Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа
Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі..........................
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы.....................
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы....................
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің
қазіргі жағдайы және проблемалары..................
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің
заңдылық негіздері.....................
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу
әдістері......................
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің
жетілдіру жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030»
атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ
мерзімді басымдық ретінде шетел
инвестицияларының деңгейі
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған жоқ. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
- Ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- Онда абстракты еңбек
бейнелейтін құнның да
- Тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы курстық жұмыстың келесі тарауында танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның құрылымы да ( түрі де) мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Ақша қызметінің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, қаржы саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
І.Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі
Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнарсе жоқ. Сол себепті ақшының «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің тарихи категориясы, немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналасының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас Маркстің Т-А-Т' сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу-сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т') сатып алу қажет.Ақша үнемі тауарға қарсы тұрады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен ақшаның өзі тауар, яғни ол тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар екендігін тақырыптың келесі тарауларында сөз етеміз.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, ақша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол тұтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша – қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекеленген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың баламалылығын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуді дұрыс деп есептедік. Бұл сызба «Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында. (Мәскеу-Ленинград, 1991ж. 13-бет) келтірілген.
Тауарлар
ұлттық өнімнің
шығыны шығын
Ресурстардың
төлемі
Ресурстар-ақша
Сурет 1. Тауар мен қызметтер ағымының сызбасы
Сызбада (сурет 1) тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары және фирмалар айырбастайды, бұл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Тауарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағытталған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлік және фирмалар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген ресурстар нарығын онда фирмалар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды – жұмысшы күшін, капиталды және табиғи ресурстарды сатып алады.
Бұл жағдайда барлық ресурстар шаруашылықтарына тиесілі, олар ресурстарын ақша қаражаттарына фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер және т.б. түрге айналады.
Сызбаның ішкі айналымда
ел масштабындағы жиынтық
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан ақша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаған еңбегінің саны мен сапасы сәйкес жүзеге асады.
Ақшаның пайда болуы және оның мәні. Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар Аристотель, А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс, және т.б. еңбектерінде – ақ қарастырылған. А.Маршал, П.Самуэльсон, Дж.Тобин, Дж.Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшының пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол ХІХ ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нәтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Құн тауарларды бір – біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауарды тұтыну – құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй,машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады.Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының бірте бірте алмасуы нәтижесінде жүзеге асты.
Әр түрлі аймақтарда
осындай тауар ретінде әр түрлі
тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің
халқы ақша ретінде бағалы аң терісін,
оңтүстіктің мал өсірушісі
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның мәні үш қасиеттің біртұтастығымен өрнектеледі:
Ақшаның формалары мен түрлері. Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз – ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны , ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және кредиттік ақшалар баршаға аян.