а) Тараптар
7-бапқа сәйкес табыс еткен
ақпаратты және сарапшылардың
оны осы бапқа сәйкес жүргiзiлген
қарау жөнiндегi баяндамаларын, және
b) хатшылық
жоғарыда 3-тармаққа сәйкес тiзбеге
енгiзген, жүзеге асыруға қатысты
мәселелердi, сондай-ақ Тараптар
көтерген кез келген мәселелердi
қарастырады.
6. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
жоғарыда 5-тармақта айтылған ақпаратты
қарап шыққаннан кейiн осы Хаттаманы
жүзеге асыру үшiн қажет кез
келген мәселелер бойынша шешiмдер
қабылдайды.
9-бап
1. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
осы Хаттаманы қолда бар озық
ғылыми ақпаратқа және климаттың
өзгеруiн және оның салдарларын
бағалауға, сондай-ақ бұған қатысы
бар техникалық, әлеуметтiк және
экономикалық ақпаратқа орай
кезең-кезеңмен қайта қарайды.
Мұндай қарастыру Конвенция шеңберiндегi
тиiстi қарастырулармен, атап айтқанда
Конвенцияның 4-бабының 2 "d" тармағына
және 7-бабының 2 "а" тармағына
сәйкес көзделген қарастырулармен
үйлестiрiледi. Осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы осындай
қарастырулар негiзiнде тиiстi шешiмдер
қабылдайды.
2. Бiрiншi қарастыру
осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде әрекет ететiн Тараптар
Конференциясының екiншi сессиясында
өткiзiледi. Бұдан әрi қарастырулар
ұдайы және уақтылы жүрде өткiзiледi.
10-бап
Барлық Тараптар
өздерiнiң жалпы, бiрақ сараланған
жауаптылығын және өздерiнiң ерекше
ұлттық және өңiрлiк басымдықтарын,
даму саласындағы мақсаты мен
шарттарын назарға алып, I Қосымшаға
енгiзiлмеген Тараптар үшiн жаңа
мiндеттемелердi қолданысқа енгiзбей,
бiрақ Конвенцияның 4-бабының 1-тармағы
бойынша бар мiндеттемелерiн қайтадан
растай отырып және осы мiндеттемелердi
тұрақты дамуға қол жеткiзу
үшiн жүзеге асыруды жалғастыра
келiп, Конвенцияның 4-бабының 3, 5
және 7-тармақтарын назарға ала
отырып:
а) шығарындылардың
жергiлiктi көрсеткiштерi сапасын арттырудың
орынды және қаншалықты мүмкiн
болған жағдайда шығын тұрғысынан
тиiмдi ұлттық бағдарламаларын және
тиiстi жағдайларда өңiрлiк бағдарламаларын,
Монреаль хаттамасында реттелмеген
көздерден антропогендiк шығарындылардың
және парник газдары сiңiргiштерi
абсорбциясының ұлттық кадастрын
жасау және кезең-кезеңмен жаңартып
тұру мақсатында әрбiр Тараптың
әлеуметтiк-экономикалық жағдайларын
көрсететiн қызмет туралы деректердi
және/немесе модельдердi Тараптар
Конференциясы мақұлдайтын салыстырмалы
әдiснамаларды пайдалана отырып
және ұлттық хабарламаларды дайындау
үшiн Тараптар Конференциясы қабылдаған
басшы принциптерге сәйкес қалыптастырады;
b) климаттың
өзгеру салдарларын жұмсарту
жөнiндегi шаралар және климаттың
өзгеруiне бара-бар бейiмделуге
жәрдемдесу жөнiндегi шаралар көзделетiн
ұлттық бағдарламаларды және
тиiстi жағдайларда ұлттық бағдарламаларды
қалыптастырады, жүзеге асырады
және ұдайы жаңартып отырады.
i) осындай
бағдарламалар, атап айтқанда, энергетика,
көлiк және өнеркәсiп, сондай-ақ
ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы
секторларына және қалдықты жоюға
қатысты. Бұдан басқа, бейiмдеу
технологиялары мен аумақтық-кеңiстiк
жоспарлауды жетiлдiру әдiстерiнiң
арқасында климатқа бейiмделудi жетiлдiруге
болады;
ii) I Қосымшаға
енгiзiлген Тараптар ұлттық бағдарламаларды
қоса алғанда, осы Хаттамаға
сәйкес, 7-бапқа сәйкес iс-қимылдар
туралы ақпарат бередi, ал басқа
Тараптар тиiстi жағдайларда өздерiнiң
ұлттық хабарламаларына тиiстi Тараптың
пiкiрiнше, парник газдары шығарындыларының
ұлғаюымен күрестi, сондай-ақ сорғыштардың
сапасы мен сорғыштардың жұтуы
сапасын арттыруды, әлеуетi мен
бейiмдеу шараларын күшейтудi қоса
алғанда, климаттың және оның
қолайсыз салдарларының өзгеруi
проблемаларын шешуге жәрдемдесетiн
шараларды қамтитын бағдарламалар
туралы ақпаратты енгiзуге тырысады;
с) экологиялық
қауiпсiз технологиялар, ноу-хау,
климаттың өзгеруiне қатысы бар
практика мен процестердi әзiрлеу,
қолдану және тарату үшiн тиiмдi
жағдайлар жасауға көмек көрсетуде
ынтымақтастық жасайды және мемлекеттiң
меншiгiндегi немесе қоғамдық игiлiк
болып табылатын экологиялық
қауiпсiз технологияларды тиiмдi берудiң
саясатын және бағдарламаларын
әзiрлеудi қоса алғанда, осындай
технологияларды, ноу-хауды, практика
мен процестердi берудi, осындай технологияларға,
ноу-хауға, практика мен процестерге
әсiресе дамушы елдердiң қол
жеткiзуiне жағдайларға қарай
көтермелеу, жеңiлдету әрi қаржыландыру
және экологиялық қауiпсiз технологиялар
беру мен оларға қол жеткiзудi
көтермелеу әрi кеңейтуге қатысты
жеке секторға қолайлы жағдай
жасау үшiн барлық практикалық
түрде орындалатын қадамдар жасайды;
d) климат
жүйесiмен, климаттың өзгеруiнiң
қолайсыз салдарларымен және
әртүрлi ден қою стратегияларының
экономикалық және әлеуметтiк
салдарларымен байланысты белгiсiз
жағдайларды азайту үшiн ғылыми-техникалық
зерттеулерде әрi деректер мұрағатын
жүйелi түрде қадағалау мен дамыту
жүйелерiн қолдау әрi дамытуда ынтымақтастық
жасайды, сондай-ақ Конвенцияның 5-бабын
назарға ала отырып, ғылыми зерттеулер
мен жүйелi түрде қадағалау саласындағы
бағдарламалар мен желiлердегi халықаралық
және үкiметаралық күш-жiгер жұмсауға iшкi
әлеует пен оларға қатысу мүмкiндiктерiн
ынталандырады және нығайтады;
е) ұлттық
әлеуеттi, атап айтқанда адамдар
мен ұйымдастырушылық ресурстарды
нығайтуды жандандыруды және
атап айтқанда дамушы елдерге
арналған осы саладағы қызметкерлер
алмасу немесе сарапшалыр даярлау
үшiн қызметкерлердi iс-сапарларға
жiберудi қоса алғанда, оқу-ағарту
мен кадрлар даярлау бағдарламаларын
әзiрлеу және оларды жүзеге
асыру iсiнде орынды болған
кезде қазiргi бар органдарды пайдалана
отырып, халықаралық деңгейдегi ынтымақтастық
жасау және көтермелеу жөнiнде
шаралар қабылдайды, сондай-ақ ұлттық
деңгейде климаттың өзгеруi туралы
ақпаратты жұртшылыққа жеткiзу
әрi ақпараттандыруға жәрдемдеседi.
Конвенцияның тиiстi органдары шеңберiнде
осы қызметтi жүзеге асыру үшiн
қолайлы жағдайлар Конвенцияның
6-бабы ескерiле отырып, әзiрленуi
тиiс;
f) өздерiнiң
ұлттық хабарламаларында Тараптар
Конференцияларының тиiстi шешiмдерiне
сәйкес осы бапты орындау үшiн
жүзеге асырылатын бағдарламалар
мен қызмет туралы ақпаратты
қамтиды; және
g) осы бап
бойынша мiндеттемелердi жүзеге асыру
кезiнде Конвенцияның 4-бабының 8-тармағын
толық назарға алады.
11-бап
1. 10-бапты
жүзеге асыру кезiнде Тараптар
Конвенцияның 4-бабының 4, 5, 7, 8 және 9-тармақтарының
ережелерiн назарға алады.
2. Конвенцияның
4-бабының 3-тармағының және 11-бабының
ережелерiне сәйкес Конвенцияның
4-бабының 1-тармағын жүзеге асыру
тұрғысында және Конвенцияның
қаржы тетiгiн басқару жүктелген
жедел орган немесе органдар
арқылы дамушы елдер болып
табылатын Тараптар және Конвенцияның
II Қосымшасына енгiзiлген өзге
де дамушы елдер болып табылатын
Тараптар:
а) 10-баптың
"а" тармақшасында қамтылатын,
Конвенцияның 4-бабының 1 "а"
тармағы бойынша мiндеттемелердi
орындау iсiнде жылжыған кезде
дамушы елдер болып табылатын
Тараптар тартқан барлық келiсiлген
шығындарды жабу үшiн жаңа және
қосымша қаржы ресурстарын бередi;
және
b) осындай
қаржы ресурстарын, оның iшiнде
сондай-ақ 10-бапта қамтылатын және
дамушы ел болып табылатын
Тарап пен осы бапқа сәйкес
Конвенцияның 11-бабында аталатын
халықаралық орган немесе органдар
арасында келiсiлген, Конвенцияның 4-бабының
1-тармағы бойынша мiндеттемелердi
орындау iсiнде жылжумен байланысты
барлық келiсiлген қосымша шығындарды
жабу үшiн дамушы елдер болып
табылатын Тараптарға қажеттi технологиялар
беруге арналған қаржы ресурстарын
бередi.
Осы қазiргi
мiндеттемелердi орындау кезiнде
қаражат ағындары қажеттiлiгiнiң
барабарлығы мен дамушы елдер
болып табылатын Тараптар арасында
ауыртпалықты тиiсiнше бөлiсудiң
маңыздылығы назарға алынады. Тараптар
Конференцияларының тиiстi шешiмдерiнде
қамтылған, оның iшiнде осы Хаттама қабылданғанға
дейiн келiсiлген, Конвенцияның қаржы тетiгiн
басқару жүктелген орган немесе органдарға
арналған басшылыққа алынатын нұсқауларға
осы тармақтың ережелерi mutatis mutandis қолданылады.
3. Дамушы
елдер болып табылатын Тараптар
және Конвенцияның II Қосымшасына
енгiзiлген өзге де дамушы Тараптар
да 10-бапты жүзеге асыру үшiн
екi жақты, өңiрлiк және басқа
да көп жақты арналар бойынша
қаржы қаражаттарын беруi мүмкiн,
ал дамушы елдер болып табылатын
Тараптар оларды алуы мүмкiн.
12-бап
1. Осымен
таза даму тетiгi айқындалады.
2. Таза даму
тетiгiнiң мақсаты I Қосымшаға енгiзiлмеген
Тараптарға орнықты дамуды қамтамасыз
етуде және Конвенцияның түпкi
мақсаттарына жетуде көмек көрсету
және 3-бапқа сәйкес I Қосымшаға енгiзiлген
Тараптарға шығарындыларды шектеу
әрi азайту жөнiндегi мiндеттемелердегi
сандық мөлшердi олардың қамтамасыз
етуiнде жәрдемдесу.
3. Таза даму
тетiгiнiң шеңберiнде:
а) I Қосымшаға
енгiзiлмеген Тараптар шығарындылардың
сертификатталған азаюына әкеп
соғатын жобаларды жүзеге асырудың
тиiмдiлiктерiн пайдаланады; және
b) I Қосымшаға
енгiзiлген Тараптар осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясында
айқындалған ретiнде 3-бапқа сәйкес
шығарындыларды шектеу әрi азайту
жөнiндегi мiндеттемелердегi сандық
мөлшердi олардың сақтауы бөлiгiнде
жәрдемдесу мақсатында жоба бойынша
осындай қызметтiң нәтижесiнде
азайтылған, сертификатталған шығарындыларды
пайдалануы мүмкiн.
4. Таза даму
тетiгi осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
Тараптар Конференциясының шешiмдерiне
бағынады әрi оның нұсқауларын
басшылыққа алады және таза
даму тетiгi атқарушы кеңесiмен
басқарылады.
5. Жоба бойынша
қызметтiң әрбiр түрiнiң нәтижесiнде
шығарындылардың азайтылуын осы
Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
жұмыс iстейтiн Тараптар Конференциясы
тағайындайтын жедел органдар
мыналардың:
а) әрбiр
қатысушы тарап мақұлдаған ерiктi
қатысу;
b) климат
өзгеруiнiң салдарынан жұмсаруына
байланысты нақты, өлшемдi әрi ұзақ
мерзiмдi артықшылықтар; және
с) жоба
бойынша сертификатталған қызмет
түрiнiң болмауынан орын алуы
ықтимал кез келген азайтуға
қосымша шығарындылардың қысқартылуы
негiзiнде сертификаттайды.
6. Таза даму
тетiгi қажет болған жағдайда
жоба бойынша сертификатталған
қызмет түрiн қаржыландыруды ұйымдастыруда
көмек көрсетедi.
7. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында ашықтығын,
тиiмдiлiгi мен есептiлiгiн қамтамасыз
ету мақсатында жоба бойынша
қызметтi тәуелсiз салыстыра тексеру
және тексеру жолымен оның
шарттары мен рәсiмдерiн әзiрлейдi.
8. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
жоба бойынша сертификатталған
қызмет түрiнен түскен түсiмдердiң
бiр бөлiгi әкiмшiлiк шығыстарды
жабуға, сондай-ақ дамушы елдер
болып табылатын Тараптарға, әсiресе
климаттың өзгеруiнен қолайсыз
әсерден әлсiреген осал, дамушы
елдер болып табылатын Тараптарға
көмек көрсету үшiн пайдаланылуын
қамтамасыз етедi.
9. Таза даму
тетiгiнде, оның iшiнде жоғарыдағы
3 "а" тармағында аталған
қызметке жеке және/немесе мемлекеттiк
субъектiлер де қатысуы мүмкiн
және осындай қатысу таза даму
тетiгiнiң атқарушы кеңесi беретiн
кез келген басшылық нұсқауларына
сәйкес жүзеге асырылады.
10. Мiндеттемелер
қолданылуының бастапқы кезеңi
басталғанға дейiн 2000 жылдан баста
қол жеткiзiлген шығарындылардың
сертификатталған азаюы мiндеттемелер
қолданылуының бастапқы кезеңiн
сақтауда көмек көрсету үшiн
пайдаланылуы мүмкiн.
13-бап
1. Конвенцияның
жоғары органы - Тараптар Конференциясы
осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде жұмыс iстейдi.
2. Осы Хаттама
Тараптары болып табылмайтын
Конвенция Тараптары осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясының
кез келген сессиясына қатыса
алады. Тараптар Конференциясы
осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде жұмыс iстейтiн кезде
осы Хаттамаға қатысты шешiмдердi
тек осы Хаттама Тараптары
ғана қабылдай алады.
3. Тараптар
Конференциясы осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
кезде осы сәтте осы Хаттама
Тарабы болып табылмайтын Конвенция
Тарабының мүддесiн бiлдiретiн
кез келген Конвенция Тарабы
төралқасының мүшесi осы Хаттама
Тараптары сайлайтын қосымша
мүшемен алмастырылады.
4. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
осы Хаттаманың жүзеге асырылуын
ұдайы қарайды және өз мандатының
шеңберiнде оның тиiмдi жүзеге
асырылуына жәрдемдесу үшiн қажеттi
шешiмдер қабылдайды. Осы Хаттамаға
сәйкес оған жүктелген функцияларды
атқарады, және:
а) осы
Хаттаманың ережелерiне сәйкес
оған ұсынылған бүкiл ақпараттың
негiзiнде Тараптардың осы Хаттаманың
жүзеге асырылуының барысын, осы
Хаттаманы орындау үшiн қабылданған
шаралардың жалпы тиiмдiлiгiн, атап
айтқанда, экологиялық, экономикалық
және әлеуметтiк тиiмдiлiгiн, сондай-ақ
Конвенция мақсаттарына жетуге
олардың жинақтаушы әсерiн және
iлгерiлеу дәрежесiн бағалайды;