13. I Қосымшаға
енгiзiлген Тараптың мiндеттемелер
қолданылуының сол немесе өзге
кезеңiндегi шығарындылары оған осы
бапқа сәйкес белгiленген саннан
аз болса, онда бұл айырма
осы Тараптың өтiнiшi бойынша
осы Тараптың мiндеттемелер қолданылуының
келесi кезеңдерiндегi белгiленген
санына қосылады.
14. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап жоғарыда
1-тармақта айтылған мiндеттемелердi
дамушы елдер болып табылатын
Тараптар үшiн, атап айтқанда,
әсiресе Конвенцияның 4-бабының 8
және 9-тармақтарында атап тiзбеленген
Тараптар үшiн қолайсыз әлеуметтiк,
экологиялық және экономикалық
салдарларды барынша азайтатындай
етiп жүзеге асыруға ұмтылады.
Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
әрекет ететiн Тараптар Конференциясы
осы тармақтарды жүзеге асыру
туралы Тараптар Конференциясының
тиiстi шешiмдерiне сәйкес бiрiншi сессияда
жоғарыда айтылған тармақтарда
атап тiзбеленген Тараптар үшiн
климаттың өзгеруiнiң қолайсыз
салдарларын және/немесе ден қою
шараларының салдарларын барынша
азайтуға қандай iс-шаралар қабылдау
қажет екенiн қарастырады. Қаралуға
жататын мәселелер қатарына технологияларды
қаржыландыруды, сақтандыруды және
берудi қамтамасыз ету жатады.
4-бап
1. I Қосымшаға
енгiзiлген, өздерiнiң 3-бап бойынша
мiндеттемелерiн бiрлесiп орындау
туралы келiсiмге қол жеткiзген
кез келген Тараптар олардың
А Қосымшада атап тiзбеленген,
көмiртегi диоксидi баламасындағы
жиынтық антропогендiк парник
газдары шығарындыларының жалпы
жинағы олардың В Қосымшада
тiркелген және 3-баптың ережелерiне
сәйкес шығарындыларды шектеу
және қысқарту жөнiндегi белгiлi
бiр сандық мiндеттемелерiн орындау
үшiн есептелген белгiленген сандардан
асып кетпеген жағдайда орындалды
деп қарастырылады. Осындай келiсiмнiң
әрбiр Тарабы үшiн белгiленген
шығарындылардың тиiстi деңгейi осы
келiсiмде айқындалады.
2. Осындай
кез келген келiсiмнiң Тараптары
өзiнiң осы Хаттаманы ратификациялау,
қабылдау, мақұлдау немесе оған
қосылу туралы құжаттарын сақтауға
тапсырған күнi хатшылықты келiсiмнiң
шарттары туралы хабардар етедi.
Хатшылық өз кезегiнде Конвенцияның
Тараптары мен сигнатарийлерiне
осы келiсiмнiң шарттары туралы
хабарлайды.
3. Осындай
кез келген келiсiм 3-баптың 7-тармағында
көрсетiлген мiндеттемелер қолданылуының
кезеңi бойында күшiнде қалады.
4. Егер жеке-дара
әрекет ететiн Тараптар оны
өңiрлiк экономикалық интеграциялану
ұйымы шеңберiнде немесе онымен
бiрлесiп жасаса, осы Хаттама қабылданғанннан
кейiн осы ұйым құрамында болған
ешбiр өзгерiс осы Хаттама бойынша
бар мiндеттемелерге әсер етпейдi.
Ұйым құрамындағы кез келген
өзгерiс осы өзгерiстен кейiн
қабылданған, 3-бап бойынша мiндеттемелер
мақсатына орай ғана қолданылады.
5. Егер осындай
келiсiм Тараптары өздерiнiң шығарындылар
деңгейiнiң жалпы жиынтық қысқаруына
қол жеткiзбесе, осындай келiсiмнiң
әрбiр Тарабы осы келiсiмде белгiленген
өзiнiң шығарындылар деңгейi үшiн
жауапты болады.
