Ақшаның пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Краткое описание

Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсавой шыгаратын new (2)ghb.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)

Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және  толыққұнсыз  деп шартты түрде бөлуге болады.

Толыққұнды  ақша – номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың құрамындағы металдың (алтын,күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталары жатады.

Толыққұнды  емес ақша – сатып алушылық құны ақша қатынастарының  тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққұнсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар жатады.

 Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті  (Сурет 2):

 

 

 

 

 

 

 






 

 



 

 

 

 

Сурет 2. Ақша эволюцияларының даму сатылары

 

Метал ақшалар – бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға қойылған құн)  нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық.Олар монета түрінде шығарылды.   

 

 

Монета – бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы  пішіні,  салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VIIғасырда Ливия  мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген  тұлға А. Македонский болады.

Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқару үшін  жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге  айырбастық болып бөлінеді. Толыққұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан  дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталар арзан  түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардығы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде  қарастырылады. Эмиссия латындық «emission»  сөзінен  аударғанда «шығару»  деген  мағынаны береді. Ақшаның эмиссиясы – бұл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Тауарлық өндіріс пен айналым  көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының  өсуіне әкеледі. Толық құнды ақшалар саны шектеулі және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін құйып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмайды, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақшалар құны бойынша өз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен  алмастыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы құнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ  монеталар , қағаз  және кредиттік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар – нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар көшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын және металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.

 

            

 

Қағаз ақшалардың өзіндік  құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді.Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға  5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз  ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін  атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына  сәйкес келмеуі нәтижесінде құнсызданады,  сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

Әрбір егеменді мемлекет  өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы  бар, әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын – доллар, Ресей – рубль, Қазақстан – теңге деп атайды. Қағаз  ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды ұрлап алу өте оңай, екіншіден, олардың тасымалдау өте қымбатқа түседі.

Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік кредиттеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар кредиттік қағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып  алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы . Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өткені олардың  жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар кредиттік ақшалар әрекет етеді.

Кредиттік ақшалар -  айналымдағы толыққұнды ақшаларды алмастыратын және кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілер. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның символикалық белгісі. Кредиттік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алуға  байланысты жасалған ірі  мәмілерге  банктердің кредиттік ақшалар тауар  айналымының  қажеттілігін қанағаттандырады.

Кредиттік ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі – кредиттік  және пластикалық карточка.

Вексель – бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық  міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта)-  вексель беруші кредитордың қарыз алушыға белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы.

Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта  мәміле түрі жөніндегі ақпараттың  жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін  көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен , яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға беруге болатындығымен  сипатталады.

Демек , вексель кредит және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол кредитке қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

Вексельдерді пайдалану айналым  шығындарын үнемдеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вексель  астық шаруашылығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық  егуші шаруашылықтар есептеледі, олар азық-түлік корпорациясына  жанар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алды.

Вексельді айналым нәтижесінде  банкноттық айналым пайда болды.

Банкнота – бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойында ерекшеленеді : біріншіден , мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал  банкота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша : банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің  Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

Қазақстандағы банкоттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған , бірақ банкноттардың кредиттік негізі бар, өйткені олар банктік кредиттеу ережесіне сәйкес айналымға шығарылады және қарыздық  қордың элементі болып табылады.

Кредиттік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.

Чек – бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға  банктің төлеуі  жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол қысқа  мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма –қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу  мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

Есеп айырысу чектері  ордер сипатында болады. Шот иелеріне  арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітапшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін  қолданылады.

Банк қызметіне механикаландыру  мен автоматтандыруды енгізу, банктік  есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компьютерлерді кең қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті,  яғни компъютер жадындағы шоттарда ақшаны, қолма-қол ақшалар мен чектерді кредиттік карточкалармен алмастыру мүмкіндік жасады. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады.Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және жасалған қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа  мерзімді кредиттерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық карточкаларын өте кең таралған.

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне  тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сомма тауарларға төлеу үшін сіздің шотыныздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты  қайталанатын  төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар,  ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік  шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің  дербес компъютерін компътерлік желіге қоса алады, ол жинақ  шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары шет  елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең  өріс жайды.

Қазіргі замандағы қоғамда  ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталады, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етеді, ол тауар өндірісімен үздіксіз байланыста болады. Осы бастапқыда тұғырға сүйене отырып, мынаны сеніммен атап өтуге болады, яғни ақша дамыған тауарлық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып табылады, ол шаруашылық өмірдің жағдайына және қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістерге маңызды түрде және үнемі ықпал етеді. Ақша тауарлар мен қызметтердің жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы  рөлі жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін  құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Осылайша, ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадағы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.

Ақша тауарларды, қызметтерді, тауарлық-материалдық  құндылықтарды шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін құндық есепке алу  және бақылау құралы ретінде қолданылады.

Ақшаның нарықтық экономикадағы рөлі еңбекақы , сыйақы түрінде еңбек шығындарын құндық өлшеу және бақылау ретінде, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін, еңбектің саны мен сапасын бақылау құралы ретінде, сонымен бірге еңбек өнімділігін ынталандыру және арттыру құралы ретінде айқындалады.

Ақшаның экономикадағы рөлі тауарларды, қызметтерді сату – сатып алу бойынша экономикалық қарым-қатынастар субъектілері арасында келісімдік міндеттемелердің орындалуын бақылау құралы ретінде айқындалады, яғни ақша арқылы өндірістік және саудалық қызметті жақсы ұйымдастыруға қатысы жабдықтаушылар мен сатып алушылардың материалдық жауапкершілігі артады.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы