Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік курсовойdoc.doc

— 452.00 Кб (Скачать документ)

 

2009 жылы облыс аумақтық инспекциясының қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы көлемі 285,1 млн. теңгені құрап, оның 284,9 млн. теңгесі, яғни 99,9 пайызы игерілді. Республикалық бюджет және облыстық бюджет,сонымен қатар басқа да көздерден тартылған қаражат есебінен ветеринарлық, карантиндік, сақтандыру шаралары, дизельдік отын құнын төмендету бағдарламасын іске асыру және ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарынаң сапасы мен өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау жұмыстары, техникаларды лизингке беру жұмыстары жүргізілді.

Агроөнеркәсіптік  кешенді басқару жүйесіне талдауды қорытындылайтын болсақ, мемлекет тарапынан  агроөнеркәсіптік кешен үшін көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Облыс бойынша агроөнеркәсіптік кешенді басқаруда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық ауыл шаруашылық басқармасы. Бұл екі басқару жүйесінің де қарастыратын мәселелері ауыл шаруашылығы. Бірақ бұл екі жүйенің құрылымында бөлімдердің бір-бірін қайталаушылық кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу

Мемлекеттің аграрлық саясатының стратегиялық міндеттері болып елдің азық-түліктік қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті  тиімді агроөнеркәсіптік өндірісті  қалыптастыру болып табылады.

Аграрлық саланы мемлекеттік реттеудің объективтік қажеттілігі бірнеше себептерге байланысты. Олар ішінде маңыздылары:  елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланың төмен бәсекеге қабілеттілігі және  төменгі өнімділігі, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалақы диспаритет, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің төменгі еңбекақы деңгейі.

 АӨК-тегі экономикалық процестердің нашар басқарушылығының негізгі себептері:

  • реттеу функцияларынан мемлекеттің алшақтатылуы, әсіресе салааралық қатынастарға;
  • қазіргі басқару жүйесінің нарықтық экономика талаптарына және аймақтық ерекшеліктерге сай келмеуі;
  • аграрлық саладағы өзгерістерді жүзеге асырудың кезектілігінің жоқтығы, ауылдағы әлеуметтік факторлардың маңыздылығын бағаламау.

Қазіргі таңдағы қалыптасқан ахуал агроөнеркәсіптікі кешенді және тұтас экономиканы нарықтың жаһандануы және Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің алдында азық-түлік жағынан тәуелсіз болып қана қоймай, бәсекеге қабілетті болуы үшін басқарудың жаңа моделіне көшуді талап етеді.

Батыс Қазақстан облысында соңғы  үш жылда көптеген ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының залалмен шығуына байланысты салықтық түсімдердің деңгейі де төмен болды. Оны 4-диаграммадан көруге болады.

 

  4-диаграмма. Облыстық бюджетке ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан түскен салықтық түсімдер мөлшері (мың теңге).

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер мөлшері 1,4 есеге, яғни 44%-ға артып отыр. Бұл соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласы кәсіпорындарының өз қызметтерін жоғарылатудағы жүргізілген шаралардың нәтижесі деуге болады.

Мемлекеттік органдар бюджет қаражатын түрлі  бағыттарға бағыттау құқығына ие. Мұнда  белгілі-бір уақыт аралығында приоритетті  деп танылған салаларға, тұрғындардың әлеуметтік топтарына біршама бюджет қаражаттары бөлінеді. Мемлекет агроөнеркәсіптік кәсіпорындар үшін банктік несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялайды.   Қаржыландыру мәселесі (мемлекеттік бюджеттен) мақсатты, нысаналы бағдарламалар шеңберінде анықталуы қажет. Бюджеттен берілетін қаржы жалпы ұлттық өнім бөлігі болған соң, ол қатаң қадағалауды, мақсатты пайдалануды қажет етеді. Қаржыландыру көлемі, бағыты, пайдалану объектісі(аймағы аясы) ғылыми зерттелген, дәйектелген, тұжырымдалған болуы керек және ол көмекті пайдалану барысындағы тиімді нәтижелер ауыл өміріндегі басқа іс-қимыл, қызметтердің дамуына себепші болуы қажет. Қазіргі біздің жағдайымызда үкімет қаржылары көп жағдайларда перспективалық (болашақтық) қызметтерді іске асыруға емес, күнделікті болып жатқан жоғалтулардың орнын толтыруға жұмсалады.

 

7-кесте. АӨК кәсіпорындарын қаржыландыру көлемі (млн. теңге)

 

 

2007  жыл

2008 жыл

2009 жыл

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Бөлінген

қаржы

Игерілген қаржы

Игерілу %

Облыстық  бюджет

97,6

94,6

97

543,2

543,2

100

230,27

180,1

78,2

Республикалық бюджет трансферттері

443,3

443,3

100

574,1

557,2

97

925,64

925,64

97,1

Республикалық бюджет

483,1

483,1

100

474,5

474,1

99,9

574,8

574,8

100

Бюджет  бойынша барлығы

1024,0

1021,0

99,7

1591,8

1574,5

98,9

1730,71

1680,54

97,1


 

2007 жылы облыстық бюджеттен қолдан ұрықтандыруға бөлінген қаражат Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Тасқала және Теректі аудандарында игерілмегендіктен, бюджет бойынша игерілу 99,7% құрап отыр. 2008 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне суды жеткізу бойынша қызмет құнын субсидиялауға бөлінген қаржы Теректі ауданындағы «Жайық» шаруа қожалығының 622 га ауданға су беруді бас тартуына байланысты игерілмеді. 2009 жылы  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелеуге  бөлінген 50,17  млн. теңге қаржы толықтай игерілмеді.

Ақша-несиелік реттеу арқылы үкімет ақша айналымына ықпал етеді.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері несиелік серіктестіктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау»  қоры, «Азық-түліктік келісімшарт  корпорациясы»  АҚ, «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ, «Казагрофинанс» АҚ, екінші деңгейдегі банктер несиелері арқылы несиелер, лизингке техникалар алады. Осы аталған ұйымдар арқылы алынған қаражат көлемі 8-кестеде көрстеліген.

 

 8-кесте. АӨК арнайы ұйымдары арқылы несиелерді тарту көлемі

(млн. теңге)

 

 

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2009ж.2007 ж. қатынасы

Несиелеу

Ауылдық несиелік серіктестіктер

718,1

695,2

760,8

106

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау» қоры

100,0

107,6

154,0

154

  «Азық-түліктік келісімшарт  корпорациясы»  АҚ

315

374,3

459,8

146

Екінші  деңгейдегі банктер

320

295

475,0

148

«Мал  өнімдері корпорациясы» АҚ

-

50,5

-

-

«Казагрофинанс» АҚ (айналым құралдары)

-

-

300,0

-

Барлығы

1453,1

1522,6

2149,6

148

Техникалар  лизингі

«Казагрофинанс» АҚ

604,6

-

1141,0

189

«Агромашхолдинг»АҚ

18,4

292,8

-

-

«Батыссервис» МҚК

113,6

-

-

 

«Батысагросервис» ЖШС

-

-

198,0

-

«Астана-финанс»  АҚ

-

-

385,0

-

Барлығы

736,6

292,8

1141,0

155

АӨК-ке алынған барлық қаржы

3210,7

1815,4

3290,6

102


 

2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда несие тарту көлемі 48%-ға артып отыр. Ал техникаларды лизингке алу мөлшері 2%-ға жоғарылаған.

Көрсетілген элементтердің тиімді экономикалық тұрақтылықтары және макро-, микроэкономикалық  тиімді байланыстылықтарды қамтамасыз етуі ең бірінші мемлекеттік реттеу жүйесіне байланысты. Негізінен осы жүйені құрушы және реттеу құралдарын іске асырушы білікті мамандарға байланысты. Сол себепті үкімет мамандарына қойылатын басты талап халқының, елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына деген патриоттық сезімі. Реттеу жүйесінің құралдары- экономикалық механизм элементтері. Нарықтық экономика жағдайында бұл – реттеу жүйесінің өзінің негізгі мақсатына сай жұмыс жасауы тікелей және жанама (көлбеу) ықпал әдістеріне негізделеді. Сол себепті нарықтық экономика, бұл аралас экономика. Бұл экономикада жоғарыдағы екі ықпалдың қайсысы екіншісіне қарағанда басым болуы керек деген сұрақ туады.

Ол  әлемдік, отандық тәжірибелерге  нақты экономикалық жағдайға, реттеліну  деңгейіне байланысты болып, негізгі экономикалық-әлеуметтік мақсаттар шеңберінде анықталуы керек. Ал, бұл жағдай экономика сұранысына, мүмкіндігіне сай келетін вертикалды бағыныштылықта болатын құрылымдар құруды талап етеді.

Қазіргі шақта ауыл экономикасын дамытуға жыл  сайын Үкімет тарапынан көмек қаржы бөлінуде. Бірақ қазіргі кездегі бұл көмектердің тиімділігі өте нашар. Себебі олар ауыл өндірісіне делдал фирмалар арқылы жетеді. Яғни ауыл шаруашылығына деп бөлінген бюджеттік қаржылар сату-сатып алу жұмыстарымен айналысып отырған бизнестен фирмаларды дамытуға бағытталған қаржы рөлін атқаруда. Біздің ойымызша бұл жағдай түбегейлі өзгерісін табуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II- бөлім. Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды жетілдіру шаралары

2.1. Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды жетілдіру

Агроөнеркәсiптiк кешенiнiң дамуы тұрақтанды, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оның қайта өңделген өнiмдерiн өндiрудiң өсуi байқалады, азық-түлiктiң импорты төмендеуде, құрал-жабдықтармен және ауыл шаруашылығы техникаларымен жарақтандыру артуда, ауыл халқының қуаттылығы жақсарды.

Өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң 80%-ға жуығы қайта өңдеусiз, шикiзат түрiнде таралады, ал дайын өнiмнiң қайта өңдеу кәсiпорындарының техникалық артта қалуы, олардың құрал-жабдықтарының моральдық және табиғи тозуы себептi бәсекеқабiлеттiлiгi төмен.

Ауылдық жерлерде халықтың кәсiпкерлiк белсендiлiгi төмен, соның нәтижесiнде ауылдағы халықтың жан басына шаққандағы iшкi өнiм қалаға қарағанда 5 есе төмен. Бiр жағынан бұл өндiрiстiк инфрақұрылымның дамымауымен және қаржы ресурстарына қол жетiмсiздiгімен де байланысты. 
Мұның барлығы еңбек өнiмдiлігiнiң артуына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң рентабелдiлiгi мен сапасына кедергi болуда, бұл бiзге iшкi азық-түлiк рыногының ашықтығы жағдайынан жұмыс iстеуге тура келетiн ДСҰ кiру алдында аса өзектi.

Агроөнеркәсіп кешені салаларында біршама бәсекеге қабілетті кластерлі иницативаларды қалыптастыру және жүзеге асыру тұрақты  дамудың маңызды құрамасы болып  табылады, бұл  агротехнология деңгейін және өндірілген өнім сапасын арттыруға, агроөнеркәсіп кешенінің қосымша құнын және табысты өсіруге алып келеді.

Аграрлық  саланың жаңа сапасы ондағы сауда  құрамасын өсіре отырып, аграрлық азық-түлік саясатының деңгейін кеңейтуді, ауыл шаруашылығы өндірісінің маркетингтік стратегияға және жақын және алыс шет елдер экспортын активизациялауға көшуін болжайды.

Ұлттық  бәсеке басымдығына ие астық пен  мал шаруашылығы өнімі экспорттық мүмкіндікті қалыптастырудың негізі және валюта түсімінің көзі болып табылады. 

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оның қызмет етуінің  тиімділігін көтеру реформалау және жүйелі сипаттағы байланыстарды  одан әрі жетілдіру жолымен құрылымдық қайта құруымен байланысты. Бүгінгі  таңда өңдеуші өндірістердің  аймақтық кешендерінің субъектілері арасында қалыптасқан қаржылық - өндірістік байланыстар жиынтық шығындарды төмендетуді және өндіріс нәтижелерін жоғарлатуды қамтамасыз етпейді. Бұл байланыстардың реттелмейтіндігі және кездейсоқтығы тараптардың жоғары экономикалық мүдделілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Нарықтағы бәсекенің күшеюі, маркетинг қызметінің дамыуының төмен деңгейі, ақпараттық – кеңес берушілік қызметтің жеткіліксіз дамуы азық – түліктік нарығының процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-әрекетін кез келген уақытта қиын жағдайға қалдыруы мүмкін.

Ауыл  шаруашылығы өнімдерін өндірушілер  мен өңдеушілер арасындағы өзара  қарым – қатынас тамақ өнеркәсібінің, жекелей алғанда ет және ет өнімдері өндірісінің негізгі сегменттерінің дамуын анықтаушы болып табылады.

Алдағы уақытта Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі, агроөнеркәсіп кешенінің ашық азық-түлік рыногы жағдайында жұмыс істейтіндігін білдіреді. Сондықтан да бәсекеге қабілеттілігін өсіру негізінде, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз ету алғашқы жоспарға жылжиды. Бәсекеге қабілеттілікті өсірудің маңызды критериі ең алдымен, өндірістің өнімділік және тиімділік көрсеткіштерінің өсуі жағдайында АӨК салаларының түсімділігін өсіру болып табылады.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы