Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа
Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.