Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 21:07, реферат
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.
1-сынып - негізгі;
2-сынып - туынды.
Негізгі бағалы кағаздар - қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) негізіне мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
«Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
«Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғам туралы» Заң негізінде акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасыныц сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Альфа-банк» филиалымен қолданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998 жылы «ШНОС» мұнай компаниясы шығарды. Бұл компаниялардың ADR котировкасы барлық ірі қор биржаларында жүргізіледі.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
акциялар;
депозиттік сертификаттар;
облигациялар;
бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін ақционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.
Акциямен келесідей құқықтар байланысты:
белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке кұқық);
акционердің жалпы жиналысына қатысу;
акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құкығы;
капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқығы.
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған кұжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.
Банктік сертификаттар - ақша қаражаттарын салу туралы салымшыга онда белгіленген салым мерзімі аяқталганнан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат занды тұлғаларға, ал жинақтық жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық кұрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:
жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;
салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;
қолма-кол ақша.
Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:
сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанга дейін жиі;
сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
«депозиттік сертификат» атауы;
депозитті енгізу күні;
сертификатты өтеу күні;
депозит сомасы;
эмитент-банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару туралы міндеттемесі;
депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;
тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің атауы және орналасқан жері;
депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;
эмитент-банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;
банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті тұлғаларының қолдары.
Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар Жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:
жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал);
номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигация
бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигаңияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз);
пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыстырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде) алдында жоғары;
эмитентті басқаруға құқық бермейді.
Облигацияларды шығару тәртібі:
Эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға кұқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;
Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер камтамасыз ету қызметін атқармайды);
Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;
Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленғен уақытта төленуі тиіс.
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон - бұл онда купондық мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон. Облигацияның нарықтық және атаулы құны болады. Облигацияның атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі. Атаулы кұнға қарағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, сатушы сыйақы алады. Эмиссиялау және отеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша сатылады жэне сатып алынады. Оның номиналына байланысты пайыз көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Бағалы қағаздардың тұрақты пайыздық табысы келесі формула арқылы табылады:
Номиналды пайыз
Табыс = х 100
Эмиссиялық курс
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды толеу жолымен беріледі.
Облигацияны айналысқа шығару багалы қағаздар нарығы туралы заңдылықта белгіленген тәртіп бойынша мемлекетгік тіркеуден етуі тиіс. Облигацияны мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады. Қоғам кезең аралық облигацияпың атаулы құнынан пайыз түрінде төленетін табыс ретінде купонды облигациялар және сатып алу және атаулы құнының айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтгы облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:
белгілі бір мүлік кепілімен қамтылган;
үшінші жақтың сөз беруімен қамтылган;
заңды тәртіпте қамтамасыз етпеу бекітілген.
Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:
мемлекеттік;
муниципалды;
корпорациялық;
шетел.
Номиналды өтеу әдісі бойынша:
бір жолғы төлем;
уақыт бойынша белу;
жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.
Төлеу түріне байланысты:
тек пайыздар;
нөлдік купон;
атаулы құн;
кезеңдік тіркелген табыс және атаулы құн;
атаулы құн және жиынтық табыс.
Купонды төлеу әдісі бойынша:
тұрақты купондық мөлшерлеме;
қалқымалы купондық мөлшерлеме;
біркелкі өсетін купондық мөлшерлеме (индекстелетін);
ең төмен немесе нөлдік купон;
таңдап төлеу;
аралас түрде.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару кезінде банк оларды атаулы құнына тең келмейтін баға бойынша сатуы мүмкін. Бұл ең алдымен бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон) алдын ала белгіленуімен байланысты, ал нарықта күнделікті сыйақы мөлшерлемесі, сәйкесінше табыстылық та өзгеріске ұшырап отырады.
Шығарылған бағалы қағаздар бағасы мен оның атаулы құны арасындағы айырма әр түрлі себептердің нәтижесі болып табылады, соның ішінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақының орташа нарықтық мөлшерлемесі арасындағы айырмашылықтар. Бұл айырмашылықтар банк балансында есептеледі:
• теріс - шығарылған бағалы қағаздар бойыиша жеңілдік ретінде;
• оң - шығарылган бағалы қағаздар бойынша сыйақы ретінде.
Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы кұны бойынша жасалады, сонымен бірге белгіленген сыйақы сомасы төленеді.
Бағалы қағаздарды айналысқа жеңілдік ретінде шығару:
• сатылу сомасына
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;
• жеңілдік сомасына:
Дт 1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;
• Бағалы қағаздарды айналысқа сатылу сомасына сыйақымен
шығару кезінде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигация»
2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;