Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 07:11, дипломная работа
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Кіріспе ________________________________________________________2
I-бөлім “контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау___________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау________________________________________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.__________________________________20
II-бөлім “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі.______________________________________________________________27
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі____________________________________27
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны________________________________32
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар-______________________________34
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы.
Демалыс ақысын төлеу._____________________________________________43
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.___________48
III-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.____________54
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері______________________54
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама_____________________________________________________-60
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау_______________________________68
Қорытынды________________________________________________________72
Пайдаланған әдебиеттер-_____________________________________________75
Қосымшалар -_________________
Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер жәнеде қарыз берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.
Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық қызметтер қаржылық есеп берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шарушылық қызметі нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, нарықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.
3.2 Еңбекақы есебіне
аудит жүргізу үшін
Жұмыскерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырсудың аудитінің міндеті күшіндегі еңбек және жалақы есебін жүргізу ережелерін тәртіптерінің сақталуын және бухгалтерлік есептің жағдайын сондай - ақ еңбек ақы бойынша жүргізіліп отырған есеп айырсулардың нормалары мен нармативтік құжаттардың талаптарына жауап беретіндігін анықтау болып табылады.
Аудитор шаруашылықтың есеп жүргізу саясатында қаралған еңбекақы есептеу есеп айырсу тәртіптерімен танысқаннан кейін, еңбекақы болйынша есеп айырсуларға аудторлық тексеру жүргізудің шараларын толық қамтитын болып мынадай мазмұнда бағдарлама жасайды:
Шаруашылық жүргізушінің шаруашылықтың еңбек ақы төқлеу бойынша қарыздары туралы ақпараттарды жинақтау үшін 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты қаралған. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша аналитикалық есеп мәліметтері синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Бұны осы шот бойынша қалдықты, есептеу төлеу ведмосындағы қортынды сомасымен салыстыру жолымен анықтайды. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша мәліметтердің аналитикалық есеп пен сәйкесіздік жағдайы кездессе, аудитор оның есебін анықтап, анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беруге міндетті.
Еңбекақы бойынша есеп айырсуды аудиттеу кезінде ішкі бақыдлауыдң жағдайын және бухгалтерлік есепттің жүйесін зерттеу үшін тест жүргізу арқылы пысықтай түсуі керек.
Аудиторға тестің нәтижесі бойынша жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсуды талдаға бухгалтерлік есеп жүйесіне ішкі бақылаудың жағдайы туралы қортынды жасауға мүмкіндік алады.
Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есептің деңгейінің төмендігі, барлық есеп айырсу операцияларының нақыт құжатталғандығына 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойыншща мәліметтердің дұрыстығына күмән кеелтіреді.
Бұндай жағджайда аудитор бастапқы құжаттардың түп нұсқалығын олардың дұрыс толтырылғандығын, жалақы есептеу оын төлеу және басқа да еңбек ақы төлеуден түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеу қажет. Аудитор бұл іс - әрекетті жүргізген ензінде орындалған жұыстардың есебі үшін жауапкершілікті лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын, барлық реквизиттердің дұрыс толтырғандығын, құжаттарында келсілмеген түзетулердің және тазартудың жоқтығын анықтайды.
Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырсуларды тексерген кезде аудитор анықтауға міндетті:
Шаруашылықта еңбекақы төлеудің қандай түрлері және жүйелері қолданылатын (кесімді, мерзімді, аккордты); жұмыскерге еңбекақы төлеу және ұжымдық еңбек шарты туралы ішкі ережелерінің сақталғанын; жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскердердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы; еңбекақы төлеу бойынша жұмыскерлдермен есеп айырсудың есебін кім жүргізетінін (қызметі, білімі, бухгалтерлік стажы, туысқандық байланысы), осы участіктің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, пайдаланатынын, ол кімге бағынады, оның жұмысының сапасын кім тексеретінін.
Бастапқы құжаттарын зерттеген кезде айдитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарды, оларға жалған тұлғаларға еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Ол үшін нарядты берілген күні бойынша нарядтағы және жұмыс уақытының есебінің табельдегі жұмысшылардың аты жөнін, жеке құрамының есебін мәліметтерімен салыстырып талдау жасауы қажет. Бұрын еңбекақы есептеуге негіз болған бастапқы құжаттар бойынша екінші рет есептелінбегендігіне бір тұлғаның есептеу төлем ведмостарына бірнеше рет қайталанбағына назар аудару қажет.
Әсіресе, шаруашылқтың тек құрамының тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға, сондай - ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада ораныдалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға баса назар аударып, мұхият тексеру жүргізу қажет.
Әр бір жұмысқа қабылданған тұлғаға (тұрақты, уақытша, маусымдық) жеке карточка ашылып оған табельдік нөмір беріледі.. Шаруашылықтың төрағасының бұйрығының немесе өкімінің негізінде бухгалтер әрбір жұмыскерлерге бет ашып береді.
Осы ведомостың негізінде 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шотына және 63 “Бюджетпен есеп айырсулар” бөлімшесінің тисіті шоттарына тиісті жазулар жүзге асырылады. Ведомосқа шаруашылықтың басшысының және бас бухгалерінң қолы қойылып, біреулерге тиісті соманы, жұмыскерлердің атын жөнін, табельдік номерін көрсетіп төлем ведмостарына көшіріп жазып, ведмостарды нөмерлеп, олардың әрқайсына жеке жеке кассалық шығыс ордерлері бухгалтерінің басшының және бас бухгалтерінің қолдары қойғаннан кейін жалақы таратылады.
Бастапқы құжаттарын және есептеу- төлем ведмостарын тексерген кезде арифметикалық еңбек ақы есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс назар аудару қажет.
Аудиттің маңызды іс әрекетінің бірі әр түрлі жағдайлардағы байланысты еңбекақыны есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс сақталғандығына ішінара тексеру жүргізу болып табылады.
Егер еңбекқа есептеу бойынша бастапқы құжаттарын тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берілсе, аудитор құжататрын тереңдетңп тексеру туралы шешім қабылдауға мінетті, өйткені еңбекақының дұрыс есептелуі, өнімнің өзіндік құнының және қаржылық нәтижесінің дұрыстығына әсер етеді. Практикада бухгалтерлер бастапқы құжатардың мәліметтері бет есептерде жеке ессептеу төлем ведмостарында көрсеткен кезде қате жіберу фактілері көптеп кездеседі.
Мұның нәтижесінде қаржылық нәтижені дұрыс анықтаудың мүмкіндігі төмендейді.
Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде себеп болған жағдайларда анықтауға тиісті. Жұмыстың қалыпты жағдайы деп- жұмыс орны тапсырма нарядтарға, жолдама беттерге және бақса да құжатарына сайкес шикізатпен, материалдармен, жабдықтаушылармен, саймандармен толық қамтамасыз етілуін айтамыз.
Бұл айтылғандардың қатарына жұмыс орындарының жабықталуы, сақтандыру шаралыраның қаралғандығы және қалыпты жағдайда жұмыс істеуге басқа барлық мүмкіндікттің жасалғандығында назардан тыс қалмауы керек. Егер бұл жағдайлар орындалмаса, жұмысшыларға қосымша уақыт жұмысауға тура келеді. Сондықтан бұл уақыттарға және оны төлеуге қосымша есептеулер жасалды.
Бұрынғы құжаттарда
қаралмаған қосымша
Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс уақыттарға қосымша еңбекақының дұрыстығына тексмеру жүргізгенде жұмыстың осындай түрлеріне жатқызылу тәртіптерін назар аударуға тиісті.
Анықталған ақауы бар өнімдерге акті жасап, онда ақаудың шығындары және шеккен зиян сомасы көрсетіледі.
Сонымен қатар, аудитор мереке күндері үшін жұмысқа еңбекақы төлеудің дұрыстығымен танысып, олардың талаптарға сайкестілігін анықтауға тиісті.
Мереке күндері жұмыстар үшін мынадай еңбекақы төлеу тәртіптерінің сақталғандығын анықтауға тиісті:
Жұмыскерлердің келісімі бойынша ақшалай қосымша төлемдер еселенбей қалыпты төлем күйінде басқа күнге демалыс беру немесе кезекті еңбек демалысына қосу тәртіптерінің қолдану арқылы алмастырылуы мүмкін.
Егер жұмысшы мереке және түнгі уақытқа жиі кез келетін алмасуда жұмыс істесе, сәйкес келген нақты жұмыс істеген сағаты ғана екі еселеніп төленеді. Түнгі уақытта істеген жұмыс уақыты еселенбей, қолданыстағы норма бойынша төленеді. Мереке күндері, жұмыстан тыс істеген уақытқа қосымша төленбейді. Өйткені барлық сағаты екі еселенген көлемде төленетін болғандықтан, жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудитінің келесі кезеңі жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады.
Жұмыскерлердің жалақысынан заң актілеріне сәйкес мынадай ұсталымдар жүзеге асырылуы мүмкін: табыс салық, бұрын берілген аванстар, жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірген материалды зиянын өндіруге, орындау беттері бойынша, өнімдердің ақауы үшін және басқа да ұсталымдар.
Табыс салық, 2001 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының “Салық кодексі” анықталған тәртіптерге сәйкес ұсынылады.
Орындау беттері бойынша, тек қана қолдағы бар беттер немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталғандығына назар аудару керек.
Жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірілген материалдық зиянын өндіру үшін шаруашылықтың төрағасының бұйрығы немесе соттың шешімі бойынша ұсталынғандығын анықтау қажет.
Аудиторлық тексеру
қортындысында елеулі ықпал
Информация о работе Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы