Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2014 в 07:11, дипломная работа
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты жауапкершілігі серіктестіктің есебін және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Кіріспе ________________________________________________________2
I-бөлім “контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нарықтық қатынастағы шаруашылық –қаржылық жағдайын талдау___________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінің қаржы шаруашылық жағдайын талдау________________________________________________________6
“Контал” жауапкершіліг серіктестігінде бухгалтерлік есеептің құрылымының ұйымдастырылуы.__________________________________20
II-бөлім “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі.______________________________________________________________27
2.1 Еңбекерлердің құрамының есебі____________________________________27
2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны________________________________32
2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар-______________________________34
2.4 Жұмыс берушінің сеебінен төленетін жәрдем ақы.
Демалыс ақысын төлеу._____________________________________________43
2.5 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі.___________48
III-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.____________54
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері______________________54
3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама_____________________________________________________-60
3.3 Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау_______________________________68
Қорытынды________________________________________________________72
Пайдаланған әдебиеттер-_____________________________________________75
Қосымшалар -_________________
Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 681-ші және 682-ші шоттардың дебеті бойынша көрініс табады және мына шоттадың кредитіне жазылады :
950 “Өндірістік ақау”
шотында – еңбек төлемінің
ұсталынған өндірістегі
333 “Жұмыскерлер мен басқа
да тұлғалардың қарызы”
Қызметкерлерге аванс ретінде және өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретінде төленген еңбек төлемінің сомалары 451 және 441 шоттарының кредитінен 681 және 682 шоттарының дебетіне көшіріледі.
Өткен ай үшін түпкілікті есеп айырысу ретіндегі және қазіргі ай үшін берілетін аванс ретіндегі еңбек төлемі төлеу тізімдемелер бойынша төлейді , ол тізімдемеде төленуге тиісті сома, берілуге тиісті (3 күндік) мерзімі көрсетіледі. Оған басшы мен бас бухгалтер рұқсат етемін деп оның бұрыштамасына қол қойып бекітеді. Бекітілгеннен кейін тізімдеме төлем жасау үшін кассаға беріледі. Үш күндік мерзімде берілмеген жалақы депоненттеледі (завод оны сақтауға қабылдап алады).
Берілмеген жалақы сомаларын кассир тізімге жазады да, оны өзінің есебімен бірге бухгалтерияға өткізеді. [23,371 бет]
Жұмысшылар мен қызметшілердің қолдарында есеп айырысу кітапшасы болуы керек, ол кітапшаларға жұмыс істеп жүрген адам туралы мәліметтерден басқа, ай сайын есептелген еңбек ақысының төлемдері (яғни төленгендері), ұсталымдары, шегерімдері, алуға тиесілі сомалар көрсетіледі, сондай-ақ оларды “Контал” жауапкершіліг шекетулі серіктестік заводының қызметкерлеріне қайтару уақыты кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша шарттары бейнеленеді.
Есеп компьютерленген жағдайда, есеп айырысу кітапшаларының арасына есеп айырысу парақтарын немесе айырысу-төлеу тізімдемелерінің жазылған көшірмелерін салып кояды, яғни ол аталған жұмыстарды жүргізудің жолдарын жеңілдетеді.
Еңбек туралы күші бар заңдарға сәйкес еңбек төлемін ұжымдық шартпен бекітілген мерзімдерде, айына екі рет беріледі. Онда айдың бірінші жартысы үшін еңбек төлемі бойынша аванстық және аванссыз тәртіптер белгіленуі мүмкін. Есеп айырысудың аванстық тәртібінде жұмысшылар мен қызметшілерге жоспарлы аванс береді; түпкілікті есеп айырысу кезінде, айдың екінші жартысында еңбек ақы төлемін жасайды. Аванс мөлшерін ұжымдық шарт жасасқан кезде әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебінің табелінен алынған нақты жұмыс істеген уақыты үшін тарифтік төлем мөлшері бойынша қойылған еңбек төлемінен кем болмауы тиіс. Есеп айырысудың аванссыз түрінде жоспарлы аванстың орнына айдың бірінші жартысы үшін нақты өдірілген өнім (орындалған жұмыс) бойынша немесе нақты істелінген жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемі есептелінеді. Есеп айырысудың бірінші түрінің жұмысы аздау, сондықтан оны “Контал” жауапкершіліг шекетулі серіктестікте жиі қолданады.
Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есепайырысу үшін және жұмыс істеп жүрген адамның өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін бухгалтерия әрбір қызметкерлерге “Дербес шот” немесе “Бет есеп” толтырады. Дербес шот немесе бет есебі өткен кезеңдердегі еңбек төлемі туралы мәліметтер, өндірімдермен орындалған жұмыстардың және төлемнің әр алуан түрлеріне арналған құжаттардың негізінде қалыптасады.
Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректердің жиынтығы. Әр бір серіктестіктің ай сайын бірнеше есеп айырысу-төлем тізімдемелері (цехтар, бөлімдер және кәсіпорын көрсететін қызметтері бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйістіру керек. Бұл үшін “Қызметкерлермен (персоналдармен) еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу жөніндегі деректерінің жиынтығы” деп аталатын әзірлік кестесін пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары ; есептелген, берілген, қайта есептелінген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың айдың аяғындағы берешегі, қалдықтары көрсетіледі. 681 және 682 шоттары бойынша Бас кітапқа жазылатын қалдықтарын алу ; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру т.б. қаражаттар есебінен берілетін төлемдердің сомаларын жинақтау (бұл сомаларға 681 шоттың кредиті және 653 “Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша есеп айырысу” шотының дебеті бойынша корреспонденттелген шоттардың негізінде жасалады); еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар бойынша қорытынды деректерді алу; депонеттелген жалақыны дер кезінде, әрі толық бақылау; төлем көзінен ұсталатын , жеке табыс салығы бойынша есеп беруді жасау; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру органдарына және зейнетақы қорына тоқсан сайын беріліп отыратын әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыруға бөлінетін қаражат бойынша есеп беру; әлеуметтік салығы бойынша декларациясын алу үшін жинақ есебін пайдаланады. [23,375]
3-бөлім Еңбекақы есебіне
3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері
Нарық экономикасына көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін тадау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.
Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болады. өйткені, ол жұмысты ведомстволық жүйелер мен ведомствалық бақылаулар жасалады, есеп және есептілік жөніндегі жіберілген қателіктерді іздестіре отырып, оларды анықтаумен айналысты. Сонымен қатар жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланды.
Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату-алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып, оның ары қарай объективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара дамуына әсерін тигізеді. Осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процесіне қатысушылардың талаптарын қамтамасыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізілуі тиіс. Бұл
Осы айтылғандардың барлығы тұрақты түрде шыққан процес объективті түрде пайда болады.заңдарды, қаулыларды, уақтылы түрде бақылауды талап етеді. Сонымен қатар жекешелендіру процесіне көшу, басқару құрамының өзгеруі аудиттің дамуына әсер етті. Осы мәселелерді шешуде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің және басқадай экономикалық ақпараттардың атқаратын ролі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп, субъектінің мүмкіндігін жорамалдап, олардың одан ары қарай дамуына көмектеседі.
Нарық экономикасына көшу кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар құрылады, бірлескен “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік комерциялық банктер, тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді.
Нарық экономикасының қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы қажет. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге (жеке адамдарға, фирмаларға, акционерлік қоғамдарға және т.б.) қызмет етеді, олардың келісімі немесе шақырылуы бойынша. Бұл қызмет тек қана ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі. Аудиторлық қызметтердің пайда болуына төмендегідей жағдайлар әсер етуі мүмкін:
Аудиторлар өздерінің қорытындысын пайдаланушыларға міндетті түрде айтуы қажет. Жалпы алғанда аудит көп ғасырлық тарихы бар ілім. Арнайы әдебиеттерде оның пайда болуы әртүрлі болып анықталады. “Контролинг” журналында аудиттің пайда болуы жөнінде былай делінген: “Тарихи жазуларға қарағанда , дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болуы мүмкін. Қытайлардың көне жазуы бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, оның міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүіктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған”. Осы айтылғандарды қорыта келсек, аудит көне заманда пайда болғандығы байқалады.
1773 жылы Шотландияның
орталығы – Эдинбургке
Аудиттің одан ары дамуына 1862 ж. Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен отчеттарын ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексерілуі қажет делінген. Бұл акционерлік қоғамның отчеттарына объективті баға беруді талап етілген және де Контал заводының қаржыларының нақты жағдайларын, оның шындығы жөнінде анық мәліметтерді белгілі уақытта алуына көмектескен.
Міне, осы айтылғандарға сүйенсек, аудиторлық қызмет нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде тезірек дамыған.
Америка Құрама штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 ж. Нью-Йорг штатының заңды органдары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние дүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 ж. Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған 1887 ж. АҚШ-та – дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда аудиторлар Институты құрылған т.б.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде тәуелсіз аудиторсыртқы қаржы бақылауының басты формалары болып есептелінеді.
Аудиторлық жұмыстың дамуы өте ірі трансұлттық аудиторлық кеңес фирмаларының құрылуына әсерін тигізді. [25,14 –16 бет]
Келтірілген кестеде қазіргі кездегі дүние жүзіндегі аудитор жөніндегі ең ірі фирмалар көрсетілген. Осыған қарасақ, аудиторлық қызметтің жоғары бағаланатындығы байқалады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, нарық экономикасы дамыған шет мемлекеттерде аудитжұмысы өзінің дамуымен қатар басқару жүйесіндегі алдыңғы формалардың бірі болып есептелінеді.
Аудит Қазақстан Республикасында жаңадан пайда бола басьады. 1990ж. Бірінші аудиторлық фирма құрылды. Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің 1990 ж. Ақпан айының 15-ші жұлдызындағы №60 қаулысына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан-аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 ж. Жылдан бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.
Аудиторлық жұмыстың ары қарай дамуына 1993 ж. Қазан айының 18-ші жұлдызында шыққан “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет” туралы заңы әсерін тигізді. Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп отырады және оны Бухгалтерлік есептің стандарттарына, Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңға сәйкес қайтадан өңделіп, 1998 ж. Қараша айының 20-шы жұлдызында шықты.
Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шешу болып есептелінеді. [24,34-36 бет]
Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) отчеттарының дұрыстығын және олардың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.
Сайып келгенде, аудиттің міндеті – қаржы отчетын төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:
Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективтітүрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.
Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:
Осы айтылған алдыңғы жағдайлар тәуелсіз экспорттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол эксперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.
Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногінің үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әртүрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да, дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Информация о работе Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы