Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа

Краткое описание

Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік когам қызметін ұйымдастыру.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)
  1. Стратегиялық сипаттағы қателіктер;

     2.Жалпы менеджмент  проблемалары;

     3. Қаржы  есептік  жүйе мен тәжірибедегі кемшіліктер;

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер тобының өз ісін ашу және жеке бизнеспен айналысуға ұмтылу сипатына ие болады. Бірақ бүгін сол құрылған фирмалардың азы ғана пайданы және құрылыс бизнесін әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғанын айта кету керек. Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:

  • әлеуметтік –экономикалық;
  • саяси;
  • құқықтық;
  • психологиялық;
  • кадрлық;
  • ұйымдастырушылық. 

Осыған байланысты көптеген кәсіпорындардың жабылып қалуы кездейсоқтық емес, ал қалғандарының үлкен бөлігі халықтан келіп түсетін майда тапсырыстармен (құрылыста негізінен жөндеу жұмыстарымен) айналысуда. Жалпы, Қазақстандағы жеке бизнес әзірге шетелдердегідей жалпы ұлттық өнімнің қомақты үлесін өндірмейді.

Мұндай жағдайдың бір себебі елде шағын бизнестің басқарудың нысаналық жүйесінің болмауы, қарастырылып жатқан зерттеу соны дайындауға бағытталады.

Мемлекет өзінің функциясын атқаруда және экономиканы реттеуде экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістерін қолданады. Нарықтық  экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бойынша  экономиканы реформалау жағдайында, дағдарыс жағдайында мемлекеттің ролі артады, ал экономика тұрақтанған және өрлеу циклында - бәсеңдейді. Бірақ барлық жағдайда да негізгі бағыт кәсіпкерлік іске, елдің  экономикасына қалай ықпал жасау  керек екенін   мемлекет    ойластыруы керек.

Экономикалық әдістін, ең бастылары: салық саясаты, табыс пен ресурстарды  қайта бөлу, баға жасақтау, мемлекеттік кәсіпкерлік істер, кредит-финанс механизмі т.б.

Әкімшілік әдіс, тікелей әсер ету әдістері. Бұл экономикалық әдістерді қолдануға болмайтын жағдайда немесе тиімсіз болса қолданылады. Дүниежүзілік практикада әкімшілік әдістер мына салаларда тиімдірек болады:

  • табиғи мемлекеттік монополия  (темір жол транспорты, 
               энергетика, байланыс, фундаменталдық ғылым);
  • қоршаған  ортаны сақтау  және ресурстарды пайдалану, 
               осыларды жекешелендірсе  мемлекет  реттеу  функциясынан   

           айырылады;

-   сертификаттау, стандарттау, метрология;

-  әлеуметтік саясат, әсіресе тұрғындардың минималды өмір сүру параметрінің шегін анықтау (кепілді минималдық еңбек ақы, жұмыссыздарға көмек т.б.).

Кәсіпкерлік іске қолайлы жағдай жасау үшін мемлекет экономикалық саясат жүргізуі тиіс: фискалдық, ғылыми-техникалық, инвестициялық, баға, амортизация, кредит ақша және басқа да саясат түрлерін экономикалық және әкімшілік әдістерді мемлекет комплексті қолданады.

Мемлекеттің фискалдық (бюджеттік) саясаты.

Бұл мемлекеттік бюджетпен және салық салумен экономиканы тұрақтандыру және жандандыру мақсатында қолданады.

Өндіріс деңгейі төмендегенде мемлекет өзінің тұтастай сұранысын көбейту үшін, шығынын өсіреді. Ол үшін қоғамдық жұмыстар көлемін өсіреді (жол, көпір және басқа объектілер салуға, әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға) осының саддарынан көпшілік салалар мен фирмалар жұмыс көлемін өсіреді. Ал экономика өрлеген мезгілде, дағдарыс болмау үшін мемлекет керісінше өз шығындарын азайтады.

Экономиканың өрлеуіне ықпал жасау үшін мемлекет өз табысын азайтады, яғни тұрғындарын, кәсіпорындардан салық мөлшерін азайтады, кредитке процент мөлшерін төмендетеді.

Нарықтық экономикада Кейнстің теориясы бойынша өзі ұйымдасу, өзі реттеу механизмі іске асады, оны экономикалық әдебиеттерде тағылған стабилизатор деп атайды.

Олар салық төлемдерін кеміту, әлеуметтік көмекті көбейту т.б. шаралар арқылы экономиканың өрлеуін ынталандырады, ал экономика өркендеу кемелденгенде, дағдарыс болдырмау үшін стабилизатор керісінше жұмыс істейді. Қорытып айтқанда фискалдық саясат капиталистік экономиканың циклдық дамуын бәсеңдету, болдырмау  шараларына жатады.

Кредит- ақша саясаты  - бұл банклық процент арқылы мемлекеттің ақша массасы мен кредитті мақсатты басқаруы. Бұл саясаттың  бюджеттік  саясаттан  ерекшелігі  өндірістің төмендеуіне де, инфляцияны да тежеуге мүмкіндік береді. Бұл саясаттың түпкі мәні ақша массасын көбейту немесе азайту арқылы, сонымен бірге процент ставкасын өзгерту арқылы 
тұтыну  және  инвестициялық  сұранысқа  ықпал  жасайды.

Кредит - ақша саясатын Қазақстанда Ұлттық Банк, Ресейде Орталық Банк іске асырады, әсіресе қымбат немесе арзан ақша саясатын қолдану арқылы. Бұл саясатты экономикалық әдебиеттердс монетарлық саясат деп те атайды.

Ғылыми техникалық саясат. Ғылыми-техникалық прогресстің   үдеуі   экономиканы   дамытудың   және   елді индустриалды   мемлекетке   айналдырудың   күшті   факторы. Мысалы, Жапония. Мемлекеттің бірыңғай ғылыми-техникалық саясаты - бұл ғылым мен техниканы комплексті дамытуды қамтамасыз   ететін   және   оның   қорытындыларын   халық шауашылығына енгізетін мақсатты шаралар жүйесі. Бұл саясат бойынша халық шаруашылық салаларының ең басты бағытын (приоритетін) таңдау мақсат. Жалпыға бірдей приоритетін таңдау мақсат. Жалпыға бірдей приортиетті бағыт: өндірісті комплексті      автоматгандыру,      халық  шаруашылығын  электрондау,    жаңа    материалдар    және    технологиялар,  биотехнология    жасақтау.    Халық   шаруашылық   салалар арасында приоритеті бағыт машина жасау, электроэнергетика. Бұл салалар барлық салаларда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетеді. Сондықтан бұл салалар мемлекеттің көз қырында болуы парыз.

Мемлекеттің экономикалық жедел көтеру үшін қазіргі   жағдайда   ауыл   шаруашылық комплексін,  әсіресе,  өсімдік     шаруашылығын     қолдау     машина    жасау  индустрияларына  жұмыс   береді,   елдің  әл-аухаты  артады. Ғылыми-техникалық  прогресс дамуды іске асыру үшін  мына бағытта   жұмыс   істеу   керек: білім   мен  академиялық ғылымдарды  ақылға сиярлық қаржыландыру; прогрессивтік амортизациялық және инвестициялык, саясатты іске асыру; бәсекелестікті қорғау; барлық нарықтық субъектілерді ғылыми-техникалық прогрессті енгізуге ынталандыру;  халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа белсене араласу т.б. Ғылымды менсінбеген ел,  ел болмайды,  ірі елдерге отар болады.

Амортизациялық саясат - мемлекеттің жалпы ғылыми техникалық   саясатының   құрамы.   Мемлекет   амортизация  нормасын  бекіте  отырьш, оның есептелу және пайдалану тәртібін белгілеп ұдайы өндірістің сипатын даму қарқынын әсіресе   негізгі   қорларды   жаңартуды   реттейді.   Мемлекет амортизациялық саясатты жүргізгенде мына принциптерді сақтайды:

  • негізгі қорларды мезгілінде, әсіресе инфляция тұсында, қайта 
              бағалау, ал бұл біздің елімізде болған жоқ деуге болады;
  • амортизация нормасы жиі және ұдайы ұлғаймалы өндірісті 
              қамтамасыз етерлік болуы керек;
  • кәсіпорындарда амортизациялық қайтарымды пайдалану оның 
              функционалдық қажеттілігімен анықталуы керек;

- амортизация нормасы негізгі қорлардың фукционалдық 
          пайдалануына қарай жіктелуі керек, сонымен бірге олардың 
          моральдық, физикалық тозу мерзімін ескеру;

  • қолайлы жағдайда амортизацияны жеделдетуді іске асыру 
              керек;
  • амортизациялық саясат негізгі қорларды жаңартуға және ҒТП- 
              ті үдетуге ықпал жасауы керек.

Инвестициялык, саясат - бұл мемлекеттің кәсіпкерлік іспен экономикаға ықпал жасаудың басты тетігі. Амортизациялық саясат ұдайы өндірісті қамтамасыз ететін болса, инвестициялық саясат, яғни халықшаруашьшығына күрделі салымды үдету, экономиканың дамуын ұлғаймалы ұдайы өндірісті өрістетуді қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда мемлекет инвестициялық саясатты өрістету үшін әртүрлі рычагтарды пайдаланады:

- несие-қаржы және салық саясатын;

  • өндірісті реконструкциялауға, техникалық қайта қарулануға 
              инвестиция салушыларға әртүрлі  жеңілдік беру;
  • амортизациялық саясат;
  • шетелдер инвестициясын тартуға қолайлы жағдайлар жасау;
  • ғылыми-техникалық саясаттар т.б.

Мемлекеттің болашағы көпшілік жағдайда оның жүргізетін инвестициялық саясатына байланысты. Әрбір кәсіпкер еске сақтауы керек:

  • егер амортизацияны жеп қойса өндіріс құриды;
  • егер негізгі қордың орнын толтыру амортизациялық қайтарым 
            деңгейінде болса, оның экономикасы тоқырау деңгейінде, яғни 
             жай ұдайы өндіріс болады;
  • ал амортизация қайтарымы сыртына қосымша инвестициялық 
             салымдар болса, онда өндіріс дамиды, яғни ұлғаймалы ұдайы 
             өндіріс қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Акционерлік қоғамдардың  дамуы және  оның экономикалық тиімділігін арттыру үшін  олардың жалпы  қандай мағына білдіретінін, мазмұнының субъектілері мен объектілеріне ашып  түсінік беріп өттік.

Акционерлік қоғамдар  мемлекеттің экономикасындағы алатын орны жоғары болғандықтан, мемлекет олардың қызметін жүйлі түрде бақылап отырады. Оның бір мысалы әлемдік нарықта болып жатқан қаржылық дағдарысқа байланысты мемлекеттің  отандық банктердің акцияларын сатып алуы. Мемлекет бұл арқылы банктердің қызметін алдағы уақытта да қадағалап отырады.

«Самал» акционерлік қоғамы тұрақты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі инженерлік – техникалық қызметтері, көптеген материалдық ресурстары бар ірі мекеме.

«Самал» акционерлік қоғамының экономикалық–тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізгенде қор қайтарымдылығы 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, мұның себебі акционерлік қоғамда өндірілетін өнімдердің даму көрсеткіштерінің тенденциясын көруге болады. «Самал» акционерлік қоғамына жасалған  SWOT талдау жасалынды.

Акционерлік қоғамдардың одан әрі дамуы үшін ұсыныстар жасайтын болсақ, олар:

  • акционерлік қоғамдарды озық техника-технологиялармен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдауды жетілдіру;
  • өндіріс орындарын лизинг арқылы шаруашылық техникалармен және жабдықтармен қамтамасыз ету:
  • өнім өткізу каналдарын кеңейту және оны жетілдіру керек;
  • «Самал» акционерлік қоғамына жасалған  SWOT талдау көрсеткендей қоғамның басты бағыттарын жетілдіру қажет.
  • акционерлік қоғамдарға  мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Акционерлік  қоғамдар заңды тұлға ретінде бола отырып, экономика мәртебесінің тұрақтануына себепкер болатын сектор. Сол себепті акционерлік қоғамдарды алға бағыттауымыз қажет.

Қазақстан аса ірі аграрлы ел. Жеріміз кең байтақ. Жайылымдарымыз жетерлік. Нарықта әлемдік жетекші орынға қол жеткізуге  қабілетті.

Сондықтан да қарыштап дамып келе жатқан еліміз бен оның экономикасын одан әрі дамыту өз қолымызда.   

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. « Акционерлік қоғам » туралы заң, 2003 жыл 13 мамыр
  2. Казамбаева. А.М «Қаржы нарығын дамытудағы акционерлік қоғамдардың рөлі мен мәні» //Ғылым және білім,  2007 жыл  № 2.
  3. В. Площай  «Акционерлік қоғамдардың құжаттары: коммерциялық ұйымда іс – қағаздарын жүргізу жарғысы» //Қазақстан іс – қағаздарын жүргізу, 2009 жыл №2.
  4. «Акционерлік қоғамның құрылтайшылық құжаттары» Жарғысы //Қазақстан іс – қағаздарын жүргізу, 2009 жыл №3.
  5. « Акционерлік қоғамдарды басқару құрылымы » //Заң, 2002 жыл №3.
  6. «Шет елдердегі акционерлік қоғамдардың даму тарихы» //Заң, 2002 жыл №6.
  7. С. Акимбеков « Американские горки » //Континент, 2008 год № 19.
  8. А.А Абдрешов «Коносукэ  Мацусита: Жапон кәсіпкерлерінің патриархы» //Ақиқат, 2001 жыл № 3.
  9. О. Черковец  «Китай и США: новые грани противостояние» //Экономист, 2006 год  № 2.
  10. Л. Водачек  «Система оценки и вознаграждения исполнительных  органов акционерных компаний » //Менеджмент в Россий и за рубежом, 2009 год  № 2.
  11. Рахымбаев. А.Б  « Менеджмент», Алматы,2007 жыл.
  12. Оразалин. К.Ж « Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2008 жыл.
  13. Ходжаниязова.Ж.Т  « Нарықтық экономика», Астана, 2007 жыл.
  14. Жүнісов. Б, Мәмбетов.Ү, Байжомартов.Ү  «Нарықтық экономика негіздері», Алматы, 2001 жыл.
  15. Исатаев. Ж  «Сыр бойында ет және сүт өндіруді арттырудың кемелді мәселелері» //Агроинформ, 2008 жыл № 9. 
  16. Глущенко. Е.В  «Анализ законадательной и иной нормативно- правовой базы специальных налоговых режимов в странах развитий экономики» //Транзитная экономика, 2008 год  № 4.
  17. Құлпыбаев.С; Ілиясов.Қ.Қ  « Қаржы» , Алматы, 2005 жыл.
  18. Иссык.Т; Копытин. А; Косолапов. Г; Кокбасарова. Г  «Корпоративное управление», Алматы, 2009 год.
  19. Қалдыбаев. А.Е «Корпоративный секретарь  в акционерных обществах» // Рынок ценных бумаг Казахстана,  2008 год  №8.
  20. Курманова. Л.К  «Қазақстанның корпоративті басқару моделін таңдаудағы мәселесі» //Транзитная  экономика, 2009 жыл  № 2.
  21. Яновская.О.А ; Никифоровна.Н.В  «Корпоративное управление», Алматы «экономика»,  2005 год.
  22. Хожаназарова. Қ  « Маркетинг негіздері», Алматы  2000 жыл.
  23. Мамыров Н.К; Ихданов Ж «Государственное регулирование экономики в условиах Казахстана», Алматы  2002  год.                                                                                                                                                                        
  24. «Самал»  ЖШС 2010-2012 статистикалық негізгі көрсеткіштері

Информация о работе Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру