Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 07:11, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе ________________________________________________________2
I-бөлім “контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау___________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау________________________________________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.__________________________________20
II-бөлім “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі.______________________________________________________________27
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі____________________________________27
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны________________________________32
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар-______________________________34
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы.
Демалыс ақысын төлеу._____________________________________________43
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.___________48

III-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.____________54
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері______________________54
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама_____________________________________________________-60
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау_______________________________68
Қорытынды________________________________________________________72
Пайдаланған әдебиеттер-_____________________________________________75
Қосымшалар -_________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-“Контал”-ЖШС.doc

— 473.50 Кб (Скачать документ)

Меншікті капиталы жыл басына 229438 мың тенге, болып жыл соңына 229540 теңгені құраған бұның ұлғайуына бөлінбеген табыстың әсері тиген.

Енді біз “Контал” ауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің қаржы шаруашылық жағдайына тоқталатын болсақ , сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтен түскен жалпы табыс 1503452  мың теңге болған сатылған өніңнң өзіндік құны 1227685  мың теңге болып,жалпы табыс 275757 тенгені құраған,салық салынғанға дейінгі  табыс тенге көлемінде есептеліп 60313 мың теңге, салық салынған салық 18094 мың теңге болған, салық салынғаннан кейінгі табыс 42239, төтенше жағдайдан алынған зиян 42117 мың теңге,таза табыс 102 мың теңге Жалпы балансымен қаржы шаруашылық жағдайын талдауда анықталғанындай кооперативтің рентабілдік денгейі төмен екендігін байқаймыз. [27. 1-3 беттер]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.

 

Қазақстан Республикасының аймағындағы әрекет етіп тұрған барлық субьектілерге (Қазақстан Республикасының аймағындағы тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызыметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыдан басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.

 Жауапкершілігі шектеулі  серіктестікке жататындар:

Бірлескен кәсіпкерлік қызымет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен қатысуының негізінде және мүліктік пайларының мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік.  Контал мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері зайда қаралған тәртіп пен қосымша міндеттемелер бойынша жауапкершілікте болады.   

Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір серіктестіктердің техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызыметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. [12. 7 бет]

Серіктестіктердің бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызыметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік – құқықтық құжаттарда бегіленген.

Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынған жөн:

- кәсіпорын өз мүлкімен  өзімен - өзі  болушылығы (кәсіпорын  өз баланссында тек заң бойынша  танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар  мен міндеттемелер балансттан  тыс шоттарды есепке алынады);

- толасыз қызыметті (есеп  саясатының мәселесі бойынша  қандайда бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызыметін болашақ  кезеңде тоқтатпайтындығы немесе  қызымет масштабын қысқартпайтындығы  басшылыққа алынуы керек);

- есеп саясатын пайдаланудың  жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);

- шаруашылық қызыметіндегі  фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).

Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызыметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызыметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, обьективті және шынайы ақпарат пен қаптастыру. Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалық, ұйымдық жақтарын. Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техникалық деп осы әдістердің синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызымет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады. Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының бір шама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір обьектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.                   

- материалдардың есебі. өндіріске  жатқызылатын (немесе өндіріске  есептен шығарылатын). матералдық  ресурстарының нақты өзіндік  құнын анықтау тәсілі туралы  шешім қабылдау қажет: орташа  өлшенген құны бойынша әдісін, фифо әдісін, лифо әдісін немесе арнайы теңестірілген (ұқсастырылған)  әдісін таңдайды. Шауашылық жүргізуші субьекті аталған әдістердің бірін ғана таңдай алады және ол барлық тауарлы – материалдық құндылықтарға пайдалануы тиіс;

- басқарушы есеп. Есептің  бұл түрі сыртқы пайдаланушылардың  кең түрде пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру  талабына сай келетін үйлестірілген  регистрлері де жоқ, сондықтан  оны ішкі бақылау мен жоспарлау  мақсатында пайдаланады. Жалпы тұрғыдан алғанда, кәсіпорын ол үшін шоттардың бас жоспарындағы шоттарды немесе өндіріс шоттарының жүйесіне қосымша немесе жекелеген шоттарын қолдануына болдады. Бірақ ол кезде кәсіпорынның құрамы, құрылымы және ұйымдық ерекшеліктері ескеріледі; [12. 11-12. бет]

- өндіріске кеткен шығындар  мен өнімнің өзіндік құынын  калькуляциялау есебінің әдісі. Серіктестік  калькуляциялаумен  есеп обьектісін, шығындарды жанама  мен тікелей көрсету тәртібін  анықтайды. Серіктестік  өзінің негізгі  қызыметінің сипатына байланысты  өзіндік құнның калькуляциялауы мен өндіріске кеткен әдістерінің бірін немесе бірінешеуінің үйлескен түрін таңдай алады.

Таңдап алынған әдістердің жинақ есебі шала фарикаттық немесе шала фабрикатсыз нұсқасымен жүргізілуі мүмкін.

- үстеме шығыстарын есептеу  және тарату. Серіктестік  №7 тауарлы-материалдық  запастардың бухгалтерлік есеп стандартында келтірілген әдістемелік ұсыныстамасында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тізіміне өндіріс қызыметінің ерекшеліктері ескере отырып, қосымшалар мен өзгерістерді енгізуге құқылы; құрал-жабдық пен машинаны пайдалану және күтіп ұстау шығыстары, өндірісті игеруге және дайындауға кеткен шығыстары және басқада осындай жағдайларға кеткен шығыстары үстеме шығыстарының құрамында, олардың үлес салмағы айтарлықтай көп болмаса онда олардың есебі жекелеген субшоттарда жүргізілуі мүмкін; үстеме шығыстарының сметалық мөлшерлемесін есептеудің әдістемесі мен олардың тарату тәртібі де көрсетіледі: жоспарлы калькуляцияға енген, үстеме шығыстарының нормативтік деңгейіне парапар (пропорцияоналды) етіп, тікелей материалдық шығыстарына парапар етіп, тікелей нақты еңбек ақы шығыстарына парапар етіп, немесе оңайлатылған экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жанама шығындары таратылады, мысалыға, бұйымның тұтыну қасиетін және оның өңдеу шығысынан алынған күрделендірілген коэффиценттері бойынша;

- мүліктер мен міндеттемелерді  түгендеу. Міндетті түгендеу мен  қоса, құндылықтардың нақты барын  тексеру үшін біршама қосымша  түгендеулер де жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде кәсіпорын олардың  кезектілігін, түгендеуді жүргізудің күнін, мүліктер мен міндеттемелердің тізімін белгілейді;

- бухгалтерлік есеп нысаны. Серіктестік бухгалтерлік есеп  нысанын өзі таңдай алады, олардың  тізімін және есеп регистірлерін, жүйелілігін, жасау техникасын өзара  байланысын анықтайды;

- нақты (іс жүзінде) пайдаланатын  шоттар жоспары. Серіктестік шоттардың  бас жоспарын басшылыққа ала  отырып, өздеріне пайдаланатын шоттарын  іріктей алады, яғни оның құрамына  кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық  қызыметін және қаржылық жағдайын, мүліктік құрамын көрсететін синтетикалық шоттарын енгізеді. Содан кейін синтетикаалық шоттарына тиісті суп шоттарының тізімін жасайды. Сонымен қатар, серіктестік аналитикалық есептерінің де толық номенклатуралық обьектілерін және олардың коттық белгілерін белгілейді. Бұл кезде басқарудың, талдауын, бақылаудың және есеп берудің мақсатын есекереді. Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшін, шоттардың бас жоспарына кәсіпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады. Бірақ ол жағдайда, ол шоттардың бас жоспарында қаралған негізгі әдістемелік қағидасын сақтауы керек;

- өндіріс ішіндегі есеп  беру. Ішкі есеп беруді жүргізудің  барлық мәселесін кәсіпорынның  өзі шешеді, оның кезектілігін, есеп  беру нысаны мен құрамын және  есеп беру мерзімін, сондай-ақ  потенциялды пайдаланушыларын, есепті жасауға жауапты тұлғаларын анықтайды. Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлігі келесідей мәселелерді қарастырады:

- бухгалтерлік қызыметтің  құрылымы мен ұйымдастырушылық  нысаны. Серіктестік  құрылымдық  бөлімше ретінде, өзінде бухгалтерияны ұстау керекпе; жоқ, әлде келісім – шарттық негізде тиісті мамандарды жалдау керекпе; бухгалтерлік қызыметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек яғни есеп персоналдарының саны қандай болуы керек, қандай бөлімдер қажет (есеп айырысу, материалдық, өндірістік, жинақ бөлімдері), олардың бағыныштылығы қалай болуы керек деген мәселелерді өзі шешеді. Бірақ барлық жағдайда кәсіпорынның басшысы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына қажетті жағдайларды жасалуы керек.

- есепті орталықтандыру  деңгейі. Серіктестіктің  нақты қызыметінің жағдайына байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкін, ол кезде сетіктестіктің барлық бөлімшелері бір тұтас есептік жұмысқа біріктіріледі; ал орталықтандырылған жағдайда, серіктестіктің жекелеген құрылымдық бөлімшелері дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейінгі есеп жұмысының барлық цикілін толығын мен аяқтап, кәсіпорынға тек балансты жасауға тиісті мәліметтерді береді;

- ішкі өндірістік бақылау. Серіктестік  ішкі өндірістік  бақылау жүйесінің қандай болуын және олардың басты элементтерін анықтап, олардың ішінен алғашқы есептік құжаттарды жасап және рәсімдеп отыратын жауапты тұлғаларды белгілеп бөліп отыруын, олардың есеп қызыметінде дер кезінде берілуін және т.б. осы сияқты мәселелерін шешеді. Әр бір қызыметкерлердің жауап беретін аясы мен міндеттері айхындалады.

Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады және оны сақтаған жағдайда серіктестік үшінде, жалпы республика бойынша да шаруашылық жағдайына беиімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Есеп саясатын құрудың негізгі қағидалары мен талаптары № БЕС жан-жақты берілген. Атап айтқанда, есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа серіктестіктің мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс (яғни, мүліктік жеке дараланған қағидасы бойынша), кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызыметін жалғастыруда көздейтін болса, яғни өз қызыметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толасыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, серіктестік  өзі таңдап алған бухтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса, онда ол жүйелік қағидасын сақтағаны, ал егерде серіктестікте орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған (белгіленген) қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа, мынадай талаптарды да ұстағаны жөн, атап айтқанда:

- шаруашылық қызыметінің  барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету;

- сақтық жағдайын ұстау  керек, яғни бухгалтерлік есепте  жоғалту (шығыстар) мен пассивтерді  көрсетуге дайын болуы тиіс, активтер  мен табыстарға қарағанда;

- шаруашылық нысанының  басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық  қызыметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнында қамтуы керек;

- қайшылықсыз деп әр  қилы есеп түрлерінен қалыптасқан  мәліметтердің сәйкестілігін бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады;

- ұйымдылық (рационалдық) серіктестіктің  көлемімен, оның қызымет масштабына  лайықты келетін есепті жүргізудің  қолайлығын білдіреді.

Аталған қағидалар мен талаптар кез келген ксіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін құрайды. Егер де олар толығымен сақталмаса, оның бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және серіктестіктің мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.  [23.7 – 16 бет]   Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Серіктестік  активтердің меншікті капиталдың, міндеттемелердің және олармен жасалған шаруашылық операцияларының екі жақты жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары мен сәйкестендіріліп бухгалтерлік есебін жүргізген. Серіктестік бухгалтерлік есеп 1.С. 7,7 “Бухгалтерия ” програмасы бойынша жұмыс істемейді, Ехсеl програмасы бойынша жұмыс істейді.

Информация о работе Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы