Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 23:43, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару механизмін жетілдіру ауыл шаруашылығының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Себебі түрлі факторлар агроөнеркәсіптік кешенді басқару қызметіне тікелей әсер етеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы жүйесін басқаруды қалыптастырғанда осы факторларды үнемі ескеру қажет. Бұл факторлар: ауыл шаруашылығы саласының табиғатпен тікелей байланыстылығы, өндірістің маусымдық сипатта болуы және ауыл шаруашылығының негізгі құралы- жер мен тірі ағзалардың болуы. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, отандық өнімдердің бәсекелестігін қалыптастыруда, ішкі және сыртқы нарықта ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін ұлғайтуда, жалпы еліміздің аграрлық саясатын жүзеге асыруда ауыл шаруашылық өндірісін басқару және мемлекеттік реттеу қажет. Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде қалыптасқан басқару жүйесі ғылыми зерттеу мен экономикалық талдауларды талап етеді. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік басқару жүйелері ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей және жанама әсер ету арқылы тауар өндірушілердің қызметіне басшылық жасауға араласады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік курсовойdoc.doc

— 452.00 Кб (Скачать документ)

Ауыл  шаруашылығы өнімдерін қайта  өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуатына жасаған талдау көрсеткендей, ірі кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорлары моралдық көнерген және физикалық ескірген. Негізгі пайдаланып жүрген жабдықтардың 50% -дан астамы ескірген.

Шағын кәсіпорындар негізінен шикізатты  қайта өңдеу кезінде оның үлкен мөлшері жоғалатын және дайын өнімнің сапасы төмендейтін стандартты емес жабдықтармен жабдықталған. Шикізатты буып-түю, тиеу, бөлшектеу кезінде көнерген технологиялар қолданылады, қол еңбегі пайдаланылады.  

  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5- диаграмма. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жерлері құрылымы

Аграрлық  реформалардың зардабының нәтижесінде  аз өнім беретін және сортаң жерлер айналымнан шығып, ауыл шаруашылығы жерлері қысқарды.

Соған байланысты алдағы жылдарда ірі тауарлы астық өндірісін ұйымдастыру жолымен облыстың солтүстік бөлігінің 380 мың га. тыңайған құнарлы жерлерін ауыспалы егіске тарту және өңделетін егістік көлемін ұлғайту қажет.

Егістікті тиімді пайдаланудың және егін шаруашылығы  мәдениетін арттырудың басты шарты – егіс алқаптары құрылымын оңтайландыру және ғылыми-негізделген ауыспалы егісті игеру. Егіс алқаптарының рационалды құрылымы топырақты-климаттық мүмкіндігін, топырақ құнарлылығының кеңейтілген үдемелі өндірісін және өсімдік шаруашылығының рентабельділігін арттыруды барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

Жоғары рентабельді дақыл ретінде күнбағыс өсімдігінің егіс алқабын, алдағы жылдары 20,0 мың гектарға дейін өсіру қажет, құрғақшылыққа төзімді дақыл ретінде мақсыр өсімдігін екінші ауыл шаруашылығы аймағында жыл сайын 1,0 мың гектар алқапқа өсіру тиімді.  (9 кесте).

 

9 кесте.  2009 - 2011 жылдардағы майлы дақылдар  өндірісі көлемінің болжамы 

                                                                                                                                                                   (мың га, мың тонна)

Дақылдар 

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Алқаптар 

Жалпы түсім

Алқаптар 

Жалпы түсім

Алқаптар 

Жалпы түсім

Майлы дақылдар, барлығы:

18,0

13,0

19,0

 

14,0

 

20,0

 

15,0

с.і.күнбағыс

14,0

11,0

15,0

12,0

16,0

13,0

мақсыр

4,0

2,0

4,0

2,0

5,0

3,0


 

Бұл міндетке жету үшін ауыл шаруашылығы  өндірушілерін отандық және шетелдік селекциялардың сапалы тұқымдық материалымен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәл себетін  тұқым сепкіштерін қолдану арқылы күнбағысты өсіру технологиясын жетілдіру, өнім жинау кезінде шығындарды болдырмау және жинаудан кейін майлы тұқымдарды дайындау жөніндегі жұмыстар жүргізілуі тиіс. 

Мал шаруашылығы облыстың ауыл шаруашылығының басты салаларының бірі, оның үлесіне  соңғы жылдары жалпы өнімнің 52-57%-ге дейінгі көлемі келеді. Облыста жалпы республикадағы мал мен құс санынан 7,9% ірі қара мал, 2,1% шошқа, 5% қой мен ешкі, 4,5%  жылқы, 3,4%  түйе шоғырланған.

Мал шаруашылығы салаларының ішінде етті ірі қара мал шаруашылығы, қой  шаруашылығы және табынды жылқы шаруашылығы біршама даму алған. Сондай-ақ қала маңындағы аймақтарда етті-сүтті ірі қара мал шаруашылығы және өнеркәсіптік құс шаруашылығы, ал жартылай құрғақшылық аймақта – түйе шаруашылығы жүргізіледі. Жалпы ет өндірісі көлемінде сиыр етінің үлесіне - 66,2%, қой еті - 18%, шошқа еті- 8,8%, жылқы еті - 6,1%-дан келеді.

Екінші  негізгі сала - қой шаруашылығы. Оның құрылымында барлық қой басынан  етті-майлы бағыттағы қойлар - 70%-ды құрайды, басқа қойлар етті-жүнді  тұқымға жатады.

Алайда, мал шаруашылығы дамуының қазіргі  мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмайды. Салада өнім өндірудің қарадүрсін және ескі технологиясы мен моралды тозған техникасы басым.

Дайындау  технологиясының бұзылуынан мал  азығы сапасы төмендеді. Жоғары белокты концентрацияланған мал азығын  өндіру және пайдалану тоқтатылды. Шырынды мал азығын (сүрлем) өндіру және тұтыну күрт төмендеді.

Бүгінде облыстың мал шаруашылығының негізін  құрап отырған тұқымсыз және өнімділігі төмен малдар шығарылатын өнім бағасының жоғары және бәсекеге қабілетсіз болуының басты себептерінің бірі болып отыр.

Орта  және ірі өндірісті мамандандырылған шаруашылықтарды, мал және құстарды сою, мал шаруашылығы өнімдерін  сатып алу және алғашқы қайта  өңдеу пункттерін қалпына келтіруге  және дамытуға жағдай жасалынбады және көмек көрсетілмеді.

Мал шаруашылығы өнімі  өндірісінің қазіргі жағдайына  жасаған талдау көрсеткендей, нарықтардың кең ауқымды жағдайында мал шаруашылығының одан әрі дамуы малдардың нәсілдік мүмкіндігін біршама толық жүзеге асыруға, мал азығын, материалдық қорларды тиімді пайдалануға, жоғары сапалы экологиялық таза өнім алуға және өндіріс рентабельділігін арттыруға мүмкіндік беретін сапалы жаңа технологиялық және техникалық деңгейде жүргізілуі тиіс.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, ет өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының басты саласы болып жеке шикізат базаларының болмауы және ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндірушілер нашар байланысы табылады. Мал шаруашылығы кәсіпорындары мен ет өңдеу кәсіпорындарының сала аралық қатынастары ет өнімдері кешенінің тиімді қызмет етуінің негізін білдіреді. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қазіргі кезеңде өңдеушілермен тығыз әріптестік байланыс орнатуға мүдделі емес және бұл көптеген себептерден туындап отыр: баға қатынастарының жетілмеуі, соңғы өнім құнының қалыптасуына ауыл шаруашылығының үлесін объективті түрде бағалаудың болмауы, ет өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолайлы әрі жақын аумақтарда шикізат дайындау пункттерінің болмауы және тағы басқалар. Бұл себептер делдалдық құрылымдардың дамуына негіз болды. Олар өндірушілер мен өңдеушілер арасындағы бағадан неғұрлым жоғары пайда тауып қалуға тырысатындықтан, бұл соңғы өнімнің өзіндік құны мен бағасына кері әсер ететіні белгілі.

Өнім  өндіру және сату көлемін арттыруға әріптестердің өзара мүдделілігін қамтамасыз ету қажет. Бұл өндірістен етті өңдегенге дейінгі технологиялық процес желісінде жоғалтуларды азайтуға; алмасу процесінің табысты жүзеге асуын қамтамасыз етуге; маусымдық құраушылардың әсерін төмендетуге, яғни өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарының жүктемесін оптимизациялауға; өзіндік құнды төмендетуге және өнімнің рентабелділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын ғылыми қамтамасыз етуде проблемалар бар, оларға жататындар: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми зерттеу тәжірибелік құрастыру жұмыстарын қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіз болуы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы, ғылыми мекемелердің төмен инновациялық қызметі.

Осы бағытта төмендегідей бірқатар шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туыдап отыр:

  • дамыған елдер деңгейіне жетуге аграрлық ғылымды қаржыландыруды кезеңмен арттыру; 
  • бастапқы зеттеулерден бастап және ғылыми-технологиялық зерттеулерді өнеркәсіптік жүзеге асырумен, соның ішінде, өндіріске ғылыми зерттеулерді енгізу механизмін жасаумен аяқталатын ғылыми-инновациялық үдерістің барлық тізбегін нақты институциональды қамтамасыз ету;
  • АӨК-нің басым бағыттары бойынша берік және қолданбалы зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру және жүзеге асыру;
  • халықаралық ғылыми бірлестігімен аграрлық ғылымды біріктіру және халықаралық қаржы ұйымдарының гранттарын тарту.

Жалпы алғанда, облыстың агроөнеркәсіптік кешен жетілдіру шараларын жүзеге асыру бұл саланың жылына 4% деңгейінде тұрақты өсуін, облыстың АӨК-нің сыртқы-экономикалық байланысы сипатында (астық экспортын кеңейте отырып, қайта өңдеу өнімдерінің импортын қысқартуға, ет, ұн және басқалардың аймақ аралық жеткізілуіне) сапалы өзгерістерге жетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Ауыл шаруашылығының материалды-техникалық, кадрлық және табиғи-экологиялық потенциалының қалпына келтірілуіне, ауылда өмір сүру деңгейінің  артуына негіз болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2. Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан агроөнеркәсіптік кешенді  мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенде  қалыптасқан экономикалық жағдай белгілі бір деңгейдегі тұрақтылықты сипаттайды. Оны осыған дейінгі өсімдік және мал шаруашылығының көрсеткіштеріне талдаудан көруге болады. Ауыл шаруашылығындағы тауар өндірушілердің өндіріс пен өнім өндірудегі көзқарастары өзгерген. Сондықтан да қазіргі таңда ауыл шаруашылығы үшін қандай да бір өзгерісті немесе реформаны енгізу міндет емес, тек қалыптасқан экономикалық қатынастарды жетілдіру қажет.

АӨК мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін үш мәселені бөліп көрсетуге болады:

Бірінші мәселе – мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі қызметтерді, тікелей ауыл шаруашылғы тауар өндірушілерінің ұйымдық-құрылымын ескере отырып біріктіру арқылы анықтау және дәл бөлу.

Екінші мәселе – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ассоциацияларын және салалық одақтарын құру арқылы шаруашылықтық басқару жүйесін құру.

Үшінші мәселе – АӨК басқарудың: мемлекеттік, шаруашылықтық және жергілікті барлық түрлерін тиімді үйлестіру.

Агроөнеркәсіптік кешенді басқару  жүйесін жетілдіруде саланың  заңдылықтарына, сипатына және даму бағыттарын мән беру қажет.

Өндірісті басқару жүйесі өндіріс  жағдайы және заңдылықтары, сонымен  қатар аграрлық саясаттың мазмұны  мен бағыттылығын анықтайтын өндірістік қатынастардың сипатына байланысты. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешенді басқару жүйесін қалыптастыру мен дамытуды халық шаруашылығының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйесі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастырудың объективті алғышарттарымен байланысты қарастырған жөн.

Агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың маңызды мақсатты қызметі ресурстарды  тиімді пайдалану арқылы қоғамдық қажеттіліктерді  максималды қанағаттандырудан тұрады. Агроөнеркәсіптік кешенді басқару  жүйесіне талдау оның бұл қызметті толық мөлшерде орындамайтындығын көрсетеді.   
Себептердің бірі – ауыспалы кезеңдегі өндіріс жағдайларына және оның басқарушылық қызметке қойылатын талаптарға дұрыс бейімделмеуі.

Агроөнеркәсіптік кешеннің қайсыбір басқару объектісі қарастырылмаса да агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың республикалық деңгейі оның маңыздылығы мен жүйелік жақсартудың қажеттілігіне қарамастан ең алдымен кешен дамуының макроэкономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Экономикалық әдістердің басымдығы, барлық шаруашылқ жүйенің демократизациялануы бұл жүйенің қызмет етуінің ауырлық күшін аймақтарға ығыстырылуын талап етеді. Бұл ығыстырылудың деңгейі Қазақстанның басқарушы республикалық органдары қызметі мен басқарушылық субъектілер арасындағы қызметтерді терең шекаралау жағдайында күшейеді. Мұнда республиканың агроөнеркәсіптік кешенін басқарудың жалпы қағидалары мен формалары жүзеге асырылып, түзетіледі және нақты аймақ тәжірибесіне сүйене отырып кешенді аймақтық басқарудың ғылыми зерттеулерін тереңдетудің маңыздылығын көрсетеді. Мұнда ауыл шаруашылығында және тұтас агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуындағы тепе-теңдікті қаматамасыз ету үшін тиімді шешімдерді іздестіру жүзеге асырылады. Мұндай шешімдер аймақтық деңгейде агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды жетілдірудің маңызды шарты болып табылады.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тікелей болмағанымен жанама әсер ету арқылы олардың қызметтерін реттеп отыратын ведмоствалық кәсіпорындар бар және бұл кәсіпорындар мемлекет тарапынан қаржылындырылады. Мысалы “Аграрлық несие” ЖАҚ-на 65,0 млн. тенге бөлінген, ол 8 облыста 10 ауыл шаруашылық несие серіктестігін құруға жұмсалады. “Казагроқаржы” ЖАҚ-на 1000 млн. тенге жарғылық қорын ұлғайтуға жұмсалды, ол 6 облыста МТС құру жоспарланып отыр, “Казагромаркетинг” ААҚ құруға 170,0 млн. тенге беру жоспарланып отыр және соңғы кезде тәжірибеде жаңадан қолдануға шығарылып жатқан “Астық сенімхатын” пайдалану үшін “Міндеттемені астық сенімхатының кепілдік қоры” АҚ құруға 400,0 млн тенге жұмсау бағытталған. “Агроэкс”, “Продкорпорация” сияқты басқа да мемлекеттік кәсіпорындар өз құзыры шеңберінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне қызмет етеді.

Нақты жағдайда ауыл шаруашылығында белгілі бір деңгейде қалыптасқан  өндіріс бар, тек соны әрі қарай  дамыту үшін, тауар өндірушілердің өнімін тиімді өткізуді ұйымдастыру қажет, жетілдірілген ауыл шаруашылық нарығы болуы қажет. Облыстардағы ауыл шаруашылық басқармасы ауыл шаруашылығының инфрақұрылымын қалыптастыруға жадай жасап, тауар өндірушілерді қажетті мәліметтер мен қамтамасыз етюді жүзеге асырса. Себебі, еліміз әлемдік сауда ұйымына кіруге әзірлену үстінде, сондықтан да ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестігін жоғарлатып, әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету керек.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді басқарудың қазіргі ұйымдық-экономикалық жағдайы