Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа

Краткое описание

Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік когам қызметін ұйымдастыру.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

Қалдық құн- бастапқы немесе қайта қалпына келтіру құнымен тозу сомасының айырмашылығын, яғни өнімге әлі аударылмаған негізгі құралдардың құнын білдіреді.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік корлары келесідей сатылардан тұратын шаруашылық айналым жасайды:негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды қайта қалпына келтіру үшін қаражат жинақтау, күрделі салымды жүзеге асыру жолымен оларды ауыстыру.

Акционерлік қоғамның  органдарының құрылымы Азаматтық кодекстің 22 – бабында көрсетілген және «Акционерлік қоғам туралы» заңның 6 бөлімінде жүйеленген. Заң корпоративтік басқарудың жаңа құрылымын айқындайды. Акционерлердің жалпы жиналысы жыл сайын жиналып, маңызды мәселелер бойынша  шешім қабылдайды, қадағалау кеңесінің орнына директорлар кеңесі келеді. Бұл кеңес қоғамның іс-әрекетінің мәселелері бойынша стратегиялық шешімдерді қабылдауға айтарлықтай құқығы бар.

          Заңның бірден бір жетістігі  сол онда акционерлердің акцияларын  басшылықпен күштеп, мәжбүрлеп сатып  алудан қорғайды. Заңға сәйкес  қоғамның қызметінің басты мәселері  бойынша дауыс беруге мүлдем қатыспаған немесе қарсы дауыс берген акционер өзінің акциясын қоғамға нарықтық бағадан төмен емес құнмен сатып жіберуге құқылы.

           Заңның жағымды жағы болып  ең болмағанда директорлар кеңесінде  бір мүшені сайлауға акционерлерге  құқ беретін кумулятивті дауыс беруді енгізу табылады. Жалпы алғанда акционерлік форма өз алдына ерекше құқықтық, қаржылық және ұйымдық институт, бірақ та бұл форманың әлеуметтік-экономикалық мазмұны көп  жағдайда құбылып, өзгеріп отырады. Нақты акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық табиғаты қандай деген сұраққа жауап мүліктермен өзара біріккен экономикалық субъектілердің сипаттамасына байланысты.

        Акционерлік  қоғамда  бағалы қағаздарды ұстаушылардың  көпшілігі экономикалық нақтыланған  меншік иесі бола отырып, жалпы экономикалық мүдделердің жетекшісі болып табылады. Олардың алдында біріккен шешім қабылдау міндеті тұр. Акционерлік форма біріккен экономикалық қатынастардың обьективті процестерін дамытуды көрсетеді.

  Алайда дамудың басқа  да нұсқасы болуы мүмкін, яғни қатардағы акциялардың иесі өндірісті бөлу мен бақылау сұрақтарын шешуден бас тартуды қарастыруға болады. Ұжымдық меншік орнына нақты жағдайда жекелей акционерлердің өндірістік құралдарына алынған меншігі қалыптасады және топтық экономикалық мүдде жүзеге асырылады.

          Акционерлік шаруашылықтың бірлікке  меншік тұтыну заты ретінде  өзінің меншіктегі нақты экономикалық  мазмұны бойынша түрленіп отырады. Алайда қатардағы акционерде  істің ағымына жанама түрде  әсер етуге тура келеді, берілген акционерлік қоғамда  бағалы қағаздарын сату, бұл жағдайда акционерлік форма өзінің экономикалық басымдығын көрсетеді, басқа меншік құзіретіне ие болып қатысушылардың экономикалық ролдерін белсенді қайта топтауға мүмкіндік бар. Акционерлік қатынастардың кең тараған бірден бір себебі болып акционерлік форманың икемділігі өзгермелі эконоикалық ортаға бейімделгіштігі табылады.

        Қазақстанда  қазіргі таңда 10 мыңнан аса акционерлік  қоғам тіркелген. Акционерлік қоғамдарды  құрумен қызметі бойынша негізгі  мәселелерді құқықтық реттеу топтары келесілер:

  • акционерлік меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғаты;
  • мемлекеттендіру мен жекешелендірудің акционерлік           формасы;
  • мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың мүлігінің құнын бағалау;
  • акционерлік капиталдың қалыпиасуы;
  • компанияның акцияларын орналастыру критериялары;
  • акцияларды оңтайлы бақылау пакеті;
  • инвестициялық компанияның қызмет етуі;
  • экономикаға шетел инвестицияларының құюлуының тиімділігі;
  • арнайы жоба бойынша жекешелендіруді.

       Неліктен  акционерлік қоғам шаруашылық серіктестік, ұйымдық-құқықтық формасы ретінде мемлекеттердің де, жеке кәсіпкерлердің жоғарғы қызығушылығын тудырады. Бұл келесідей себептермен түсіндіріледі:

  • акционерлеу мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің формасына айналды, сол себепті мемлекет өзінің меншік құқығын барлық акцияларға немесе олардың бір бөлігін заңды және жеке тұлғаларға қайтарумен немесе қайтарымсыз негізде береді;
  • шаруашылықтың акционерлік формасы қалыптасқан кәсіпорындардың іс-қызметін коммерциялауды, мүліктік қатынастардың нақты анықтамасы және табусты дұрыс бөлуді қаматамасыз етеді;
  • ірі және орташа кәсіпорынның иесі ретінде мемлекеттің монополиялық құқығы жойылады, нәтижесінде меншіктің субъекттік, интеграцияланған формасы қалыптасады.
  • акционерлік форма жоғарғы технологиялық деңгейді сақтауға мүмкіндік береді, өнімді өткізу мен өндірістің төмен шығындылығының есебінен экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Артық және бос жатқан ақшалай қаражаттарды экономикалық тұтыну секторынан өндіріске жұмылдыру үшін жағдай жасалуда;
  • шетел инвестициясының ағымын ынталандыратын корпоративті бағалы қағаздар нарығы қалыптасады;
  • акционерлік қоғамда демократиялық принцип, яғни бір акция — бір дауыс.

       Заңның  талаптарын және соңғы жылдары  қарөынды жүргізіліп жатқан экономикалық  реформалардың ерекшелігін ескеріп, Қазақстанда акционерлік инфрақұрылым  мынадай жолдармен құрылды:

  • мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу;
  • ашық түрдегі акционерлік қоғам түріндегі инвестициялық жекешелендіру қоры қалыптасуы;
  • шетел инвестицияларын тарту;
  • қор биржасының, сонымен қатар бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының қызмет етуі.

  Қазақстан экономикасында  акционерлік қоғамның тиімді  жұмысының 

кейбір жолдарын атап өтейік. Шыны керек, отандық тауар өндірушінің де, акционерлік қоғамның да, мемлекеттік кәсіпорынның да, корпоративтердің де құрылымы бұзылған. Өндірістік шаруашылықтың субъектілерін тиімді дамыту үшін сатылы әрі жақсы ойластырылған протекционистік саясатты жүргізу керек, бірінші кезекте екі нәрсеге көп мән беру керек. Біріншіден  елімізден тыс жаққа шикізатты өткізуде экономикалық шектеу қою керек және екіншіден Қазақстанға келетін тауарларды азайту керек, өйткені біздің кәсіпорындар, соның ішінде акционерлік қоғамдар шетелден келетін тауарлармен бәсекеге түсе алмайды.

  

2.2  «Самал» Акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші

 

Акционерлік   қоғамның  құрылыс   материялдарын  қабылдап,  оларды  тиісті  жерлерге  тарату   жұмыстарын  жүргізетін  өндірістік  жабдықтау бөлімінде  жүкті  түеу түсіру апаңы, темір   жол  тұйығы,  қоймалар,  ағаш  өндеу  цехы,  кіші  мұнай  базасы,  30  тонналық  автоөлшегіш,   қуаттылығы  тәулігіне  50 м  материал  шығаратын  бетон   зауаты  бар.   Техникалық  жөндеу  қызыметін  көрсететін механикалық жөндеу шеберханасында  қосалқы бөлшетерді сақтайтын  қойма,  техникаларға арналған   жабық  гараж,  түрлі темір,  тесетін,  темір ұстасының  станоктары бар.150 авткөлік пен 75 тіркемеге  арналған  көлік  базасында  аккумулятор,   дәнекерлеу,   жабық гараждары бар.  Акционерлік  қоғамның  Арал,  Қазалы  аудандарының  мекемелері  мен  жеке  тұтынушыларға қызымет  көрсететін    мемлекеттік  стандартқа сай  зерттеу  жүргізілген  жанар маймен   қамтамасыз ететін   сыйымдылығы  4,5  тонналық  мұнай  базасы  мен  май  тарату   бекеті  жұмыс  істейді.  Жаңа  технологиямен  жабдықталған  қуаттылығы сағатына  5,5  тонна болатын  күріш өндеу  зауыты  істейді.  Мемлекеттік  62-92-93  стандартына  сай  бірінші  және    жоғары 62-92-93  стандартына  сай  бірінші  және    жоғарғы сортты   күріш  өнделеді.  Өнімдер «Янтарь», «Новатор», «Лидер», «Ақ  маржан», «Кубан -3»,  ұсақталған  күріш сорттары.  Біздің  күріш  өнімдерін Ресей, Белоруссия, Тәжікстан  және  Украина   мемлекеттері   жоғары  бағалайды.

Германдық  технологиялармен жабдықталған  қуаты  2000  литірлік  шағын  сүт цехы бар. Цех  пастерленген  сүт,  айран, қаймақ, сары  май, ірімшік және  құрт өнімдерін   шығарады.

    Еуропалық  технологиямен  жабдықталған шұжық цехы жұмыс  істейді.  Цех  ауысымына 2000 кг   шұжық  өнімдерінің  15 тен  аса   түрін   шығарады. Ондағы  еттің  сапасы  ветериналық  зертханада  тексеріледі.  Өнімдер  сертификатталған.  Өнімдер : жартылай қақталған  шұжық  өнімдері  « Краковская»,  «Одесская», Мұсылман  шұжықтары. Мәскеулік, Талинский,   пісірілген   шұжық  өнімдері « Любительская», «Чайная»,  молочный,  докторский,   ветчина,  жылқы етінен  тұшпара мен  котлеттер.  Зауыттың  басты  мақсаты  өнімнің  жоғары сапалы  қамтамасыз ету  және  әлемдік  сапа  стандарттарына  сай  өнімнің жана түрлерін игеру.

   Акционерлік қоғамда  он екі түрлі нан және макарон  өнімдерін өндіретін нан цехы  жұмыс істейді. Бір күнде 1000 кг  ұн өнімдері шығарылады.Цех жаңа  Ресей технологиясымен жабдықталған.Өнімдер  мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген.

 

4-кесте

«Самал» акционерлік қоғамында сүт өнімдері бойынша өндірілетін өнімдер көрсеткішінің динамикасы

Атаулары

2010жыл

2011жыл

2012жыл

2012/2010 % қатынасы

Сүт, литр

58422,4

71815,6

86612,46

148,2

Айран, литр

90480,3

102155

130998,2

144,7

Қаймақ, кг

10625,12

12615,7

15897,5

149,6

Сүзбе, кг

7412,8

9222

10322,67

139,2

Сары май, кг

192,6

208,4

226,2

117,4


 Бұл кестеден көріп  отырғанымыздай  кәсіпорында сүт  өндірісі бойынша көрсеткіш 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 48,2% ға артқан, 2012 жылы 2010жылмен салыстырғанда айран өнімдері бойынша 44,7% ға артқан, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда қаймақ  өнімі 49,6% ға өскен болса, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда сүзбе 39,2 % ға өскен, 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда сары май 17,4% ға жоғарылаған.

5-кесте

«Самал» акционерлік қоғамында шұжық өнімдері бойынша өндірілетін өнімдер көрсеткішінің динамикасы

 

Атаулары

2010жыл

2011жыл

2012жыл

2012/2010% қатынасы

Туралған ет, кг

2952

3507,2

4265,95

144,5

Шұжық, кг

30772,4

33310,9

35378,38

116,1

Сардельктер, кг

562

640

728

129,5

Котлет, кг

76

84

95

125

Тығыздалған шұжық, кг

6223,5

7307

8162,5

131,1

Тұшпара, кг

6378

7235

8995

141


 

Кестеде көрсетілгендей туралған шұжық еті 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда  44,5% ға, шұжық өнімдері 16,1% ға , сардельктер 29,5% ға жоғарылаған. Сол сияқты котлет өнімі 25% ға, тығыздалған шұжық 31,1 % ға жоғарыласа, ал тұшпара өнімі 41% ға өскен.

 

6-кесте

«Самал» Акционерлік қоғамында күріш өнімдері бойынша өндірілетін өнімдер көрсеткішінің динамикасы

 

Атаулары

2010жыл

2011жыл

2012жыл

2012/2010% қатынасы

Кубань, кг

298125

322910

475200

159,3

Маржан, кг

296156

316322

395000

133,3

Новатор, кг

92916

102810

116976,06

125,9

Лидер, кг

402600

482000

597568

148,4

Янтарь,кг

172422

190625

219259,47

127,2

Информация о работе Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру