b) Конвенция
мақсаттарына жету, оны жүзеге
асыру барысында жинақталған
тәжiрибе, ғылыми және техникалық
бiлiмнiң дамуы тұрғысында Конвенцияның
4-бабының 2 "d" тармағына және
7-бабының 2-тармағына сәйкес талап етiлетiн
кез келген қарауды тиiстi түрде ескере
отырып, осы Хаттама Тараптарының мiндеттемелерiн
дүркiн-дүркiн қарайды және осыған байланысты
осы Хаттаманың жүзеге асырылуы туралы
тұрақты баяндамаларды қарайды әрi қабылдайды;
с) Тараптардың
жағдайларындағы, жауапкершiлiгi
мен мүмкiндiктерiндегi ерекшелiктерiн
және осы Хаттама бойынша олардың
тиiстi мiндеттемелерiн назарға ала
отырып, климаттың өзгеруi мен оның
салдарларының проблемаларын шешу
үшiн Тараптар қабылдайтын шаралар
туралы ақпарат алмасуға жәрдемдеседi
және көмек көрсетедi;
d) бiр немесе
бiрнеше Тараптың өтiнiшi бойынша
Тараптардың жағдайларындағы, жауапкершiлiгi
мен мүмкiндiктерiндегi ерекшелiктерiн
және осы Хаттама бойынша олардың
тиiстi мiндеттемелерiн назарға ала
отырып, климат өзгеруi мен оның
салдарларының проблемаларын шешу
үшiн олар қабылдайтын шараларды
үйлестiруге көмек көрсетедi;
е) осы
Хаттама Тараптарының кеңесi ретiнде
әрекет ететiн Тараптар Конференциясы
мақұлдайтын, осы Хаттаманы тиiмдi
жүзеге асыруға арналған салыстырмалы
әдiснамаларды әзiрлейтiн әрi дүркiн-дүркiн
нақтылайтын Конвенция Тараптары
Конференциясының тиiстi шешiмдерiн
толық назарға ала отырып, Конвенцияның
мақсаттарына және осы Хаттаманың
ережелерiне сәйкес көтермелейдi
және бағыттайды;
f) осы Хаттаманы
жүзеге асыру үшiн қажеттi кез
келген мәселе бойынша ұсынымдар
енгiзедi;
g) 11-баптың
2-тармағына сәйкес қосымша қаржы
қаражатын шоғырландыру үшiн шаралар
қабылдайды;
h) осы Хаттаманы
жүзеге асыру үшiн талап етiлетiн
осындай көмекшi органдар тағайындайды;
i) қажет
болған кезде құзыреттi халықаралық
ұйымдар мен үкiметтiк емес
органдардың қызметiн әрi ынтымақтастығын
және олар беретiн ақпаратты
сұратады әрi пайдаланады; және
j) осы Хаттаманы
жүзеге асыру үшiн талап етiлуi
мүмкiн осындай басқа да функцияларды
атқарады және Тараптар Конференциясының
шешiмi болып табылатын кез
келген мiндеттердi қарайды.
5. Тараптар
Конференциясы осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
кезде консенсус негiзiнде өзге
шешiм қабылдай алатын жағдайларды
қоспағанда, Тараптар Конференциясының
рәсiмдерiнiң ережелерi және Конвенцияның
қаржы рәсiмдерi осы Хаттамаға
mutatis mutandis қолданылады.
6. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясының
бiрiншi сессиясын Хатшылық осы
Хаттама күшiне енетiн күннен
кейiн жоспарланған Тараптар Конференциясының
бiрiншi сессиясымен бiр мезгiлде
шақырады. Осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
Тараптар Конференциясының кезектi
сессиялары жыл сайын және
егер осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
Тараптар Конференциясы өзгеше
шешiм қабылдамаса, Тараптар Конференциясының
кезектi сессияларымен бiр мезгiлде
шақырылады.
7. Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
қажет деп тапқан кезде немесе
хатшылық осы талапты Тараптарға
жiберген кезде оны Тараптардың
кемiнде үштен бiрi қолдаса,
алты айдың iшiнде Тараптардың
кез келгенiнiң жазбаша талабы
бойынша осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде жұмыс iстейтiн Тараптар Конференциясының
кезектен тыс сессиялары шақырылады.
8. Бiрiккен
Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған
мекемелерi және Атом энергиясы
жөнiндегi халықаралық агенттiк, сондай-ақ
Конвенцияның Тараптары болып
табылмайтын кез келген мемлекет
- осы ұйымдардың мүшелерi немесе
олардың байқаушылары, Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясының
сессияларына байқаушылар ретiнде
өкiлдерiн жiберуi мүмкiн. Осы Хаттама
қолданылатын салаға жататын
мәселелерде құзыретi бар және
осы Хаттама Тараптарының кеңесi
ретiнде жұмыс iстейтiн Тараптар
Конференциясының сессиясына өкiлдерiн
жiберуге ниетi туралы хатшылықты
хабардар еткен кез келген
ұлттық немесе халықаралық органдар
немесе мекемелер, бұған қатысушылардың
кемiнде үштен бiрi қарсы болған
жағдайларды қоспағанда, оған қатысуға
жiберiлуi мүмкiн. Байқаушылардың
қатысуына рұқсат ету және
қатысуы жоғарыдағы 5-тармақта көрсетiлгендей
рәсiмдер ережелерiмен реттеледi.
