Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 21:07, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.

1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу

1.2 Чектермен есеп айырысу

1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу

1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу

1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу

3.2 Құнды қағаздар

3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.



ІІІ. Қорытын

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

•              сыйақы сомасына:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма».

Одан әрі айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы және жеңілдіктер сомасы сыйақы төлеу бойынша шығарылады, әрбір есептеу кезінде амортизацияланады. Сыйақыны есептеу оны ай сайын банк шығындарына жатқызу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар номиналы теңге болса:

•              Шығындар сомасына:

Дт   5301  «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5303   «Айналысқа   шығарылған   басқа   да   бағалы   қағаздар

бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар» Кт   2730   «Айналысқа   шығарылған   өзге   бағалы   қағаздар   бойынша есептелген шығыстар»;

•  сыйақы амортизация сомасына:

              Дт  2803   «Айналысқа   шығарылған  бағалы   қағаздардың  атаулы кұны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар».

Егер бағалы қағаздың номиналы валютада болса, онда сыйақы валютада есептеледі:

•      шығындар сомасына:

Дт   1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858              «Банктің  шетел   валютасы   бойынша  валюталық  ұзақ
позициясы»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша еептелген шығыстар»;

•              сыйақы бойынша амортизация сомасына:

Дт   2803  «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»

Кт   2730    «Айналысқа    шығарылған    езге    бағалы    қағаздар бойынша есептелген шығыстар» және    бір    уақытта    есептелген    шығындар    сомасына    теңге бойынша жазылу жасалынады:

Дт   5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

Кт   1859   «Шетел   валютасының   теңгемен   көрсетілген   қарсы құны (валюталық ұзақ позиция)»

2859              «Шетел   валютасының   теңгемен   көрсетілген   қарсы
құны (валюталық қысқа позициясы)».

Есептелген сыйақыны төлеу бағалы қағаздарда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда әрбір жарты жыл сайын жүргізіледі:

Дт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар»

Кт    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».

Егер келісімшартқа сәйкес сыйақыны төлеу ай сайын жүргізілсе, онда:

•              алғашқы сыйлықақыдан сату (егер бағалы қағаз теңгеде
болса):

Дт   5301 «Айналысқа    шығарылған    облигациялар    бойынша сыйақы төлеуге байланысты шыгыстар»

2803  «Айналысқа шығарылған  бағалы  қағаздардың атаулы құны    мен    олардың   сату    бағасы    арасындағы    айырма»

(сыйлықақының амортизация сомасына)

Кт   1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;

• немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»

1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амор-тизация сомасына)

Кт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».

Егер бағалы қағаздар валюта да болса:

•       сыйақыдан алғашқы сату:

Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858   «Банктің  шетел   валютасы   бойынша   валюталық  ұзақ      позициясы»

      2803   «Айналысқа  шығарылган  бағалы  қағаздардың  атаулы

      құны    мен    олардың    сату    бағасы    арасындағы    айырма»

     (сыйлыкақының амортизация сомасына)

Кт    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;

•       немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:

Дт   1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа

позициясы»

2858   «Банктің  шетел  валютасы  бойынша  валюталық ұзақ позициясы»

1803   «Атаулы   құны   мен   сатып   алу   бағасы   арасындағы айырма түріндегі  айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)

Кт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» жөне бір уақытта теңге бойынша:

Дт  5301  «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

Кт   1859   «Шетел   валютасының   теңгемен   көрсетілген   қарсы кұны (валюталық ұзақ позиция)»

2859   «Шетел   валютасының   теңгемен   көрсетілген   қарсы құны (валюталық қысқа позиция)»;

Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады,  сонымен  қатар  белгіленген  сыйақы  сомасы  төленеді.   Айналымға шығарылған бағалы қағаздарды өтеу, оларды банктің сатып алуымен жасалады:

Дт   2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

Кт    1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

       2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар».

Банк және бағалы қағаздарды ұстаушы келісімі бойынша бағалы қағаздар мерзімінен ерте сатып алған уақытта атаулы құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма банк табысына жатқызылады.

«Қаржы құралдары: тану және бағалау» 39-ҚЕХС сәйкес Ұлттық банк бағалы қағаздарды есептеу бойынша ұсыныстар жасаған. Осыған сәйкес бағалы қағаздар қаржы активтері болып табылады және үш санатқа бөлінеді:

1) сатуға арналған бағалы қағаздар - бұл делдалдың маржасы немесе қысқа мерзімді баға ауытқуы нәтижесінде табысты алу мақсатында алынған бағалы қағаздар;

2) өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар - тұрақты немесе анықталған төлеммен байланысты қаржы активтері және өтеу мерзімі тұрақты болып табылатын бағалы қағаздар;

3) сатуға жарамды бағалы қағаздар - бұл сатуға арналған бағалы қағаздар, өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар болып табылмайтын бағалы қағаздар.

