Ақшаның пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Краткое описание

Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой шыгаратын new (2)ghb.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)

Инфляция жөніндегі  мәселеге келетін болсақ, осының алдындағы жауапта инфляцияға қарсы қажетті іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тиісті шараларды қолданып отырғанын атап өттім. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитетінің ұсынған мәліметтері бойынша, жылдың алғашқы тоқсанында инфляция деңгейі мынаны құрады: қаңтар айында – 1,1 пайыз, ақпан айында – 0,8 пайыз, наурыз айында – 0,6 пайыз. 
Осылайша, инфляция деңгейін төмендету жөнінде мемлекет тарапынан қолданылып отырған шаралардың әлсіз екендігін танытып отырған жоқ, өйткені осы бағыттағы мемлекеттік саясат кешенді сипатқа ие [15,1-2б].

 «Ұлттық банк елімізде  ешқандай деноминация немесе  ақша реформасы болмайтынын, бұндай  жоспардың болмағанын мәлімдейді. Қолданыстағы номиналды банкноттар  мен ұлттық валютаның теңге  монеталары экономикадағы баға деңгейіне сәйкес келеді. Бұдан басқа, өткен жылы ғана банкноттардың жаңа дизайны қолданысқа енгенін білесіздер. Ал, тәжірибе бойынша қолма қол ақшаның айналымда жүруі ең төменгі есеппен 7 жылдан асуы тиіс», деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, экономикада айналыста жүрген номиналды банкноттарды бір жылдан кейін алмастыру мақсатсыз шара болып табылады. Бұның өзі көптеген қаржы және уақыт шығыстарын талап етеді [16,1б]. 
Өнеркәсіп өнімін өндіру. 2010 жылғы қаңтар – маусымда өндірілген өнеркәсіп өнімі 5336,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға өсті, оның ішінде тиісінше тау – кен өнеркәсібі – 3440,9 млрд. теңге (6,7%), өңдеу өнеркәсібі — 1623,2 млрд. теңге (0,7%-ға құлдырады), электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде — 272,5 млрд. теңге (9,0%). Көмір өндіру көлемі 53,9 млн. тоннаны құрап, 19,8%-ға өсті, мұнай және газ конденсаты – 35,6 млн. тонна (7,1%), газ (табиғи) – 17,8 млрд. куб. м. (15,6%), мыс-мырыш рудасы – 2,2 млн. тонна (6,3%), алюминий рудасы – 2,6 млн. тонна (7%), марганец рудасы – 1,2 млн. тонна (4,9%). Темір рудасын өндіру 3,1%-ға төмендеді, 11,8 млн. тоннаны құрады, темір рудасы шекемтасы -0,8%-ға (3,9 млн. тонна), мыс рудасы – 3,2%-ға (16 млн. тонна) төмендеді.

Инфляция. Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың қаңтар — маусымындағы инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,7%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1%-ға (4,6%) жоғары. ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында баға өсімінің едәуір өсуі 2007 жылғы желтоқсанға 8,1%-ға өскен (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%) азық-түлік тауарлары болып отыр. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 3,8% (2,8%) өсті. 2008 жылдың қаңтар-маусымында ақылы қызметтерге бағаның өсуі, 2007 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда төмен болды (4,5%-бен салыстырғанда 4,2%).

Ағымдағы жыдың алты айы ішінде 30,7 млн. тонна мұнай  экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес деңгейінен 2,4%-ға төмен, құндық мәнде  бұл тауардың экспорты 21,5 млрд. АҚШ  долларын құрап, 1,7 есе өсті. Бидай және меслин экспорты 0,1%-ға төмендеп, 3,5 млн. тоннаны құрады, құндық өлшемде 2,1 есеге өсті (1014,8 млн. АҚШ доллары), темір рудасы экспорты 7,8 млн. тонна құрады (5,5%), құндық мәнде – 568,1 млн. АҚШ доллары (1,6 есе) 
Негізігі капиталға салынған инвестициялар. Едәуір белсенді инвесторлар жеке меншік нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері болды. Олар негізгі капиталға салған инвестициялардың 56,4%-ы игерілді. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттер кәсіпорындары мен ұйымдарының үлес салмағы 26,4% құрады. Мемлекеттік сектордың үлесіне салымдардың 17,2%-ы келеді. 
Инвестицияның технологиялық құрылымында 55,8%-ды ғимараттар мен үйлердің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары, 27,8% — машиналар, жабдықтар, құралдар, сайман, 16,4% — өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.

Өнеркәсіп салалары инвестициялық  салымдар үшін тартымды болып отыр — 44,4%, оның ішінде мұнай және табиғи газ өндіру, осы салаларда қызмет көрсету инвестициялар салу үшін ең тартымды сала болып табылды, ол негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 25,3%-ын алады және де жылжымайтын мүлікті жалға беру мен тұтынушыларға қызмет көрсету операциялары – 26,9%.

2007 жылғы қаңтар-маусыммен  салыстырғанда электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуге (75,7%-ға), ауыл шаруашылығына (55,4%-ға), көлік пен байланыс саласына (42,3%-ға) инвестициялық салымдар едәуір өсті. 
Елдің халықаралық резервтері. 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 21,2 млрд. долл. дейін 20,4% ұлғайды.

2009 жылғы қаңтар-мамырда  ақша массасы банк жүйесінің  таза сыртқы активтерінің ұлғаюы  нәтижесінде 5 108,1 млрд. теңгеге дейін  10,3% өсті. 
2009 жылғы қаңтар-мамырда айналымдағы қолма-қол ақша аз ғана, 741,5 млрд. теңгеге дейін 0,2%, ал банк жүйесіндегі депозиттер 4 366,7 млрд. теңгеге дейін 12,2% ұлғайды.

Валюта нарығы. 2010 жылғы  І жартыжылдықта теңгенің орташа алынған айырбас бағамы бір доллар үшін 120,52 теңге болды. Теңге номиналдық мәнде АҚШ долларына қатысты 0,37% әлсіреді және биржалық бағам маусымның аяғында бір доллар үшін 120,75 теңге болды.

Депозит нарығы. Резиденттердің депозит ұйымдарындағы депозиттерінің жалпы көлемі 2008 жылғы қаңтар-мамырда 4366,7 млрд. теңгеге дейін 12,2% өсті. Бұл  ретте заңды тұлғалардың депозиттері 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2894,7 млрд. теңгеге дейін 17,8%, жеке тұлғалардың депозиттері 1472 млрд. теңгеге дейін 2,8% ұлғайды.

Кредит нарығы. Банктердің экономикаға кредиттері бойынша  негізгі борыштың жалпы көлемі 2010 жылғы қаңтар-мамырда іс жүзінде  өзгерген жоқ және 7258,3 млрд. теңгені  құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер 2010 жылғы 5 айда 0,2% төмендеді және 4151,1 млрд. теңге болды, ал шетел валютасындағы кредиттер 3107,1 млрд. теңгені құрай отырып, 0,2% өсті. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 57,3%-дан 57,2%-ға дейін төмендеді. Ұзақ мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалып отыр. Мәселен, ұзақ мерзімді кредиттер 2010 жылғы қаңтар-мамырда 5860 млрд. теңгені құрай отырып, 1,0% өсті, ал қысқа мерзімді кредиттер 1398,3 млрд. теңгені құрай отырып, 4,1% төмендеді. Қорытындысында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 79,9%-дан 80,7%-ға дейін өсті.

Банктердің шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне кредиттері 2010 жылғы  қаңтар-мамырда 1494,2 млрд. теңгені құрай  отырып, 0,8% төмендеді. 
Салалар бойынша алғанда экономиканың сауда (21,9%), құрылыс (17,9%), өнеркәсіп (9,5%) және ауылшаруашылығы (3,2%) сияқты салалары неғұрлым белсенді кредиттелуде.

Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен кредиттер бойынша  орташа алынған сыйақы ставкасы 2009 жылғы желтоқсандағы 14,8%-дан 2010 жылғы мамырда 16,1%-ға дейін, ал жеке тұлғалар бойынша 19,3%-дан 19,4%-ға дейін өсті.

Еңбек нарығы және еңбек  қатынастары. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 8,4 млн. адамға жетті. Жұмыс істейтіндер құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 65,9%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 34,1% құрады. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздар саны 557,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6,6% . Ағымдағы жылдың қаңтар – мамырында республика бойынша 132,3 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 92,0 мыңы тұрақты (69,5%). Ауылдық жерде 65,3 мың жұмыс орны құрылды, тұрақты — 33,6 мың (51,5%).

Еңбекақы төлеу. 2010 жылғы  қаңтар — мамырда бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 59310 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,3%-ға өсті, нақты мәнде жалақы 1,4%-ға төмендеді [17,4-8б]

 

         2.2  Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

 

Ақша айналысы «ҚР  Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз  етеді,  оларды  сақтаудың,  жоюдың  тәртібін  және  қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

Қазақстан  Республикасы  ақшалай  банкнот  өндірісі  және  екінші  деңгейдегі  банктердің  инкассациясына  лицензия  беру  бойынша   өз  кушімен  енгізген  жаңалығына  байланысты  қолма-қол  ақша  ахуалы  1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда  түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді. Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.

Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін  ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.

        Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма –қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банкі ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету секілді ақша – несие саясатының аспаптарын пайдаланады.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті  төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды  тиімді пайдалана алмайды, өйткені  несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта  қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциылық банктерге несие  береді.

Әлемдік тәжірбиеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік мөлшерлеме дегеніміз – артық резервтердің шығыны болып табылады. Сол себепті де оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің қарыз алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсынылуына арттырады.

Ұлттық банк есептік  мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл несие  ресурстарының және банктерге берілетін  несиенің мөлшерін азайтады, өз кезегінде  айналымдағы ақшаның массасын кемітеді.

Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін 1994 жылдың қаңтар – ақпан айларында 270% деңгейінде, осы жылдың наурыз – тамыз айларында 300% деңгейінде белгіледі. Инфляцияның кемуі мен айырбас бағамының тұрақтануына қарай мөлшерлеме біртіндеп кеміді: 1994 жылдың соңында 230%, 1995 ж. – 52,5%, 1996 ж. Қыркүйек айында – 30%, 1997 ж. – 24%. Көріп отырғанымыздый, пайыздық саясат инфляцияны жылдам тежеудің әрі ақша айналысын реттеудің тиімді аспабы болып табылады екен.

Инфляция айтарлықтай төмен болған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер экономикада ақша массасының өсуін ынталандыру мақсатында пайдаланылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда инфляцияның деңгейі 6 – 4 % жағдайында қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі 7%-ке белгіленген.

Ашық нарықтағы операция айналымдағы ақша мөлшерлемесін реттеу процесінде айрықша орын алады. Бұл операция, бір жағынан, құнды қағаздарды Орталық банктің сатуын және сатып алуын ұйғарса, екінші жағынан, құнды қағаздарды коммерциялық банктердің, қаржы компанияларының, халықтың сатуын және сатып алуын ұйғарады.

Орталық банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы резервтерді  банк жүйесіне таратады немесе оларды бұл жұйеден алып тастайды, осылай ету  арқылы ол айналымдағы ақша массасын көбейтеді немесе азайтады. Қазақстанда мұндай құнды қағаздарға мемлекеттік қазынашылық облигациялар жатады. Оны үкімет бюджет тапшылығын және ноталарды жою үшін Ұлттық банк арқылы шығарады. Ұлттық банк осы құнды қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердің ең аз шамадағы резервтерінің шамасы артып, клиентурамен жасасатын активтік қарыз операцияларын ұлғайтуға мүмкіндік алады, эмиссиясы артады.Ұлттық банк коммерциялық банктерге құнды қағаздарды сатқан жағдайда, керісінше, олардың резервтелген қаражат сомасы кемиді, ал банктерде несие ресурстары азайып, ақша массасы төмендейді. Соңғы жылдары (2001 – 2005жж.) ҚР Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.

Мұнай мен металдың әлемдік  бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жиі күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын резервін ұлғайтты. Ол 2005 ж. басында 11,0 млрд. доллардан асты. Ұлттық банк, сондай-ақ, 5,0 млрд. АҚШ долларынан көп мөлшерде Ұлттық мұнай сақтандыру қорын құрды.

Экономиканың «тым қызып  кетуі» теңгенің шектен тыс нығайтылуы және инфляцияны тежеу мен айналымдағы ақша мөлшерін реттеу секілді мәселелер осылайша шешілетін болды.

Ұлттық банк пен Қазақстан  үкіметі елдегі ақшаның айналысын  басқару мен реттеуде ақша – несие  саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.

 

       3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары

Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен  болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.

Экономикда ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын  пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін  қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы