Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 11:42, курсовая работа
Ақционерлік қоғам дегеніміз – жарғылық капиталы акцияларға аударылған шаруашылық бірлестік. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі, алдынғы қатарлы қызмет етуші обьектісі болып – акционерлік қоғамдар табылады. Сондықтан да барлық дамыған елдердегі ірі кәсіпорындар акционерлік қоғам формасында құрылып, қызмет етеді.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1-тарау. «Самал» акционерлік қоғамының қалыптасуының экономикалық көрсеткіштері
1.1 «Самал» акционерлік қоғамының ұйымдық-экономикалық көрсеткіштерін талдау..........................................................................................................................5
1.2 «Самал» акционерлік қоғамында қалыптасқан өндірістік қызметтер көрсеткіші.................................................................................................................17
1.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері ......................21
2-тарау Акционерлік қоғамдардың дамуы және экономикалық тиімділігі
2.1 «Самал» акционерлік қоғамдардың тиімділігін қалыптастыру жолдары..25
2.2 Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары......31
Қорытынды ...............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................36
Кестеден көрсетілгендей 2012 жылды 2010 мен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш кубань күріші бойынша,ол 59,3% ға , маржан күріші 33,3% ға, новатор күріші 25,9% ға, лидер күріші 48,4% ға ,ал янтарь күріші 27,2% ға жоғарылаған .
7-кесте
«Самал» акционерлік қоғамындағы мал шаруашылығының даму көрсеткіштерінің динамикасы
(мал басы)
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012-2010 ауытқу (+,-) |
Түйе |
230 |
245 |
263 |
+33 |
Жылқы |
294 |
330 |
347 |
+54 |
Сиыр |
1152 |
1270 |
1315 |
+163 |
Қой |
2314 |
2416 |
2561 |
+247 |
Қоғамдағы мал шаруашылығының даму тенденциясы бойынша 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда түйе саны 33 ке, ал жылқы саны 54 ке көбейген. Сиыр саны 163 ке өссе, қой саны 247 ге жоғарылаған.
Кәсіпрынның экономкалық тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізгенде қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қормен қарулану, рентабельділік және өнімділік сияқты ұғымдар қолданылады.
Кәіспорын жұмысының маңызды экономикалық көрсеткіштері пайда болғанымен ол кәсіпорын жұмысының тиімділігін сипаттамайды. Кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалау үшін нәтижелерді, осы нәтижелерді қамтамасыз еткен шығындармен немесе ресурстармен салыстыру қажет, кәсіпорын жұмысының тиімділігінің шеттері ретінде рентабельділік көрсеткіштерінен көрінеді.
Рентабельділік – шығындар қайтарымдылығы деңгейімен ресурстарды пайдалану деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші.
Рентабельділік коэффициентін құру негізінен пайданың шығындалған құралдарға немесе сатудан түскен түсімге немесе кәсіпорын активіне қатынасы жатады. Тәжірибеде неғұрлым жиірек қолданылатын актитивтер рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері.
8-кесте
Кәсіпорынның экономикалық тиімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010% қатынасы |
Қор қайтарымдылығы |
6,49 |
5,71 |
5,49 |
84,6 |
Қор сыйымдылығы |
0,15 |
0,17 |
0,18 |
120 |
Қормен қарулану, теңге |
1368,26 |
1757,14 |
1767,93 |
129,2 |
Рентабельділік, % |
11,93 |
11,9 |
12,86 |
108 |
Өнімділік, мың тенге |
8883,2 |
10031,1 |
9710,1 |
109,3 |
Кестені қорытындылайтын болсақ қор қайтарымдылығы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 84,6% ға төмендеген. Қор сыйымдылығы 20 % ға жоғарыласа, ал қормен қарулану 129,2 % ға жоарылаған. Сонымен қатар рентабельділік 8 % ға, ал өнімділік 9,3% ға жоғарылаған.
2.3 «Самал» акционерлік қоғамының қаржылық көрсеткіштері
Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Акционерлік қоғам қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70 – 80 пайызы салық түсімдері есебінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
Қаржының бөліп – тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп – тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі.
Бұл ұғымды кеңінен зерттеп оның экономикалық мәніне алғаш зерттегендер қатарында Профессор Н.А Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорын-ның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады. М.Н.Крейнина, А.И.Ковалев және В.П.Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".
Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды:"Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-бұл бірқатар көрсеткіштермен қатар шаруашылықтың негізгі көрсеткіштерінен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорының сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз: Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді... Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды
А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин
өте ықшам түрде анықтайды. Олардың
ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл
әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның
Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді. Акционерлік қоғам жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарыман бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде жәнеқордан тыс нысандар құрылады.
9-кесте
«Самал» акционерлік қоғамы кәсіпорынының табыс динамикасы
Көрсеткіштер атауы |
2010жыл |
2011жыл |
2012жыл |
2012/2010 % қатынасы |
Тауарды сатудан түскен түсім,мың теңге |
2762665,1 |
3370451,5 |
4078246,4 |
148 |
Тауарды өндіруге кеткен шығындар, мың теңге |
2468197,5 |
3011201 |
3613441,3 |
146 |
Кәсіпорын табысы, мың теңге |
294467,8 |
359250,7 |
464805,1 |
158 |
Табыс рентабелділігі |
11,93 |
11,9 |
12,86 |
108 |
Кестені қорытындылайтын болсақ 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда тауарды сатудан түскен түсім 48 пайызға, тауарды өндіруге кеткен шығындар 46 пайызға жоғарылаған. Ал кәсіпорын табысы 58 пайызға жоғарыласа, ал табыс рентабельділігі 8 пайызға жоғарылаған.
Акционерлік қоғам
қаржыларын ұйымдастырудың
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады: