Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 07:31, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстары тереңдеген сайын тауар мен валюта-қаржы ағымдары қозғалысының жаһандану процессі тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты мен импорты, тартылған және шығарылған капиталдар, шетелдік инвестициялардан елге және отандық тауар өндірушілердің шетелге табыстарының ағымдары мен жылыстауы арасындағы тепе-теңдік жағдайына неғұрлым көп әсер етуде.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемалары...............................................5
1.2 Сыртқы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі капитал қозғалысының мобилділігі...................................................................................................................8
2. ЭКСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Экспорттық және импорттық операцияларының арасындағы теңгерімділік есебі.............................................................................................................................12
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының шешу жолдары..................24
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................35
2-кестеде көріп тұрғанымыздай, халықаралық инвестициялық ұстанымы елдің сыртқы қаржылық активтері мен міндеттемелерінің жинақталған қорының сипаттамасын беріп, Қазақстаннан инвестициялардың кететін ағымдарын және қоры құрылымының көрінісін көрсететін болса, инвестициялар типі мен капиталдар түрі бойынша Қазақстанға кіретін инвестициялар ағынының көрінісін береді. Егер 2010 жылы активтер 4,6 млрд деңгейде, ал міндеттемелер 15,7 млрд. доллар деңгейде болса, 2012 жылы олар сәйкесінше 76,8 млрд. және 120,2 млрд долларды құрады [15].
Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымы 2013 жылы 39,1 млрд. АҚШ долл. құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 4,3 млрд. долларға жақсарғаны байқалады (39,1-43,4). Дегнменде кейінгі жылдары бұл ұстаным нашарлап кетті, 2012 жылдың аяғында ол 43,4 млрд. АҚШ долл. деңгейінде қалыптасты. 2012 жылғы позицияның нашарлауы 14,7 млрд. долларды құрады (43,4-28,7) ал, 2011 жылы – 8,4 млрд. долл. болды (28,7-20,3) (3-кесте).
Кесте 3 - Таза сыртқы қарыз және сыртқы активтер, сыртқы міндеттемелер бойынша Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымы*
млрд. АҚШ долл.
Атауы |
31.12.2010 ж. |
31.12.2011 ж. |
31.12.2012 ж. |
31.12.2013 ж. |
ҚР сыртқы активтері |
30,2 |
59,4 |
76,8 |
95,0 |
Соның ішінде қарыздық құралдар бойынша |
26,8 |
52,5 |
65,0 |
80,3 |
ҚР сыртқы міндеттемелері |
50,5 |
88,2 |
120,2 |
134,0 |
Соның ішінде қарыздық құралдар бойынша |
40,9 |
70,1 |
91,8 |
103,6 |
ҚР Халықаралық инвес-тициялық ұстанымы |
-20,3 |
-28,7 |
-43,4 |
-39,1 |
Соның ішінде қарыздық құралдар бойынша |
-14,1 |
-17,6 |
-26,7 |
-23,3 |
ҚР таза сыртқы қарызы |
14,1 |
17,6 |
26,7 |
23,3 |
* ҚР Ұлттық Банкінің 2010-2013 жж. деректері бойынша |
Қазақстанның сыртқы міндеттемелері бойынша неғұрлым маңыздысы резиденттердің бейрезиденттерден, соның ішінде арнайы тағайындалған еншілес кәсіпорындары арқылы тартқан несиелер болып табылады. Қазақстанның қарыздық құралдары бойынша халықаралық инвестициялық ұстанымының теріс мәні – елді «таза борышкер» ретінде сипаттауында. Қазақстанның теріс таңбалы қарыздық құралдар бойынша халықаралық инвестициялық ұстанымы түрінде көрінетін таза қарызы өсу үстінде. 3-кестеде көрсетілгендей, бұл қарыз 2010 ж. 14,1 млрд. долл., 2011 ж. 17,6 млрд. долл. жетті, 2012 ж. 26,7 млрд. долл. болды (65,0 - 91,8). Ал 2013 ж. ҚР таза сыртқы қарызы 23,3 млрд. долл. көлемінде болды (80,3-103,6).
Кесте 4 - Банкілік жүйе бойынша Қазақстанның халықаралық инвестициялық ұстанымы *
Көрсеткіштер |
2010 ж. |
2011 ж. |
2012 ж. | |||
Сома, млн. долл. |
Үлес салмағы, % |
Сома, млн. долл. |
Үлес салмағы, % |
Сома, млн. долл. |
Үлес салмағы, % | |
Активтер |
||||||
Шетелге шығаратын тікелей инвестициялар |
52,6 |
0,3 |
159,1 |
0,4 |
525,1 |
1,0 |
Қарыздық құнды қағаздар |
2557,4 |
16,2 |
4493,1 |
12,4 |
2671,4 |
7,0 |
Ақша рыногы құралдары |
26,5 |
0,2 |
- |
- |
- |
- |
Өндіруші қаржы құралдары |
1,9 |
77,8 |
0,2 |
696,2 |
2,0 | |
Несиелер |
2636,3 |
16,7 |
7734,3 |
21,4 |
12155,9 |
30,0 |
Қолма-қол ақшалар мен депозиттер |
3355 |
21,2 |
4312,0 |
12,0 |
6751,1 |
17,0 |
Басқа да активтер |
102,2 |
0,7 |
266,3 |
0,7 |
253,9 |
1,0 |
Резервтік активтер |
7069,7 |
44,7 |
19127,0 |
52,9 |
17392,5 |
42 |
Қорытынды |
15801,6 |
100 |
36169,6 |
100 |
40446,1 |
100 |
Міндеттемелер |
||||||
Қазақстанға келетін тікелей инвестициялар |
187,0 |
1,2 |
976,7 |
2,5 |
3840,2 |
6,9 |
Капиталға қатысуды қамтамасыз ететін құнды қағаздар |
476,9 |
3,0 |
5466,0 |
13,7 |
5611,9 |
10,0 |
Қарыздық құнды қағаздар |
1824,8 |
11,3 |
2984,1 |
7,5 |
3266,2 |
5,9 |
Өндірушы қаржылық құралдар |
1,8 |
34,1 |
0,1 |
278,7 |
0,5 | |
Несиелер |
12204,2 |
76,4 |
28187,9 |
70,8 |
39623,3 |
71,2 |
Қолма-қол ақшалар мен депозиттер |
1112,5 |
7,0 |
1785,2 |
4,5 |
2565,3 |
4,6 |
Басқа да міндеттемелер |
174,8 |
1,1 |
366,2 |
0,9 |
491,4 |
0,9 |
Қорытынды |
15982 |
100 |
39800,2 |
100 |
55677,0 |
100 |
* Деректер көзі: ҚР Ұлттық банкінің 2010-2012 жылғы мәліметтері бойынша |
2012 жылғы таза қарыз көлемі ЖІӨ-нің 86%-ын және тауарлар мен бейфакторлық қызметтер экспортының 51%-ын құрады. Елдің жоғарыликвидті сыртқы қарыздары (ішіне Ұлттық банкінің резервтік активтері, Ұлттық қордың активтері, резиденттер портфеліндегі бейрезиденттердің қарыздық құнды қағаздары мен резиденттердің шетелдік банкілердегі шоттары енетін) 2012 жылдың аяғына 50,3 млрд. долларды құрады (елдің сыртқы активтерінің 65%-ы) және бұл елдің қарыздық құралдар бойынша сыртқы міндеттемелерінің 55%-ын ғана жаба алады.
Қазақстанның сыртқы міндеттемелерінің үлкен бөлігін тікелей инвестиция құрады, оның 2013 жылдағы салымы 58,3 млрд. доллар болды (ЖІӨ-нің 44%-ын құрады).
Қазақстанның сыртқы міндеттемелерінің құрылымында банкілер үлесі 4-кестеден көріп тұрғанымыздай 2013 жылға дейін үлкен болып қала берді, ол 2012 ж. 46,3%-ды (55,7 : 120,2), 2011 ж. – 45,1%-ды (39,8 : 88,2), ал 2010 ж. – 31,7%-ды құрады (16,0 : 50,5).
Банктердің міндеттемелерінің құрамындағы ең үлкен үлес салмағын сырттан тартылған қаражат бойынша несиелік қарызы құрайды. 2005-2007 жылдардағы қарыздар көлемі барлық банктердің міндеттемелерінің 70 пайызын құрайды.
Қазақстандық банкілердің рыноктік тәртібінің босаңсуы банкілердің жалпы алғандағы сыртқы займдерін көбейту бойынша агрессивті іс-қимылдар жүргізу себебінен әрекеттері есебінен, сонымен қатар «кредиттік лап қоюға» алып келген кредиттік портфельдің интенсивті өсуі және экономиканың жекелеген салаларын банкілік сектордың несиелеуінің теңгерімделмеген саясатын жүргізуге алып келген негізгі фактор болып табылды [16].
Алдымен банктер елдің ішкі несиелік қызметін жақсартуға күш салды. Бірақ, қарызға алынған соманың өсіп кетуіне байланысты реқаржыландыру мәселесі өзектіге айналды. Бұл жерде тәуекелдің негізі өзара қарыз алу деңгейінің өте жоғары болуында болды.
Капитал рыногындағы ғаламдық дағдарыстың көріністері 2012 жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық банкілерге сыртқы ресурстарды тарту жағдайының нашарлауына алып келді. І-ші жартыжылдықпен салыстырғандағы займдық ресурстарға қол жетімділіктің біршама қысқаруы ертерек тартылған банкілік займдарды қайтарудың мерзімі ең жоғары төлем кезеңіне сәйкес келді. Қаржылық ресурстарға жоғарғы ішкі сұраныстың сақталуы жағдайында қолдағы сыртқы қарызды реқаржыландыру қажеттілігінен тыс жаңа займдар тарту мүмкіндігінің болмауы шетелдік валютадағы ликвидтілік тапшылығына алып келді.
Дүниежүзілік ипотекалық дағдарыс сыртқы займдауға қолжетімділіктің шектелуімен, шетелдік инвесторлардың Қазақстан қор рыногынан коммерциялық банкілердегі ликвидтілік тапшылығына алып келуімен байланысты болып келетін сыртқы ағынының арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді, мұның барлығы Қазақстан қаржы рыногынан шетел инвесторларының қысқа мерзімді активтерін әкетуі нәтижесінде коммерциялық банктерді ликвидтілік тапшылыққа әкеліп соқты.
2.2 Экспорттық және импорттық операцияларының жолдары
Экономиканың банкілік-қаржылық жүйесі ликвидтіліктің жетіспеуі есебінен толықтай бейтеңгерімділік жайына енді, валюталық және ақша-кредит саласындағы қалыптасқан тепе-теңдік бұзылды. Теңгенің айырбас курсының қысқамерзімдік күрт толқуларын болдырмау мақсатында және ішкі валюталық рыноктағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қалыптасқан төлем теңгерімінің тапшылығы ресми алтын-валюталық шот есебінен қаржыландырылды. Жалпы халықаралық резервтер 2011 жылдың аяғына қарай 19,1 млрд. долларды құраған, 2012 жылдың аяғына қарай 17,4 млрд. доллар болып бағаланды.
Дағдарыс АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің есептік бағамдарын 6,5 пайыздан 1 пайызға азайтуға мәжбүр етті. Рынокқа арзан ликвидтілік түріндегі доллар ағымын шығару қажет болды. Дүниежүзілік шетелдік доллардың зор массасы, соның ішінде мұнай саласынікі де бар, ипотекалық бизнеске, ипотекалық компаниялардың акциясына келіп құйылды. Ликвидтіліктің артықтығы несиелеуге қойылатын талаптардың төмендеуіне ықпал етті. Арзан ақшалар ағымы «субпрайм» деп аталатын тұрғын үй рыногының төменгі сегментіне қарай ауды [17].
АҚШ рыногындағы ішкі қаржылық жағдайдың жақсаруы – қарыз алушыларға қойылатын талаптарды төмендетті. Мұның нәтижесінде пайыздық ставкалардың біртіндеп көтерілуі жағдайында бұл алынған кредиттерге қызмет көрсетудің қымбаттауына, және де бұған сәйкес төлем төлей алмаудың үлкен көлеміне алып келді.
Тұрғын-үй құрылысы саласындағы инвестициялық тізбек, жетекші дүниежүзілік банктерді қоса алғанда, несиені қайтармаудан жүздеген млрд. долларын жоғалтты.
Соңғы жылдары екінші дәрежелі банктер экономиканың шынайы секторын белсенді түрде несиеледі. Бұл жағдайда сыртқы займдар ресурстар көзі болып табылды, бұл дағдарыс жағдайының ел экономикасына тарауының негізгі каналы болды. Мәселен, 01.01.2013 жылы жалпы мемлекеттік емес сыртқы қарыз 94,3 млрд. долларды құрайтын болса, банктік сектордың үлесі 48,6 пайызды құрады.
Ғаламдық ликвидтіліктің төмендеуіне, қарыз алудың сыртқы көздеріне қол жеткізудің шектелуіне және олардың бағасының қымбаттауына байланысты Қазақстан коммерциялық банкілері өз кезегінде берілетін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды өсіруге және кредиттеу шарттарын қатайтуға мәжбүр болды, бұл нақты сектор мен тұрғындарға кредиттер ұсынудың қысқаруына алып келді.
Ликвидтілік дағдарысының дамуы жағдайының реакциясы барлық жетекші мемлекеттермен қатар Қазақстан үшін де бірдей болды, атап айтсақ орталық банктер жедел түрде ішкі рыноктағы қысқа мерзімдік ликвидтілікті демеу шараларын жүргізе бастады. РЕПО операциясын жүргізу арқылы банкілерге жетіспейтін ликвидтілік ұсынылды, резервтік міндеттемелер базасы қысқартылды, резервтік активтер құрылымы кеңейтілді. Бұл банкілерге 150 млрд. теңгеге жуық соманы қосымша пайдалануға мүмкіндік берді.
Банкілік ликвидтілікті адекватты деңгейде демеуді әрі қарай ұстап тұру үшін кепілдемемен қамтамасыз етуге қабылданатын құнды қағаздар тізімі біршама кеңейтілді.
Ликвидтілік дағдарысы басталғаннан бері банктерден депозиттердің кері ағыны жүре бастады. 2012 жылдың соңына қарай кері ағыны жағдайын жеке тұлғалардың кепілдік қорын 30 млрд. теңгеге өсірумен және кепілдік қою сомасының 700 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін орнын толтыру сомасын өсіру арқылы тоқтатыла бастады. Бұл шаралар тұрғындардың салымдары ағындарының өсуі есебінен депозиттердің бұрынғы деңгейінің қалпына келтіруге ықпал етті. Бұл банктерге қорландырудың ішкі көздеріне ауысуына әсер етті.
«Проблемалы» банкілерге мемлекеттің кірісуінің бұл құралы ең қиын жағдайларда – банкілік сектордың жүйелі пробемаларының шиеленісуі шарықтау шегіне жетіп, күтілетін дағдарыс шығындары экономиканы жалпы алғандағы біртұтас мақсатына сәйкес келмей, салмақты әлеуметтік салдарға алып келуге жақындаған сәтте қолданылады.
2013 жылдың басында сыртқы қарыздардың ең көп мөлшеріне - 61,3% - үш аса ірі банкілер: «Казкоммерцбанк», «БТА» және «Халық банкіге» тиесілі болды. «Центр-Кредит», «Альянс Банк» және «АТФБанк» үлесіне сыртқы қарыздың 28,2% , осы 6 банктің үлесіне -89,5% жатты [18].
Екінші деңгейлі банкілерінің (ЕДБ) проблемаларын шешу үшін минималды резервтік талаптар (МРТ) көлемі ішкі міндеттемелер бойынша -6%-дан 5-еуге дейін, басқа да міндеттемелер бойынша - 8%-дан 7-ге дейін төмендетілді. Бұл «қозғалмай қалған» 90 млн. теңге ресурсын босатуға мүмкіндік береді, ликвидтілік деңгейін көтереді; Ұлттық банкінің реқаржыландыру ставкасы 11-ден 10,5 пайызға төмендетілді. Бұл кредиттік ресурстарға қол жетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Екінші деңгейлі банкілерін кредиттеу нысандарын мамандандырылған компанияларға белсенді бере бастады. Казкоммерцбанк, «ЦентрКредит», АТФ Банктерге сыртқы рыноктарымен байланыс жасайтын сыртқы займдауларға үлкен қолжетімділікке ие шетелдік серіктестер келді. Ликвидтілік проблема болашақта шиеленіспей, ішкі көздер есебінен де, сонымен қатар жаңа инвесторлардың көмегі арқылы да өз шешімін табуы тиіс.
Ликвидтіліктің дүниежүзілік дағдарысы экономиканың нақты секторына, әсіресе құрылыс индустриясына кері әсер етті. 2004 жыл мен 2011 жыл аралығында банктер бұл секторға 10,7 млрд. долл. сомасында несие беріп, бұл экономикадағы (94,3 млрд. долл.) барлық несиелердің 10,6% -ын құрады.
Нақты сектордағы проблемалар бірінші кезекте проблемалық кредиттер деңгейінің өсуі бойынша көрініс бере бастады. Соның ішінде корпоративтік бизнес субъектілерінің, сонымен қатар жеке тұлғалардың берілген займдар бойынша кешігулетулер көрініс бере бастады. Банкілердің үштен бірі кепілдік мүлікті клиенттерден алу операциялары санының өсуі мен қарыз алушылардың қарызын реқұрылымдау жөніндегі шығындардың өсуін атап көрсетті. Банк клиенттерінің алған қарыздары бойынша борыштарының өсіп кетуі несиелеу шарттарын өзгертуге алып келді (бұл әсіресе кепілдік талаптары мен несиелеудің тәуекелділік түрлерінің көбеюіне әсер етті) және банктердің несиелік портфеліне кері әсер етті.