Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 21:07, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.

1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу

1.2 Чектермен есеп айырысу

1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу

1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу

1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу

3.2 Құнды қағаздар

3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.



ІІІ. Қорытын

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

Валюталық бақылау. Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

Валютамен операциялар жөнінде.гі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жургізілуге тиісті.

Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Шетел валютасын сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

Заңцы тұлға - резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Занды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар экспорті төлем, сондай-ақ несие (кредит) немесе инвестиция ретінде занды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

Занды тұлға – резиденттер пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқада түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді,

Өкілетті банкілерден шетел валютасың сатып алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы қарастырылады.

 

Ретгтік

Шаруашылық операцияларылық мазмұны

Сомасы, мың теңге

Шоттардың корреспонденциясы

 

 

 

 

 

 

дебет

кредит

1

2

3

3

4

1.

Кәсіпорын өкілетті банкітс валюта сатып алу үшін қаражат (АҚШ доллары) аударды 1 доллар үшін биржалық бағам 153,2 теңге. Валютадағы сома 51804,83 доллар

7936500

2810

1040

2.

Өкілетті банк валюта биржасына 0,05% (теңгемен) комиссиялық шығындарды есептен шығарды (7936500 х 0,05:100)

3968,28

7210 «Жалпы

және әкімшілік шығындар»

1260

3.

Валюталық шотына конвертгелетін сомасын (доллар мөлшерінде 51804,83) аударды. 1 доллар үшін алынған бағам 153; теңге құраған.

7957221,8

1050

2180

4.

Айырмасы есептен шығарылды

5500

2180

6130

 

1050 шоты бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға сәйкес жазылады.

1050 шотының дебеті  келесі   шоттардың  кредитімен корреспоңден-цияланады:

1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;

1210 «Алынуға тиісті борыштар» - тиелген өнім қолма-қол ақша валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасы;

6250 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығына сомасына 1050 шотының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспондецияланады:

1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;

4110 «Жабдықтаушылармен және мердәгерлермен есеп айырысу» - жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактурлары) инвойсы төленеді;

7410 «Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.

 

1.  Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және қатаң есеп берудің бланкілерін түгелдеу

Кассаны түгелдеу кезінде қассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды

Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметгерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарыіі түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

Жол үстіндегі ақша қаража.тарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларынатүсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталықжәне арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Ақша қаражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдықтарымен салыстыру арқылы жасалады.

Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артық шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030,1070, 1010, 1020 шоттары дебеттеліп, 6130 шоты кредиттеледі.

Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды қағаздар өтеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:

1260 шоты дебеттеліп, 1030,1070,1010,1020 шоттары кредиттеледі.

Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 1260 шоты кредиттеліп,1251 шоты дебеттеледі, яғни 2940 шоты жабылады.

Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 2940 кредитінен 7440 шоттың дебетіне есептен шығарылады.

 

 

 

                      3.1  Ақшалай қаражат қозгалысын ішкі бақылау,

                                   ақшалай қаражатты түгендеу.

 

         Ақшалай қаражат козғалысын ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау; субъектінің қаржылық саясатына болуын қамтамасыз ету; бухгпалтерлік шоттарда көрсетілген мәлеметтердің шүбасыз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.

         Ақшалай қаражатты онай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұксат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Акшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынандай функцияларды орындау тиіс:

      ақшалай қаражатты жеке сақтау мен жеке есептеу;

      қолма-қол есеп айырысу жасалған операциялардың барлығың есептеу;

      касса тек қажетті қалдықты сақтау;

      кассадағы қалдықты мезгіл-мезгіл тексеріп есептеу;

      ақшалай қаражатты физикалық бақылау.

      түсімді бақылау.

      ақшалай шығындардарды бақылау.

      кассалық қалдықты салыстыру.

      есеп шоттардығы ақшалай қаражатты бақылау.

      кассалық қалдықты салыстыру.

      есептіқ (валюталық) шоттарды салыстыру.

          Кассадағы ақшалай қаражатты кассада деп, саналатын ақшалай қаражаттың бар жоғын айқындау және қатаң есептегі банктерді парақтау шығу жолымен түгендейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

          Кассаны түгендеу кассалық операцияларды жүргізудің шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен және жете дайындалған Ережелерге сәйкес өткізіледі. Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер ( авиа және темір жол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу, әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатың басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі. Түгендеу басталғанға дейін ( бірнеше касса болған жағдайда) олар мөрленіп жабылады. Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп жасап, ақшалай қаражаттың қалдығын кассалық кітап бойынша шығарады. Кассирден барлық кірістік және кассада кіріске алынбаған және есептен шықпаған сома жоқ деген қолхат алынады. Ақша саналғаннан соң кассадағы ақшалай қаражатты түгендеу актісі жасалады. Алынған түгендеу қорытыңдысы бухгалтерлік есептің мәлеметтермен кассалық кітап бойынша салыстырылады. Актіде кассирдің табылған бұрмалаулар туралы түсініктемесі мен түгендеу қорытыңдысы бойынша бұдан былайғы шешімі туралы субъект басшысының қарары (резолюция) жазылады.

         Акт ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін колданылады. Комиссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу, комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамға қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттарының сақталуы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамнан қолхат алынады.Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсыған материалдарға жауапты ( қолма-қол ақшаны, ақшалай құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты адамға және бухгалтерияға).

          Түгендеуді өткізгенде мыналарды тексеру қажет: кассирмен толық материалдық жауапкершіліқ туралы шарт жасалды ма немесе « Кассирдің міндетемесі» алынды ма, кассаның жарақтаңдырылуы сейф кілтінің көшірмелері сақталатын талаптарға сай ма»?

          Мысалы: Кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кірістік кассалық ордер жазылады және олар мынандай жазбалармен рәсімделеді.

         1020 «Кассадағы ұлттық валютағы қолма-қол ақша» шот дебеті

6280«Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыс»  150  теңге

 

Егер кассаны түгендеу кезінде 5000 теңге кем шығу табылса, мұндай жағдайда:

-анықталған кем шығу сомасына шығындық кассалық ордер жазылады

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу