Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 21:07, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.

1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу

1.2 Чектермен есеп айырысу

1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу

1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу

1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу

3.2 Құнды қағаздар

3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.



ІІІ. Қорытын

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру» шот дебеті

1020 «Кассадағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша» шот кредиті  5000 тенге - кем шығу кассир есебіне қойылды

1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот дебеті

1430 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» шот кредиті   5000 теңге - кассирдің кем шығуды өтеуі (кірістіқ кассалық ордер жазылады)

1020 «Кассадағы ұлттық қолма-қол ақша» шот дебеті

1251 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар» шот кредиті.        

           

     

3.2   Құнды қағаздар

 

Құнды қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды қағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпорация капиталын бөлісуге құқық беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағаздарды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазға ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болашақ өтілуіне байланысты. Құнды қағаздың бағасының қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғүрлым көп түсірсе, инвестордың алтын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығарған отырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Соңдықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық, өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып отыру акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы.

Түптеп келгенде, құнды қағаз саудасынан эмитентке де, сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы, өйткені, құнды қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек.

Құнды қағаз саудасы биржа қоры арқылы жүргізіледі жоне оның құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол талаптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Бұл ақпар кейде инвесторға түсетін 3 айлық немесе жылдық есептің негізінде тумақ.

Құнды қағаз саудасын қолма-қол жеткізуге биржа көбіне брокерлер жалдайды да, оған түскен пайдадан жалақы төлеп тұрады. Сол сияқты бұл іске дилердің тартылуы мүмкін. Бұлардың екеуі де делдалдан айырмасы дилер жалақы алмайды, түскен пайдаға белгілі мөлшерде еншілер.

Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелеңдіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек болады. Әрине азаматтар ақшасын кәсіпорыңдарынатікелей өздері салуына да болады, бірақ инвестициялық жекешелендіру қоры (ИЖҚ) одан гөрі тиімдірек, оның қызметкерлері коньюнктураның қүйтырқысын жақсы біледі, оның үстіне олар облигацияны анағүрлым арзанға сатып алуы мүмкін.

Бүгінде Қазақстан үкіметі көптеген кәсіпорындарын дотация арқылы және болымсыз процентпен несие берумен ұстап отыр. Ертең олар жекеменшікке ауысқанда соларға кеткен қаржы әлеуметтік салаларды қамтамасыздандыруға жұмсалмақ. Сондықтан елдің экономикасьш көтеруде құнды қағаздың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша құнды қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.

Құнды қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы кұнды қағаздар рыногын дамыту бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады.

Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізеді. Өйткені құнды қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол фактордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

Құнды қағаздар рыногындағы негізгі қаржылық құрал -акциялар мен мемлекеттік құнды қағаздар.

Құнды қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден, құнды қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.

Екіншіден, құнды қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын кұжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.

Үшіншіден, құнды қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, құнды қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

Сонымен қатар құнды қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиет-терімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

   Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы кағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға - бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.

Бағалы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі - бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төмен жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы. акция - бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы   қағаздар   жоғарыда   айтылғандай   белгілі   бір   сипаттың жиынына ие.

Уақыт сипаттамасы:

   қызмет  ету  мерзімі:   айналысқа   қай  уақытта  шыгындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;

   пайда болуы:  басы өзінің бірінші  негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

Кеңістік сипаттамасы:

   қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;

   ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

   аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.

Нарықтық сипаттамасы:

                       бағалы қағаздар негізіңде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);

                       иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар - онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары — құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар - құқық онда аталған адамға тиесілі.

                       шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;

                       меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;

                       айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;

                       бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;

                       тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;

                       табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;

                       қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма.

Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімді - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:

                       қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;

                       ұзақ   мерзімді,   айналымда   бір   жылдан   жоғары   мерзімде жүреді.

Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б).

Инвестициялык емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:

   мемлекеттік;

   муниципалдық;

   мемлекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.

Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.

Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне болінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

   әр түрлі активті меншікке алуға;

   уақытша пайдалануға.

Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу