Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 07:11, дипломная работа

Краткое описание

Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.

Содержание

Кіріспе ________________________________________________________2
I-бөлім “контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау___________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау________________________________________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.__________________________________20
II-бөлім “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі.______________________________________________________________27
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі____________________________________27
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны________________________________32
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар-______________________________34
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы.
Демалыс ақысын төлеу._____________________________________________43
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.___________48

III-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.____________54
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері______________________54
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама_____________________________________________________-60
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау_______________________________68
Қорытынды________________________________________________________72
Пайдаланған әдебиеттер-_____________________________________________75
Қосымшалар -_________________

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-бухгалтерлік-есеп-“Контал”-ЖШС.doc

— 473.50 Кб (Скачать документ)

Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі

Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрыңғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге сот органдарының шешімімен жұмыстан босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерінде төлем төленеді. Басқа жұмысқа келісімсіз ауыстырылып (өзінің істеп жүрген жұмысынан төмен дәрежелі жұмысқа немесе тағы басқа) кейіннен бұрыңғы жұмысына қайта келтірілген жұмысшылар мен қызметкерлерге (еңбектің таласын қарайтын тиісті органдардың немесе заң органдарының шешімі бойынша) бұрыңғы еңбекақысы мен басқа жұмысқа ауысқанда төмен дәрежелі жұмысты атқарғаны үшін алған еңбекақысының арасындағы айырма сомасы төленеді. Бірақ мұндай төлемдердің төленетін уақыты үш ай мерзімнен аспауы керек.

Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. “Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы” туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтемге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10(он) күнтізбелік (календарлық) күннен аспауы қажет. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуні немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта дәрігердің қорытындысы бойынша күтім қажет деп есептелген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы ата-анасының біреуіне немесе оны күтетін адамға беріледі. 3 (үш) жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге ауырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дәрігердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған мөлшерде жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздылығы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100% (пайызы) мөлшерінде төленеді.

Кезекті демалыста немесе қосымша демалыста болған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер ауырып қалса, олардың ауырып қалған уақытына жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздылығы еңбек демалысы күні аяқталғаннан кейінде жалғасқан болса ол үшін берілетін жәрдемақы дәрігердің парақшасы бойынша жұмысшы немесе қызметкердің жұмысқа қосылатын күнінен бастап онда көрсетілген мерзімге төленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он еселігі шамасынан аспауы қажет.

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілігіне және балалы болуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы (куәлігі) бойынша төленетін төлем 126 күнтізбелік (календарлық) күнге, ал ядролық қарудың салдарынан апат аймақ болып есептелетін елді мекендерде тұратын әйелдерге 170 (184 егер қандайда бір қиыншылық, ауыр хал болған жағдайда) күнтізбелік (келендарлық) күнге беріледі. Бұл жағдайда берілетін жәрдемақы ай сайын айлық  есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен артық болмауы тиіс.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорында жұмыс істеу немесе қызмет атқару барысында мертігуі, сондай-ақ кәсіптік сырқат алуына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақыны жұмыс беруші жұмысшының жұмысқа жарамсыздығы басталған күннен жұмысқа қайта оралған, яғни сауыққан уақытына дейін төлейді немесе ондай жұмысшылар мен қызметкерлерге мүгедектік тобы белгіленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінен артық болмауы тиіс.

Жалпы ұйымдарда әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жұмыста мертіккен (жарақат алған) жұмысшылар мен қызметкерлерге, жүкті немесе балалы болған әйелдерге тағы да басқа заңда қаралған жағдайында жәрдемақы мөлшері үздіксіз еңбек стажының ұзақтығы қарамастан есептеліп төленеді. Ал басқа жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу олардың үздіксіз еңбек стажына сәйкес мынадай ереже бойынша есептеледі.

    • үздіксіз еңбек стажы 5 жылға жетпейтін жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбекақысының 60% мөлшерінде;
    • үздіксіз еңбек стажы 5 жылдан артық, ал бірақ 8 жылдан кем жұмысшы қызметкерлерге: орташа еңбек ақысының 80% мөлшерінде;
    • ал үздіксіз еңбек стажы 8 жыдлан артық жұмысшы қызметкерлерге орташа еңбек ақысының 100%имөлшерінде.

Барлық кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлер бұл белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін жұмысқа шыққан күні еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы дәрігерлік парақшасын ұйымның тиісті бөліміне (әдетте бухгалтерияға) тапсыруы тиіс. Осыдан кейін бұл парақшаның тиісті жерлері толтырылып, ол жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы есептеледі.

Кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді.

    • өзіне берілген және басқа да міндеттерді атқарудан бас тартып өз денсаулығына зиян келтірілген, сондай-ақ өтірік ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге.Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
    • еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп мас болуы салдарынан болса;

-  еңбекке уақытша жарамсыздығы  қылмыс істеу салдарынан болған  жағдайдағы зақымдануынан болса;

- өз бетінше емделген  жұмысшы қызметкерлерге.

Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы  бойынша есеп айырысу есебі.

 

Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.

Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

126-шоты “Аяқталмаған  құрылыс” күрделі құрылыспен  шұғылданатын және сонда жұмыс  істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;

811-шоты “Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі шығындар”  өнім өткізумен, жұмыстар мен  қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен  шұғылданатын қызметкерлерге есептелген  еңбек төлемінің сомаларына ;

821-шоты  “Жалпы және  әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік – басқармашылық қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемінің сомаларына;

902-шоты “Өндірістегі  жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі  өндірістегі жұмысшыларға есептелген  еңбек төлемінің сомаларына;

932-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтар (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелінген төлемінің сомаларына;

942-шоты “Қызметкерлердің  еңбек ақысы” әлеуметтік салада  қызмет көрсетумен шұғылданатын  қызметкерлерге есептелген еңбек  төлемінің сомаларына ;

952-шоты “Жұмысшылардың еңбек ақысы” ақау өнімдерді жөндеумен шұғылданатын жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына

Басшылықтағы тұлғалармен есепайырысудың есебі. Басшылықтағы тұлғалармен сеп айырысу үшін 682 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен

есептеседі (басқарма мүшесі мен төрағасы, бақылау кеңесінің мүшесі және ревизиондық комиссияның мүшесі және т.б.)  Басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемінің сомаларына 821-шоты дебеттеледі де, 682 шоты кредиттеледі, ал оны төлеген кезде 682 шоты дебеттеліп, 451 шоты кредиттеледі. [23,379]

“Контал”жауапкершілігі шектеулі серіктестік 681-шотының кредитінен, басқа шоттардың дебетіне (902 , 922 , 942 , 126 , 821 , 950 , т.б.) жатқызылған сомасы есеп объектілеріне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етті.

Кәсіпорынның дайындау бөлімінің қызметкері жалақы есептеу бойынша Қаңтар 2005 жылғы кестесі:

Ф.И.О

Должность

Оклад

Премия %

Итого с премий

Приме- чание

1

Алжанов С

Зам.директора по заг

35000

50

52500

 

2

Досымбеков А

Нач. Загатовки

26700

50

40050

 

3

 Аманов Т

Нач. ПКС

16700

50

25050

 

4

Орманов Қ

Регион. Заведующий

13400

50

20100

 

5

Сапаров Н

Гл. Бухгалтер

26700

50

40050

 

6

Қарабаев П

Экономист

20000

50

30000

 

7

Кан П.В

Ст.бухгалтер по сырью

20000

50

30000

 

8

Сулейменова А

Расчетный бухгалтер

18700

50

28050

 

9

Бейназаров С

Материальный бухгалтер

18700

50

28050

 

10

Тоқжанов З

Сдатчик

13400

50

20100

 

11

Мырзахметов р

Бригадир ММ

16700

50

25050

 

12

Нарымбетов Д

Моторист

12000

50

18000

 

13

Исатаев К

Водитель ПСО

15000

50

15000

 

 

Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердің демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебі 685 “Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу” шотында жүреді. Бұндай резервтерді құру оларды өндіріс шығындарына жатқызудуң бірқалыптылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудің жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерінің орташа ұзақтылығына байланысты боып келеді. Резервті құру кезінде 685 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі, 126, 811, 821, 902, 922, 932, 942, 952 . Ал, демалысты есептеген кезде 685 шот дебеттеліп, 681, 682, шоттары кредиттеледі .

Жылдық түгелдеу кезінде демалыстардың төлеміне арналған резервтің дұрыс жасалып, пайдаланылуын тексеру қажет.

Жыдық түгелдеу кезінде демалысқа төленетін резервтердің пайдалануын және оның дұрыс құрылуын тексеру керек. Түгелдеу барысында заңдарда ескерілген кезекті (жыл сайыңғы) және қосымша демалыстары үшін қызметкерлерге берілетін алдағы уақыттағы төлемге деген резерв қалдығы пайдаланылмаған (немесе пайдаланбаған) демалыс күндерінің саны-күндік сомасынан (орташа жалақыны есептеудің белгіленген әдісін ескере отырып) және әлеуметтік, зейнеткерлік қорға міндетті трде бөлінетін сомалардан құралады, сондықтан резервсомасы осы белгіленген төлемнің мөлшеріне сай анықталуы тиіс.

Нақты есептелінген резерв есеп беріп отырған жылғы желтоқсандағы есепті түгелдеу арқылы расталған сомадан асып кеткен жағдайда өндіріс шығындарының шоттары бойынша қысқарту жазбалары жазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығыдарының шоттары бойынша қысқарту жазбаларыжазылады, ал жетпей қалған жағдайда өндіріс шығындарына есептелетін қосымша қаражат қосу жөнінде толықтыру жазбалары жасалады.

Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін және бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайын берілетін сыйақыларды төлеуге арналған резервтердің қалдықтары қызметкерлердің демалыстарының алдағы уақыттағы төлемдеріне арналған резервтер сияқты түгелденеді . Көп жылғы сіңірген еңбегі үшін жыл сайын берілетін сыйақылар есепті жыл өткеннен кейін төленсе, онда бұл ақыларды төлеуге арналған резерв туралы деректер есепті жылдан кейін келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалған баланста болмау да мүмкін

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақылардың және әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен берілетін басқа да төлемдердіңсомасы 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шоттың дебеті және 681 “Қызметкерлермен еңбек бойынша есеп айырысу” , 682 Басшылардың еңбек ақысы” шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.

Жеке тұлғалардан ұсталынған табыс салығына 681 және 682 шоттары дебеттеліп, 634 “Бюджетпен басқа да есеп айырысулар” шоты кредиттеледі.

Информация о работе Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы