Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8
2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік
проблемалары..................
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі
капитал қозғалысының мобилділігі...................
2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық
операцияларының арасындағы теңгерімділік
есебі.........................
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.
Сыртқы экономикалық қызметте теңгерімділікке қол жеткізуде экспорттық және импорттық операциялар маңызды орынға ие және бұл операциялардың арасындағы тепе-тең жағдайлардың қамтамасыз етілуімен қол жеткізіледі. Бұл процесті реттеу үшін ақша-кредит, салықтық-бюджеттік және валюталық және валюталық саясаттың түрлі құралдары қолданылады.
Қазақстанда экспорттық және импорттық операциялар арасындағы баланс теріс сальдоға ие, бұл өз кезегінде ағымдағы операциялар шотының теріс мәнінің қалыптасуына айрықша әсер етеді. Теңгерімсіздік бойынша мұндай жағдай халықаралық қызмет көрсетулер бойынша операциялар балансының ағымды теріс сальдосына, тартылған шетелдік капиталға табыстарды және халықаралық несиелер бойынша төлемдерге байланысты. Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы теңгерімдіктің жоқтығы ағымдағы операциялар шоты бойынша тапшылықты жабатын және мемлекеттің халықаралық өтімді қорларының өсімін қамтамасыз ететін сыртқы қаржы ресурстарының ауқымды ағымымен теңгерімді жағдайға келтіріледі.
Экспорттық және импорттық операциялар арасындағы, капиталды тарту және шығару операциялары арасындағы теңгерімділікке қол жеткізумен байланысты мәселелерді анықтау және игеру әлі жеткілікті түрде пысықталмаған, өйткені бұл салада қандай да бір болмасын іргелі еңбек жарияланған жоқ. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі экспорттық және импорттық операциялар арасындағы теңгерімділікті қамтамасыз ету жолдарын зерттеу аса өзекті болып табылады.
Экономикадағы сыртқы және ішкі теңгерімділіктің теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілерін әзірлеуге, экспорттау және импорттау операцияларының арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге А. Смиттің, Д.Рикардоның, Дж. М. Кейнстің, Дж.Р. Хикстің, М. Фридменнің, Э.Стиглицтің, Дж. Тобиннің, Ф.Модельянидің, Р.Дорнбушаның, Э.Хекшердің, Б.Олиннің, Т.Рыбчинскийдің, П.Э.Самуэльсонның, М. Портердің және басқалардың еңбектері арналған.
Бұл мәселелер әсіресе Л.Н. Абалкин, А.Киреев, Л.Н. Красавина, М.Пебро, П.Кругман, А.Илларионов, Дж.Саке, С.М.Никитин, С.Пекур, В.Н.Шенаев және ТМД елдерінің басқа да экономистері әдістемелік ұстаным жағынан аса мұқият зерттеді.
Қазақстанда экспорттау және импорттау операциялары арасындағы теңгерімділікке қол жеткізу елдің төлем балансының салмақты мәселелері бойынша У.Баймұратов, А.К.Қошанов, О.Сәбден, Н.К.Нұрланова, А.Е. Есентүгелов, Ш.Р.Әбділманова, Б.Д. Құсайнов, Н.Нұрсейіт, Р.У.Рахметова, Е.С.Кәрібжанов, К.Ш.Дүйсенбаев, Б.К.Қазбеков, А.И.Оңдасынова, О.К.Есқараев, Р.А.Қамшыбаев, Д.М.Мадиярова, У.А.Текенов, А.Д.Шелекбай және басқалар сияқты қазақстандық экономистер жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтегі теңгерімділікті кешенді қамтамасыз ету мәселелері әзірге жеткілікті түрде зерттелген жоқ.
Курстық жұмыстың мақсаты – елдің сыртқы экономикалық қызметінің теңгерімді қызмет етуін теориялық-әдістемелік негіздеу және валюталық режимнің ырықтану жағдайында және халықаралық қаржы капиталының еркін ағымы мен жылыстауы жағдайларында экспорттық және импорттық операциялар арасындағы теңгерімділікке қол жеткізу бойынша реттеу әдістерін әзірлеу болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешеміз:
- ашық экономикадағы сыртқы
экономикалық қызметтің
- елдің сыртқы активтері мен
міндеттемелері арасындағы
- экспорттау және импорттау
операцияларын жүргізу кезінде,
сыртқы және ішкі көздер
- экспортты әртараптандыру, жоғары
технологиялық өндірісті
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары
Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары 1929–1933 жылдардағы Ұлы экономикалық депрессия кезінен бері экономикалық теорияның басты мәселесі болып келеді. Экономикадағы тұрақтылық жағдайы оның жалпы экономикалық тепе-теңдік жағдайында жұмыс істеуіне байланысты болады. Тепе-теңдік жағдайындағы айырбас пропорциясы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігіне қол жеткізу арқылы жасалынады, және де рынок қатысушыларының бірде-біреуі өзінің жоспарланған сатып алу және сату көлемін өзгертуге мүдделі емес. Л. Вальрас моделі тұңғыш макроэкономикалық тепе-теңдік моделі болып табылады. Оның моделі барлық рыноктарда толықтай тепе-теңдікті қамтамасыз етіп тұратын тепе-тең баға негізінде құрылған. Вальрас моделінен келіп шығатын аса маңызды қорытынды – егер экономикада өзара байланысты рыноктардан тұратын, тепе-теңдік (n – 1) рыноктары арқылы қол жеткізілсе, бұл тепе-теңдік басқа n-ші рыногында да автоматты түрде орнайтын болады.
Экономикалық әдебиеттерде макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу жағдайлары бір мағынада айтылуы жоқ екендігі, оның әртүрлі түсіндірілуі. Бұл мәселені классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық концепциялар түрліше түсіндіреді.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық моделі классикалық концепцияның басты постулаттарына негізделеді. Классикалық мектеп принциптеріне сәйкес экономика бір-бірінен тәуелсіз екі секторға бөлінеді: ақша және шынайы экономика секторлары. Шынайы экономикада тауарлар мен қызметтердің шынайы ағынының қозғалысы жүріп жатады. Ақша экономикасында осы ақша ағындарға тікелей зиянын тигізбей, тек қана осы ақша айналымына қызмет көрсететіп жатады.
Бұл моделде үш рынок қарастыралады: еңбек, капитал (құнды қағаздар) және игіліктер. Бұл рыноктарда екі макроэкономикалық субъектілер өзара ынтымақтастықпен әрекет жасайды: үй шаруашылығы және кәсіпкерлер.
Классикалық коцепцияда жинақ қоры пайыздық ставканың функциясы болып табылады. Кірісті тұтыну мен жинақтауға бөлген кезде үй іші шаруашылықтары жинақ деңгейін негізге алады [1].
Пайыз ставкасының жоғарылауы жоспарланған жинақ көлемін қайта қарауға алып келеді, яғни тепе-теңдікті қамтамасыз ететін пайыздық ставка орнағанша жоғарылау жағына және инвестицияларды төмендеу жағына қарай қайта қарауы. Капитал рыногында жинақ қоры көлемінің инвестиция көлемінен асып кеткен жағдайда бос кредиттік ресурстар пайда болады, бұл пайыз ставкасының тепе-теңдік күй жағдайына дейін төмендеуіне алып келеді.
Игіліктер рыногында бейбаланстың пайда болуының әсері капитал рыногында да көрінісін береді, сол капитал рыногында тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік беретін орнатылған тұрақтандырғыш бар болғандықтан, капитал рыногының тепе-теңдігін қалпына келтіру игіліктер рыногындағы тепе-теңдіктің қалпына келуіне алып келеді.
Классикалық модельдегі жалпы экономикалық тепе-теңдік шарттарының қалыптасуы өздігінен реттелу принципі бойынша, мемлекет жағынан кірісусіз осылайша жүреді, мұны орнатылған үш тұрақтандырғыш қамтамасыз етеді: иілімді бағалар, жалақының иілімді номиналды ставкасы және иілімді пайыз ставкасы. Және де бұл жағдайда ақша және шынайы сектор бір-біріне тәуелсіз болады.
Кейінгі зерттеулер былай деп көрсетті, жалпы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін классикалық тұжырымдамаларды қолдану тиімді емес, себебі мемлекеттік араласу болмаған жағдайда жиынтық сұраныстың өсуі бағаның инфляциялық өсуіне алып келеді.
Біздің ойымызша, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің жоғары деңгейіне демеу көрсету үшін мемлекеттің белсенді араласуы ұсынылады. Бұл араласу қолда бар фискалдық және монетарлық саясат құралдарын жиынтық сұранысқа әсер етуге қолдануы керек.
Неоклассиктердің пікірінше, ақша рыногында ақшаға тең баға ұсынатын тепе-теңдік пайызы орнайтын болады. Бұл жағдайда жинақталған ақша саны инвестицияланған ақша санына тең болады. Егер де жинақ қорының көлемі инвестициядан асып кететін болса, онда пайыз деңгейі төмендейді де, жаңа тепе-теңдік орнайтын болады[2].
Жинақтаулар мен инвестициялар теңдігі неоклассиктер ақша рыногына кепіл болады деп санайды. Егерде тұтынушыларға құнттылығы үшін жоғары пайыздар төленетін болса, онда олар жинақтау жүргізеді, және де пайыз ставкасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жинақ қорының көлемі де жоғары болады. Аталмыш пайызды өндірістің дамуына жинақталған ақшаны пайдаланатын инвестор-кәсіпкерлер төлейтін болады.
Егер жинақ қорының көлемі инвестициядан жоғары болатын болса, онда өнімге жұмсалатын жалпы шығындардың азаюы оған деген бағаның төмендеуіне алып келеді. Өнімге сұраныстың төмендеуі жағдайында бәсекелестер оның бағасын төмендетеді, бұл жинақ қорлары жоқ тұлғаларға тауар сатып алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан да жинақ қоры өндіріспен және жұмыспен қамтудың қысқаруына емес, баға төмендеуіне алып келеді. Сонымен бірге тауарларға деген сұраныстың төмендеуі ресурстарға деген сұранысқа, соның ішінде жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді деп пайымдалады. Ал бұл жалақының төмендеуіне алып келетін болғандықтан, сол – төмен ставка бойынша жұмыс істеуге тілек білдіргендердің барлығы да жұмысты болады, яғни жұмыссыздық болмайды.
Басқаша айтқанда, неоклассиктердің пікірі бойынша нарықтық механизм пайыздың иілімді ставкалары, баға мен жалақы икемділігі арқылы шығындар мен кірістерді сәйкестендіреді, өндірістің қажетті көлемін, толық жұмыспен қамтуды және макроэкономикадағы тепе-теңдікті демеп тұрады.
Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі классикалық мектеп постулаттарынан айырмасы бар принциптерде құрылған. Кейнсиандық моделде жетекші рөл IS-LM моделі шеңберінде құрылатын тиімді сұранысына тиесілі болады.
Дж. Кейнстің тұжырымына сәйкес, өндірілген тауарлар мен қызмет саны жиынтық шығындардың (немесе жиынтық сұраныстың) деңгейінде, яғни тауарлар мен қызметтердің шығындарына тәуелділікте болады. Жиынтық шығындарының өте маңызды бөлігі тұтынушылық, бұны жинақ қорымен қоса алғанда салық төлегеннен кейінгі кіріске тең болады. Бұған сәйкес, аталмыш кіріс тұтынушылықты ғана емес, сонымен бірге жинақ қорындай анықтап береді. Сонымен қатар тұтыну және жинақ қоры көлемі тұтынушылық қарыздар, капитал көлемі сияқты және т. б. факторларға тәуелді болады.
Инвестициялар жиынтық шығындардың құрамдас бөлігі болып табылады, олардың көлемі екі факторға тәуелді: пайыздың шынайы ставкасына және таза кіріс нормасына. Инвестицияларға жұмсалатын шығынның көлеміне негізгі капиталды сатып алу, эксплуатациялау, оған қызмет көрсету шығындары жатады және осы капиталдағы өзгерістерге, технологиялар және басқа да уақытша факторлар әсер етеді.
Соныменен, жиынтық сұраныстың көлемін айқындайтын жоғарыда көрсетілгендей тұтынушылық пен инвестицияға жұмсалатын шығындары тұрақты болмайды. Бұл нарықтык макроэкономкада тұрақсыздық шақырады.
Дж. Кейнстің экономиканы теңгерімдеу үшін, оның тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін тиімді сұраныс болуы керек деп есептейді. Тиімді сұраныс тұтынушылық пен инвестицияларға деген шығындардан тұрады. Оған демеу жасау үшін, сол сұраныстың инвестицияларының өсімімен байланыстыратын мультипликатордың көмегімен жүргізу керек.
Жиынтық кірістегі тұтыну үлесінің төмендеуін адам табиғатына тән жағдай деп есептей отыра, Дж. Кейнс инвестициялар сияқты жиынтық кіріс компонентіне демеу жасап отыру керек деп атап көрсетеді. Мемлекет жеке инвестицияларға салық, несие-ақша саясаты және мемлекеттік қаржы бөлу жолы арқылы демеп отыруы керек. Осы жолмен тиімді сұраныстың кемшілігі қосымша мемлекеттік сұраныспен жабылады, бұл макро-экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізуге жағдай жасайды[3].
Кейнсиандық моделдің негізгі ерекшелігі – ондағы экономиканың шынайы және ақша секторларының өзара байланыста болып қалуында. Бұл байланыс ақша сұранысының кейнсиандық түсіндіру ерекшелігінде болады, бұл ерекшелік бойынша ақша байлық болып табылады және дербес құндылыққа ие, және де пайыз ставкасының трансмиссиялық механизмі арқылы көрініс береді.