24-бап
1. Осы Хаттама
қол қою үшiн ашық және Конвенция
тараптары болып табылатын экономикалық
интеграция мемлекеттерi мен өңiрлiк
ұйымдары ратификациялауға, қабылдауға
немесе мақұлдауға жатады. Ол 1998
жылғы 16 наурыздан бастап 1999 жылғы
наурызға дейiн Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының Нью-Йорктегi орталық
мекемелерiнде қол қою үшiн
ашық және қол қою үшiн Хаттама
жабылатын күннен кейiнгi келесi
күнi қол қою үшiн ашылады.
Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау
немесе қосылу туралы құжаттар
депозитарийге сақтауға тапсырылады.
2. Бұл ретте
оның мүшесi болып табылатын,
алайда Тарабы болмайтын бiр
де бiр мемлекеттегi осы Хаттаманың
Тарабына айналатын кез келген
экономикалық интеграцияның өңiрлiк
ұйымдары осы Хаттамадан туындайтын
барлық мiндеттеменi қабылдайды.
Бiр немесе бiрнеше мүше мемлекет
осы Хаттаманың мүшесi болып
табылатын осындай ұйымдар болған
жағдайда, осы ұйым және оның
мүше мемлекеттерi осы Хаттама
бойынша олар өздерiне қабылдаған
мiндеттемелердi сақтау жөнiнде тиiстi
мiндеттемелерге қатысты шешiм
қабылдайды. Осындай жағдайда осы
ұйым мен оның мүше мемлекеттерi
осы Хаттамаға сәйкес құқықтарын
бiр мезгiлде пайдалануға құқығы
жоқ.
3. Экономикалық
интеграцияның өңiрлiк ұйымдары
ратификациялау, қабылдау, мақұлдау
немесе қосылу туралы өздерiнiң
құжаттарында осы Хаттамамен
реттелетiн мәселелерге қатысты
өз құзыретiнiң шегi туралы жариялайды.
Осы Ұйымдар депозитарийдi хабардар
етедi, ал ол өз кезегiнде олардың
құзыретiнiң шегiндегi кез келген
елеулi өзгерiстер туралы Тараптарды
хабардар етедi.
25-бап
1. Осы Хаттама
Конвенция Тараптарының кемiнде
55-i, оның iшiнде I қосымшаға енгiзiлген
Тараптардың 1990 жыл үшiн көмiртек
диоксидiнiң жалпы шығарындылары
жиынтығының кемiнде 55 процентi
үлесiне тиетiн, I қосымшаға енгiзiлген
Тараптар ратификациялау, қабылдау,
мақұлдау немесе қосылу туралы
өздерiнiң құжаттарын депозитарийге
сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы
күнi күшiне енедi.
2. Осы баптың
мақсаттары үшiн "I қосымшаға
енгiзiлген Тараптардың 1990 жыл
үшiн көмiртек диоксидiнiң жалпы
шығарындылары" деген сөздер I
қосымшаға енгiзiлген Тараптар
осы Хаттама қабылданған күнi
немесе Конвенцияның 12-бабына сәйкес
өздерiнiң алғашқы хабарламаларында
бұрын мәлiмдеген мөлшердi бiлдiредi.
3. Жоғарыдағы
1-тармаққа сәйкес оның күшiне
енуiне арналған шарттарды орындағаннан
кейiн осы Хаттаманы ратификациялаған,
қабылдаған немесе мақұлдаған
экономикалық интеграцияның әрбiр
мемлекетi немесе өңiрлiк ұйымдары
үшiн осы Хаттама ратификациялау,
қабылдау, мақұлдау немесе қосылу
туралы өздерiнiң құжаттарын сақтауға
тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы
күнi күшiне енедi.
4. Осы баптың
мақсаттары үшiн экономикалық
интеграцияның өңiрлiк ұйымдары
сақтауға тапсырған бiр де бiр
құжат осы ұйымның мүше мемлекеттерi
тапсырған қосымша құжат ретiнде
қаралмайды.
26-бап
Осы Хаттамаға
ескертулер енгiзуге жол берiлмейдi.
27-бап
1. Белгiлi
бiр Тарап үшiн Хаттама күшiне
енген күннен бастап осы Тарап
депозитарийге жазбаша хабарлама
жiберiп, Хаттамадан шыға алады.
2. Кез келген
осындай шығу депозитарий шығу
туралы хабарлама алған күннен
бастап немесе шығу туралы
хабарламада көрсетiлуi мүмкiн одан
неғұрлым кеш мерзiмде бiр жыл
өткенге дейiн күшiне енедi.
3. Конвенциядан
шығатын кез келген Тарап осы
Хаттамадан шықты деп есептеледi.
28-бап
Ағылшын,
араб, испан, қытай, орыс және
француз тiлдерiндегi мәтiндерi бiрдей
дәлме-дәл болып табылатын осы
Хаттаманың түпнұсқасы Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына
сақтауға тапсырылады. Бiр мың
тоғыз жүз тоқсан жетiншi жылғы
желтоқсан айының он бiрiншi күнi
Киотода ЖАСАЛДЫ. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ
ҮШIН оған тиiсiнше өкiлеттiк
берiлiп, төменде қол қойғандар
көрсетiлген күндерi осы Хаттамаға
өз қолдарын қойды.