6. Егер бiрлесiп
әрекет ететiн Тараптар оны
осы Хаттаманың Тарабы болып
табылатын өңiрлiк экономикалық
интеграциялау ұйымы шеңберiнде
немесе онымен бiрлесiп жасаса,
онда шығарындылар деңгейiнiң
жалпы жиынтық қысқаруына қол
жеткiзiлмеген жағдайда хабарламасы
осы бапқа сәйкес табыс етiлген
шығарындылар деңгейi үшiн осындай
өңiрлiк экономикалық интеграциялау
ұйымының мүшесi әрбiр мемлекет
жеке өзi және 24-бапқа сәйкес әрекет
ететiн өңiрлiк экономикалық интеграциялау
ұйымымен бiрлесiп жауапты болады.
5-бап
1. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап мiндеттемелер
қолданылуының бiрiншi кезеңi басталардан
кемiнде бiр жыл бұрын Монреаль
хаттамасында реттелмеген көздерден
антропогендiк шығарындыларды және
парник газдар сiңiргiштерiнiң абсорбциясын
бағалау үшiн ұлттық жүйе құрады.
Осындай ұлттық жүйелер үшiн
төменде 2-тармақта көрсетiлген
әдiснаманы қамтитын басшы принциптердi
осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде әрекет ететiн Тараптар
Конференциясы өзiнiң бiрiншi сессиясында
қабылдайды.
2. Климаттың
өзгеруi бойынша үкiметаралық сарапшылар
тобы қабылдаған және Конвенция
Тараптарының Конференциясы өзiнiң
үшiншi сессиясында мақұлдаған әдiснама
Монреаль хаттамасында реттелмеген
көздерден антропогендiк шығарындыларды
және парник газдар сiңiргiштерiнiң
абсорбциясын бағалау үшiн әдiснама
болып табылады. Мұндай әдiснамалар
пайдаланылмаған кезде осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында мақұлдаған
әдiснамаларға сәйкес тиiстi түзетулер
енгiзiледi. Осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы жұмыстың,
атап айтқанда Климаттың өзгеруi
бойынша үкiметаралық сарапшылар
тобы жұмысының және Ғылыми
және техникалық аспектiлер бойынша
консультация беруге арналған
көмекшi орган ұсынған консультациялардың
негiзiнде осындай әдiснамалар
мен түзетулерге ұдайы шолу
жүргiзедi және қажет болған
кезде оларды Тараптар Конференциясының
кез келген тиiстi шешiмдерiн назарға
ала отырып толықтай қайта
қарайды. Әдiснамалар мен түзетулердi
кез келген қайта қарау 3-бап
бойынша мiндеттемелердiң мiндеттемелер
қолданылуының кез келген кезеңiне
қатысты сақталуын белгiлеу мақсатына
орай ғана қолданылады.
3. Климаттың
өзгеруi бойынша үкiметаралық сарапшылар
тобы қабылдаған және Конвенция
Тараптарының Конференциясы өзiнiң
үшiншi сессиясында мақұлдаған әлеуеттер
А Қосымшада атап тiзбеленген,
көздерден антропогендiк шығарындыларды
және парник газдар сiңiргiштерiнiң
абсорбциясын көмiртегi диоксидi
баламасына қайта есептеу үшiн
пайдаланылатын жаһандық жылыну
әлеуеттерi болып табылады. Осы
Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
әрекет ететiн Тараптар Конференциясы
жұмыстың, атап айтқанда Климаттың
өзгеруi бойынша үкiметаралық сарапшылар
тобы жұмысының және Ғылыми
және техникалық аспектiлер бойынша
консультация беруге арналған
көмекшi орган ұсынған консультациялардың
негiзiнде осындай парник газдың
жаһандық жылыну әлеуетi шамасын
ұдайы қарастырады және қажет
болған кезде оларды Тараптар
Конференциясының кез келген
тиiстi шешiмдерiн толықтай назарға
ала отырып толықтай қайта қарайды.
Жаһандық жылынудың сол немесе өзге әлеуетi
шамасының кез келген өзгерiсi 3-бап бойынша
мiндеттемелерге мiндеттемелер қолданылуының
айтылған қайта қараудан кейiнгi кез келген
кезеңiне қатысты ғана қолданылады.
6-бап
1. I Қосымшаға
енгiзiлген кез келген Тарап
өзiнiң 3-бап бойынша мiндеттемелерiн
орындау мақсатына орай экономиканың
кез келген секторында көздерден
антропогендiк шығарындыларды қысқартуға
немесе парник газдар сiңiргiштерiнiң
абсорбциясын ұлғайтуға бағытталған
жобалар нәтижесiнде сатып алынған
шығарындыларды қысқарту бiрлiгiн:
а) кез
келген осындай жобаны қатысушы
Тараптар бекiткен;
b) кез келген
осындай жоба өзге жағдайда
орын алуы мүмкiнге қосымша
көздерден антропогендiк шығарындыларды
қысқартуды немесе парник газдар
сiңiргiштерiнiң абсорбциясын ұлғайтуды
көздеген;
с) егер
ол 5 және 7-баптар бойынша өз мiндеттемелерiн
сақтамаса, шығарындыларды қысқартудың
ешбiр бiрлiгiн алмаған; және
d) шығарындыларды
қысқартудың бiрлiгiн сатып алу
3-бап бойынша мiндеттемелердi орындау
мақсатына орай iшкi iс-қимылды толықтырған
жағдайда, кез келген осындай
Тарапқа беруi немесе одан сатып
алуы мүмкiн.
2. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында немесе
практикалық тұрғыдан мүмкiн болуына
орай кейiннен осы бапты жүзеге
асыру үшiн, оның iшiнде баяндамаларды
тексеру және табыс ету үшiн
одан әрi басшы принциптердi әзiрлеп
шығарады.
3. I Қосымшаға
енгiзiлген Тарап заңды тұлғаларды
өзiнiң жауаптылығы аясында шығарындыларды
қысқарту бiрлiктерiн осы бапқа
сәйкес алуға, беруге немесе
сатып алуға бастайтын iс-әрекеттерге
қатысуға уәкiлеттi етуi мүмкiн.
4. Егер I Қосымшаға
енгiзiлген сол немесе өзге
Тараптың осы бапта көрсетiлген
талаптарды орындауына қатысты
мәселе 8-баптың ережелерiне сәйкес
анықталса, шығарындыларды қысқарту
бiрлiктерiн беру және сатып
алу Тараптардың ешбiрi сақтау
туралы мәселе шешiлгенге дейiн
осындай бiрлiктiң ешқайсысын 3-бап
бойынша өз мiндеттемелерiн орындау
үшiн пайдаланбаған жағдайда осы
мәселе анықталғаннан кейiн жалғаса
бередi.
7-бап
1. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап өзiнiң
Монреаль хаттамасында реттелмеген
көздерден антропогендiк шығарындыларының
және парник газдар сiңiргiштерi
абсорбциясының жыл сайынғы кадастрына
3-баптың сақталуын қамтамасыз
ету мақсаты үшiн төменде 4-тармаққа
сәйкес айқындалатын, Конвенция Тараптары
Конференциясының тиiстi шешiмдерiне сәйкес
табыс етiлетiн қажеттi қосымша ақпаратты
енгiзедi.
2. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап Конвенцияның
12-бабына сәйкес табыс етiлетiн
өзiнiң ұлттық хабарламасына өзiнiң
осы Хаттама бойынша, оның iшiнде
2, 3, 5, 6, 7, 12 және 13-баптар бойынша
мiндеттемелердi сақтайтынын көрсету
үшiн қажеттi, төменде 4-тармаққа
сәйкес айқындалатын қосымша
ақпаратты енгiзедi.
3. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап жоғарыда
1-тармаққа сәйкес талап етiлетiн
ақпаратты осы Хаттама осы
Тарап үшiн күшiне енгеннен
кейiн мiндеттемелер қолданылу
кезеңiнiң бiрiншi жылы үшiн Конвенцияға
сәйкес табыс етiлуге жататын
бiрiншi кадастрдан бастап жыл
сайынғы негiзде табыс етедi. Осындай
әрбiр Тарап жоғарыда 2-тармаққа
сәйкес талап етiлетiн ақпаратты
осы Хаттама өзi үшiн күшiне
енгеннен кейiн және төменде
4-тармақта көзделгендей басшы
принциптер қабылданғаннан кейiн
Конвенцияға сәйкес табыс етiлуге
жататын бiрiншi ұлттық хабарламаның
бiр бөлiгi ретiнде табыс етедi.
Осы бапқа сәйкес талап етiлетiн
ақпаратты одан әрi табыс етудiң
кезеңдiлiгiн осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы ұлттық
хабарламаларды табыс ету үшiн
Тараптар Конференциясы қабылдаған
кез келген кестенi ескере отырып
айқындайды.
4. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында осы
бапқа сәйкес талап етiлетiн
ақпаратты дайындау үшiн басшы
принциптердi қабылдайды және
кейiннен оларды I Қосымшаға енгiзiлген
Тараптың ұлттық хабарламасын
дайындау үшiн Тараптар Конференциясы
қабылдаған басшы принциптердi
ескере отырып, кезең-кезеңмен қайта
қарайды. Осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы сондай-ақ
мiндеттемелер қолданылуының бiрiншi
кезеңi басталғанға дейiн белгiленген
сандарды есепке алу тәртiбi
туралы шешiм қабылдайды.
8-бап
1. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап Конвенцияның
7-бабына сәйкес табыс ететiн
ақпаратты қарау жөнiндегi сарапшылар
тобы Тараптар Конференциясының
тиiстi шешiмдерiн орындау үшiн
және осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясы осы мақсат
үшiн төменде 4-тармаққа сәйкес
қабылдаған басшы принциптерге
сәйкес қарастырады. I Қосымшаға
енгiзiлген әрбiр Тарап 7-баптың
1-тармағына сәйкес табыс ететiн
ақпарат шығарындылар кадастрының
және белгiленген сандардың жыл
сайынғы компиляциясының және
есепке алынуының бiр бөлiгi
ретiнде қарастырылады. Бұған
қосымша ретiнде I Қосымшаға енгiзiлген
әрбiр Тарап 7-баптың 2-тармағына
сәйкес табыс ететiн ақпарат
хабарламаларды қарастырудың бiр
бөлiгi ретiнде қарастырылады.
2. Қарау
жөнiндегi сарапшылар тобын хатшылық
үйлестiредi және бұл топ Конвенция
Тараптары және қажет болған
жағдайда үкiметтiк емес ұйымдар
осы мақсат үшiн Тараптар Конференциясы
қабылдаған басшы нұсқауларға
сәйкес ұсынатын кандидатуралардан
iрiктеп алынған сарапшылардың
тұрады.
3. Қарау
процесi шеңберiнде осы Хаттаманы
сол немесе өзге Тараптың жүзеге
асыруының барлық аспектiлерiне
егжей-тегжейлi және толық қамтитын
техникалық бағалау жүргiзiледi. Қарау
жөнiндегi сарапшылар тобы осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет ететiн
Тараптар Конференциясына баяндама әзiрлейдi,
онда Тараптың өз мiндеттемелерiн жүзеге
асыруына бағалау жүргiзiлiп, мiндеттемелердiң
орындалуына әсер ететiн кез келген әлеуеттi
проблемалар мен факторлар анықталады.
Хатшылық осындай баяндамаларды Конвенцияның
барлық Тараптары арасында таратады. Хатшылық
осы Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
әрекет ететiн Тараптар Конференциясының
одан әрi қарауы үшiн осындай баяндамаларда
анықталған, жүзеге асыруға қатысты мәселелердiң
тiзбесiн жасайды.
4. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында қарау
жөнiндегi сарапшылар тобының осы
Хаттаманың жүзеге асырылу барысын
қарауы үшiн басшы принциптердi
қабылдайды және кейiннен оларды
Тараптар Конференциясының тиiстi
шешiмдерiн ескере отырып, кезең-кезеңмен
қайта қарайды.
5. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде әрекет
ететiн Тараптар Конференциясы
жағдайға қарай Жүзеге асыру
жөнiндегi көмекшi органның және Ғылыми
және техникалық аспектiлер бойынша
консультация беруге арналған
көмекшi органның жәрдемiне сүйенiп: