Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік курсовойdoc.doc

— 452.00 Кб (Скачать документ)

 

2009 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында бір гектардан дәнді және бұршақ дәнді дақылдардың  шығымдылығы 2007 жылмен салыстырғанда 7,9 центнерге өсіп, жиналған алқаптың бір гектарынан 14,0 центнерді құрады. Дәнді-дақылдардың бір гектарынан ең көп шығымдылық Зеленов, Теректі, Бөрлі, Сырым және Тасқала аудандарының шаруашылықтарынан байқалады. Майлы дақылдардың шығымдылығы 2007 жылмен салыстырғанда бір гектардан 2,9 центнерге өскен. Ал картоп шығымдылығы 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 13 центнерге жоғарылап отыр. Көкөніс бойынша шығымдылық деңгейі 2009 жылы 2007 жылға қарағанда 11,4 центнерге төмендеген.

Өткен  кезеңдерде Батыс Қазақстан облысы Республика бойынша асыл тұқымды  ірі қара шаруашылығының маңызды  генофондысына ие болғаны белгілі. Соның нәтижесінде асыл тұқымды  ірі қара әсіресе, етті-майлы қой мен етті ірі қара өнімдерін өндіретін таңдаулы аймақ болды.

Соңғы 3 жылдағы Батыс Қазақстан облысындағы  мал басының санын келесі 4-кестеден көруге болады.

 

4-кесте. Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал мен құс саны

 

 

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009ж. 2007 ж. қатынасы, %

Мүйізді ірі қара малы

420,6

433,4

438,5

104

С.і.. сиыр

161,2

167,3

167,4

104

Қой мен ешкі

698,7

745,5

769,6

110

Шошқа

26,0

25,3

26,1

100,4

Жылқы

52,6

56,9

61,0

116

Түйе

3,4

3,4

3,5

103

Құс

899,5

975,2

897,1

99,7


    

 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара саны, соның ішінде сиыр малының саны 4%-ға артып отыр. Ал қой мен ешкі саны соңғы үш жыл ішінде 70,9 мың басқа, соның ішінде 10%-ға жоғарылаған. Шошқа малының жоғарылауы айтарлықтай байқалмайды. Жылқының жалпы саны 16%-ға артып отыр. Ал құс саны 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеп отыр.

 Облыстағы мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің динамикасын 2-диаграммадан көруге болады.

 

2-диаграмма. Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Облыстың  барлық шаруашылық санаттарында 2009 жылдың қаңтар-желтоқсанында 75,6 мың тонна (2007 жылдың сәйкес кезеңіне 107%) мал мен  құс (тірі салмақта) етке өткізілді, 231,2 мың тонна (105%) сиыр сүті сауылып, 106,2 млн. дана (114%) тауық жұмыртқасы алынған. Барлық түрдегі жүн 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 6%-ға артық алынған.

Негізгі ет өндірушілер Казталов ауданы  (жалпы ет өндіру көлемінің 12,8%), Зеленов  ауданы (12,4%), Ақжайық ауданы (11,8%) және Жаңақала (11%) аудандарының шаруашылықтары болып табылады, олардың үлесіне облыс бойынша өндірілген ет көлемінің 48% тиесілі.

Сүт өнімінің ең үлкен көлемі Зеленов  ауданы (жалпы өндірілген сүт көлемінің 16,4%), Теректі ауданы  (13,6%) және Ақжайық (13%) аудандарына тиесілі, олар облыс бойынша өндірілген сүттің 43% қамтамасыз етіп отыр.

Тауық жұмыртқасы өндірісінің ең үлкен  көлемі Орал қаласының шаруашылықтарында (облыс бойынша жалпы көлемнің 49,2%-ы), сондай-ақ Зеленов ауданы  (15,7%) және Теректі (10,4%) аудандарында шоғырланған.

Облыстың  агроөнеркәсіп кешенінің қайта  өңдеу салаларында қайта өңдеу  өнімдерінің негізгі көлемі ұн, сүт  және ет өнеркәсібінде өндіріледі. 

Ұн  саласында 48 кәсіпорын жұмыс жасайды, оларда ұн, манный жармасы, макарон  бұйымдары өндіріледі. Өндірілген ұнның барлық көлемінің 74% Желаев нан өнімдері комбинатында шығарылады. Мал азығы өндірісімен Ақсай нан өнімдері комбинаты айналысады. 

 Қазіргі уақытта ұн өндірісі көлемі облыс тұрғындарының нан және нан өнімдеріне қажеттіліген толықтай қамтамасыз етеді, сұраныс төмендігіне байланысты құрама азық өндірісі тежелуде.

Облыста сүт өндірумен «Береке» БҚОСК  ААҚ және «Ақсай тағамдары» АҚ айналысады. Зеленов ауданының «Асан» агрофирмасында, Бөрлі ауданының «Жарсуат» ЖШС-де, Тасқала ауданының «Өсімтал», Теректі ауданының «Ақас»  шаруа қожалықтарында қуаттылығы аз сүтті қайта өңдеу цехтары бар. Сүт өнімдерінің негізгі көлемі (90%-ы) «Береке» сүт комбинатында шығарылады. Негізгі пайдаланып жүрген жабдықтар физикалық және моралды көнерген, кәсіпорындарда өндірістік қуаттың 30% пайдаланылады. Бағасы жоғары болуына байланысты кәсіпорындардың сүт өнімдері импортты өнімдермен бәсекелесе алмайды. Көбінесе, азық-түлік базарларында ресей өндірушілерінің: Лианозовский сүт комбинаты (Мәскеу қаласы), «Самаралакто», Новотроицк  сүт комбинаты; Шадринский сүтконсервілері комбинаты және басқа өндірушілердің өнімдері  басым болып келеді. Өзіміздің сүт өнімдерінің өндірісі қысқаруда.

Етті  қайта өңдеумен 5 орта және шағын  кәсіпорындар айналысады, оларға: «Береке» БҚОСК ААҚ, «Күбілей» ЖШС, «Жайық-ет» ЕҚК ЖШС, «Ғабдолов» ЖК, «Ибрагим» ЖШС және Орал қаласында орналасқан 17 шағын цехтар жатады. Аудандарда мал өнімдерін қайта өңдеу және ет өнімдерін өндіру бойынша қуаттылығы аз цехтар бар.                                                         

Ауыл  шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу кәсіпорындары тұрақты жұмыс жасауда. 2009 жылы 115 мың тонна ұн, 2,5 мың тонна жарма, 18 мың тонна макарон өнімдері өндірілді, бұл 2008 жылға қарағанда сәйкесінше, 17, 27 және 6  пайызға артық.

Ет  және ет өнімдері өндірісі 14,3%-ға, шұжық  өнімдері 21,9%-ға өсті. Алайда, сүт өнімдері өндірісі, әзірге, облыс тұрғындарының  қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ете алмай отыр.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының сүт өнімдерінің  негізгі түрлерінің өндірісі 5-кестеде көрсетілген.

 

5-кесте. Сүт өнімдерінің негізгі түрлерін қайта өңдеу өндірісі (мың тонна)

 

Өнім  атаулары

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009ж. 2007ж. қатынасы, %

1

Май

0,127

0,250

0,250

197

2

Өңделген  сүт және қаймақ

3,1

2,4

2,5

81

3

Ірімшік және сүзбе

0,500

0,500

0,350

70


 

Сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындармен 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 97%-ға  артық май өндірілген. Ал өңделген сүт пен қаймақ көлемі 19%-ға төмендеген. 2009 жылы 2005 жылға қарағанда 0,150 мың тоннаға кем ірімшік және сүзбе өндірілген.

Облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерін  қайта өңдеумен айналысатын 45 кәсіпорын  қызмет етеді. Осы кәсіпорындар 8,5 мың  тонна етті өңдеген. Олардың ішінде 19 кәсіпорын Орал қаласында және 7 кәсіпорын облыс аудандарында қызмет етеді. Етті қайта өңдеумен негізінен «Береке» АҚ, «Ибрагим» ЖШС, «Жайық-Ет» ЖШС, «Кублей»ЖШС және Орал қаласында орналасқан 12 шағын цехтар айналысады. Аудандарда да ет өнімдерін өндірумен айналысатын қуаттылығы орташа кәсіпорындар бар.

Ет  өнімдерінің өндірісін 3-диаграммадан  көруге болады.

 

 

3-диаграмма. Ет өнімдерінің өндірісі (мың тонна)

Диаграммаға  талдау жасайтын болсақ, соңғы жылы 2007 жылмен салыстырғанда ет және ет өнімдерін қайта өңдеу көлемі 6%-ға төмендеп отыр. Ал консервілер өндірісі  үш жыл бойы тұрақты жоғарылап, 2007 жылмен салыстырғанда 96%-ға жоғарылаған. Шұжық өнімдері өндірісінен де ілгерілеу байқалады. Барлық өнеркәсіптік қайта өңдеу көлемі 44%-ға артқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқару жүйесі

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта  ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін тиімді басқару өз нәтижесін беретіні анық. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми принциптер мен экономикалық таулдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және шаруашылықтық басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады. Мемлекеттік басқару жүйесі әртүрлі бағытта басшылық жасайды, яғни тауар өндірушілердің өз қызметін ұйымдастыруына, өнім өндіруіне, өнімдерді өткізуіне, пайда табуына  қолдау көрсетуден бастап, олардың қызметін тоқтатып, таратылуына дейін ықпал ете алады. Соның ішінде облыста ауыл шаруашылық саласына тікелей басшылық жасайтын ауыл шаруашылығы жүйесінің қызметіне тоқталайық.

«Батыс Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі  облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға уәкілетті атқарушы орган болып табылады.   Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма мемлекеттік мекеменің  ұйымдастыру-құқықтық үлгісінде заңды  тұлға болып табылады, дербес балансы,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік  тілде атауы жазылған мөрі мен  мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, облыстық қазынашылық басқармасында шоттары болады.

Басқарма қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

Басқарманы бастық басқарады, оны  облыс әкімі мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Батыс Қазақстан облысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне тікелей  бағынатын орган – Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы.

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы  министрлігі республиканың ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың орталық органы болып табылады және тікелей Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетіне бағынады. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқаруды Министрлік өзінің аумақтық органдары арқылы жүзеге асырады.

Инспекцияның  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен тізбеге сәйкес қалалар мен аудандар аумақтық органдары, өсімдік карантині бойынша бекеттері, астық инспекторлары бар.           Батыс Қазақстан облысы бойынша 12 ауданда және Орал қаласында аумақтық инспекциялар қызмет атқарады. 6-кестеде осы инспекциялардың мамандар құрылымы және саны көрсетілген. 

Осы аумақтық бөлімшелер   өз құзыреттері шегінде аудандар және қала деңгейінде агроөнеркәсіптік кешенде атқарушылық, бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асырады.

 

6-кесте. ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің

 Батыс Қазақстан  облысы қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының  құрылымы

 

Аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар

Бастық

Бастықтың орынбасары, бөлім бастығы

Бас маман

Жетекші маман

Барлығы

1

Ақжайық

1

1

4

24

30

2

Бөкейорда

1

1

4

13

19

3

Бөрлі

1

1

5

21

28

4

Жаңақала

1

1

4

13

19

5

Жәнібек

1

1

3

14

19

6

Зеленов

1

1

9

30

41

7

Қаратөбе

1

1

3

14

19

8

Казталовка

1

1

4

23

29

9

Сырым

1

1

3

17

22

10

Тасқала

1

1

3

15

20

11

Теректі

1

1

6

25

33

12

Шыңғырлау

1

1

6

12

20

13

Орал  қаласы

1

1

7

21

30

 

БАРЛЫҒЫ:

13

13

61

242

329

Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы