Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа
Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:
Мынаны айту кету керек, қолма-қол ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
Есеп айырысудың барлық принциптері бір-бірімен өзара тығыз байланысты болғандықтан бұлардың біреуінің бұзылуы екіншісінің бұзылуына әкеп соқтырады. Барлық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің бір шоттан екіншісіне ақша аудару туралы немесе өзара тараптарды есепке алу туралы банкке берген тапсырмаларын білдіретін есеп айырысу құжаттары негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы мен құжат айналымын бір-бірінен бөліп қарастыру қажет. Есеп айырысу құжаттарының қозғалысы – бұл құжаттардың есеп айырысудың басынан бастап аяғына дейін қозғалып пунктері бойынша дәйекті жүйелі өтуі. Ал, құжат айналымы есеп айырысу құжаттарының қозғалысына қажетті уақытпен қоса есеп айырысуға қатысты әр түрлі операциялардың жүзеге асырылатын уақытты да қамтиды. Есеп айырысу құжаттарына төлем тапсырмалары мен айырысу чектері жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозитті және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Есеп айырысу шоты, депозит шоты және валюта шоты меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға ашылады.
Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты – екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспондеттік шот ашады әрі бір банк басқа банктің депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады.
Ақша айналысының заңы. Ақша массасы және айналу жылдамдығы
Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К.Маркс айналысқа қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды.
Сатылған тауар Кредитке Міндеттемелі Өзара
бағасының - сатылған + төлем - төлемді
сомасы тауарлар сомасы есепке алу
Мақша = ______________________________
Айналыс пен төлем құралы
Осылайша, К.Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері сатылған тауарлардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек.
М=—————
мұндағы М – ақша массасы,
Т – тауар массасы,
Б – тауарлардың орташа бағасы,
V – айналым саны.
К.Маркстің пікірінше, ақша
К.Маркстің айналыс заңына
сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа
қажетті алтын ақшаның
Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі – айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.
Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында қолма-қол ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес айналымда жүреді.
Экономикалық ғылымда айналыстағы ақша массасын анықтау бойынша басқа монетаристік көзқарас бар.
Айналыстағы ақша Жалпы ішкі өнім (М)
массасы М = ——————————
Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша сатылатындай деңгейде болуы керек.
Ұлттық банк тарапынан реттелетін маңызды объектіге ақа мөлшері немесе айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айналымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу және төлем құралдырының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл монеталар кіреді. Ақша массасы қолма-қол ақшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын құрайды. Ақша массасының ұғымы өтімді актив топтарына жатады.
Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе сияқты мынадай ақша агрегаттарының есептері жүргізіледі:
М0 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, монеталар)
М1 = М0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.
М2 = M1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.
М3=М2 + мемлекеттік қарыз облигациялары, депозиттік сертификаттар.
Бұл арада банктердің ақшаны тек сақтап қана қоймай, жаңа ақшаларды тудыра алатын, яғни қысқа мерзімді кезеңде олардың мөлшерін жасай алатын (мультипликациялау), ал ұзақ мерзімді кезеңде олардың жаңа түрлері мен формаларына «өмір сыйлай» алатын қабілеті көрінеді.
Алтын және күміс тиындар банкноттарға біртіндеп орын босатып келеді, ал олар өз кезегінде шоттарда жазылуы жолымен сақталатын болады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі банкноттардың мөлшерінен асып түседі., яғни ақшаның жаңа формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай, оны мультипликациялап та отыр. Бұл
M1 (М0 + халықтың талап еткенге дейінгі депозиттерді + заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат) ақша агрегатының пайда болуына әкеп соқтырады.( Кесте 2) Кредиттік ақшаның болуы мен кредиттеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі, өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді, яғни халыққа пайыз әкелетін М2 «М1 + мерзімді салым ақшалар + талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады.
Кредит сұранысының
артуы жаңа кепілдік объектілерінің
пайда болу қажеттілігін тудырады.
Ал, бұл қажеттіліктің орнын
Осылайша, бұл ақша агрегаттары жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, кредиттеудің мөлшерін сипаттайды.
Бұл агрегаттағы ақша массасының мөлшерін бағалау ақша-кредит айналымының әр түрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға, ақша айналысының даму тенденциясын және олардың экономикаға сәйкесуі бағалауға мүмкіндік береді. Айналысқа қажетті ақша массасын тауар айналымының мөлшері мен құрылымына қарай анықтап қоймай, халықтың ақшалай табысының шамасы мен құрылымын, сондай-ақ ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ескеру керек.
Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Оған М0 + екінші деңгейдегі банктер кассаларындағы ақшалай қаражат, банктердің міндетті резервтері мен олардың ҚР Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражаты кіреді. Бұл ақшалар үлкен өтімділікке ғана ие емес, сондай-ақ Ұлттық банктің іс-әрекетіне қабілеттілігін, өз міндеметтемелерін
орындаудағы мүмкіндігін көрсетеді. Айналымдағы ақша массасының өзгерісі ақша массасының өзгерісіне тәуелді. 2011 жылғы ақша агрегаттары кесте 1 корсетілген.
Кесте 1
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII | |
М0 |
1094,8 |
1091,6 |
1097,1 |
1124,7 |
1142,7 |
1191,7 |
1234,2 |
1254,1 |
1260,7 |
1260,2 |
1234,7 |
1365,7 |
М1 |
3112,6 |
3137,1 |
3440,7 |
3489,8 |
3519,1 |
3684,1 |
3867,0 |
3673,6 |
3704,0 |
3627,0 |
3537,3 |
3843,8 |
М2 |
6649,8 |
6802,8 |
7167,8 |
7252,5 |
7209,4 |
7569,0 |
8014,4 |
7769,6 |
8006,9 |
7910,0 |
7754,9 |
7966,3 |
М3 |
8608,6 |
8605,7 |
8923,9 |
9016,1 |
8968,2 |
9360,2 |
9741,6 |
9514,3 |
9821,0 |
9818,5 |
9607,0 |
9751,1 |
2011 жылдың ақша агрегаттарының көрсеткіші
Кесте 2
2012 | |||||||||
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX | |
М0 |
1301,4 |
1291,3 |
1307,8 |
1341,4 |
1350,1 |
1389,4 |
1398,8 |
1405,2 |
1421,8 |
М1 |
3614,0 |
3762,2 |
3686,3 |
3725,3 |
3813,0 |
3933,5 |
3888,5 |
3733,0 |
3811,8 |
М2 |
7783,1 |
6050,9 |
6418,6 |
8613,6 |
6454,0 |
8490,4 |
3602,6 |
8409,8 |
8481,6 |
М3 |
9622,1 |
9911,6 |
10293,1 |
10393,2 |
10334,9 |
10405,6 |
10582,9 |
10328,2 |
10514,8 |