Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа
Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36
Акционерлік қоғамның құрылтайшылары болып – қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдары,
сондай- ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционері бола алмайды.
Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы бола алады және оның акцияларын сатып ала алады. Қоғамның құрылтайшылары жалғыз тұлға бола алады және қоғамның құрылтайшылры қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлердің жалпы жиналысында мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады, ал қоғамды бір адам құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай жеке- дара қабылдайды.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір
дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленсе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен расталады.
Құрылтай шартында енгізілуге тиіс талаптар мыналар:
Құрылтай шартында ( жалғыз құрылтайшының шешімінде ) жазылған
мәліметтер, егер шарттың өзінде ( жалғыз құрылтайшының шешімінде ) өзгеше көзделмесе, коммерциялық құпия болып табылады. Құрылтай шарты (жалғыз ұүрылтайшының шешімі) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қоғамның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуге тиіс. Құрылтай шартының (жалғыз құрылтайшы шешімінің) қолданылуы жарияланған акциялардың шығарылуымемлекеттік тіркелген күннен бастап тоқтатылады.
Құрылтай шартының жасалу тәртібі бойынша – құрылтай шарты әрбір
Қоғамда акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті, ал акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тізілімі жасалғаннан кейін шығарылуы және өткізілуі мүмкін. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында қоғамның жылдық қаржы есептілігі бекітіледі, өткен қаржы жылындағы қоғамның таза табысын бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері белгіленеді.
1- Сурет «Самал» акционерлік қоғамының басқарушылық құрылымы
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мына мәселелер жатқызылады:
Шешім қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді басқа органдардың, лауазымды адамдардың және қоғам қызметкерлерінің құзыретіне беруге жол берілмейді. Егер жарғыда өзгеше белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша қоғамның өзге органдарының кез-келген шешімінің күшін жоя алады.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы, шешім қабылдау қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының құзіретіне жатқызылған, басқа да мәселелерді қарауға құқылы.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
2- Сурет «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық құрылымы
Еңбекақы бұл- орындалған
жұмыстың белгілі – бір санына
және сапасына берілетін
Еңбекақының нақты көлемі өндірісте, нарықта қамтылатын түрлі факторларға: жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арақатынасына, білімі, жасы, заңдық шектеулерге және жұмысшылардың қоғамдық психологиясына байланысты.
1-кесте
Қызметкерлердің жалақы қоры мен орташа айлық жалақысының динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2010жыл |
2012жыл |
2012/2010 ж % қатынасы |
Қызметкерлердің жалақы қоры, мың теңге. Соның ішінде: |
140330,8 |
149250,0 |
156614,9 |
111,5 |
әйелдерге есептелгені |
14255,3 |
16200,0 |
17396,2 |
122 |
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы.мың теңге |
25870 |
30440 |
36331 |
140,4 |
Соның ішінде: әйелдер |
18600 |
21355 |
25887 |
139,2 |
Бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорындағы қызметкерлердің жалақы қоры 2012жылы 2010 жылмен салыстырғанда 11,5% ға өсті, соның ішінде әйелдерге есептелген жалақы мөлшері 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 22% ға өсті. Ал бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 40,4% ға өскен,соның ішінде әйелдердің жалақысы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 39,2% ға өскен.
«Самал» акционерлік қоғамында да еңбекті ұйымдастыру арқылы, қызметкерлердің жұмыс уақытын тиянақты пайдалануы қатаң қадағаланып отырады.
Кестеден көріп отырғанымыздай барлық қызметкерлермен істелген жұмыс 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 33,3% ға жоғарылаған,адам- күн саны 42,8 % ға өсті, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда адам-сағат 28,2% ға өскен. Соның ішінде әйелдермен істелген жұмыстың адам – күн саны 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 53,8 % ға жоғарылады, ал адам- сағат 129,8 % ға жоғарылаған. Қызметкерлердің тізімдік саны 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 35% ға жоғарылаған.
2-кесте
Қызметкерлердің күнтізбелік уақыт қорын пайдалану динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010% қатынасы |
Барлық қызметкерлермен істелген жұмыс, адам- күн |
70157 |
85190 |
100223 |
142,8 |
Барлық қызметкерлермен істелген жұмыс, адам- сағат |
547248 |
596360 |
701600 |
128,2 |
Соның ішінде: Әйелдермен істелген жұмыс |
||||
Адам-күн |
10475 |
13700 |
16114 |
153,8 |
Адам- сағат |
86856 |
95880 |
112800 |
129,8 |
Қызметкерлердің тізімдік саны |
311 |
336 |
420 |
135 |
Кадр саясатын дамыту мақсатында «Самал» АҚ жоғары оқу орындарында жас мамандарды оқытып, оларға оқу ақысын және шәкіртақы төлеуді жүзегі асырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бизнестін әлеуметтік жауапкершілігін көтеру жөнінде берген тапсырманы орындау мақсатында «Самал» АҚ жетім жесірлерге, мүгедектерге, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына демеушілік көрсетіп тырады. «Самал» АҚ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауын жүзеге асыруға бағытталған 2010 жылғы іс-қимылдар жоспары «Жол картасына» сәйкес аймақтарда жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясына белсенді үлес қосуда. Сонымен қатар 2012 жылы мекеме есебінен 5 жоғары білікті маман даярланды.
Қазақстан бойынша бұл «Самал» АҚ ең жоғары деңгейде жұмыстарын атқару үстінде, алға қарайда бұл көрсеткіш жоғары көтеріледі деп жоспарлануда.
Кәсіпорынның экономикалық- әлеуметтік тиімділігін бағалау үшін қажетті көрсеткіштер болып мыналар табылады: Негізгі құралдар – өнім өндіру процесіне ұзақ уақыт бойы өзінің натуралдық формасын сақтай отырып қатысатын және өзінің құнын өндірілген өнімге бөлшектеп аударатын өндіріс құралдарының жиынтығы айтады.
Негізгі қорларды олардың құнын өнім шығаруға кеткен шығындарға қосу арқылы қалпына келтіру амортизация деп аталады. Амортизацияның жылдық сомасының негізгі корлардың құнына қатынасы амортизация нормасы деп аталады.
3-кесте
Кәсіпорынның негізгі құралдар динамикасы
Көрсеткіштер |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010 % қатынасы |
Негізгі құралдардың барлығы,мың теңге соның ішінде: |
425530 |
590400 |
745532 |
174,49 |
Ғимараттар |
212765 |
307008 |
408392 |
191,94 |
Транспорт |
97871,9 |
123984 |
178207,68 |
182,08 |
Басқа да негізгі құралдар |
114893,1 |
159408 |
155931,72 |
135,71 |
Амортизациялық төлемдер |
250220 |
300535 |
381665 |
152,53 |
Негізгі құралдардың бастапқы сомасы |
675750 |
890935 |
1124197 |
166,36 |
Кестені қорытындылайтын болсақ, негізгі құралдар 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 74,19% ға өскен, соның ішінде осы жылдар аралығында ғимараттар 91,94% ға, транспорт 82,08% ға, басқа да негізгі құралдар 35,71% ға , амортизациялық төлемдер 52,53% ға жоғарылаған. Ал негізгі құралдардың бастапқы сомасы 66,36% жоғарылаған.