Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2013 в 17:53, реферат
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.
11Киото хаттамасы
Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.
1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері деген ғалымдар пайымдауы біраз жайды аңғартты. Шынында да, жыл сайын әуеге көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін стансалардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.
Зиянды газдардың ауаны бұлайша ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индустриясының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Осындай атмосферадағы антропогендік өзгерістердің Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.
Жалпы, климаттың антропогенді өзгеруінің әсері қай деңгейде болуы мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрейік. Ғалымдар планетадағы климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиілей беретін болады. Бұдан, әрине, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы үлкен зиян шегетіндігі айқын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тапшылығына алып келеді. Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, географиялық картаның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді жағалауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су астына кету қаупі бар. Нидерланды, Ұлыбритания сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ.
Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14 градус Цельций, Фаренгейт бойынша 57 градусты көрсететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газдардың көтерілуі табиғи нәрсе. Алайда, ғалымдар адамдардың тіршілігінің нәтижесінде булы газдардың көтерілуі молайып кеткендігін алға тартады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қатты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шарының жылынуына алып келеді дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен ләзім. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшылар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер температурасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздарының жылдамдықпен еруі зардабының дәмін алғашқы болып солтүстіктің ақ аюлары татып жатса керек.
Бұл орайда, Вашингтон университетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен Джо Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл аударарлықтай. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да мұздақтарына еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздақтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп кетеді.
Экожүйедегі ауытқулардың фауна
мен флораға әсері де айтарлықтай.
Жыл құстары ерте келіп, кеш кетуді
бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына ортасының
өзгеруіне байланысты жойылып кету
қаупі туған. Өйткені, жүздеген, мыңдаған
жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының
ауысуына тез арада ілесе алмау
жер бетіндегі түрлердің жұтаң
КӨҮСТ-тің соңғы есебінде
сондай-ақ орташа температураның өсу
деңгейі сақталады, бірақ оның жылдамдығы
мен ұзақтығы болашақта булы газдардың
эмиссиясының азаюына тәуелді
деген ұйғарым жасалған. Белгілі
ағылшын экономисі Лорд Николас
Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа
созылған құрғақшылық пен өзге де
климаттық ауытқулар: су басу мен
жойқын дауылдардан, аштықтан қашқан “климат
босқыны” болуы мүмкін деген қауіп
айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ
КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури
адамзат баласының қазіргі
Киото хаттамасының экономикалық
негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық
экономист Рональд Коуздың
Коуз көзқарасы қоршаған ортаны ластаумен күрестегі ұстанымдарды түбегейлі өзгертті. Енді, мемлекет, жоғарыда көрсетілгендей, зиянды қалдықтар шығуының нормативін жасаумен шұғылданбайды, тек зиянды заттар шығуының ең жоғары көлемін хаттама негізінде белгілейді, сол көлемде ластауға лицензия беріп, оны аукцион арқылы ең көп ақша төлегеніне сатады. Кейін лицензияға сәйкестік қана қадағаланып отырады. Сонда зиянды қалдықтар мен зиянды заттар концентрациясын бөлу ақылы болып, мемлекеттік аукциондарда лицензияны сатып алушы фирма оны басқаларға өсіріп сатуға да мүмкіндік алады. Осылайша кейбір дамыған елдер атмосфераға зиянды заттар бөлудің ұлттық рыноктарын құра бастады.
Егер мемлекет өзіне тиесілі
квотаны толық жұмсамайтын
Киото хаттамасына енудің
экономикалық жағынан тиімділігін
ұққан Ресей хаттаманы ратифи
Қазақстан және Киото хаттамасы[өңдеу]
Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.
Киото хаттамасының елімізде
ратификацияланбауы әлемдік деңгейде
климаттың өзгеруі бойынша
Енді Киото хаттамасын ратификациялау Қазақстанның әлемдегі инвесторлары мен серіктестері арасында оң пікір қалыптастырып, елімізде “Киото үдерісін” дамытуға, тиімді энергия саясатын енгізуге, зиянды заттардың шығарындыларын қысқартуға, сондай-ақ барлық экономикалық саладағы ашықтыққа жетуге оң ықпал етеді. Мұның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру кезінде сөзсіз артықшылығы болады. Әрі хаттаманың экономикалық тетіктері толыққанды жұмыс атқарғанда қазақстандық бизнес те жаңа мәртебені иеленеді. Яғни, әлемдік рынокта булы газдар шығарындыларын саудалауда өзгелермен тең құқылы қатысушы болады.
Киото хаттамасын ратификациялау,
сондай-ақ Қазақстанға қазіргі заманғы
тиімді технологиялар түріндегі 1 млрд.
АҚШ долларынан астам қаржыны
– дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің
жыл сайынғы инвестицияларын
тартуға жол ашпақ. Бұл технологиялар
трансферті жабдықтардың тозуы 60 пайызға
жеткен және оны жаңғырту көлемді
инвестицияларды талап ететін энергетикалық
секторға бағытталатын болады. Қазақстанның
өндірістік күшін өсірмеу үшін міндетті
түрде Кито хаттамасын ратификациялау
қажет. Батыстың жырымдап беретін қаржысы
уақытша және алдамшы. Экономиканың
негізі өнеркәсіп,егер өнеркәсібіміз
дамымаса және еліміз біржақты яғни жер
қойнауындағы байлықпен ғана дамитын
болса,онда экономикамыз басқа елдерге
тәуелді болады. Киото хаттамасын
тек экологиялық құжат деп
қабылдауымыз қате. Бұл халқаралық
құқыққа сай, дамушы мемлекеттердің
экономикасын/дамуын заңды реттеу құралы.
Қорыта айтқанда, Киото хаттамасына
қосылу қоршаған ортаны қорғауды басқарудың
сапасын көтеріп, индустриялық-инновациялық
дамуды жеделдетуге, сондай-ақ тараптар
конференцияларына қатысу құқығына
ие болу арқылы бүкіл әлемнің энергетикалық
саясатына тікелей әсер ететін келіссөздерде
еліміздің энергетикалық
Ауа райының өзгерiсi туралы
оонның Қапталды конвенциясы қосымша
ретiнде 1997 жылдың желтоқсанындағы
Жапония Киото қабылданған
Келiсiм шартының әсер мерзiмi 2012 жылмен шектеледi, кейiн жаңа бекiту не талап етедi. Қол қоятын елдiң Киото хаттамалары 1990 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 5, 2 пайыздағы 2012 жылына глобалдi жылыну шамданған өнеркәсiптiк газдардың тағы басқалары көмiртектiң екi тотығы, метанның атмосферасына лақтыруларды қысқартуды қажеттiлiк туралы келiсiм шарттарына келдi.
Киото хаттамасының 2005 жылының ақпанына Еуропалық одақтың барлық елдерiн бекiттi.
Индия және Қытай хаттамаларды бекiтпедi. АҚШ және Австралия 2013 жылға дейiн бекiтуде қатыспауы туралы арыздарды жасады. Киото хаттамасы - глобалдi экологиялық мәселелердiң шешiмге арналған нарықтық тетiк қолданушы бiрiншi халықаралық құжат.
Квоталармен сауданы бұл деп аталатындарға - лақтыруларға шешулермен. Егер ел өз квотасын толық тұтынбаса, онда ол басқа елге еркiн бөлiктi қайта жол берiп немесе сата алады. Сонымен бiрге принциптi парникте өскен газдар ластайтын зат емесi маңызды, сондықтан бұл сауда емес бұл егер лақтыруларға квота болатын болар едi меншiктi тұрғынның денсаулығының олардың лақтыруларына шешулермен сауда, айтамыз, диоксинбiз. Киото хаттамасының басқа мүмкiндiгi, бұл дамыған елдер және ауыспалы экономикасы бар ел елдер бiрлер аумақтағы атмосферасына парникте өскен газдардың лақтыруларын төмендету бойынша жобаларды жүзеге асыратын және содан соң 2008-2012 жыл алған эффект сонымен бiрге лақтыруларды төмендетудiң алған бiрлiктерi бiр-бiрi алып бере бөле алатын.