Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа
Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Мемлекеттер экономикасын ақшалай-кредиттік реттеудегі ақшаның рөлі жоғары, онда бұл реттеу ақшаның монетаристік теориясы негізделеді. Әрбір елде жыл сайын орталық банк тарапынан ақша массасы өлшеудің ақшалай бағыт-бағдары құралдары көмегімен оны реттеу жүзеге асады.
Мұндай ақша-кредиттік
Осылайша, ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: «сол трансакциялық шығындарды төмендету, еңбектің мамандануы мен бөлісін ынталандыру арқылы экономиканың жеңіл қозғалысын жүзеге асыратын жағармай».
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтады: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К.Маркс жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.
Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз (Сурет 3)
Сурет 3. Ақшаның қызметтері
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасын қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Онда тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарлардың өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға- тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді.Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.
Бағалар масштабының рөлі мынада, яғни ол өз ретінде ұлттық ақша бірлігі салмағын тұрақтандырушы ретінде әрекет етеді. Бұрын мемлекет ақшаның алтындық құрамын оқтын-оқтын белгілеп отырған. Бірақ та 1976-1978 жылы енгізілген алтынның ресми бағасын Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысушы елдердің ақша бірліктерінің алтындық құрамын Ямайка валюта жүйесі алып тастады. Қазіргі таңда бағалар масштабы баға көмегімен тауар құнын салыстыру арқылы нарықтық үрдісте стихиялық түрде қалыптасып жатыр.
Құн өлшемі және бағалар масштабы ретінде ақша әр түрлі қызметті атқарады. Олар адам еңбегінің қоғамдық еңбекке айналуы ретінде құн өлшемі болып айқындалады, бағалар масштабы – металдың тұрақты салмағы ретінде қарастырылады. Сондықтан да құн өлшемімен құн ретіндегі тауарлар, және керісінше, бағалар масштабы алтынның берілген көлемімен оның әр түрлі көлемі өлшенеді.
Қазіргі жағдайда алтын ақшаның міндетті атқарудан қалды, яғни ол ақша қызметін, соның ішінде құн өлшемі қызметін жоғалтты. Алтын кредиттік ақшалармен алмастырылады.
Әрбір мемлекет өз құн өлшемін белгілейді. Қазақстанда құн өлшемі ретінде теңге, Ресейде – рубль, АҚШ-та – доллар, Еуропалық Одақта – евро саналады. Ел шеңберіндегі ішкі айналыста бағалар масштабы айрықша рөлді атқармайды, ал ел шегінен тыс сыртқы айналыста ол ақшаның сатып алушылық қабілетін анықтау үшін үлкен рөл ойнайды. Айрықша қажетті жағдайда үкімет алдын ала белгіленген бағалар масштабын өзгертеді. Мұндай өзгерту ақша реформасы деп аталады. Ақша реформасы – бұл құнның бір өлшемінен басқасына өту, ол ақшаның жалпы көлемінің азаюымен түсіндіріледі.
Демек, құн өлшемі – бұл ақша бірлігі, ол тауарлар мен қызметтер құнын өлшеу және салыстыру үшін қолданылады.
Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т-А-Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымдағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналым екі актіден тұрады: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Осы қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс,яғни бұл қызмет шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесі қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.
Кредиттік ақшалар. Тікелей тауар айналымы кезінде, яғни бартерде (тауарды тауарға) сатып алу мен сату сәйкес келді. Айналыс құралы ретіндегі ақша қызметі кезінде тауарларды сатып алу және сату актілері арасынында алшақтық пайда болады, дербес болады, уақыт бойынша сәйкес келмейді. Сатушы тауарды сатып болған соң, қолдағы ақшасын басқа тауарды сатып алу үшін жұмсауға асықпайды.Бұл айырбастың бұзылуының объективті мүмкіндігін қалыптастырады, яғни сатылған тауар сатып алынған тауардан көп, нәтижесінде дағдарыстық жағдай қалыптасады.
Тауар айырбасының бастапқы сатыларында, яғни алтын тауарлық әлемнен жалпы балама ретінде бөлініп шыққан кезде, ол бір мезетте әрі құн өлшемі, әрі айналыс құралы ретінде ақша қызметін орындады. Ондағы екі қызмет бір-біріне сәйкес келмеді.
Тауарлық айналымның ары қарай дамуы ақшаның осы қызметінің бір-бірінен бөлектенуде әкелді, құн өлшемі қызметін толықұнсыз ақшалар орындады, ал айналыс өлшемі қызметін – олардың белгілері: қағаз және кредиттік ақшалар атқарды.
Құн өлшемі ретіндегі ақша гиперинфляция кезеңінде айналыс құралы қызметін атқармайды, Қазақстанда 1994-1997 жылдары тауар бағалары американдық доллар, немесе екі бағада: доллар және теңгеге белгіленді. Негізінен теңгедегі бағалар күн сайын долларға қатысты айырбас курсы негізінде қайта есептеліп отырды.Бұл мезетте теңгемен өрнектелген бағалар жедел өсті, доллардағы бағалар өзгеріссіз қалды. Бұл мына себепке байланысты болды, яғни айналыстағы ақша массасы тауар массасына қарағанда едәуір өсті, ол ақшаның құнсыздануына, яғни инфляцияға әкелді.
Сонымен, айналыс
құралы – тауарлар мен
Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынастардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т-А-Т айналымы Т-А және А-Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамырақ жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналым процесін бастамайды, оны аяқтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар кредитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату-сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқтайды.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстармалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама-қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несие сатып алып сатушыға қарыз мендеттемесін береді,ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір тауар иесі қолма-қол тауарды сатады, ал екіншісі ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».
Төлем құралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және кредиттік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қайтару, айыппұлдарды, санкцияларды өтеу кезінде және т.б.
Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырбасуды және кредиттік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеделтіледі және қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады, сонымен қатар олар кредиттік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі ақшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушылары өзара байланыстарады, олардың әрқайсысы тауарды кредитке сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шотына) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынанда үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың біртұтас тізбегін (кредит бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) туғызады. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.
Қазіргі кездегі қоғамда кредиттік, электрондық ақшаның дамуы кезінде есеп айырысудың басым формасы ретінде қолма-қол есеп айырысумен салыстырғанда артықшылығы басым болып келеді.
Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады. Ақшаның жинақтаудың қажеттілігі қайтадан Т-А-Т айналымының екі құндық актіге Т-А және А-Т бөлінуімен байланысқан.
Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша және т.б. түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төменде берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан және жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Респубдикалар дербестігін алған кезде толығымен жоғалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының аз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және міндетті түрде нақты шын құны болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын,күміс,платина) атқарады, бірақ ол қағаз, кредиттік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде олар өз қызметін жоғалтатынын естен шағаруға болмайды.
Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралық резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады. Ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырсады.
Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де қазына құралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі елдің байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтынның ең үлкен қоры – АҚШ-та 260 млн тройск унциясы, (1тройск унциясы-31,1г.), Герменияда – 120, Францияда – 102, Ресейде -150 млн тройск унция бар.
Ақшаның жинақтау және қазыналық қызметінің объективті алңышарты бар және ол ақша айналысы заңмен байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан жинақтау аясына және керісінше ауысып отырады. Мысалы Қазақстанда 2004 жылы мұнай бағасының жоғарылауы шарттарында экспорттық түсімдер айналысқа түсіп, айналыстағы ақша массасын көбейтті, сондықтан ҚР Ұлттық банкі жедел шараларды қолдануға мәжбүр болды, яғни бұл ақшаны айналымының тұрақтылығына қол жеткізілді, инфляция жойылды.
Әлемдік ақшалар . Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік ақша арқылы өрнектелді.
Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлемін құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айырбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты,экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халықаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсақ, онда ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интернационалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.