Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8
2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35
Сыртқы сауда қызметінің айырмалық ерекшеліктеріне 2000 жылдан басталған сыртқы сауданың оң сальдосын жатқызуымыз керек. Қарастырылған кезең ішінде бұл көрсеткіш 2,2 млрд.-тан 33,5 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 15 есеге дерлік өсті [8].
Қазақстанның салалық құрылымы бірнеше жылдар қатарынан іс жүзінде өзгермей тұр, мұның себебі неғұрлым мол валюталық түсім түсіріп тұрған тауарлар тізімінің өзгермеуінде болып тұр. Бұл тауарларға ең алдымен отын-энергетикалық және металлургиялық кешен өнімдері жатады.
Бүгінгі күні Қазақстан алдында сервистехнологиялы экономиканы дамыту, жоғары технологиялы өңдеу өндірістері үлесін өсіру міндеті тұр. Бұған байланысты 2015 жылға қарай отандық экономиканың үшжарым есеге өсуіне алып келетін ұлттық экономиканы диверсификациялауына бағыт алу керек, бірқатар ірі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру қажет.
Алтынвалюталық авуарлардың қозғалыс теңгерімі елдің қолында бар ресми алтынвалюталық резервтердің өзгеруімен байланысты операциялардың, елдің шетел банкілерінің алдындағы міндеттемелерінің өзгерісінің көрінісін береді.
Ресми валюталық резервтердің өзгеруі ресми есептесулердің төлем теңгерімін реттеу әдістері мен көздерінің бейнесін береді. Төлем теңгерімінің тапшылығы дәлме-дәл Орталық банкінің шетел валютасын таза сатуына тең болады. Және де керісінше, төлем теңгерімінің оң сальдосы дәлме-дәл Орталық банкінің шетел валютасын таза сатып алуына тең болады [9].
Елдің ұзақ уақыт бойы төлем теңгерімін тапшылықпен теңгеріп жүргізе алмайтыны айдан анық, себебі бұл жағдай ресми валюталық резервтердің түгесілуіне алып келеді. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бір ғана амалы – төлем теңгерімін ұлттық валютаның айырбас курсын коррекциялау арқылы жүзеге асырылатын макроэкономикалық реттеу болып табылады.
Қазақстан резиденттері мен басқалар арасындағы экономикалық мәмілелер сол кезең ішінде (1 жыл) елдің төлемдік теңгерімінде айқындалады. Қазақстанның ішкі экономикалық қызметіне сандық (ақшалай) және сапалық (құрылымдық) сипаттама бере отырып, оның дүниежүзілік шаруашылығына қатысын көрсетеді (1-кесте).
Кесте 1 - Қазақстанның төлем теңгерімі *
Көрсеткіштер |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
2011ж. |
2012ж. |
2013ж. | |
А. Ағымдық есеп |
366, 31 |
-1389,52 |
-1024,34 |
-272,6 |
335,4 |
-1055,82 |
-1998,56 |
-8226,39 |
6978,13 | |
Сауда балансы |
2168,38 |
983,38 |
1987,14 |
3679,0 |
6785,4 |
10321,81 |
14641,74 |
15090,95 |
33518,85 | |
Экспорт |
9288,11 |
8927,81 |
10026,91 |
13232,6 |
20603,1 |
28300,59 |
38762,09 |
48351,14 |
71970,81 | |
Импорт |
-7119,73 |
-7944,44 |
-8039,77 |
-9553,6 |
-13817,7 |
-17978,78 |
-24120,35 |
-33260,18 |
-38451,97 | |
Қызмет балансы |
-797,02 |
-1374,39 |
-1997,86 |
-2040,4 |
-3098,7 |
-5267,27 |
-5941,65 |
-8071,81 |
-6615,75 | |
Экспорт |
1053,00 |
1260,21 |
1540,42 |
1712,3 |
2009,2 |
2228,44 |
2818,75 |
3554,99 |
4382,97 | |
Импорт |
-1850,03 |
-2634,60 |
-3538,28 |
-3752,7 |
-5107,9 |
-7495,71 |
-8760,39 |
-11626,81 |
-10998,72 | |
Кірістер балансы |
-1254,05 |
-1236,96 |
-1127,37 |
-1746,6 |
-2863,1 |
-5696,9 |
-9491,43 |
-13086,00 |
-18940,38 | |
Ағымдық трансферттер |
249,01 |
238,46 |
113,74 |
-164,7 |
-488,2 |
-413,46 |
-1207,22 |
-2159,53 |
-984,59 | |
В. Капитал мен қаржы операциялары бойынша есеп-шоттар |
1016,48 |
2428,70 |
1239,25 |
2738,0 |
4679,5 |
912,02 |
16200,82 |
8366,27 |
1219,24 | |
Капиталмен жасалған операциялар есеп-шоты |
-290,53 |
-184,96 |
-119,81 |
-27,8 |
-21,3 |
14,01 |
31,93 |
5,65 |
-41,52 | |
С. Қателер мен өткізулер |
-797,69 |
-654,46 |
320,17 |
-931,9 |
-1015,9 |
-1799,97 |
-3127,67 |
-3168,55 |
-6025,94 | |
D. Жалпы баланс |
585,09 |
384,72 |
535,08 |
1533,5 |
3999,0 |
-1943,79 |
11074,59 |
-3028,66 |
2171,44 | |
Е. Қаржыландыру |
-585,09 |
-384,72 |
-535,08 |
-1533,5 |
-3999,0 |
1943,79 |
-11074,59 |
3028,66 |
-2171,44 | |
ҚҰБ резервтегі активтері |
-140,72 |
-384,72 |
-535,08 |
-1533,5 |
-3999,0 |
1943,79 |
-11074,59 |
3028,66 |
-2171,44 | |
ХВҚ несиелері |
-444,38 |
0,00 |
0,00 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 | |
* Деректер көзі: ҚҰБ мәліметтері бойынша |
Сондықтан да табиғи әлеуетті белсенді пайдалануды сақтай отыра, Қазақстан дайын өнімдер үлесін, соның ішінде қайтып жаңалауға келмейтін шикізаттарды, көп ғылыми зерттеуді қажет ететін өнімдерді шығаруды өсіруі керек. Бұл ең алдымен, мұнайды – мұнай өнімдерімен, түсті және қоспалы металдарды – жоғары сапалы конструкциялармен, материалдармен және т. б. біртіндеп экспорттан ығыстыруды жүйелі жүргізу керек. Егер де бұл бағыт стратегиялық бағытпен жүргізілетін болса, онда бұл республика экономикасының бәсекелестікке төзімділігінің артуына алып келеді [10].
Қазақстанда ағымдағы шоттың негізгі бөлігін (45-50%-ға дейін) сауда теңгерімі құрайды, ал сауда теңгерімі тұрақты түрде оң көрсеткішке айналуда, және бұл теңгерім шикізат бағасының толқуына үлкен тәуелділікте.
Қазақстанның сауда теңгерімінің оң сальдосын ұстап тұруы өте позитивті фактор болып табылады. Сауда теңгерімінің мәні ағымдағы шот бойынша төлем теңгерімінің оң сальдосын қамтамасыз етуге маңызды үлес салуы қажет. Бұл үшін алдағы онжылдықта экспорт құрылымында жоғары қосымша құнды тауарлар үлесінің өсуі жөніндегі экономикалық саясат жүргізу қажет.
Қазақстанның бейфакторлық қызметтер рыногы тұрақты түрде өсіп келе жатқан сыртқы сауда айналымымен сипатталады. Алайда қызметтер экспортының жеткіліксіз дамымаған инфрақұрылымына байланысты халықаралық қызметтер саласында экспорттық-импорттық операциялар бойынша тұрақты теріс сальдо байқалуда.
2005-2012 жылдар аралығы бойынша қызметтер импорты экспорттан асып түсуін жалғастырумен болды. Бейрезиденттер көрсеткен қызметтер көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 32,1%-ға өсіп, 11,5 млрд. долл. көрсеткіштен асып кетті, бұл халықаралық қызметтер саудасы айналымының 76%-ға жуығын құрады. Қазақстандық рыноктың негізгі позицияларының теңгерімделмегендігі «Тасымалдар» бабы бойынша пассивті сальдо жағдайында және «Сапарлар» және «Басқа да қызметтер» баптарының теріс сальдосы жағдайында құралады.
Сауда теңгерімінің белсенді сальдосы жыл өткен сайын бейфакторлық қызметтер пассивтеріне үлкен көлемде жұтылып кетуде. Бұл қызметтер экспорты мен импорты бойынша халықаралық есептерде тепе-теңдікке қол жеткізу үшін тауар экпортынан түсетін валюталық қаражат қосымша түрде тартылады дегенді білдіреді [11].
Халықаралық бейфакторлық қызметтер бойынша экспорттық-импорттық операциялардағы бейтеңгерімді жеңу үшін халықаралық қызметтер теңгерімі бойынша теріс сальдо ЖІӨ-нің 0,6%-нан аспауы керек, бұл қазіргі кезде ЖІӨ-нің 6 мен 9% аралығынды толқып тұр.
Бұл мақсатқа қол жету үшін қазақстандық жақтан бейрезиденттерге көрсетілетін халықаралық қызметтер саласын кеңейту және дамыту есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.
Транзиттік тасымал саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту керек, бұл ең алдымен өздерінің геосаяси жайына байланысты қазақстандық транзитке ұмтылатын елдермен жүзеге асырылуы керек. Транзит валюталық қаржы түсімдерін қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнай алады.
Қазақстан туризмді дамытуға арналған маңызды әлеуетке ие, және де болашақта туризм халықаралық қызметтер саласындағы жетекші салалардың біріне айналуы мүмкін. Бейрезиденттердің елдегі қонақ үйлерде тұруына, тамақтануына, көңіл көтеруіне, сыйлықтар мен кәдесыйларды сатып алуға төлеу түрінде туризмнен түсетін түсімдер ұлттық кірістің маңызды құрамдасына айналуы мүмкін.
Кері сальдоның пайда болуына және Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларындағы тепе-теңдіктің бұзылуына белгілі бір дисбаланс факторлық табыстар бойынша баланс енгізеді. 1995-1997 жж. шетелдік инвестициялардың жаппай тартылуына және көп емес көлемде капиталды экспорттау кері сальдоның сақталуына алып келді де, содан соң өсуі болды.
Шетелдік міндеттемелерді өсіру оларға қызмет ету бойынша шығындардың айрықша өсуімен түсіндіріледі. Сыртқы қарызды алуға қызмет етуге шығындардан басқа факторлық қызмет көрсетулер теңгерілімінің кері сальдосының өсуіне белгілі бір үлесті тікелей инвесторлардың табыстары қосты.
Әлемдік тәжірибе шетелдік инвестордың нақты салымы әдеттегідей болжанған инвестицияның барлық сомасының 25% аспайтын мөлшерді құрайтындығын және бұдан былайғы инвестициялау қайта инвестицияланған пайданың есебінен жүзеге асырылатындығын, яғни қаржылық шотта көрсетілген тікелей инвестициялардың ағымы ағымдағы операциялар бойынша шығынның артуымен сәйкестендірілетіндігін көрсетеді [12].
Бұған қоса өндірістің шетелдік факторларын пайдалану елімізде қажетті түрде тиімді болған жоқ, бейрезиденттерге экономикаға тартылған қаржылық және еңбек ресурстары бойынша төлемдердің өсімі резиденттер табыстарының өсімін басып озды.
Табыс балансының тапшылығы абсолютті түрде де (2005 жылдағы 1,2 миллиард доллармен салыстырғанда 2012 жылы 10,9 миллиард долларға жетті), салыстырмалы мөлшерде де тездетіп өсуде. Егер 2009 жылға дейін табыс балансы тапшылығының ЖІӨ қатынасы 5,7 пайыздан аспаса, 2010 жылы 8,7 пайызды құрады, ал 2011 және 2012 жылдары 10 пайыздан асты.
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енер алдында факторлық табыстар бойынша теңгерімсіздікті жалпы ішкі өнімнен 0,6% көрсеткішке келтіруге тиіс, не болмаса 0,4%.
Факторлық табыстар балансы бойынша теріс теңгерімсіздіктің кеңейю қарқынының дамуы шетелдік капиталды Қазақстанға тарту ауқымдарымен анықталады, бірақ резиденттердің шетелдік активтерінің артуымен өтелмеген.
Шетелдік активтерден табыстардың бірнеше есе өсуі кезінде (2005 жылғы 135 млн. доллардан 2012 жылғы 3352,6 млн. долларға дейін) факторлық қызмет көрсетулер (1,2 миллионнан 10,9) бойынша табыс балансы тапшылығының кеңеюі тікелей шетелдік инвесторларға табыстарды төлеудің артуы нәтижесінде және борыштық міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша, басты түрде банк секторы бойынша шығыстар нәтижесінде жүзеге асырылды.
Шетелге тікелей инвестициялардан табыстардың өсуі резиденттердің шетелдік ұйымдарға қатысу үлесін белсенді түрде сатып алуымен және өздерінің шетелдік еншілес кәсіпорындарының капиталдарының толықтырылуымен шарттасады.
Елдің ресми қорларынан табыс – ҚҰБ халықаралық қорларынан және Ұлттық Қор қаражаттарының шетелдік активтерге бөлінген табыс резиденттердің инвестициялық табыстарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Олар 2012 жылы 1461 млн. долл. құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге өсті [13].
Жалпы алғанда факторлық табыстар бойынша баланстың тапшылығының төмендеуі, біздің пікірімізше, шетелдік тиімділігі мол компанияларға қатысу үлесін сатып алу нысанында, елден тыс жерлерде мол табысты өндіріс ұйымдарымен еншілес кәсіпорындар ашу нысанында беріледі. Бұдан басқа елімізде шетелдік капиталды пайдалану тиімділігінің артуы салынған инвестициялардан бейрезиденттерге табыс төлемдері үлестерінің орнын толтыруға мүмкіндік береді.
Факторлық табыстар бойынша теңгерімсіздікті бастан кешіру капиталды шетелге активті түрде шығару стратегиясын жүргізуді талап етеді. Қазақстандық банктер мен компаниялардың әлемдік аренаға қатысуы шетелдік инвестицияларды және ұлттық жобаларды қаржыландыру үшін сыртқы салымдардан табыстарды тартуға ықпал ететін болады. Факторлық табыстар бойынша теңгерімсіздік айрықша мөлшерде төмендейтін болады.
Соңғы үш жылда (2010–2012 жж.) экспорттық-импорттық операциялар бойынша ағымдардың қалыптасуына банк секторының сыртқы қарызға алу динамикасы басым.
Сыртқы қаржыландырудың үлкен көлемін тарту қалай ішкі несиелендіруді кеңітсе, солай резиденттердің сыртқы активтерін өсіру жолы болды. 2011 жылы резиденттердің сыртқы активтері (Ұлттық Банктің халықаралық резервтерін есептемегенде) 17,7 млрд. долл. ұлғайды (9,5 млрд. долл. 2010 жылы). Ішкі валюта рыногында ішкі валютаның артық ұсынысы Ұлттық Банктің халықаралық резервтерін 2,7 –ден 19,1 млрд. долл. дейін ұлғайтуға ықпал етті (2010 жылы - 7 млрд. долл.). Бұл резервтер деңгейі тауарлар мен қызметтердің импортын 7 айға дейін жабуды қамтамасыз етеді. Ұлттық қор қаражаттарымен салыстырғанда елдің жиналған ресми резервтері 2011 жылы 33 млрд. долл. асып кетті. Банк кредиттерінің көрсеткішетрі экономикаға ЖІӨ-ге қатысты арақатынасы 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 45,9%-дан 57,0%-ға дейін өсті. Сонымен қатар мерзімдік кредиттер құрылымында да оң өзгерістер болды, мұнда ұзақмерзімдік (1 жылдан артық мерзімді) кредиттердің өсімі қысқамерзімдік кредиттермен салыстырғанда ілгерілеушілік сипатта болды. Ұзақмерзімдік кредиттер 68,9%-ға өссе, қысқамерзімдік кредиттер 16,0%-ға өсті. Ұзақмерзімдік кредиттердің үлес салмағы 73,2%-дан 79,9%-ға дейін өсті.
Дүниежүзілік экономикадағы іскерлік белсенділіктердің өрлеуі мен құлдыраулары Қазақстанның Халықаралық инвестициялық ұстанымдарында көрініс табады. Импорттың өзгермейтіндігі кезінде отандық тауарларға шетелдік сұраныстың өзгеруі экспорт пен ұлттық валюта курсының ауытқуына алып келеді. Егер тауарларды шығару өсетін болса, ұлттық валютаға сұранысы және оның импортерлер валютасына курсы өседі. Ал кері жағдайда, ұлттық экспорт төмендегенде, ұлттық валютаның курсы да түседі [14].
Кесте 2 - Активтер мен міндеттемелердің түрі бойынша Қазақстанның
халықаралық инвестициялық ұстанымы*
млн. АҚШ долл.
Көрсеткіштер |
Жағдайы | |||||||
31.12.0ж. |
31.12.06 ж. |
31.12.07 ж. |
31.12.08ж. |
31.12.09ж. |
31.12.10ж. |
31.12.11ж. |
31.12.12ж. | |
Халықаралық инвестициялық ұстаным, таза |
-11113,8 |
-13075,2 |
-13735,0 |
-14757,8 |
-15702,2 |
-20277,3 |
-28746,9 |
-43352,2 |
Активтер |
4613,1 |
6117,1 |
9321,5 |
14283,7 |
23070,7 |
30174,2 |
59438,2 |
76799,5 |
Шетелге тікелей инвестициялар |
15,5 |
-9,7 |
417,2 |
300,4 |
-971,7 |
-1141,8 |
-991,5 |
2148,5 |
Қоржындық инвестициялар |
69,7 |
1430,8 |
2396,1 |
4563,6 |
5903,3 |
10962,2 |
20106,0 |
24893,1 |
Өндіруші қаржы құралдары |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
0,0 |
48,4 |
164,3 |
258,1 |
866,5 |
Басқа инвестициялар |
2432,1 |
2187,8 |
3367,4 |
4457,6 |
8810,1 |
13119,8 |
20938,5 |
31498,8 |
Резервтік активтер |
2095,8 |
2508,2 |
3140,8 |
4962,1 |
9280,5 |
7069,7 |
19127,0 |
17392,5 |
Міндеттемелер |
15726,9 |
19192,4 |
23056,5 |
29041,5 |
38772,8 |
50451,5 |
88185,0 |
120151,7 |
Қазақстанға тікелей инвестициялар |
10077,7 |
12916,6 |
15464,3 |
17587,1 |
22376,5 |
25607,4 |
32689,2 |
43381,3 |
Қоржындық инвестициялар |
695,9 |
725,0 |
337,8 |
581,0 |
1310,8 |
2721,1 |
11142,1 |
14088,2 |
Өндіруші қаржы құралдары |
0,0 |
0,0 |
25,0 |
40,9 |
38,8 |
44,3 |
67,9 |
313,6 |
Басқа инвестициялар |
4953,3 |
5550,8 |
7229,4 |
10832,5 |
15046,7 |
22078,7 |
44285,9 |
62368,5 |
* Деректер көзі: Қазақстанның Ұлттық банкі деректері бойынша |