Сатуга арналған бағалы қағаздар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды ең алғаш тану кезінде нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәміле жасау кезіндегі шығындар осы бағалы қағаздарды алғашқы тану кезіндегі құнға жатқызылады.

Бағалы қағаздардың әділ құны бір немесе бірнеше жалпы жұрт қабылдаған әдіс көмегімен анықталуы мүмкін. Бағалау әдісі негізінде әділ құнын есептеу кезінде нарық қатысушылары пайдаланатын бастапқы деректер жатады. Сонымен қатар әділ құнын есептеу кезінде әдістер мен бастапқы деректерді ашып қарастыру қажет.

Бағалы қағаздардың әділ құны мәміле құнына немесе басқа нарық бағасына байланысты. Егер нарықтық бағаны сенімділіктің жеткілікті деңгейімен анықтау мүмкін  болмаса,  онда әділдік  құны барлық болашақ төлемдер немесе ақша түсімдері сомасы ретінде есептеледі. Сондай-ақ бағалы қағаздардың әділ құнын бағалаудың басқа да әдістері қолданылуы мүмкін, оның ішінде ағымдағы әділ құнын анықтаудың негізі оны жүргізу уақытынан бастап есептілік күніне дейін айтарлықтай экономикалық шартта өзгерістер болмаған кездегі ең соңғы мәміле бағасы болады.

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар ең алғаш тану кезінде оларды алуға жұмсалатын нақты шығындар бойынша бағаланады. Мәмілені жасау кезіндегі жұмсалған шығындар оларды алғаш тану кезіндегі бағалы қағаздар құнына енгізіледі. Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың кейінгі бағалануы пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданумен амортизациялық шығын жүзеге асырылады, себебі бұл бағалы қағаздарға әділ құн бойынша бағалау қолданылмайды. Сатуға арналған және сатуға жарамды қағаздарды кейінгі бағалау әділ құн бойынша жүзеге асады. Осы бағалы қағаздардың әділ құнын қайта бағалау нәтижесі келесілерден байқалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында;

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша - табыстар мен шығыстар шотында немесе осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижелерін ауыстырумен байланысты капитал шотында. Сонымен қатар бұл банктің есеп саясатымен қарастырылуы қажет.

2.              Сатып алу бағасына бағалы қағаздарды сатып алу кезінде
келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт    1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»                                   1 025 100,00

Кт   1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»                            1 025  100,00

2) сатуға жарамды бағалы кағаздар бойынша:

Дт    1452 «Сатуға жарамды бағалы кағаздар»                                          1 025  100,00

Кт    1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»              1 025 100,00

3. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын сатып
алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу жүргізіледі.
Сонымен қатар келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»                                          5 000,00

Кт 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар

бойынша сыйақыны алуға байланысты кірістер»                                 5 000,00

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»                                          5 000,00

Кт 4452 «Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»                                                                                        5 000,00

4. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн саййын бағалы
қағаздардың құны нарықта (баға) белгілеуге немесе әділ құнын
есептеуге сәйкес қайта бағаланады. Сонымен қатар асып түсу сомасына келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1) бағалы қағаздардың әділ құнының олардың баланстық құнынан асып түсуі кезінде (бағалы қағаздардың нарықтық құны 2002 жылдың қаңтар айының соңында 1 032,00 теңгені құрады, есептелген сыйақы есебімен бағалы қағаздардың баланстық құны 1 030,10 теңгені құрайды (1 025,10 + 5,000));

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:
Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»                                          1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»                                                                                                  1 900,00

ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша: егер   есеп   саясатына  сәйкес  қайта  бағалау   нөтижесі   табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»                                          1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс»                                                                                                  1 900,00

Егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижесінен кейін ауыстырумен байланысты капитал шотына жатқызылса:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»                                          1 900,00

Кт 3561 «Сатуға арналған жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»                                                                                                  1 900,00

2)   бағалы   қағаздың   баланстык   құны   олардың   әділ   кұнынан асып түсу кезінде (бағалы қағаздың нарықтық құны 2002 жылдың қантар   айының   соңында    1    029,00   теңгеиі   құрады,   есептелген сыйақы есебімен бағалы қағаздар балаистық құны   1   030,10  теңгені құрайды (1 025,10+5,00))

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы»                                                                        1  100,00

Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»                                          1  100,00

ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

егер  есеп  саясатына  сәйкес  қайта  бағалау   нөтижесі  табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы»                                                                                        1  100,00

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»                                          1  100,00

Егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі осы бағалы қағаздарды  сату  кезіндегі  табыстар  мен  шығыстар  шотына  қайта бағалау    нәтижесінен    кейін    ауыстырумен    байланысты    капитал шотына жатқызылса:

Дт 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері»                                                                                                                                            1 100,00

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»                                          1 100,00

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу