Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 21:07, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.

1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу

1.2 Чектермен есеп айырысу

1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу

1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу

1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу

3.2 Құнды қағаздар

3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.



ІІІ. Қорытын

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

     Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен расталынады.

     Көшірмедегі әрбір түзету  атқарушы  мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылады және банк мөрінің  таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қой,ан операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген календарлық штемпілі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі.Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін  немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.

Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келітіріліп отыр.

Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредитінен 1260 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040-шоттың дебеті және 4170- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.

Занды тұлға — шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъектосы жөніңде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.

Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.

Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" — шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:

1010 - "Кассадағы ұлттың валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты - кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

2110- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты — сатылған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

3510- "Тауарлы-материалдық босалқылармен жабдықтау үшін алынған аванстар", 3510 - "Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар" шоттары — сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.

     1010- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

    3310 - "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шоты — алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының төлемақысына;

    1010 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты - еңбек ақыға, іс-сапарларға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

    2210- "Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар",2210 - "Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар", 2210 -"Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаларға салынған инвестициялар" — шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына;

1120- "Акциялар", 1130 - "Облигациялар", 1050- "Басқа да қаржылық инвестициялар" шоттары — сатылып алынған акциялар (қайта сату үшін), облигациялар, банктердегі депозит шоттарына салынған салымдарына;

1610 - "Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар", 1610 - "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар" шоттары — жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;

3010 - "Банктер несиелері", 3020 - "Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер" шоттары — есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

4120 - "Еншілес серіктестіктерге қарыздар", 4140 - "Тәуелді серіктестіктерге қарыздар", 4130- "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалрға қарыздар" шоттары — еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;

3130 - "Қосылған құн салығы", 3140- "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шоттары — салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;

4210 - "Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі" - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын телегенде;

3110 - "Төленетін ағымдағы табыс салық" - бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.

 

 

 

 

          2..2  Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:

а)              ұлттық;

б)              еркін  айырбасталатын  (шетелдік басқа  валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);

в)               тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);

г)              клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өза-ра  есепке  алу  негізінде   қолма-қолсыз  есеп айырысуға   қатысушылар  келіскен   валютада)  операциялар жасайды.

          Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

      Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы   №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.

       ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.

Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:

1)  Валюталық шотты ашу туралы етініш;

2)  Құрылтай құжаттарының нотариалды растәлған кешірмесі;

3)  Әкілетті тұлғалардың қойған  қолдары  мен  мөртабан белгісінің үлгілері;

4)  Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      5)Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.

       Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.

Занды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.

Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.

Заңды түлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Үлттық банкіде тіркелгені женінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.

Резиденттер мен резидент еместер арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.

24 желтоқсан 1996 жылғы "Валютаны реттеу туралы" Зандарына және 31 наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген "Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне" сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына кешуін (орын ауыстыруын) қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.

Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:

-  резидент еместерден 120 күннен астам мерзімге алынған несиелер, лизингіні де қоса алғанда;

-  резидент еместердің экспорттык-импорттық мәмілелеріне сәйкес алған несиелері;

-  резидент еместердің төлем ретінде интеллектуалды меншік объектісін толық әрі айрықша құқын берген жағдайда;

-резидент еместердің төлем ретіңде қозғалмайтын мүлікке қатысты мүліктік құқын берген жағдайда.

Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Занды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мең қосымшадары туралы хабарлап отыруға міндетті.

Капитал қозғалысына байланысты қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына кәшуін (орын алмастыруын) қарастыратын валюталық операциялардыңтүрлері тәртіп бекітілгенкелесітәртіпбойыншажүргізіледі: 120 күннен астам мерзімге несиелер (кредиттер) алу; 120 күннен астам мерзімге жасалынған экспорттық-импорттықмәмілелерге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру; инвестициялар; мүліктік және қозғалмайтын мүліктерге қатысты басқа да құқықтарға төленетін аударымдар болған жағдайда жүзеге асады.

Занды тұлғалар — резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолындд бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылықжәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетелдікбанктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетеддік зандытұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада (рьшогъінда) теңгеге сатып алынған валюта.

Занды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін және қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін занды-тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапарының шығыстарына жасалған сметасы, жалақы төлеу туралы өтініш т.б.).

Заңды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.

Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

Резидент — занды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.

Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.

 

 

 

Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару " Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отьф.

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 1050 -"Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша" және 1050- "Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" — шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа да құжаттардың негізіңде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу