Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа
Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қарсаңындағы өзгерістер агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады. Мемлекеттік басқару жүйесі әртүрлі бағытта басшылық жасайды, тауар өндірушілердің өз қызметін ұйымдастыруына, өнім өндіруіне, өнімдердің өткізуіне, пайда табуына т.б. қызметтеріне қолдау көрсетуден, олардың қызметін тоқтатып, таратылуына дейін ықпал ете алады.
Агроөнеркәсіптік кешенде қалыптасқан басқару механизмі түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Республика, аймақ, облыс деңгейіндегі басқару жүйесі ғылыми жұмыстарда толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесінде қалыптасқан жағдай тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін, зерттеу қажеттілігін айқындайды.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды ұйымдастыру механизмінің ғылыми негіздерін анықтау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.
Жұмыстың мақсатына сай келесідей міндеттер туындайды:
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстардан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде жұмыстың объектісі болып табылатын Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы, басқару жүйесі мен мемлекеттік реттеу жағдайы зерттеледі.
Екінші бөлім агроөнеркәсіптік кешеннің даму перспективасы, басқаруды және мемлекеттік реттеуді жетілдіру шаралары мен ұсыныстар келтіріледі.
I-бөлім. Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы
1.1. Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешен дамуының қазіргі жағдайы
Батыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-батыс бөлігінде, Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысында орналасқан. Жер аумағы 151,3 мың км2, яғни Қазақстан Республикасы территориясының 5,5%-ін алып жатыр. Ол солтүстігінде Ресей елінің Орынбор, Куйбышев, Саратов, батысында Волгоград, оңтүстік-батысында Астрахань облыстарымен шектесіп жатыр.
Облыстың топырақтық-климаттық жағдайын ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану ерекшелігін және шаруашылықтардың мамандану бағыттарын ескере отырып облыс территориясын үш табиғи-экономикалық зонаға бөледі:
Бірінші зона далалық егін-мал шаруашылығы;
Екінші – құрғақ далалық мал-егін шаруашылығы;
Үшінші – жартылай шөлді мал шаруашылығы.
Батыс Қазақстан аймағының жерінің жазықтығы, шөбінің шүйгіндігі, су көздерінің молдығы мал және егін шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы.
Батыс
Қазақстан облысының
Бұл,
ең бастысы облыс халқының 56% жуығы
ауылдық жерде тұруына
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында экономикалық өсу байқалады.
Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенінде 2009 жылы ең жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 18,3%-ға өсіп, 62,4 млрд. теңгені құрады. Сәйкесінше, өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 45,8%-ға, мал шаруашылығы – 2,6%-ға өсті.
Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда.
Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп – 2,7%, көкөніс – 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн – 0,7%, майлы дақылдар – 0,4%, бақша дақылдары – 0,4%, жеміс-жидек – 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.
Енді ауыл шаруашылық саласында өндірілген жалпы өнімге назар аударайық, оны 1-диаграммадан көруге болады.
1-диаграмма . Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері. (миллион теңге)
Ауыл шаруашылығы салаларында өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалады. 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі 114%-ға жоғарылаған. Өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім көлемі жалпы ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер көлемінің 46 пайызын құрайды, 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы жалпы өнім көлемі 229%-ға артып отыр. Ал мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 54 пайызын құрайды, яғни облыс шаруашылығы негізінен мал шаруашылығына маманданған. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,6 есеге артып отыр.
Енді осы ауыл шаруашылық салаларына жеке-жеке тоқталайық. Облыс республикамыздың агарлық өндіріс аймағына жатады. Оның табиғи жағдайы әртүрлі далалық құрғақ зонадан бастап шөлді аймаққа дейін бар.
Өсімдік шаруашылығы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының беделді салаларының бірі.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 49492,8 млн. теңге, оның 28665,1 млн. теңгесін өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі, 20827,7 млн. теңгесін - мал шаруашылығының жалпы өнімі құрады.
2009 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің егіс көлемі 660,4 мың гектарды құрады. Егіс алқаптарының құрылымында бұрынғыша қомақты үлесті дәнді-дақылдар - 82% иемденіп отыр.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқабының құрылымы келесі кестеде көрсетілген.
1-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқабының құрылымы
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл | ||||
мың гектар |
% |
мың гектар |
% |
мың гектар |
% | |
Бүкіл егіс көлемі |
660,4 |
100 |
620,7 |
100 |
660,4 |
100 |
с.і.: дәнді дақылдар |
570,6 |
86 |
532,1 |
86 |
542,8 |
82 |
майлы дақылдар |
22 |
3 |
17 |
3 |
31 |
5 |
картоп |
3,3 |
1 |
4 |
1 |
4 |
1 |
көкөніс |
2,7 |
0,4 |
3 |
1 |
4 |
1 |
бақша дақылдары |
1,1 |
0,2 |
1 |
0,2 |
2 |
0,2 |
мал азықтық дақылдар |
60,8 |
9 |
63,5 |
10 |
77,3 |
12 |
2009
жылы ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай белгілі-бір тұрақтылықтың қалыптасқанын сипаттағанымен әлі де болса ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мемлекет тарапынан көмекті көп қажет ететін және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінң арасында қалыптасқан өндірістік қатынастарды дамытуды талап ететінін түсіндіреді. Сондықтан да облыстағы агроөнеркәсіп кешенін басқаруды жетілдіру қажет.
Ол үшін ауыл шаруашылық саласын дамыту үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу көлемінің өсуі облыс тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және инфляцияны тежеуге ықпал етеді.
Өсімдік
шаруашылығы өнімдерінің
2-кесте. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы түсімі (мың тонна)
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
2009ж.2007ж. қатынасы, % | |
Дәнді және бұршақ дәнді, барлығы |
271,0 |
422,9 |
714,4 |
264 |
С.і.: күздік бидай |
24,3 |
39,0 |
29,2 |
120 |
күздік қара бидай |
3,0 |
6,2 |
7,1 |
237 |
жаздық бидай |
140,4 |
222,1 |
407,9 |
291 |
жаздық арпа |
87,6 |
146,2 |
246,6 |
282 |
сұлы |
1,0 |
1,1 |
1,8 |
180 |
тары |
12,4 |
5,7 |
13,1 |
106 |
Техникалық, барлығы |
6,4 |
6,0 |
17,1 |
267 |
Картоп |
34,5 |
36,0 |
48,1 |
139 |
Көкөніс |
30,0 |
31,4 |
38,2 |
127 |
Бақша дақылдары |
8,4 |
11,5 |
17,1 |
204 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2009 жылы дәнді-дақылдардың жалпы түсімі 714,4 мың тонна, бұл 2007 жыл деңгейінен 164%-ға жоғары. Оның ішінде қомақты көлем Зеленов ауданында 281,4 мың тонна, Теректі ауданында – 137,7 мың тонна, Сырым ауданында – 85,2 мың тонна құрады.
2007 жылмен салыстырғанда
майлы дақылдардың егіс
Картоптың жалпы өнімі 2009 жылы 48,1 мың тоннаны құрады, бұл 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 13,6 мың тонна немесе 39%-ға артық. 2009 жылы картоп өнімінің қомақты үлесі- 20,6 мың тонна немесе облыстың жалпы көлемінен 42,8%-ы Зеленов ауданының шаруашылықтарымен қамтамасыз етілген.
Көкөністен 38,2 мың тонна өнім алынды, бұл 2007 жылға қарағанда 27%-ға артық.
Бақша дақылдарының түсімі 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 104%-ға артқан.
Ауыл шаруашылығы саласы өндірісінің нәтижесі оның өзіндік ерекшелігіне байланысты ғана емес, сонымен қатар табиғи ерекшеліктері мен орналасу жағдайына да байланысты болады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы дотацияны көп керек ететін салалардың қатарына жатады.
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы
Дақылдар |
өлшем бірлігі |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
2009ж. 2007 ж. қатынасы +,- |
Дәнді-дақылдар |
ц/га |
6,1 |
8,5 |
14,0 |
7,9 |
Майлы дақылдар |
ц/га |
3,2 |
3,8 |
6,1 |
2,9 |
Картоп |
ц/га |
110,0 |
104,9 |
123,0 |
13 |
Көкөніс |
ц/га |
118,4 |
114,2 |
107,0 |
-11,4 |
Бақша дақылдары |
ц/га |
91,2 |
107,5 |
116,0 |
24,8 |