Импорт және экспорт есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8

2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

импорт-экспорт-курс.doc

— 389.50 Кб (Скачать документ)

Жалпы экономикалық тепе-теңдікті кейнсиандық моделі ішіндегі барлық рыноктар өзара байланысты болып табылатын, және де сол рыноктарды біреуінде тепе-теңдік шартының өзгеруі басқа рыноктардағы тепе-теңдік көрсеткіштерінің өзгеруіне және тұтастай алғандағы жалпы экономикалық тепе-теңдік шарттарының өзгеруіне алып келетін біртұтас жүйе ретінде сипаттайды. 

Кейнсиандық моделде баға иілімділігі болмайды, себебі, біріншіден, қысқа мерзімде экономикалық субъектілер ақша қиялдауына ұшырағыш болып келеді, бұдан басқа экономикада институтционалдық факторлардың (ұзақ мерзімдік келісім-шарттар, монополизация және т.т.) әсерінен шынайы баға иілімділігі болмайды.

Номиналды жалақының салыстырмалы түрдегі қатаңдығы ерекше мән болады. Кейнс, қысқа мерзімде номиналды жалақы бекітілгенін атап көрсетті, себебі ол ұзақ мерзімдік еңбек келісім-шарттарымен айқындалады, оның үстіне ол егер өзгеретін болса, тек қана бір бағытқа қарай – экономикалық өркендеу кезеңінде ғана жоғарылайды. Оның экономикалық құлдырау кезіндегі төмендеуіне дамыған елдердегі үлкен беделге ие кәсіподақтар жол бермейді. Осыларға байланысты еңбек рыногы жетілмеген және ондағы тепе-теңдік әдетте, жұмыспен қамту толық емес жағдайда ғана орнайды.

Кейнсиандық моделдегі экономика осылайша тұрақсыз ішкі жүйесі бар жүйе ретінде көрсетіледі, сондықтан да оның даму тұрақтылығын демеп отыру үшін мемлекеттің белсенді араласуы қажет. Бұл араласу бірінші кезекте фискалдық әдістермен жүргізілуі керек.

Мемлекет жиынтық және тиімді сұранысқа монетарлық саясат құралын қолданып та әсер ете алады, алайда, кейнсиандықтардың пікірінше бұл жағдайда мұндай әсер етудің тиімділігі көп төмен болады.

Жоғарыда ұсынылған моделдердің әрқайсысының шүбәсіз бағалы жақтары да бар, сонымен қатар кемшіліктерге де ие. Экономикалық теорияның әрі қарайғы дамуында классикалық, неоклассикалық және кейнсиандық моделдер бірігіп, олардың кездесетін кемшіліктерді жоюға тырысудың бірқатар әрекеттері де байқалды.

Біздің ойымызша, дамыған елдердің көпшілігінің ашық экономикаға айналуы жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдік инфляцияның минималды мүмкін болуы деңгейі жағдайындағы «толық жұмыспен қамтуды» үміт етіп қана қоймай, сонымен бірге сыртқы есептесулердің теңгерімделген жүйесін де болжауды негізге алады. Ағымдағы операциялар теңгерімінің бейтепе-теңдік күй жайы, төлем балансының үлкен көлемдегі және ұзақ уақыттағы тапшылығы, ұлғайып келе жатқан сыртқы қарыз экономиканың ішкі жағдайына теріс әсер ете отыра, экономикалық құлдырау, қаржы және валюталық дағдарыстарды шақыруы мүмкін. Бұл ұлғайып келе жатқан ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі жағдайында халықаралық экономикалық қатынастардың барлық жүйесін толқытуға алып келуі мүмкін.     

Сондықтан да ашық экономикада макроэкономикалық саясаттың мақсаты: бір мезгілде ішкі де, сонымен қатар сыртқы да тепе-теңдікке қол жеткізу болады. Бір мезгілде ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу қазіргі заманғы экономиканың макроэкономикалық реттеудің салмақты проблемасына айналуда.

Сыртқы тепе-теңдік экспорттық және импорттық операцияларының аралығындағы қарым-қатынасқа, ресми есептесулердің теңгерілген төлем баланстарына, валюталық курстың белгілі бір режиміндегі ағымдағы операциялар теңгерімінің нөлдік сальдосына, елдің халықаралық инвестициялық ұстанымдағы талаптар мен міндеттемелердің теңдігіне демеу көрсетуді білдіруі мүмкін [4].

 

1.2 Сыртқы тепе-теңдікті  қамтамасыз ету капитал қозғалысының  мобилділігі

 

Ашық экономикадағы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін макроэкономикалық саясаттың бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық саясаты сияқты дәстүрлі түрлерімен қатар, сыртқы сауда және валюта, сыртқы қарызды басқару саясаты сияқты саясат түрлері де қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа, бюджеттік-салықтық және кредиттік-ақшалық саясаттың жабық экономикада өзінің тиімділігін көрсеткен бір немесе басқа да шаралары ашық экономикада көп жағдайда тиімсіз болып қалады.

Ашық экономикада экономиканың ішкі жағдайының сипатын беретін негізгі макроэкономикалық өзгергіштердің арасындағы өзара байланыстары сыртқы әлемде болып жатқан процестер арқылы жүзеге асатын болғандықтан, айтарлықтай күрделенеді. Ал сыртқы сектор көрсеткіші болып табылатын экономикалық өзгергіштер ішкі өзгергіштердің әсерінде болады. Мұның бәрі көбейіп келе жатқан факторларды есепке алуды талап ететін макроэкономикалық саясатты жүргізуді күрделендіре түседі.

Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз ету капитал қозғалысының мобилділігімен, яғни капитал қозғалысының әлемдік деңгейімен салыстырғандағы өзгерістерге ішкі пайыздық ставканың өзгерісі ретіндегі капитал ауысуы процесінің ширығуымен күрделенуі мүмкін.

Ішкі және сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз ету проблемасы тауарлық, ақша және валюталық рыноктардың жұмысына жатады. Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке жету макроэкономикалық реттеудің маңызды проблемасы болып табылады, кері жағдайда ішкі және сыртқы өзгергіштердің өзара әсер етуін, және де олардың бір-біріне кері әсер етуін назарға алуға тікелей қажеттілігін тудырады.

IS – LМ моделі – тауарлар мен қызметтер рыногын, ақша рыногы мен қаржы активтері рыногын бір бүтінге біріктіретін базалық моделдің көрінісін береді. Бұл пайыз ставкасын және табыстың деңгейін табуға мүмкіншілік береді, осы кезде тауар және ақша рыноктары бір уақытта тепе-теңдікке жетеді.

IS – LМ моделінде экономика екі секторға (немесе рынокқа) бөлінеді, бұлар: өндірістік («шынайы») сектор және несие капиталының агрегриацияланған рыногындағы істердің жағдайын көрсететін ақша секторы. Бұл екі сектордың өзара ынтымақтастығы экономикадағы жиынтық сұраныс деңгейі мен несиелік пайыз деңгейін анықтайды.

Аталмыш рыноктардағы бір мезгілдегі тепе-теңдіктің шарттарын сипаттайтын модель (IS-LM моделі) 1-суретте көрсетілген.

Экономикалық тепе-теңдіктің жалғыз ғана Е нүктесі тауарлық рынок шарттарын қанағаттандыратын, сонымен бірге ақша рыногы шарттарын да қанағаттандыратын iE пайыз ставкасы мен YE кіріс деңгейін анықтайды. Басқаша айтқанда, Е нүктесінде экономикалық жүйенің шынайы шығындары жоспарланғанмен тең болады, ал шынайы ақша қаражатына деген сұраныс оған деген ұсынысқа тең болады. 

 

1-сурет - IS-LM моделіндегі тепе-теңдік (Ескерту: автордың ұсынысы)

 

Практика көрсеткендей, тауар және ақша рыноктарындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру жылдамдығы түрліше болады. Егер ақша рыногында тепе-теңдікке облигацияларды сатып алу және сату жәй операциялар арқылы қол жеткізілетін болса, тауар рыногындағы тепе-теңдікті қалпына келтіру фирмалардың өндіріс кестесін өзгертуін талап етеді, олар бұл шараларға тауар қорының бір немесе басқа өзгерістері жағымды әсер ететініне көз жеткізгеннен соң бара алады. Дамыған ақша рыногы жағдайында экономика осылайша бұл рыноктағы (LM ирегінің бір нүктелерінің біреуінде) тепе-теңдікке біршама тез қол жеткізеді, мұнан соң тауарлар рыногында (LM ирегінің бойымен Е жалпы тепе-теңдік нүктесі бағытындағы қозғалыс) тепе-теңдік баяуырақ орнай бастайды.

Ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін IS-LM моделіне төлем теңгерімі функциясының кестесін (ВР ирегін) енгіземіз [5].

 Бұл жағдайда сыртқы теңгерім  экспорттың активтік сальдосы (сыртқы  сауда операцияларының ағымдағы  есеп-шотының оң сальдосы) капиталдың  таза сыртқы ағынына (капитал  қозғалысы есеп-шотыны теріс сальдосы) тең болған жағдайда; немесе импорттың активтік сальдосы (сыртқы сауда операциялары есеп-шотының теріс сальдосы) капиталдың таза салымдарына тең болған жағдайда (капитал қозғалысы есеп-шотының оң сальдосы) мүмкін болады.

iz әлемдік пайыздық ставкасына тең і пайызының ішкі ставкасын белгілегенде экономикада үш еселенген тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Графикалық түрде оны 2-суретте көрсетілгендей, IS, LM және ВР иректерінің Y = Y* және i = iz көрсеткіштеріне сәйкес келетін нүктеде қиысуы түрінде көрсетуге болады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет - Капитал мобилділігі жағдайындағы ашық экономикадағы

тепе-теңдік (Ескерту: автордың ұсынысы)

 

Бұл жағдайда капиталдың толық мобилділігі жағдайы шартында ашық экономикада үш еселенген тепе-теңдікті қамтамасыз ететін механизм жұмыс істейді. Бұл валюталық курстың ағымдағы мәнін коррекциялау есебінен болады.

Кредиттік-ақшалық реттеу органының – Орталық банкінің ресми валюталық резервіндегі өзгерістер ақша ұсынысына байланысты болады. Орталық банк теңгерімдік есеп беруі активтерінде ішкі кредит пен ресми валюталық резервтердің көлемінің көрінісі беріледі, ал пассивтерде ақша базасының көлемі беріледі. Бұдан әрі, сараптама жүргізуді қарапайымдандыру мақсатында шетел валюталық резервінің көлемі Орталық банкінің ресми валюталық резервінің көлеміне дәл сәйкес келеді деп болжауға болады. Орталық банкінің теңгерімдік есебінен келесі көрінеді:

 

  ΔR + ΔDC=ΔДБ,                           (1)

 

ΔR – Орталық банкінің таза ресми валюталық резервіндегі өзгеріс;

ΔDC – үкіметке және коммерциялық банкілерге ұсынылатын ішкі кредиттегі өзгеріс;

ΔДБ – ақша базасындағы өзгеріс.

Экономиканың сыртқы секторы есепшотындағы елдің ресми есептерінің теңгерімі (ВР), іс жүзінде Отралық банкінің таза ресми валюталық резервіндегі өзгерістердің көлемін көрсетеді.

 

    BP = ΔR                                               (2).

 

Елде ВР тапшылығы болатын болса, шетел валютасына деген сұраныс өседі және ресми валюталық резервтер азаяды, себебі Орталық банк өз валютасын шетелдік валютаға айырбастап сатып алуы керек.

Егер де ел ВР  тапшылығын бастан кешіріп отырғандығының нәтижесінде ресми валюталық резервтер ΔR көлеміне азаятын болса және ішкі кредит (DC) өзгермейтін болса, онда ақша базасы тап сондай көлемге азаяды.

Алайда мұндай ақша базасының автоматты азаюының алдын алуға болатын тәсіл бар. Орталық банк сыртқы есептердің бейтеңгерімдігін ақша ұсынысына әсер ете алмайтындай етіп жоя алады немесе «стерильдей» алады. Стерильдеу барысында Орталық банк DС-те сәйкес өзгерістер жүргізу арқылы ресми валюталық өзгерістерді бейтараптандырады да, ресми валюталық резервтердегі өзгерістерге қарамастан ақша базасы өзгеріссіз қалады.

Бұл төлем теңгерімі тапшылығы бар елде Орталық банк ресми валюталық резервтерді жұмсайды дегенді білдіреді, бұл ақша базасының азаюына алып келеді, бірақ та бір мезгілде ақша массасы бастапқы деңгейде қалуы үшін немесе жоспарланған көлемге азаюы үшін ашық рыноктағы дисконт ставкасының төмендеуі немесе резервтік жабу нормаларын төмендету операцияларын жүргізу арқылы кеңейтуші ақша саясатын жүргізе отыра DC-ті көбейтеді. Стерильдеу саясаты өзгеріссіз пайыз ставкасын немесе өзгеріссіз ақша массасының көлемін демеуге бағытталған кредиттік-ақшалық саясатты жүзеге асырушы елдерде басым болып келеді [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ  ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

 

2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі

 

Ағымдағы операциялар есепшоты бойынша аталмыш кезеңде жүзеге асырылған мәмілелердің сомалық сальдосы тек қана кездейсоқ жағдайда нөлдік болып шығуы мүмкін. Бұл есепшот бойынша оң сальдо (NE > 0)  шетелдің ел алдындағы міндеттемелерінің өсуін білдіреді, ал теріс сальдо (NE < 0) ел шетел алдында өзінің міндеттемелерін өсіргендігін көрсетеді. Бұл өзгерістер капиталмен және қаржы құралдарымен операцияларды есепке алу кезінде ескеріледі.

Капиталмен жүргізілетін операциялар сальдосының есепшоттары таза капитал экспорты (NKE) деп аталады. NKE > 0 болуы жағдайында елдің капиталы таза «сыртқа ағады» (шығарылады), ал NKE < 0 болуы жағдайында – оны таза ішке құю (енгізу) жүреді.

Ағымдағы операциялар және капиталмен жүргізілетін операциялар есепшотының сомалық сальдосы төлем теңгерімінң сальдосы (ZB) болып табылады.  Егер де NE > NKE болса ел белсенді (артық) төлем теңгеріміне, ал NE < NKE болса пассивті (тапшылық) төлем теңгеріміне ие болады.

Төлем теңгерімінің тапшылығы деген, елдің тұрғындары сол мерзімде түскен түсімге қарағанда, шетел азаматтарына көп төлегенді білдіреді.  

Төлем теңгерімінің сальдосы келесі теңдеу түрінде көрінеді:

 

ZB = (E - Z) - (KE - KZ) = NE – NKE – ΔR

1-кестеден көріп отырғанымыздай, ағымдық операциялардың есеп-шоты, 2001 жылдан 2003 жыл аралығында, сонымен қатар 2005 және 2007 жылдарындағы теріс сальдосы байқалады. 2005 жылы ағымдағы есеп-шоттың жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қатысты тапшылығы – 0,9% және 2006 жылы – 2,3% құрады. Таза экспорттің жоғары бағамы кезінде тапшылықтың болуы халықаралық қызмет бойынша шығындардың өскендігі және резидент еместерге инвестициялық кірістерді төлегендігі болды [7]. 

Ағымдық есеп-шот 2004 және 2008 жылдары жақсы деңгейде болды, ол осы жылдары тауарды экспортқа шығарумен байланысты еді.

Сыртқы сауда көрсеткіші төлем теңгерімінде аса маңызды орындардың біріне ие болады, сол себепті де сауда теңгерімінің жайы төлем теңгерімінің жайына жалпы үлкен әсер етеді.

Соңғы 15 жылдың ішінде Қазақстан біртіндеп бірізді түрде өзінің әлемдік саудаға қатысуын тереңдете берді. Сыртқы сауда тауар айналымының, экспорт пен импорттың жыл сайынғы көрсеткіштері 1999 жылдан кейін келесі деңгейде толқып тұрды: сыртқы сауда айналымы – 2000 жылы 16,4 млрд. доллардан 2004 жылы 33,9 млрд. долларға; 2005 жылы 46,3 млрд. доллардан 2008 жылы 110,5 млрд. долларға дейін жетті. Экспорт бойынша бұл көрсеткіш тұрақты түрде өсті – 2000 жылы 9,3 млрд. доллардан 2008 жылы 72 млрд. долларға дейін жетті. Импорт көрсеткіштері де 2000 жылы 7,1 млрд. доллардан 2008 жылы 38,5 млрд. долларға дейін өзгеріп тұрды.

Информация о работе Импорт және экспорт есебі