Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа
Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
2001 жылы :
2002 жылы :
2003 жылы :
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі — қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. «Бәйтерек» ескерткішінің сол жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген.
Номиналы 200 және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000 және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500 теңгелік номиналдардағы «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу мемлекеттік елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада «Қазақстан ұлттық банкі» деген жазу және эмитент банктің логотипі басып жазылған.
Банкноталарды
қорғау тұрғысынан алғанда
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер: Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп: Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп — банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын: Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер: Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді.
Алтын интаглио: Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.
Көзі нашар көретін адамдарға арналған белгі: Банкнотаның бет жағында саусақтың ұшымен жақсы ажыратуға болатын жоғары рельефті шығыңқы элементтер бар.
Бояудың оптикалық өзгеріп тұратын түсі: Банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде бояудың түсі өзгереді. Мұндай қорғаныш элементі, атап айтқанда, АҚШ долларында бар.
Микроқаріптер: Микромәтіндер, бірнеше есе ұлғайтқан кезде оқуға болатын қайталанатын мәтінді немесе цифрларды басудың әртүрлі тәсілдерімен орындалған.
Көшіруге қарсы элемент (тартан, пирамида): Көшірген кезде түрлі бағытта растр түріндегі тордың сызықтары бұзылады.
Сериялық нөмір: Магниттік сериялық нөмір құрамында магнит бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады. Фосфорлы сериялық нөмір құрамында фосфор бар қара бояумен басылған екі әріпті сериядан және жеті цифрлы нөмірден тұрады.
Иридесцентті жолақ: Алтын түстес жылтырағы бар арнайы бояумен басылған жолақ, банкнотаның көлбеу бұрышы өзгерген кезде сурет пайда болады.
Жасырын бейне (лифт): Купюраны көз деңгейінде қисайта ұстап тұрған кезде оюлы розеткада банкнота номиналының цифры көрінеді.
Иристік басу: Бір бояудан басқасына өтуі кезінде түстің біртіндеп өзгеруі байқалатын арнайы басу түрі.
Ультракүлгін қорғаныш: Ультракүлгін сәулелердің негізгі көздері болып табылатын құралдардың әсерінен көзге көрінетін, арнайы бояулармен орындалған бейне.
Қағазға ендірілген талшық: Банкноталардың жоғары номиналдарына қызғылт талшық қағазға ендірілген, ол ультракүлгін сәулелер негізінде түсін өзгертеді.
Ескі үлгідегі банкноталардың ауыстыруы ескі және жаңа дизайндағы банкноталардың бір жыл бойы қатар жүруін көздейді. Осы жыл аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық Банктің филиалдарында ауыстыру тағы бір жыл жалғасатын болады. Осыдан кейін 10 жылдың ішінде Ұлттық Банк ескі үлгідегі банкноталарды қабылдап, оларға сараптама жүргізгеннен кейін ауыстырады. Егер қатар жүру кезеңінде қандай да бір заңды тұлға номиналына қарамастан ескі немесе жаңа дизайындағы банкноталарды қабылдаудан бас тартатын болса, онда мұндай іс-әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Банкнотасын қабылдаудан бас тартылған тұлғаның өтініші бойынша Ұлттық Банк өзінің филиалдары арқылы Кодексте көзделген айыппұлдарды салуға уәкілетті.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша «Теңге» Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі» деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.
— Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда жоғарыда айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеттер Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.
— Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:
а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;
б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп кассалық орталықтары — РКЦ).
— Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның, пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағынын тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен тұратын (1, 3, 5, сомдық). Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттері қиқым-сиқымға айналып барады.
— Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т.с.с.
— Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, Ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен басқа елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады [12,66б]
Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері. 2011 жылғы республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі мақсаты -Елбасының ағымдағы Жолдауында айтылған дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін экономиканы одан әрі жаңғыртуды және жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруды, сондай-ақ шұғыл шешуді қажет етпейтін бірқатар басым емес шығыстарды оңтайландыруды қамтамасыз ету болып табылады. 2010-2011 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы 2010 жылы әлемдік экономика өсімінің одан әрі баяулауы, ресурстарға жалпы әлемдік сұраныстың төмендеуі ескеріле отырып нақтыланған. Бұған қоса құжатта теңгенің құнсыздануы әсері де ескеріледі. 2010 жылдың соңындағы инфляция деңгейі теңгені құнсыздандыруға орай 11 пайызға дейін артады деген болжаммен нақтыланды. Жалпы алғанда республикалық бюджет кірістерінің 2010 жылға арналған болжамы нақтыланып, 1 трлн. 529 млрд. 482 млн. теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл бұрын бекітілген жоспардан 371 млрд. 150 млн. теңгеге азайтылғанын көрсетеді. Ал бюджет кірістері ағымдағы жылы 373 млрд. 376 млн. 783 мың теңге сомасында азайтылады. Бюджет кірістерін үстеме пайда салығының есебінен 2 млрд. 226 млн. 573 мың теңгеге ұлғайту көзделеді. Жалпы 2009 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 3 трлн. 411 млрд. 41 млн. теңге сомасында нақтыланып отыр. Ал 2010 жылдың бюджет тапшылығы 573 млрд. 624 млн. 995 мың теңгеге немесе ішкі жалпы өнімнің 3,4 пайызын құрайды [13,2б].
Тұтыну нарығындағы
бағаны тұрақтандыру жөнінде жүргізілген
кешенді шаралар нәтижесінде
инфляциялық процестерді
Өткен 2007 жыл экономиканың
барлық салалары үшін оңай болған жоқ.
Ғаламдық, барлық аймақтық деңгейді шарпыған
қаржылық-экономикалық құбылыстар бірқатар
елдердің ұлттық экономикасына кері әсер етті.
Мұның қатарында біздің ел де бар. Рас,
2007 жылы инфляция деңгейі екі таңбалы
санмен өлшенетін көрсеткіштен асып кетті.
Оның үстіне, инфляцияның негізгі белең
алуы сыртқы және ішкі себептерге байланысты
жылдың соңғы тоқсанында орын алды. Сонымен
қатар, инфляцияға қарсы қажетті іс-шараларды
іске асыру үшін мемлекет тиісті шараларды
қолдануда: Қазақстан Республикасында
инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі
2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
бекітілді, аймақтарда бағаны тұрақтандыратын
азық-түлік қорлары жұмыс істеді. Қазақстан
Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
жеке құрылым болып жасақталды. Азық-түлікке
баж салығын уақытша азайту және әлеуметтік
маңызы бар тауарлардың ішкі өндірісін
ынталандыру сияқты фискальді шаралар
қабылданды.
«Үкіметтің экономикалық блогін қайта
үйлестіру» мәселесіне қатысты, егер бұл
мәселе тиісті мемлекеттік органдардың
жоғарыда аталған инфляция, қаржылық тұрақтылық
және бүгінгі күні өзекті болып отырған
басқа да мәселелерге қатысты өзара келісілген
мемлекеттің саясатын жүргізу жөніндегі
үйлестірілген жұмысты тұспалдасаңыз,
онда Қаржы министрлігі осы бағыт бойынша
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен,
Ұлттық банкпен, Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен
және басқа да құзыретті органдармен үйлестіре
және келісе отырып жұмыс жүргізіп отырғандығын
атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспары жоғарыда атап өткен. Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, елдегі және банк секторындағы қаржылық тұрақтылығы мәселелері жөніндегі меморандум секілді бірлесіп іске асырылатын бағдарламалық құжаттар осының айғағы. Бұл жайттардың бәрі Үкімет құрамындағы мемлекеттік құрылымдар және өзге де құзыретті органдар бір-бірімен үйлестіріле және келісе отырып жұмыс істеп отырғандығын көрсетеді.