Импорт және экспорт есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8

2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35

Прикрепленные файлы: 1 файл

импорт-экспорт-курс.doc

— 389.50 Кб (Скачать документ)

Кредиттік ресурстардың негізгі көзі – сыртқы қарыз алулар. Екінші деңгейлі банкілердің міндеттемелері 2005 жылдағы 75,7 миллионнан 2011 жылы 16,1 млрд. долларға дейін өсті. Осы кезеңде ғана 28 млрд доллар сомаға қарыз алулар тартылды. Олардың 2,7 млрд. доллары өтелді. 2012 жылы жиынтық қарыз 45,9 миллиардқа өсті. Банктердің сыртқы міндеттемелері 2013 жылдың бірінші тоқсанының соңында 45,1 млрд. долларды құрады. Олардың 2013 жылы 17 млрд. Доллар төленді, 2014 жылы 7,9 млрд., қалған жылдары 24,4 млрд. Долларды төлеу керек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін және банктердің және нақты сектордың шетелдік инвестициялары жинағы арқылы экономикадағы артық өтімділікті стерильдеу бойынша операциялар валюталық нарықтағы сұраныспен ұсыныстардың арақатынасын айрықша түзете алмады. Резиденттердің жүргізіп отырған сыртқы экономикалық операциялары ішкі валюта нарығындағы айрықша артық ұсыныстар туғызды.

2012 жылдың бірінші жартысына тән шетелдік валютаның артық ұсынысы жағдайы 2012 жылдың тамызында түпкілікті түрде өзгерді. Коммерциялық банктер тарапынан валютаға трансакциялық сұраныстардың артуы халықтың және қаржылық емес кәсіпорындар секторларының девальвацияны күтулерінің әсерімен күшейтілді. Бұл жағдайларда валюталық курстың күрт ауытқуына жол бермеу және алыпсатарлық операциялар үшін мүмкіндіктерді шектеу мақсатында бұл жағдайларда шетелдік валюта ұсыныстарының тапшылығы сақтық қордағы активтер есебінен жабылды [19].

2012 жыл бойы теңгенің ауыстыру бағамының өзгеру динамикасын анықтайтын факторлар түрлі сипаттарға ие болды. 2012 жылдың қаңтар-маусымдарына тән болған АҚШ долларының артық ұсыныстарына  шілденің соңында шетел валютасына сұраныстың күрт жоғарылауымен ауысты, оның шарықтау шегі 2012 жылдың тамыз-қыркүйек айларына келді. 2012 жыл бойы Қазақстан қор биржасында бағасы белгіленген валюталар бойынша АҚШ долларына, еуроға, ресей рубліне орта жылдық маңыздылықтан ауытқулар 10 проценттен аспады. Бұл орайда АҚШ долларына теңге бағамы бойынша жыл бойы салыстырмалы нығайтуға тренд сақталып қалды (жыл басындағы 127 USD/KZT-дан 120,3 USD/KZT дейін, мамырдың бірінші он күндігінде 118,79 шарықтау шекті маңызға қол жеткізе отырып), бұл кезде еуроға қатысты да, ресей рубліне қатысты да теңге аса айрықша емес құнсызданды. 2012 жылдың басында еуро бағамы 167,12 EUR/KZT құраған, еуро бағамы жылдың соңында 177,17 EUR/KZT белгіге дейін тіркелді, мамырдың үшінші он күндігінде минималды маңыздылыққа қол жеткізе отырып 161,09 EUR/KZT және қарашаның үшінші он күндігінде максималдыққа қол жеткізді (179,06 EUR/KZT), жыл бойы Ресей рублінің бағамы салыстырмалы түрде  тұрақты болып қала берді – жылдың басында ол 4,82  RUB/KZT, ал жылдың соңында 4,92 RUB/KZT құрады.

Ұлттық валютаның айырбастау бағамының тұрақтылығын қолдау үшін валюталық интервенциялар жүргізілуде. Нәтижесінде 2013 жылдың қазанынан 2014 қаңтарына дейін айырбастау бағамы 1 АҚШ долларына 149-150 теңге болды.

Жағдайдың тұрақтандырылғанына қарамастан 2008 жылдың көктем, жаз айларында тағы да қосымша бірқатар шаралар қолданылды. РЕПО операцияларын жүргізу кезінде кепілдік қамтамасыз ету тізімі бірнеше есе кеңейтілді. 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі 11,0-ден 10,5 жылдық пайызға төмендеді.

2013 жылы банктер үшін минималдық резервтік талаптар (МРТ) нормативтері төмендетілді. 2008 жылдың 18 қарашасынан бастап ішкі міндеттемелер бойынша минималды қорлық талаптар 5%-дан 2%-ге дейін төмендетілді, өзге міндеттемелер бойынша 7%-тен 3%-ке дейін. Бұл банктерге қосымша өтімділікті босатып алуға мүмкіндік берді. Бағалар бойынша тек минималдық резервтік талаптардың соңғы төмендетуінен банктердің өтімділігін 350 миллиард теңгеге толықтырды.

2013 жылы елдің сыртқы міндеттемелерінің құрылымы өзгеріп, Банк секторының үлесі қысқара бастады (Банк секторы 2008 ж. соңында 34% құрады), ал осы жылдың соңында басқа секторлардың үлесі 64%-ға дейін жетті.

Актив сапасының нашарлауы проблемасына тап болған банктер үшін Стресті активтер қоры құрылды.

Стресті активтер қорының қызметі қазақстандық банктердің кредиттік қоржынының сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Бұл мақсатты іске асырудың негізгі тетігі банктердің күдікті активтерін өтеуін төлеп алу және оларды кейіндері басқару болып табылады. Мұндай активтер ретінде макроэкономикалық, рыноктық және басқа факторлардың әсер етуімен айрықша қауіптерге (құнсыздануы), жеке алғанда, жылжымайтын мүлікті және жерді кепілге ала отырып банктердің берген қарыздарына душар болған активтері қарастырылады.

Банктерден мұндай қарыздарды өтеуін сатып алу банк баланстарын төмен өтімді активтерден жеңілдету мүмкіндігін береді және банктерге өздерінің шығындарын мойындаттырады.

Активтерді сатып алу дисконтты немесе Стресті активтер қорларымен анықталатын қауіптерді бөлу нысанын қолдана отырып, баланстық құны бойынша жүзеге асырылады. Банк сенімсіз және күдікті қарыздардың орнына несиелер бойынша қарыздарды өтеуге бағытталатын нақты ақшалар алады.

2013 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға бірінші траншпен 52 миллиард теңге бөлінді. 2014 жылы қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаттары есебінен 122 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Банктердің ресурстық негізін тұрақтандыру мақсатында ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындар және жеке тұлғалардың, сондай-ақ активтері ұлттық банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша еркін ақша-қаражаттары отандық банктің депозиттеріне орналастырылатын болады. Пруденциалды реттеу шегінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және жалпы көтерме қаржыландыруының деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Үздік халықаралық практика негізінде банктердің активтері жіктемесінің қолданыстағы тәртібі оңтайландырылады, ол жанама факторлар банктерінің активтеріне ықтимал әсер етуін ескере отырып, банктердің қосымша резервтер құруын (провизия), соның ішінде экономика салаларындағы іскерлік белсенділікті төмендетуді, сыртқы теріс құбылыстарға  душар болуы, айырбастау бағамдарының күтілген волатильдігі болжанады.

Банктердегі қауіптерді басқару жүйелері және ішкі бақылауға талаптар күшейтілетін болды. Бірінші кезеңде өтімділікті жоғалту қаупі мониторингіне әдістерді қайта пысықтауы тиіс, банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті жағдайлардың болуларын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

Көрсетілген шаралар банктерге жеке негізде де, шоғырланған негізде де, сондай-ақ конгломераттары шегінде де қолданылатын болады.

Қаржы рыногын және банк жүйесін тұрақтандыру үшін ұлттық қордан 4 миллиард доллар бөлінді. Бұл қаражаттар төрт жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру үшін қолданылады: 500 миллион долларды Халық Банкі, 300 миллион – Казкоммерцбанкі, 370 миллион – Альянс Банкі,  2,3 миллиард долларды -  БТА банкі алады [20].

Қосымша капиталдандырудың жалпы сомасынан 3 миллиард АҚШ доллары субординацияланған қарыз түрінде және дауыс беру құқығы жоқ артықшылықтық акцияларды сатып алу арқылы бағытталды.

Ұсынылған қаражаттар қорлардың бара-бар деңгейін қалыптастыруға және елдің ішінде қарызгерлерге несие беруге бағытталды.

«Самрұқ-Қазына» қорының меншігіне банктің дауыс беру құқығы бар акцияларының 25% дейін түседі. Олардың құндары 2013 жылдың 24 қазанындағы Лондан және Қазақстан қор биржаларындағы акциялардың баға белгіленімдеріне сәйкес анықталатын болды, яғни банктерге ұсыныс қойылған күнге дейін.

«Самрұқ-Қазына» қорымен банктердің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау бойынша шаралар қолданылды. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландыруға шектелген қол жетімділікпен байланысты қайта қаржыландыру қаупін минималдандыруы тиіс.

Салықтық-бюджеттік саясаттың шаралары экономикаға салықтық жүктемені төмендете отырып, экономикалық белсенділікті ынталандыруға және мемлекеттік шығындардың теңгерімді саясатын жүргізуге бағытталатын болады. Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру, жеке алғанда, 2014 жылы корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін 30%-дан 20%-ға дейін түсіру, қосымша құн салығын 13%-дан 12%-ға дейін түсіру, сондай-ақ салық төлеушілердің ұстап қалу жүйесін ырықтандыру кәсіпорындар үшін  қолайсыз рынок жағдаяттарын жұмсартуға және олардың инвестициялық мүмкіншіліктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қосымша құн салығы салынбайтын минималды айналым көлемі 2 есеге, 38 миллион теңгеге дейін артуда.

Әлеуметтік салық мөлшерлемесінің регрессивті шкаласының орнына 11% көлемінде бірыңғай мөлшерлеме енгізілетін болады.

Экономиканың барлық кәсіпорындары үшін инвестициялауды жүзеге асыру үшін салық пұрсаттылығы көзделген. Жеке алғанда өндіруші емес секторлар үшін - жеделдетілген амортизация, қойнауды пайдаланушылар үшін - амортизацияның екі есе нормасы көзделген.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін корпоротивтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу туралы талаптың күші жойылды.

Сондай-ақ барлық кәсіпорындар үшін залал мерзімдері 3 жылдан 10 жылға дейін ауыстырылады. Жалпы салық жүктемесін төмендету 2014 жылдың өзінде кәіпорындарға 500 миллиард теңгені босатып алып, экономиканы дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.

Үкіметпен 2014–2017 жылдарға арналған әлемдік қаржы  және шикізат рыноктарындағы жағдайдың нашарлауын мүмкіндікпен ескере отырып республикалық бюджеттің жобасы жасалды. Бұл кезеңге бюджет табыстары мұнайдың бір барреліне 60 АҚШ доллар тұратын әлемдік бағадан шыға отырып есептелген. Үкімет орта мерзімдік кезеңде бағамды тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып 2014–2017 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2014 жылдағы бюджеттің табысы мұнайдың барреліне 40 АҚШ долларына дейін мұнайға деген әлемдік бағаның төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымдықты шығындар қысқарылды, ал кейбір бағдарламаларды қаржыландыру неғұрлым кеш мерзімдерге ауыстырылды. Бұл орайда әлеуметті шығындар қысқартылған жоқ.

2014–2016 жылдардағы республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ 3,4-3,5% көлемінде жоспарланды, ал 2017 жылы ЖІӨ 2,4% дейін төмендейтін болады.

Ағымдағы жағдайларда үш жылдық республикалық бюджет экономикалық белсенділікті қолдаудың негізгі құралына айналуда. Жиынтық сұраныс және іскерлік белсенділік бірінші кезекте басымдықты инфрақұрылымдарға және индустриалдық жобаларға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қаржыландыруға бағытталатын бюджеттік шығындардың жоғары деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етілетін болады.

Ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, экономикаға мултипликативті әсер ететін жобаларды бірінші кезекте қаржыландыруға және халықтың қажетті жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға бағытталған ыңғайлы бюджеттік инвестициялық саясат жүргізілетін болады. Бұл орайда экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда және бюджетке түсімдер қысқарған жағдайда кейінге қалдырмай шешуді талап етпейтін шығындар оңтайландырылатын немесе неғұрлым кеш мерзімге шегерілетін болады.

Бюджет тапшылығының,  мемлекеттік кепілдіктің және мемлекеттік кепілгерлік көлемі макроэкономикалық теңгерімділікке қол жеткізу қажеттігін ескере отырып, жол берімді деңгейде қолдау табатын болады.

ҚРҰБ деректері бойынша валюталық рыноктағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және  көрсетілген диапазондағы теңгенің айырбастау бағамын қолдау үшін 2014 жылдың 1 ақпан айында 6 миллиард доллар жұмсалған. Теңгенің бағамын неғұрлым төмен дәлізде ұстап тұру мемлекет активтерінің халықаралық өтімділігінің төмендеуіне алып келді. Тек 2014 жылдың қаңтарында алтынвалюта қорларының құрылымында таза қор 1,2 миллиард долларға азайған.

Алтынвалюта қорының ағымдағы деңгейін сақтау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттігі валюталық саясат әдісін қайта қарастыруды талап етті. Бұл әлемдік рыноктағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты. Мұнай Қазақстан Республикасының барлық экспорттың 60 пайызын құрайды, және валюталық түсімнің негізгі көзі болып табылады. Соңғы жарты жылдың ішінде мұнай құнының үш еседен көп төмендеуі бағамдық бағдарларды қайта қарауға мәжбүрлейді. Мұнай бағасының өсімі жаңарылған жағдайда теңге бағамының нығаю жағына бара-бар өзгеруін болжайды.

Келесі, бұл Қазақстанның сауда серіктесі елдеріндегі және экономикасы шикізат экспортына байланысты елдердегі валютаның девальвациясы. Жеке алғанда 2013 жылдың басынан бастап 2014 жылдың қаңтарына дейін ұлттық валютаның АҚШ долларына девальвациясы Ресейде 44 пайызды құрады, Белоруссияда – 28, Украинада – 53, Ұлыбританияда – 38, Еуроаймақта – 13 пайызды. Норвегия, Бразилия, Австралия, Канадада да көрсеткіш жоғары болды. Бұған қоса, отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету үшін айырбастау бағамын тиісті түзету қажет.

Қазақстан курс тұрақтылығын басқа мемлекеттерден ұзағырақ ұстап тұрды. Бірақ негізгі сауда серіктестері басқа сценарий ойнаған кезде, мұндай саясат мақсатқа лайық емес, қауіпті және бақыланбай төмендеп кетуіне ықтимал. Сондықтан теңгенің бір долларға 120-дан 150 теңгеге дейін девальвациясы мәжбүрлі шара болды. Ол макроэкономикалық тепе-теңсіздікті жоюды қамтамасыз етуі тиіс болды. Теңгенің айырбас бағамын түзету нәтижесінде отандық тауарлар үшін бәсекелестік жағдайлар және экспорттық және импорттық ауыстыратын секторда жұмыс жасайтын шаруашылық кәсіпорындар үшін қаржылық жағдайлар жақсаруы тиіс болды. Девальвация елдің төлем балансында оң көрініс табады және оның алтын валюта қорларын сақтап қалады. Болжам бойынша төлем балансының ағымдағы шотының әлеуетті тапшылығы бірқатар азаяды.

Бағам теңгенің әлсіреуі тарапына да, нығаю тарапына да өзгеруі мүмкіндігі күтілуде. Бұл теңге өтімділігі рыногындағы және әлемдік валюта рыногындағы жағдаймен анықталатын болады.

Информация о работе Импорт және экспорт есебі