укашев., Аудит теориясы., Алматы-2000ж Республикалық баспа кабинеті.
  25. М.Байдаулетов С.М. Байдаулетов “Аудит” Алматы “Қазақ университеті”2004ж
  26. “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестіктің қаржы шаруашылық жағдайы туралы есебі
  27. “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 01.01.2005 жылғы бухгалтерлк балансы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы