Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа
Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36
Жоспар
Кіріспе.......................
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының
ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін
талдау........................
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында
қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші....................
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.
Біздің елімізде де осы жүйе орын алуда. Шаруашылықтардың акционерлік қоғам формасында қалыптасуы, бұл елдегі өндірістік күштердің дамуы мен нарықтық қатыныстардың талаптарын айқындайтын обьективті сипатта болуымен айқындалады.
Республикамызда акционерлердің даму қарқыны бұл олардың өзара бірігіп жасаған өндірістік қатынастары, қызметері негізінде жүзеге асырылып отыр.
Акционерлер үшін ақшалай капиталды тарту салықтардағы өзінің артықшылығының арқасында дамыған акционерлік қоғамның капиталдарының бірігу ауқымын кеңейтіп, көлемді арттыру тиімді. Осы арқылы акционерлік қоғамдарға жаппай өндірістік технологияларынан артықшыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Сол себепті акционерлік қоғамның мөлшері еңбек ресурстарын пайдалануда жоғары кәсібилікті жүзеге асыруына мүмкіндік туады. Егер де шағын бизнесті басқарушы өзінің уақытын өндіріс, бухгалтерлік есепке, нрықтағы іс – қызметке жұмсайтын болса, ал ірі акционерлік қоғамдар әрбір сала бойынша арнайы маман кадрларды тартып, жоғары тиімділікке қол жеткізу мүмкіндігіне ие бола алады.
Акционерлік қоғамдарды
дамыту мемлекеттің негізгі
Сондықтан елімізде күннен – күнге дамып келе жатқан өндірістік қаржылық жағдайымен нарықтық экономика елдегі акционерлік қоғамдардың дамуы мен белсенді қызмет етуін талап етеді.
Себебі акционерлік қоғамдар бизнесті ұйымдастырудың айтарлықтай толық және заманауы формасы болып табылады.
Акционерлердің қызметі 2003 жылы 13 мамырда қабылданған «Акционерлік қоғам » туралы заңымен реттеліп отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты – акционерлік кәсіпорындардың дамуын зерттеп және олардың экономикалық тиімділін сараптап талдау жасай отырып, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – «Самал» акционерлік қоғамы. Акционерлік қоғам өнірдегі алдынғы қатарлы өндіріс ошақтарының бірі болып табылады.
Акционерлік қоғам қазіргі қолда бар өндірісті диверсификациялау барысында нақты әрекет етіп, өзінің өндірістік қуатын үнемі арттырып келеді.
Акционерлік қоғам бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру үшін алдына мақсат қойып отырады. Олар: қоғамды білікті кадрлармен қамтамасыз ету; жергілікті халықты жұмыспен қамту; сапаны үнемі жоғары деңгейде ұстау; әлемдік нарыққа ұмтылу; қоғамды озық технологиялармен қамтамасыз ету; алдағы уақытта өндірілетін өнімнің ассортиментін жоғарылату; еңбек тиімділігі үшін жұмысшыларды ынталандырып отыру.
Осындай мақсаттарды пайдалана отырып қоғам өзінің тұтынушыларын жоғары деңгейде, қолжетімді түрде өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет ету үстінде. Мұның барлығы «Самал» акционерлік қоғамының табыс алу мүмкіндігі мен қоғамдағы беделін одан әрі жоғарылата түспек.
Зерттеу үрдісінде теориялық талдаулар және экономикалық талдаулар (теориялық тұжырымдамалар, абстрактілі-логикалық, салыстырмалы), құқықтық нормативтік әдістері қолданылды.
1-тарау «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» Акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін, қаражат тарту
мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Шаруашылықтың
акционерлік формасының
Республикада акционерлердің өзара қарым-қатынасы шаруашылық реформаларды жүзеге асыру барысында өндірістік қатынастардың жүйесіндегі жалпы өзгерістер шеңберінде дамуда. Бұл өзгерістердің мәні шаруашылық үшін қажетті жағдайлар туғызу болып саналады, яғни әрбір адам, жұмысшылар ұжымы өз істерінде иелік етуші ретінде және еңбек арендалық нәтижелері мен өндіріс құралдарының иесі тұрғысынан сезінуге мүмкіндік беріп, бұл құралдарды өзінің тікелей үлесін алуға жағдай жасауы қажет. Шаруашылықтың акционерлік формасын құруды ұсыну бірден бір себеп тұтыну сұранысынан халықтың табысының ақшалай бөлігін басқа салаларға шоғырландырып, оларды жинақтауға бағыттап, соңында тауарлар мен қызметтерді жеткізу мақсаты болып табылады.
Республикада қалыптасқан
Акционерлік қоғамдардың іс-
«Самал» Акционерлік қоғамының
2000 жылғы 17 тамызда құрылған. ««Самал»
Акционерлік қоғамы қазіргі қолда бар
өндірісті деверсификациялау барысында
нақты әрекет етіп,өзінің өндірістік қуатын
үнемі артырып келеді.Сондай ақ, алдағы
уақытта ауқымды жобалармен сапалы жұмыс
істеуді қажет ететін әлемдік нарыққа
ұмтылады.
Ел басының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес агро өнеркәсіп кешенің дамыту жұмыстары шенберінде «Самал» АҚ мен КазАгроФинанс АҚ сүт өндіру кешені желісін құру және дамыту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және өндірістен тұтынушыға қағидасына сәйкес куріш,сүт,шұжық өнімдерін өндірудің кластерлік жүйесі бойынша жұмыс істеу жолға қойылды. Акционерлік қоғамда германдық технологиямен жабдықталған шұжық цехы жұмс істейді. Мұнда етті бастапқы өндеу үшін озық технологиялар қолданылады. Зауыт ауысымына 2 тонна шұжық өнімдерінің 15-тен аса түрін шығарады. Мұнымен қатар германдық технологиялармен жабдықталған қуаты ауысымына 2 мың литр шағын сүт цехы алты түрлі сүт өнімін дайындайды. «Самал» Акционерлік қоғамында Оңтүстік Кориялық технологиялармен жабдықталған Korea Industrial CO LTD сағатына 5,5 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмыс жасайды. Кластерлік жұмыс бойынша жоғары сортты өнімдер шығару арқылы біздің күріш Ресей, Белоруссия , Тәжікстан және Украина мемлекеттерінде жоғары сұранысқа ие болып отыр. Жыл көлемінде қоғам 749,4 миллион теңгенің өңделген азық түлік өнімдерін тұтынушыларға ұсынды, оның ішінде 124.7 миллион теңгенің өнделген азық түлік өнімдерді экспортқа шығарады.
Нарықтағы бәсекенің басты элементі болып тұтынушы оның көмегімен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар немесе өнім болып табылады.
Өнімнің сапасы – бұл оның мәніне сәйкес белгілі – бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға өнімнің жарамдылығын негіздейтін қасиеттердің жиынтығы. Өнімнің сапасы тек техникалық тауар тану емес, сонымен қатар экономикалық категория ретінде де қарастырылады. Экономикалық категория ретінде өнімнің сапасы тұтыну құнымен тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны бұл тауарлардың пайдалылығы болса, ал өнімнің сапасы оны пайдаланудың нақты жағдайында тұтыну құнының пайда болу деңгейі. Өнімнің сапасы экономикалық категория ретінде келесідей қызметтер атқарады:
Сонымен қатар өнімнің сапасы бұл сол өнімнің бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Өнім сапасы деңгейі – бағаланатын өнімнің техникалық және эстетикалық жетілдірілуі мен пайдалану қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мәнін сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндерін салыстыруға негізделген өнімнің салыстырмалы сипаттамасы. Өнімнің сапасы деңгейін бағалау- бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдауды өнім сапасын бағалау кезінде осы көрсеткіштің маңыздылығын анықтауды кірістіретін операциялардың жиынтығы.
Сондықтан да әр тарапты кәсіпорынның жұмысын одан әрі жетілдіру үшін және мемлекет аумағында ғана емес, бәсекеге қабілетті әлемнің елу елінің қатарына қосылып , Дүнежүзілік сауда ұйымына кірген кезде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу мақсатында РЗА акционерлік қоғамында Халықаралық стандартының Сапа менеджменті жүйелерін енгізілген.
ИСО 9001: 2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджменті, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 22000-2006 Тамақ өнімдерді қауіпсіздігінің менеджменттінің жүйелері бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге , күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға байланысты іс шаралар жүргізіп, оларға ие болды. Сапасын үнемі жоғары деңгейдк ұстау «Самал» Акционерлік қоғамының айнымас стратегиялық бағытының негізіне айналып отыр. Биыл 2010 жылмен салыстырғанда күріш 1000 га, арпа 280 га , жоңышқа және сүрлемен жүгерінің көлемі екі есеге артты. Осының нәтежеінде қосымша 100 жұмыс орны ашылды. «Самал» акционерлік қоғамы 400-ден аса адам қызымет атқаратын техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол құрылыс монтаж жұмыстарымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін және өндейтін әр тарапты кәсіпорын. «Самал» акционерлік қоғамы қөлік кешенімен айналысатын «Курорт Транс» ЖШС құрғаның атап өткен жөн. «Курорт Транс» ЖШС замауи талаптарға сай ауылшаруашылығы және құрылыс салаларында қызымет көрсететін өндірістік қуаты жоғары техникалар жинақталған.