Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа

Краткое описание

Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36

Прикрепленные файлы: 1 файл

Акционерлік когам қызметін ұйымдастыру.doc

— 351.50 Кб (Скачать документ)

Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыстасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және  экономикалық тиімділігі

2.1  Акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары

 

Нарықтық экономикада кәсіпкерліктің негізгі түрі акционерлік қоғамдар болып саналады. Кәсіпкерліктің бұл түрінде кәсіпорындар, мекемелер немесе жеке азаматтар келісім бойынша капиталын біржерге шоғырландыру арқылы заңды түрде тіркелген ұйым құрып және өздері бекіткен жарғы бойынша қызмет атқарады. Акционерлік қоғамдар акцияның бірнеше түрін шығаруға құқықты.

Акция – акционерлік қоғамның қаржылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын бағалы қағаздар түрі. Ол өз иесінен осы қоғам қызметіне түскен пайданың белгілі бір бөлігін дивиденд ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлігін үлестіруге қатынасуға құқық береді.

Қазіргі нарықтық  жағдайда акционерлік қоғамның қызметін жетілдірудің басты бағытын көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді. Бірінші топтағы стратегиялар:

  • өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
  • жаңа өнім өндіруді Самал;
  • нарықта өзінің артықшылығын көрсету;

Екінші топқа – стратегияның интеграицялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы акционерлік қоғамдардың  өсу жолдары жатады. Акционерлік қоғамдар қосымша бөлімшелер ашуы мүмкін, жабдықтаушыларын өз қарамағына енгізіп алу, өндірілген өнімді тұтынушыларға жеткізетін жаңа құрылымдар ашу.

Үшінші топ – бұл мақсаттылықпен қысқарту стратегиясы. Егер акционерлік қоғамның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, нарықтағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда қоғам нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.

а) жою стратегиясы – егер де кәсіпорын ары қарай өндірісін жүргізе алмайтын болса, онда өз қызметін түпкілікті тоқтатады.

ә) ұзақ мерзімді көзқарас ұзақ мерзімде пайда алуды көздемей, қысқа мерзімде, қысқа уақытта барынша пайда алуды мақсат етеді;

б) қысқарту стратегиясы – акционерлік қоғам өзінің бір бөлімшесін жабады немесе сатады. Егер де бұл бөлімше басқа бөлімшелерге қарағанда пайданы аз табатын болса, оған жұмсалатын қаржы басқа бөлімшелерді дамытуға жұмсалады.

Акционерлік қоғам стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы керек:

  • акционерлік қоғам мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне түсінікті болуы керек;
  • стратегияны орындауға қажетті қорға уақытылы жеткізіліп тұруы қажет. Бұл үшін акционерлік қоғам басшылығының әр деңгейі өзіне белгілі мақсаттары мен міндеттерін нақты орындап отырған жөн;
  • басшылық акционерлік қоғам ұйымдық жөнінде шешім қабылдау.

Қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымы тиімді ме жоқ па, осыған аса көңіл бөлінуі қажет.

Акционерлік қоғам қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономиканың дербес шаруашылық субъектісі.

Акционерлік қоғам дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып саналады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу қажет. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші – бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жақсартуды және өнімнің бағасын арзандатуды, ынталандырады, ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техникалық, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғарғы серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландыруларды тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.

Стратегиялық жоспарлау процесін қорытынды фазасының альтернативті және компания профилі өңделгенде  стратегия таңдау, стратегиялық қорытынды болу үшін талдау жүргізіледі.

SWOT бұл жерде 1 –ші жүргізілетін талдау.  SWOT- талдау,ол ағылшынша сөздердің 1- ші әріптерінің жиынтығы, strength( күш), weakness( әлсіздік), opportunity( мүмкіндік), threat( қорқыту).

Стратегиялық жоспарлау процесі фирманың әлсіз немесе күшті жақтарын және олардың бизнесіне қандай байланысты мүмкіндіктер туатынын көру үшін іщкі ортаның қорытындысы мен компания профилін салыстырады.

SWOT – талдау процесінде – менеджер екі операция жасау керек.

  1. Нақты қауіппен жиылатын табысқа жету үшін нарықтық сол сегментінде, олар бақылай алатын  компанияның профилімен мүмкіндіктерін салыстыру. Соның мақсатында – нәтижелі стратегияға сүйеніп компанияняң күшін жақсартып шығару және әлсіз жақтарын жеңу.
  2. Өз фирмасының күшті және әлсіз жақтарын басқа фирмалармен салыстырып, бәсекелестердің қандай күшті жақтары және олар осыдан қандай артықшылықтар алатынын анықтау.

Қашан  SWOT – талдау бекіткенде, менеджер бар мүмкіндіктерден максималды артықшылықтар алу үшін, фирма атынан жүретін әртүрлі стратегияны іздей бастайды

 

 

10-кесте

« Самал» акционерлік қоғамына SWOT талдау

 

Кәсіпорынның күшті жақтары

Кәсіпорынның әлсіз жақтары

  • кәсіпорын білікті мамандармен қамтылған;
  • кәсіпорынның техника мен технологиямен қамтылу деңгейі жоғары;
  • өнімді жақын шетелдерге экспортқа шығарады;
  • ауданда өнімді өндірудегі үлесі жоғары;
  • өнім өндіру ассортименті ауқымды.
  • өнімді өткізу жолдары зерттелмеген;
  • жаңа техникалармен қамтылу деңгейі  жеткіліксіз;
  • кәсіпорында мамандардың біліктілігін арттыру жолдары шектеулі.

 

Кәсіпорынның мүмкіндіктері

Кәсіпорынның қаупі

  • өндіріс орындарын шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа бағыттары қалыптасуы мүмкін;
  • жаңа өнім түрін өндіру және сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі бар;
  • мал басын көбейту және мал жайылымына қолайлы жерлердің болуы;
  • кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
  • - жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
  • - мал шаруашылығы үшін ауа-райының қолайсыз болуы;
  • - малдардың ауруға ұшырауы;
  • -өндірістік-техникалық қауіпсіздіктің сақталмауы.

 

Басқарушылық есепті құрудан бұрын алдымен кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтап алған жөн. Сыртқы ортаны талдағанда бизнестің дамуына жағымды және жағымсыз факторлар қаралуы керек.

Ішкі орта факторларының арасынан кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын бөліп қарайды. Бизнеске әсер етуші ішкі орта факторларын анықтағанда оларды салыстыру маңызды болып табылады. Тәжірибеде қандайда бір ішкі орта факторы бір кәсіпорын үшін сәтті мүмкіндік әкелсе, екінші бір кәсіпорын үшін қауіп тудыруы мүмкін.

Ұйымға стратегиялық маңызды сұрақтарды шешуде SWOT – талдау көмектеседі.

SWOT – талдау нәтижелерін  келесідей жағдайда қолданады. Анықталған негізгі факторларды талдай отырып, ең алдымен кәсіпорынға әсер ету дәрежесіне баға беру керек. Мысалы, кәсіпорынға оң әсерін тигізетін барлық факторларға (сыртқы және ішкі) қосу (+) белгісін қойып, ал теріс әсерін тигізетін факторларға  минус (-) белгісін қою арқылы бағалайды.

Осындай талдау әдістерін үнемі жасап отыру керек, сонымен қатар елдегі экономикалық жағдайлардың өзгерісін үнемі бақылап отыру қажет.

SWOT – талдауда барлық  факторларды көрсету міндетті  емес, онда тек ең маңызды факторлар көрсетіледі.

Кәсіпорын өнімдерін өткізу жолдарының негізі алынған деректермен және болашақта өткізу болжамымен қаланады.Тауар өткізуді әр айға және аптаға жоспарлайды. Егер тауарды қайта бөлу тенденциясы байқалмаса, онда басты негіз ретінде тауарларды уақытша қайта бөліп өткізуді пайдаланады. Мұндайда жылдық мөлшер щамасын 100 пайыз етіп алады да, айлық айналымды жылдық айналымның бөлігі ретінде есептейді.

Бұл жылдық жоспар өндіріс жоспарына ықпал етеді, өйткені өндіріс процесі, әдетте тауар өткізумен қатар жүреді. Дұрыстап бақылау үшін тауар өткізу жоспарын тауар өткізу статистикасы тәсілімен жасайды.

Жоспарлы сандық көрсеткіштермен жасағаннан кейін құндық көрсеткіштердің есебін жүзеге асырады, мұндайда әдетте орташа бағаға сүйенеді.

Содан кейін өнімнің жекелеген түрлері тауар өткізу аудандары мен сатып алушылар тобы бойынша өткізу шығындарының жоспары жасалады.

Осыдан кейін өндіріс құны мен сату бағасының ең төменгі деңгейі бойынша жоспарлы пайданы анықтайды. Мұнда ең көп жеңілдікті және төлем жағдайын анықтау қажет.

Осы жоспарларға сәйкес жоспарлы тапсырмалар мен барлық сатушылар үшін қосымша нұсқаулар жасалады.

Сонымен, тауар өткізу жоспары қалған барлық жоспарларды жасаудың негізі болып саналады және де әрдайым бұған мыналар енеді:

  • Мөлшерлік( сандық ) жоспар;
  • Құн жоспары;
  • Жеңілдіктер, мерзімдер және төлем жағдайлары туралы нұсқаулар.

Осы айтылғандардың барлығын ескере отырып, акционерлік қоғам үшін тауар өткізу жолдарының қаншалықты маңызды екенін байқауға болады.

Сондықтан да кез – келген акционерлік қоғам тауар өткізу нарығының кең ауқымды , ашық болуы үшін, тұрақты әріптестермен, сенімді серіктестіктермен  жұмыс жасауға талпынады. Себебі өнім өткізу нарығының кең ауқымды болуы, бұл жалпы акционерлік қоғамның қызмет ету аясының кең болуымен сипатталады.     

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 - сурет. Кәсіпорын өнімдерін  өткізу жолдары

 

Бәсеке деп – тауар өндірушілердің  өздерінің өндірген өнімдерін тиімді бағаммен тұтынушыға ұсынуда нарықтағы үлесін сақтап қалу  немесе оны ұлғайту үшін олардың арасындағы күрес

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның жұмыс істейтін нарық жағдайында тауарды жобалау, дайындау және өткізудің нақты немесе потенциалды қабілеттілігі.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі дегеніміз – кәсіпорынның қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану есебінен бәсекеге қабілетті өнім шығару қабілеттілігі.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 - сурет. Кәсіпорындардың  бәсекелестігін қалыптастыру  стратегиясы.

 

Өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторлар жеткілікті.

 

2.2 Қазақстанда  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары

 

Кәсіпкерлік қызметтің табыс критерийіне болып кәсіпорынның жеткілікті пайда және табыс табу қабілеті жатады, яғни тек өзінің шығындарын жауып қана қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең қамтамасыз етеді, өмір сүру үшін күресуіне тура келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік әлемде сирек кездеседі деуге болмайды. Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында 23,7%, алғашқы 4 жыл ішінде-51,7%, алғашқы 6 жыл ішінде-62,7% банкротқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа ұшыраудың негізгі себептері мыналар:

-экономикалық факторлар-47,7%;

-қаржылық қиыншылықтар-38,4%;

-кәсіпкерлік тәжірибенің  болмауы-7,1%;

Кәсіпкерлік ниеттің жаман болуы-3,4%;

-басқалар-3,7%;

Банкротқа ұшырау себептері сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, процент ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция, жаңа бәсекелестің пайда болуы, саладағы өзгеріс, анағұрлым жетілген құрылыс материалдары мен құрылыс өндірісі технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді жүргізе алуда, ал  басқалары сәтсіздікке ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен байланысты және оларды үш бағытта топтауға болады:

Информация о работе Акционерлік қоғам қызметін ұйымдастыру