Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік курсовойdoc.doc

— 452.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешен саласында қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі белгілі-бір жүйелілікті талап етеді. Себебі облыс және аудан деңгейінде екі мемлекеттік басқару жүйесі жұмыс жасауда, бірі респбликалық бюджеттен, екіншісі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Бұл екі жүйенің атқаратын қызметтерін дәл анықтап белгілеу қажет, себебі екі жүйе қызметтерінде бірін-бірі қайталаулар байқалады. Себебі соңғы кезде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда көптеген шешімін таппаған мәселелер бар, соның бірі баға теңсіздігінің жойылмауы, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлі де болса өнім өндіруде ескі технологияларды пайдалануы немесе тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуда көптеген қиындықтарға тап болуы.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жеткізілген  жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық даму арқасында. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті дамытып, оны ауыл шаруашылығына  көптеп енгізу қажет.

 

 

2.3. Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді  мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Ауыл  шаруашылығын дамыту үшін жақсы жағдай туғызуға бағытталған мемлекеттік  реттеу келесідей алдыңғы қатарлы  мәселелерді шешуге бағытталған:

  • ауылдың әлеуметтік дамуын тездету;
  • елдің азық-түлікпен қамтамасыз ету мақстаныда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің дамуын ынталандыру;
  • аграрлық нарықта бизнес пен бәсекелестіктің дамуын ынталандыру;
  • ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және қолдаудың арнайы қорларын құру;
  • ауыл шаруашылығына қазіргі заманғы технологияларды енгізуді мемлекеттік қолдау;
  • АӨК-те бірыңғай ақпараттық және консультативтік  жүйе құру;
  • өнімді қатйа өңдеу, сақтау және өткізу саласында агроөнеркәсіптік интеграцияның дамуына ықпал ету;
  • нарық проблемаларын ғылыми зерттеуді кеңейту.  

Мемлекеттік реттеу – ресурстар мен табыстарды бөлуге, экономикалық дамудың деңгейі мен қарқынына және халықтың әл-ауқатына ықпалынан тұратын мемлекеттің экономикаға қатынасуының негізгі формаларының бірі.

Нарық жағдайында мемлекет реттеуші рольге ие. Сондықтан ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуге бағдарламалық-мақсаттық сипат берген жөн.

Бағдарламалық-маөсаттық басқару шет елдер тәжірибесінде кең тараған. Соңғы уақытқа дейін біздің облыс асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикадағы ірі аймақтардың бірі болды. Алайда қазіргі таңда бұл жағдай төмендеп, жақсармауда. Сондықтан облыста ауыл шаруашылығының жеке салаларын дамыту үшін аумақтық бағдарламалар жасақтау қажет. Мұндай бағдарламалардығ мақсаты:

- асыл тұқымды мал басын сақтап қалу және арттыру;

- асыл тұқымды және өнімді тұқымдарды жақсарту;

- барлық аудандық орталықтарда облыстық мемлекеттік асыл тұқымды станцияларды ұйымдастыру;

- бордақылау пункттерін жоғары класты тұқымдармен қамтамасыз ету;

- жергілікті бюджет есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылық қолдау қорын құру.

  Аймақтық мақсаттық бағдарламалар  ресурстарды тиімді бөлу арқылы  мемлекеттік, аймақтық реттеудің  ролін арттырудағы маңызды құрал  болып табылады.

Мақсаттық-бағдарламалық құрылыммен басқару жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

- жүйелі ғылыми басқару;

- шығармашылық топтардың қызметін нарық талаптары мен конъюнктурасын ескере отырып қайта бағыттауға болады;

- мақсатты бағдарламалар бойынша қызмет ететін мамандар кооперативі ұйымдастырылады;

- маркетинг қызметтің маңыздылығы артып, кеңейеді.

         Бағдарламалық басқарудың ерекшелігі – оны жасақтауда көптеген ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдар қатынасады. Мұнда аймақтардың ерекшеліктері, табиғи-климаттық жағдайлары, шаруашылық субъектілердің қазіргі жағдайы ескеріледі. 

          Агроөнеркәсіптік кешенді тікелей мемлекеттік басқару құралы ретінде баға механизмі өзінің негізгі атқарымын орындай алмай, азық-түлік өндіруде және сатуда сұраным мен ұсыныстың реттеушісі бола алмай отыр.Осыған байланысты баға ауытқуының аясын шектейтін механизм дайындау, барлық аграрлық өндірісті шайқалтып алмас үшін өндіруші мен тұтынушыларды қорғау, жалпы реттелетін экономика қалыптастыру қажет, яғни мемлекет тарапынан қосымша шаралар жүргізілуі тиіс.

        

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды және ұсыныстар

Ауыл  шаруашылығы еліміз экономикасының маңызды, өзекті салаларының бірі, оның дамуымен тұтыну нарығының тұрақты, балансты дамуы, экономика салалары мен халықтың әл-ауқаты тікелей байланысты.

Азық-түлік  өнімдерін және ауыл шаруашылығы  шикізаттарынан жасалған тауарларды соңғы тұтынушыға жеткізуді бірыңғай мақсат қылып біріккен салалар жиынтығы агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Ол үш саладан тұрады:

1 –  ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және оны техникамен, қондырғылармен, мал азығымен, өсімдіктер мен жануарларды қорғау құралдарымен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар, сонымен қатар ауыл шаруашылығына өндірістік-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын салалар;

2 – АӨК орталық звеносы ретіндегі ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы салалары), сонымен қатар балық, орман және су шаруашылығы;

3 – ауыл шаруашылығы шикізаттарын даярлау, сақтау, қайта өңдеумен және дайын өнімді өткізумен айналысатын салалар.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешені халық шаруашылығының басқа салалары секілді көптеген реформаларды өз басынан өткізді. Әлі де болса ауыл шаруашылындағы кейбір мәселелер өз жауабын таппай отыр. Тақырыпты зерттей келе келесідей қорытындылар жасап, ұсыныстар енгізуге болады:

1. агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып  басқарудың ғылыми қағидалары мен әдістемелеріне сүйену қажет.

2. Жалпы облыста ауыл шаруашылығы  салаларында өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалады. 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 114%-ға жоғарылаған. Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемінің 46 пайызын құрайды, 2006 жылмен салыстырғанда 2009 жылы жалпы өнім көлемі 229%-ға артып отыр. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 54 пайызын құрайды, яғни облыс шаруашылығы негізінен мал шаруашылығына маманданған. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,6 есеге артып отыр.

3. агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік  басқару жүйесі тікелей және  жанама бағытта ықпал етеді. Тікелей әсер етуді облыста Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясы жүзеге асырады. Ал жанама басқаруды облыстық ауыл шаруашылық басқармасы жүзеге асырады. Бірақ та осы екі құрылым қызметінде бірін-бірі қайталаушылық басым.

4.  басқару процесін шартты түрде үш құрамдас бөлікке бөлуге болады:

Біріншіден, мақсатты нақты қалыптастыру қажет, яғни қайдан және қайсы басқарушы жүйеге ауысу қажеттігін анықтау;

Екіншіден, басқарылушы жүйені бастапқы күйден жаңаға қозғалу траекториясын анықтап, ғылыми түрде өңдеу қажет;

Үшіншіден, осы траектория бойынша  басқарушы объектіге сәйкес жылдамдықты  белгілеу қажет.

 5. дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің осы ұйым қызметі, оған өтудің алғышарттары, сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін қандай шараларды қолдану қажеттілігін әлі де болса нашар сезінуде. Сондықтан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жанынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне әдістемелік көмек беретін,  облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-әдістемелік орталық құру қажет секілді.

6. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тағы бір проблемасы- өндірілген өнімдерді өткізуі. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тез бұзылғыштығына байланысты олар тез арада өткізуді қажет етеді. Сол себептен жергілікті мемлекеттік органдармен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, тұтынушылармен өзара тығыз байланыс орнататын сатып алушы-жабдықтаушы кооператив құру тиімді болар деп ойлаймыз.Бұл кооператив облыстық әкімдік қолдауымен өндірушілердің өз өнімдерін көтерме немесе бөлшек сауда орталықтарына, сыртқы  тұтынушыларға немесе түрлі мекемелерге  тез арада жеткізілуіне жәрдемдеседі.

7. аграрлық өндірістегі мемлекеттік және басқа да органдардың тиімсіздігін талдау көрсеткендей, аграрлық саланы мемлекеттік реттеу саласындағы құқықтық нормаларын жүзеге асырудың жетеледерелмегендігін көрсетеді. Бұл аграрлық саланы мемлекеттік реттеу заңнамасының тұрақсыздығымен және аграрлық саладағы шараларды қаржыландырудың жеткіліксіздігімен, сонымен қатар ақпараттық қамтудың төмен деңгейімен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Королев Ю.Б., Коротнев В.Д., Кочетова Г.Н., Никифорова Е.Н. Менеджмент в АПК. Москва: «Колос», 2000г.
  2. Кузнецов В.В. Экономика сельского хозяйства.- Ростов-на-Дону: «Феникс», 2003
  3. Петранева Г.А. Экономика и управление в сельском хозяйстве.- М: Издательский центр «Академия», 2003
  4. Минаков И.А. Экономика сельского хозяйства.- М.: КолосС, 2004
  5. ҚР  «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 23.01.2001 ж.
  6. Данкверт С, Лавровский В. Государственная поддержка агропроизводства в Канаде //АПК: экономика, управление- 2004 №3
  7. Жұмаев Ж.Ж. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Орал, 2000 ж.
  8. Хищков И. Концепция основ управления агропромышленным производством на федеральном и региональном уровнях //АПК: Экономика, управление- 2001 №6
  9. Черняков Б. Развитие и регулирование аграрной экономики США на рубеже веков //Международный журнал проблемы теории и практики- 2000 №4
  10. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
  11. Жантасова Қ.Х. «Батыс Қазақстан облысының мал шаруашылық саласының қазіргі жағдайы» //«Ғылым-бәсекелестікке қабілетті экономиканың негізі» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Орал, 2008ж.
  12. Әбділдин С. «Агробизнесті ұйымдастыру» Алматы, 2001ж.
  13. «2006 – 2010 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту» аймақтық бағдарламасы
  14. Облыс әкімдігінің 2004 жылғы «31» желтоқсандағы №360 қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
  15. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайты. // www.minagri.kz
  16. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі  туралы ереже
  17. Кеникстул В., Константинович В. Совершенствовать экономическую вертикаль управления агропромышленным комплексом. //АПК: экономика, упраление-2008, №7  
  18. Путин В. Повышать эффективность государственной аграрной политики // АПК: экономика, управление- 2008, №7
  19. Проблемы государственного регулирования и поддержки  агропромышленного комплекса в России. // Экономист- 2008, №7
  20. Кулов А.Р. Государственное  регулирование инвестиционного развития сельского хозяйства- // Достижения науки и техники АПК- 2006, №2
  21. Булатов В.В. Государственное регулирование сельскохозяйственного производства // Достижения науки и техники АПК- 2006, №3



Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы