Импорт және экспорт есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8

2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

импорт-экспорт-курс.doc

— 389.50 Кб (Скачать документ)

Ішкі қаржы рыногындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін 2014 жылдың 5 ақпанынан бастап қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 9,5%-ға төмендеді, 3 наурыздан бастап екінші деңгейлі банктерге минималдық резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2 пайыздан 1,5% дейін төмендеді және басқа міндеттемелер бойынша 3 пайыздан 2,5 пайызға дейін. Бұл банк жүйесінің 50 миллиард теңге көлеміндегі қосымша өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жүйе құраушы банктердің тұрақсыздану қауіптеріне негізгі акционерлерде өтімділіктің жетіспеушілігінен көптеген үкіметтер тап болуда және әдеттегідей көптеген жағдайларда (мәселен, АҚШ-та жасап жатқанындай) мұндай мәселелерді шешудің әмбебап рецептісі жоқ болғандықтан күтеді. Бірақ үкіметтердің барлығы дерлік біздікіндей бағытта қозғалуда, бірақ бұны кештетіп жалғаспалы және шешімді іске асыруда. Ашық ақпарат көздерінен Ресейде мемлекеттің қатысуымен банктер арқылы – жинақ банкі және сыртқы саудабанкі арқылы нақты секторға ақшаны ауыстырып жатқандығы белгілі болды.

Демек, айырбастау бағамын түзету нәтижесінде отандық тауар өндірушілер үшін бәсекелестік жағдайы жақсаруы тиіс, төлем балансы айрықша жақсарады, ал Ұлттық Банктің алтынвалюта қорының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Әлемдік қаржы дағдарысы экономикадағы тепе-теңдсіздіктің пайда болуына оның әсер етуі және сыртқы экономикалық қызметтегі экспорттық және импорттық операциялардың теңгерімсіздігі нәтижесінде келесі сәттерді айрықша атап өтуге болады.

Шамадан тыс өктемдік жүргізілген ақша-кредиттік және салықтық-бюджеттік саясат қарыздың артық шоғырлануына алып келетін несиелік дүрлікпені ынталандырады. Несиелік дүрлікпе инвестициялық дүрлікпеге нақты активтерге ауысады, соның нәтижесінде жылжымайтын мүлік пен қорлық активтердің бағалары аса жоғары деңгейге қол жеткізеді. Валюталық қорлармен қамтамасыз етілмеген банк секторы міндеттемелерінің  артуымен қаржы жүйесінің тұрақсыздығы да артады. Дағдарыстың жіберілмелі тетігі болып әлемдік пайыздық мөлшерлеменің кенет өсуі немесе сыртқы сауда  жағдайының нашарлауы болуы мүмкін. Билік алдында сыртқы макроэкономикалық ұстанымды түзету және инфляцияны болдырмау міндеттері тұр.

Қалыптасқан жағдайдан шығу ақша эмиссиясын бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Ұлттық экономика мен қаржы жүйесінің ерекшеліктеріне қарай билік ақша саласының түрлі көрсеткіштерін зерттеуі қажет: ішкі жиынтық кредиттен МЗ агрегатына дейін. Валюталық дағдарысқа жедел жауап болып ақша базасының азаюын және пайыздық мөлшерлеменің артуын қамтиндығы таыблады – содан ақша ұсынысы қысқарады және валюталық рынокта қысым әлсірейді. Қатаң ақша-кредит саясатын жүргізуді қысқа мерзімдік кезеңде дағдарыстан қорғанудың ең сенімді құралы деп атауға болады.

Қазақстандағы жағдайда банк дағдарысы банк жүйесіндегі тұрақсыздықты болдырмау үшін үкіметтің мәжбүрлі араласуын туындатқан жағдаймен сипатталады.

Егер билік банк жүйесінің тұрақтылығын қолдаудан қалтарыс қалса, банк депозиттерінің рыноктық құны банктің өзінің міндеттемелерін дербес орындай алу мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс, яғни банк пассивтерінің құны банк активтерінің сапасын бағалауды және жеке капитал деңгейін ескере отырып есептеледі. Төлем қабілетсіздігіне күдікті салымдарды банктерден жалпы алған жағдайда, жағдайды дамытудың тек екі әдісі мүмкін: не банк өтімділіктің нашарлауына қарамастан өзінің міндеттемелерін өтеуді жалғастыра береді, не ол міндеттемелердің орындалуын тоқтата тұрып салымшылардың қашуын тоқтатады. Екінші жағдайда егер банк толығымен жабылмаса, оның міндеттемелері рынокта дисконтпен номиналға жүгіне бастайды.

Билік банк секторын тікелей қолдаудан бас тартқанда банк қарыздары рыногының қалыптасуы ақша-саласы тарапынан қарағанда дағдарыстың басты проблемасы болатындығын білдіреді. Қарыздар рыногының дамуымен экономиканың ақша секторының бақылаусыз трансформациясы жүргізіледі. Банк қарыздары рыногының зіл-залалық пайда болуы нәтижесінде банктердің ақша міндеттемелері ақша айналымына түседі де билік бақыламайтын квази ақшаға айналады. Квази ақшалар басқалардан ерекшеленетін жеке сипатқа ие ақша рыногының жаңа сегментін қалыптастырады. Мәселен, квази ақшалар секторында АҚШ долларына банк міндеттемелерінің құнсыздану коэффициенті арқылы көрініс табуы мүмкін жеке инфляция болады. Экономикада екі паралельді ақша айналымы пайда болады: олардың біріншісі заңды төлем қаражаттарымен, екіншісі – банк қарыздары рыногын қалыптастырумен байланысты. Ұлттық экономикадағы ақша ұсынысы ісінуде, биліктің  ақша-кредит саласын  бақылауға жағдайы жоқ. Демек,  билік алдында  паралельді ақша айналымы мәселесін қысқа мерзімде шешу міндеті тұр. Ішкі рынокта квази ақшалар инфляцияға ұшырауда, ақша ұсыныстары банк қарыздары есебінен ұлғаюда, қалыпты ақшалар құнсыздануда – мұның барлығы  ұлттық валютаның айрықша құнсыздануына алып келеді.

Осындай мәселелерден банк жүйесін сақтап қалудың бірнеше тетіктері бар. Депозиттерді сақтандыру бойынша қорлар құру және банктік реттеуді жақсарту ең жеңілділерінің бірі болып табылады. Екі әдіс те бюджетке жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, практика көрсетіп отырғанындай билік банкроттықтың тізбекті реакциясын болдырмау үшін банктерді «қолына» алады, нәтижесінде банк шығындарын өтеу міндеті  салық төлеушілердің мойнына  жатады. Осылай болмау үшін Халықаралық есептеу банкісінің жанындағы Базель комитетінің әзірлеген банктік реттеу, қадағалау және бухгалтерлік есептің стандарттарын ұстануды ұсынуға болады.

Дағдарыстың алдын алу үшін билік жалпы қаржы экспансиясын және экономикадағы «сабынды көбікті» бақылауы тиіс.

«Сабынды көбік» үш құрамдаспен сипатталады: активтерге бағаның тездетіп өсуімен, экономикалық активтіліктің жоғарлауымен және ақша ұсынысы мен кредиттің үнемі артуымен.

«Сабынды көбік» бірнеше факторлармен қолданылады: қаржы мекемелерінің агрессивті әрекет етуі; қаржыны реттеусізбен және либерализациямен; қаржы институттары тарапынан барабар емес қауіпті-менеджментпен; банк секторын әлсіз басқарумен; ұзаққа созылған жеңіл ақша-кредит саясатымен; нақты активтерге бағалардың өсімін ынталандыратын салық салумен және реттеумен; экономикалық болашақтарға қатысты артық сенім білдірумен және эйфориямен.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеу барысында алынған негізгі ғылыми-теориялық және практикалық қорытындыларға, ұсынымдар мен нұсқауларға мыналар жатады:

1. Американдық экономист ғалым Т.Суон үлгісіне сәйкес сыртқы экономикалық қызметтегі тепе-теңдікке қол жеткізу ағымдағы операциялардың теңгерімі жағдайына тікелей байланысты. Теңгерім нөлге тең болуы үшін жеке сектордың жинақтары инвестицияларға, ал салықтар – мемлекеттік сектор шығыстарына тең болуы қажет. Ағымдағы операциялардың теңгерімін жақсарту импортты квотаға, импорттық баж салымдарын арттыруға және экспорттық субсидияларды беруге байланысты деген пікір қате. Суон және Манделл-Флемингтің үлгілерінен көріп отырғанымыздай қазыналық және ақша-кредиттік саясаттың құралдарынан басқа ашық экономикадағы экономикалық коньюктураға әсер ету үшін үкіметте валюталық саясатты ұлттық валютаның бағамын реттеу түрінде пайдалану және әлемдік капиталды қайта құру жағдайларын пайдалану мүмкіндігі бар. Сонымен қатар бекітілген валюталық бағам жағдайларында орталық банк  дербес ақша саясатын жүргізе алмайды, ал жүзбелі валюталық бағам кезінде қазыналық саясаттың нәтиже беруі төмен болғанымен, елдер арасында капиталдың құйылуы күшейе түседі.

2. Қазақстанның төлем теңгерімінің  ағымдағы операцияларының шоты  көптеген жылдар бойы айрықша  теріс сальдоға ие. 2011 жылы теріс сальдо  ЖІӨ 2,3% құрады. Теріс сальдо елдің қалыптасқан табысының сыртқы экономикалық қызметтен төмендеуін көрсетеді. Сыртқы тепе-теңдікті қолдау үшін тапшылықты қаржыландыру тікелей инвестиция, қысқа мерзімдік несие, сондай-ақ қарыздар, ссудалар түріндегі шетелдік капиталдың тұрақты ұзақ мерзімді ағымымен жүзеге асырылады. Нәтижесінде Қазақстан резиденттерінің сыртқы міндеттемелері 2009 жылы 5,7 млрд. долларға,  2010 жылы 9 млрд. долларға, 2011 жылғы 10,3 млрд. долларға, 2013 жылы 32,6 млрд долларға өсті. Ішкі рыноктағы шетелдік валютаның артық ұсынымы халықаралық ресми  қорларды 19,1 млрд. долларға дейін артуын шарттастырды.

3. Ұлттық қордың жиынақталған қаражаттары 2013 жылдың аяғында Қазақстанның жинақталған ресми қорлары 33 млрд. доллардан асты. Жинақталған алтынвалюталық резервтердің көлемі сыртқы қарыз міндеттемелерін азайтуға, ішкі несиелеу бойынша операцияны ұлғайтуға  қолданылып іске асырылды. Соңғы жылы үлкен назар банкілік сектордің портфельдік инвестициясына аударылды, оған шетелдік активтердің салымының өсімі ұлғайды. Портфельдік инвестиция – бұл жоғары мобильді жоғары қауіпті капитал, оның жылыстауы әр уақытта экономиканың тұрақсыздануына алып келуі мүмкін. Сондықтан тұрақсыздандыру жағдайының алдын алу үшін, қаржы операциялары мен капитал қозғалысының есеп шоттарын жүйелі сараптауға үлкен назар аударуы ұсынылады.   

4. Қазақстанның төлем теңгерімінің ерекшеліктерінің бірі салыстырмалы үлкен үлес салмағы болып табылады, онда «Қателіктер және өткізулер» баптары. Себебі есептеуге қиын келетін келісім шарттардың үлкен ауқымының болуы болады. Қолма қол шетелдік валютасы бар жеке тұлғалардың операцияларын айрықша бақылауға алу, оны алыпсатарлық операцияларды жүргізуге қолдануға жол бермеу және ішкі рыноктағы келісім шарттарға қызмет көрсету үшін тарту ұсынылады. Қазақстанның ресми алтын валюта қорлары төлем теңгерімінің теңгерімдеуші активтері ретінде көрініс табатындықтан төлем дағдарысын болдырмау үшін оның көлемін бара-бар деңгейде тұрақты ұстап тұру ұсынылады.

5. Қазақстанның сауда теңгерімінің оң сальдосын қолдауы позитивті фактор болып табылады. Сауда теңгерімі сальдосының мағынасы ағымдағы шот бойынша төлем теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз етуде айрықша үлес қосуы қажет. Ол үшін алдағы онжылдықта экспорт құрылымындағы жоғары қосымша құнмен тауарлар үлесін ұлғайту бойынша экономикалық саясатты  жүргізуі ұсынылады. Ең көп валюталық түсімді қамтамасыз ететін тауарлар тізімі өзгертілмегендіктен Қазақстан экспортының салалық құрылымы көптеген жылдар бойы  өзгерусіз қалуда. Оларға ең алдымен отын-энергетика және металлургия кешенінің өнімдері жатады. Қазақстан сыртқа шығаруда дайын өнімдердің үлесін, әсіресе жаңартылмайтын шикізаттан, ғылымды көп қажет ететін өнімді арттыруы ұсынылады. Бұл ең алдымен, біртіндеп экспорттан мұнайды мұнай өнімдерімен, түсті және басқа металдарды жоғары сапалы нұсқаулықтармен, материалдармен және т.б. ығыстыруға қатысты. Стратегиялық тұрғыдан бұл бағыт экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға алып келеді.

6. Кең жайылған жаһандық қаржы дағдарысы жағдайларында Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа шоғырлану процессінде банк жүйесінің, құрылыс саласының, сауданың, өнеркәсіптің және шағын және орта бизнестің тұрақсыздығы сияқты мәселелерге тап болды. Қарызға алу практикасында, несие саясатында, несие қоржынының салалық құрылымында жинақталған қауіптер қаржы-банк саласын және экономиканы тұтас теңгерімсіздікке алып келді. Дағдарыс жағдайының көрініс табуының алғашқы белгілері 2007 жылдың тамыз айында байқалды, ол кезде шетелдік инвесторлар өздерінің активтерін шығара бастады, ал коммерциялық банктер сыртқы қарыз алу көздеріне қол жетімділіктің шектелуіне байланысты өтімділік тапшылығына тап болды.

7. Қаржы рыногы мен банк жүйесін тұрақтандыру үшін мемлекет 4 млрд. долл. бөлуде, олар төрт жүйе құрушы банктерді капиталдандыру үшін қолданылатын болады. Алайда ақша-кредиттік, валюталық және қазыналық саясат шаралары сыртқы экономикалық қызметте макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу үшін жеткіліксіз болып шықты. Қазақстанның сауда серіктесі-елдеріндегі валюта девальвациясы ұлттық валютаның бағамын айрықша нығайтты, бұл қазақстандық тауарлардың әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келді.

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1 Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік тәжірибе, Қазақстан практикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. - 208б. - 13 б.т. (өзге автормен бірге, жеке үлесімі 6,50 б.т.).

2 Валюта нарығында операциялар жүргізудің теориясы мен тәжірибесі: Монография. - Алматы: Экономика, 2008. - 190б. - 12 б.т. (өзге автормен бірге, жеке үлесімі 6,07 б.т.).

3 Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметтегі экспорттық және импорттық операцияларының аралығындағы теңгерімділікке жету мәселелері және шешу жолдары: Монография. - Алматы: Экономика, 2009. - 272б. - 17 б.т.

4 Развитие трансазиатской железнодорожной магистрали – путь к интеграции Казахстана в мировую транспортную систему // Вестник Евразийского гуманитарного института. – Астана. - 2006. - №1. - Б.63-66. - 0,43 б.т.

5 Несиелендірудің қазіргі заманғы формаларын пайдалану: әлемдік тәжірибе және Қазақстандағы қолданыс // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. – Астана. - 2006. - №4. - Б.83-87. – 0,47 б.т.

6 Қазақстанның экономикасын дамыту және республиканың дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі проблемасы // Т.Рысқұлов атын. Қазақ экономикалық университетінің хабаршысы. - Алматы. - 2006. - №4. - Б.216-221. – 0,55 б.т.

7 Эффективность использования кластерной системы в нефтегазовой отрасли // Т.Рысқұлов атын. Қазақ экономикалық университетінің хабаршысы. - Алматы. 2006. - №5(53). - Б.53-57 (Шелекбай А.Д. бірге). – 0,45 б.т.

8 Халықаралық сауда мен пайданың экономикалық негізі // М.Тынышпаев атын. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының хабаршысы. - Алматы. - 2006. - №5 (42). - Б.155-159. – 0,46 б.т.

9 Шетелдік валюталық-қаржылық ағыстар қозғалысы және оның конъюнктурасы // Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. - Алматы. - 2006. - №5 (57). - Б.45-48. – 0,37 б.т.

10 Қазақстанның валюталық рыногының атқарылуын тиімді дамытуды арттыру жолдары // Т.Рысқұлов атын. Қазақ экономикалық университетінің хабаршысы. - Алматы. - 2007. - №1(55). - Б.213-216. – 0,45 б.т.

11 Валюталық тәуекелдікті хеджирлеу әдістері // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - Астана. - 2007. - №1. - Б.64-68. – 0,50 б.т.

Информация о работе Импорт және экспорт есебі