Мұндай жобалар бiрлескен жүзеге
асырудың жобаларының атауларын алды.
Аралық сол, арасында өнеркәсiптiк газдардың
лақтырулары тап әлемдегi ауа райының
өзгерiстерiне ықпал ететiн туралы бiртұтас
пiкiрлер ғалым жоқ.
Келiсiмнiң жаулары, оның бекiтуiн
Ресейге экономикалық дамытуды бәсеңдiкпен
артына қарағанда санайды.
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк
конвенциясына
Киото хаттамасы
Осы Хаттаманың
тараптары,
бұдан әрi
"Конвенция" деп аталатын
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Климаттың
өзгеруi туралы негiздемелiк конвенциясының
Тараптары болып табыла отырып,
Конвенцияның
2-бапта айтылғандай түбегейлi мақсатына
кол жеткiзу мақсатында,
Конвенцияның
ережелерiне сiлтеме жасап,
Конвенцияның
3-бабын басшылыққа ала отырып,
Конвенция
Тараптары Конференциясы бiрiншi
сессиясының 1/СР.1 Шешiмiнде қабылданған
Берлин мандатын атқару үшiн,
төмендегiлер
туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Хаттаманың
мақсатына орай Конвенцияның 1-бабында
қамтылған анықтамалар қолданылады.
Бұған қоса:
1. " Тараптардың
Конференциясы " Конвенция Тараптарының
Конференциясын бiлдiредi.
2. " Конвенция
" Нью-Йоркте 1992 жылғы 9 мамырда
қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
Климаттың өзгеруi туралы негiздемелiк
конвенциясын бiлдiредi.
3. " Климаттың
өзгеруi жөнiндегi үкiметаралық топ
" 1988 жылы Дүниежүзiлiк метеорологиялық
ұйым мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының
Қоршаған орта жөнiндегi Бағдарламасы
бiрлесiп құрған Климаттың өзгеруi
жөнiндегi үкiметаралық сарапшылар
тобын бiлдiредi.
4. " Монреаль
хаттамасы " 1987 жылғы 16 қыркүйекте
Монреальда қабылданған, өзiне
кейiннен енгiзiлген өзгерiстерi мен
түзетулерi бар Озон қабатын
бүлдiретiн заттар жөнiндегi Монреаль
хаттамасын бiлдiредi.
5. " Дауыс
беруге келген және оған қатысқан
Тараптар " келген және жақтап
немесе қарсы дауыс берген
Тараптарды бiлдiредi.
6. " Тарап
", егер контексте басқаша болмаса,
осы Хаттаманың Тарабын бiлдiредi.
7. " I қосымшаға
енгiзiлген Тарап " Конвенцияға
I қосымшаға оған енгiзiлуi мүмкiн
түзетулермен енгiзiлген Тарапты
немесе Конвенцияның 4-бабының 2 "g"
тармағына сәйкес хабарлама ұсынған Тарапты
бiлдiредi.
2-бап
1. I қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап 3-бапқа
сәйкес өзiнiң шығарындыларды
шектеу және қысқарту жөнiндегi
белгiлi бiр сандық мiндеттемелерiн
орындау кезiнде тұрақты дамуды
көтермелеу мақсатында:
а) өзiнiң
ұлттық жағдайларына сәйкес
i) ұлттық
экономиканың тиiстi секторларында
энергия пайдаланудың тиiмдiлiгiн
арттыру;
ii) өзiнiң
тиiстi табиғат қорғау келiсiмдерi
бойынша мiндеттемелерiн ескере
отырып, Монреаль хаттамасында реттелмеген
парник газдар сiңiргiштерi мен
жинақтағыштарын қорғау және
олардың сапасын арттыру; орман
шаруашылығын жүргiзудiң ұтымды
әдiстерiне, тұрақты негiзде ормандануға
және орманды қалпына келтiруге
жәрдемдесу;
iii) климаттың
өзгеруiне байланысты пайымдаулар
тұрғысынан ауыл шаруашылығының
тұрақты нысандарын көтермелеу;
iv) жаңа және
қалпына келетiн энергия түрлерiн,
көмiртегi диоксидiн сiңiру технологияларын
және инновациялық экологиялық
жағынан қауiпсiз технологияларды
енгiзуге жәрдемдесу, зерттеу жұмыстарын
жүргiзу, әзiрлеу және барынша
кеңiнен пайдалану;
v) парник
газдарын шығару көздерi барлық
секторларда Конвенция мақсатына
қайшы келетiн нарықтық диспропорцияны,
фискалдық ынталанлыруды, салық
пен баждардан босатуларды және
субсидияларды бiртiндеп қысқарту
немесе жою, нарықтық құралдарды
қолдану;
vi) Монреаль
хаттамасында реттелмеген парник
газдары шығарындыларын шектейтiн
немесе қысқартатын саясат пен
шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу
мақсатында тиiстi секторлардағы
тиiстi реформаларды көтермелеу;
vii) көлiкте
Монреаль хаттамасында реттелмеген
парник газдары шығарындыларын
шектеу және/немесе қысқарту;
viii) қалдықтарды
жою кезiнде, сондай-ақ энергияны
өндiру, тасымалдау және бөлу кезiнде
метанның шығарындыларын рекуперациялау
және пайдалану жолымен шектеу
және/немесе қысқарту секiлдi саясат
пен шараларды жүзеге асырады
және/немесе одан әрi әзiрлейдi;
b) Конвенцияның
осы бабына, 4-бабының 2 "е""i"
тармағына сәйкес қабылданатын
саясаты мен шараларының жеке-дара
және бiрлескен тиiмдiлiгiн арттыру
мақсатында басқа осындай Тараптармен
ынтымақтасады. Осы мақсатта осы
Тараптар өз тәжiрибесiн тарату
және осындай саясат пен шаралар,
оған қоса олардың салыстырмалылығын,
ашықтығы мен тиiмдiлiгiн арттыру
тәсiлдерiн әзiрлеу туралы ақпарат
алмасу үшiн қадамдар жасайды.
Осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде әрекет ететiн Тараптар
Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында
немесе практикалық тұрғыдан
мүмкiн болуына орай кейiннен
осындай ынтымақтастыққа барлық
бар ақпаратты ескере отырып
жәрдемдесу жолдарын қарастырады.
2. I қосымшаға
енгiзiлген Тараптар әуе және
теңiз тасымалдарында бункер отының
пайдалану нәтижесiнде құралған,
Монреаль хаттамасында реттелмеген
парник газдары шығарындыларын
шектеуге немесе қысқартуға Халықаралық
азаматтық авиация Ұйымы және
Халықаралық теңiз Ұйымы арқылы
әрекет ете отырып ұмтылады.
3. I қосымшаға
енгiзiлген Тараптар осы бапқа
сәйкес саясат пен шараларды
Конвенцияның 3-бабын ескере отырып,
қолайсыз салдарларды оның iшiнде
климаттың өзгеруiнiң қолайсыз
салдарларын, халықаралық саудаға
әсердi және басқа Тараптар
үшiн, әсiресе дамушы елдер болып
табылатын Тараптар үшiн, атап
айтқанда, Конвенцияның 4-бабының 8 және
9-тармақтарында атап тiзбеленгендер
үшiн барынша азайтатындай етiп,
жүзеге асырады. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
қажет болған жағдайда, осы тармақтың
ережелерiн жүзеге асыруға жәрдемдесу
мақсатында одан әрi iс-әрекеттер
жасауы мүмкiн.
4. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы,
егер ол әртүрлi ұлттық жағдайлар
мен әлеуеттi салдарларды ескере
отырып, жоғарыда 1-тармақта көзделген
кез келген саясат пен шараларды
үйлестiрудiң пайдалы екенi туралы
шешiм қабылдаса, осындай саясат
пен шараларды үйлестiру жолдары
мен iске қосу құралдарын қарастырады.
3-бап
1. I қосымшаға
енгiзiлген Тараптар мiндеттемелердiң
2008 жылдан бастап 2012 жылға дейiн
қолданылуы кезеңiнде олардың
осындай газдарды жалпы шығаруын
1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда
кемiнде бес процентке қысқарту
мақсатында олардың А Қосымшада
атап тiзбеленген, көмiртегi диоксидi
баламасындағы бiрлескен антропогендiк
парник газ шығаруының В Қосымшада
тiркелген және осы бап ережелерiне
сәйкес шығарындыларды шектеу
және қысқарту жөнiндегi белгiлi
бiр сандық мiндеттемелердi орындауы
үшiн есептелiп, оларға арнап
белгiленген саннан асып кетпеуiн
жеке-дара немесе бiрлесiп қамтамасыз
етедi.
2. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап 2005 жылға
дейiн осы Хаттама бойынша өзiнiң
мiндеттемелерiн орындауда айқын
прогреске қол жеткiзедi.
3. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тараптың осы
бап бойынша мiндеттемелерiн орындауы
үшiн жер пайдаланудағы және
орман шаруашылығындағы өзгерiстер
саласындағы 1990 жылдан бастап
орманданумен, орманды қалпына келтiрумен
және ормансызданумен шектелген
адам қызметiнiң тiкелей нәтижесi
болып табылатын көздерден шығарындылар
және парник газдарды сiңiрушiлер
абсорбциясы шамасына мiндеттемелер
қолданылуының әрбiр кезеңiнде
жинақтауыштарда тексеруге келетiн
өзгерiстер ретiнде өлшенетiн таза
өзгерiстер пайдаланылады. Қызметтiң
осы түрлерiмен байланысты көздерден
шығарындылар және парник газдар
сiңiргiштерiнiң абсорбциясы туралы
баяндамалар ашық және тексеруге
келетiн түрде табыс етiлiп, 7 және
8-баптарға сәйкес қаралады.
4. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясының
бiрiншi сессиясына дейiн Ғылыми
және техникалық аспектiлер бойынша
консультация беруге арналған
көмекшi органының қарауына деректердi
оның 1990 жылы көмiртегiнiң жинақталу
деңгейiн белгiлеу үшiн және
кейiнгi жылдары оның көмiртегi жинақталуында
болған өзгерiстерге бағалау жүргiзу
үшiн табыс етедi. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында немесе
практикалық тұрғыдан мүмкiн болуына
қарай кейiннен, баяндамалар табыс
етiлген кездегi беймәлiмдiлiк, ашықтық
факторларын, Климаттың өзгеруi жөнiндегi
үкiметаралық сарапшылар тобының
ықтимал тексерулерiн, әдiстемелiк
жұмыстарын, Ғылыми және техникалық
аспектiлер бойынша консультация
беруге арналған көмекшi орган
5-бапқа сәйкес ұсынатын консультацияларды
және Тараптар Конференциясының
шешiмдерiн ескере отырып, парник
газдар шығарындыларындағы және
олардың абсорбциясындағы ауыл
шаруашылығы жерлерiн пайдалану,
жер пайдалану және орман шаруашылығы
тұрғысындағы өзгерiстер санаттарындағы
өзгерiстермен байланысты адам
қызметiнiң қай және қандай
қосымша түрлерi I Қосымшаға енгiзiлген
Тараптар үшiн белгiленген санды
толықтыратынына немесе одан
шегерiп тасталатынына қатысы
бар шарттарға, ережелер мен
басшы принциптерге қатысты шешiм
қабылдайды. Тарап осы қызмет
түрлерi 1990 жылдан бастап орын
алған жағдайда адам қызметiнiң
осы қосымша түрлерi туралы осындай шешiмдi
өзiнiң мiндеттемелер қолданылуының бiрiншi
кезеңiнде қолдануды шешуi мүмкiн.
5. I Қосымшаға
енгiзiлген, нарықтық экономикаға
көшу процесiн жүзеге асыратын
және өздерiне Тараптар Конференциясының
екiншi сессиясында 9/СР 2 Шешiмiн орындау
тұрғысынан базалық жыл немесе
кезең белгiленген Тараптар осы
базалық жылды немесе кезеңдi
өздерiнiң осы бап бойынша мiндеттемелерiн
жүзеге асыру үшiн пайдаланады.
I Қосымшаға енгiзiлген, нарықтық
экономикаға көшу процесiн жүзеге
асыратын және өзiнiң Конвенцияның
12-бабына сәйкес бiрiншi ұлттық
хабарламасын әлi табыс етпеген
кез келген Тарап та осы
Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
әрекет ететiн Тараптар Конференциясына
өзiнiң осы бап бойынша мiндеттемелерiн
жүзеге асыру үшiн 1990 жылдан
өзгеше базалық жылды немесе
кезеңдi пайдалану ниетiн хабарлай
алады. Осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы осындай
хабарламаны қабылдау туралы
мәселенi шешедi.
6. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
I Қосымшаға енгiзiлген, нарықтық
экономикаға көшу процесiн жүзеге
асыратын Тарапқа олар осы
бапта көзделген мiндеттемелерден
басқа өздерiнiң мiндеттемелерiн
орындаған кезде Конвенцияның 4-бабының
6-тармағын ескере отырып, белгiлi
бiр икемдiлiк дәрежесiн бередi.
7. Шығарындыларды
шектеу және қысқарту жөнiндегi
белгiлi бiр сандық мiндеттемелердi
қолданудың 2008 жылдан 2012 жылға дейiнгi
бiрiншi кезеңiнде I Қосымшаға енгiзiлген
әрбiр Тарап үшiн белгiленген
сан ол үшiн В Қосымшада тiркелген
оның А Қосымшада тiзiп санамаланған,
1990 жыл үшiн немесе жоғарыда 5-тармаққа
сәйкес айқындалған базалық жыл
немесе кезең үшiн көмiртегi диоксидi
баламасындағы парник газдардың
таза жиынтық антропогендiк шығарындыларының
беске көбейтiлген проценттiк
үлесiне тең. I Қосымшаға енгiзiлген,
өздерi үшiн 1990 жыл жер пайдаланудағы
және орман шаруашылығындағы
өзгерiстер парник газдары шығарындыларының
таза көздерi болған, өздерiнiң белгiленген
сандарын есептеу үшiн өзiнiң
шығарындыларына базалық 1990 жыл
үшiн немесе базалық кезең үшiн
көмiртегi диоксидi баламасындағы
жиынтық антропогендiк шығарындыларды
1990 жылғы жер пайдаланудағы өзгерiстер
нәтижесiндегi абсорбцияны шегере
отырып қосады.
8. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап жоғарыда
7-тармақта айтылған есептеу мақсаты
үшiн 1995 жылды гидрофторкөмiртегi,
перфторкөмiртегi және күкiрт гексафторидi
үшiн базалық жыл ретiнде пайдалана
алады.
9. I Қосымшаға
енгiзiлген Тараптар үшiн келесi
кезеңдердегi мiндеттемелер осы
Хаттамаға Қосымшаларға 21-баптың 7-тармағының
ережелерiне сәйкес қабылданатын
түзетулерде белгiленедi. Осы Хаттаманың
Тараптары осындай мiндеттемелердi
қарастыруды жоғарыда 1-тармақта
айтылған мiндеттемелер қолданылуының
бiрiншi кезеңi аяқталғанға дейiн
кемiнде жетi жыл бұрын бастайды.
10. Қандай
да бiр Тарап басқа Тараптан
6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес
алатын шығарындыларды қысқартудың
кез келген бiрлiгi немесе белгiленген
бөлiктiң кез келген бөлiгi алатын
Тараптың белгiленген санына қосылады.
11. Қандай
да бiр Тарап басқа Тарапқа
6-бапқа және 16-бис бапқа сәйкес
беретiн шығарындыларды қысқартудың
кез келген бiрлiгi немесе белгiленген
бөлiктiң кез келген бөлiгi беретiн
Тараптың белгiленген санынан
шегерiледi.
12. Қандай
да бiр Тарап басқа Тараптан
13-бапқа сәйкес алатын шығарындыларды
қысқартудың кез келген сертификатталған
бiрлiгi алатын Тараптың белгiленген
санына қосылады.