14-бап
1. Конвенцияның
8-бабына сәйкес құрылған хатшылық
осы Хаттама хатшылығының функцияларын
атқарады.
2. Хатшылықтың
функциялары туралы Конвенцияның
8-бабының 2-тармағы және хатшылықтың
жұмыс iстеуiн ұйымдастыру туралы
Конвенцияның 8-бабының 3-тармағы
осы Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.
Бұдан басқа, хатшылық осы Хаттамаға
сәйкес оған жүктелген функцияларды
атқарады.
15-бап
1. Конвенцияның
9 және 10-баптарына сәйкес құрылған
Ғылыми және техникалық аспектiлер
бойынша консультация беруге
арналған көмекшi орган және оларды
жүзеге асыру жөнiндегi көмекшi орган
тиiсiнше құрылған Ғылыми және
техникалық аспектiлер бойынша
консультация беруге арналған
көмекшi орган және осы Хаттаманы
жүзеге асыру жөнiндегi көмекшi орган
ретiнде жұмыс iстейдi. Осы Конвенцияға
сәйкес осы екi органның жұмыс
iстеуiне қатысты ережелер осы
Хаттамаға mutatis mutandis қолданылады.
Ғылыми және техникалық аспектiлер
бойынша консультация беруге
арналған көмекшi орган және осы
Хаттаманы жүзеге асыру жөнiндегi
көмекшi орган сессияларының отырыстары
тиiсiнше Ғылыми және техникалық
аспектiлер бойынша консультация
беруге арналған көмекшi органның
және Конвенцияны жүзеге асыру
жөнiндегi көмекшi органның отырыстарына
байланысты жүргiзiледi.
2. Осы Хаттама
Тараптары болып табылмайтын
Конвенция Тараптары көмекшi органдардың
кез келген сессиясының жұмысына
байқаушы ретiнде қатыса алады.
Көмекшi органдар осы Хаттаманың
көмекшi органдары ретiнде жұмыс
iстеген кезде осы Хаттамаға
қатысты шешiмдердi осы Хаттама
Тараптары болып табылатын тараптар
ғана қабылдайды.
3. Конвенцияның
9 және 10-баптарына сәйкес құрылған
көмекшi органдар осы Хаттамаға
қатысты өздерiнiң функцияларын
атқарған кезде осы сәтте Конвенция
Тарабынан өкiлдiк ететiн көмекшi
органдардың кез келген бюро
мүшесi осы Хаттама Тараптары
олардың iшiнен сайлайтын қосымша
мүшемен алмастырылады.
16-бап
Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
Конвенцияның 13-бабында аталған
көп жақты консультативтiк процестi
осы Хаттамаға қолдану туралы
және осы процестi түрлендiру
туралы мәселенi Тараптар Конференциясы
қабылдауы мүмкiн кез келген
тиiстi шешiмдер тұрғысында, егер
бұл қажет болса, практикалық
түрде мүмкiн болған кезде қарайды.
Осы Хаттамаға қолданылуы мүмкiн
кез келген көп жақты консультативтiк
процесс 18-бапқа сәйкес тағайындалған
рәсiмдер мен тетiктерге зиян
тигiзбей қолданылуы мүмкiн.
17-бап
Тараптар
Конференциясы тиiстi принциптердi,
атап айтқанда, шығарындылардың
саудасын тексеру, баяндамалар
мен есепке алу шарттарын, ережелерi
мен басшылыққа алынатын принциптердi
айқындайды. В қосымшасына енгiзiлген
Тараптар 3-бап бойынша өз мiндеттемелерiн
орындау мақсатында шығарындылардың
саудасына қатысады. Кез келген
осындай сауда осы бапқа сәйкес
шығарындыларды шектеу және азайту
жөнiндегi белгiленген сандық мiндеттемелердi
орындау мақсатындағы iшкi iс-қимылды
толықтырады.
18-бап
Осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясы
өзiнiң бiрiншi сессиясында осы
Хаттама ережелерiнiң сақталмауы
жағдайларын айқындау және осындай
сақталмау жағдайларына ден қою
үшiн, оның iшiнде сақталмаудың
себебiн, түрiн, дәрежесiн және
жиiлiгiн назарға ала отырып, салдарлардың
бағдарлы тiзбесiн әзiрлеу жолымен
тиiстi әрi тиiмдi рәсiмдер мен тетiктердi
бекiтедi. Осы бапқа сәйкес мiндеттi
сипатқа ие салдарларға әкеп
соғатын кез келген рәсiмдер
мен тетiктер осы Хаттамаға
түзету енгiзу жолымен қабылданады.
19-бап
Конвенцияның
14-бабының ережелерi осы Хаттамаға
mutatis mutandis қолданылады.
20-бап
1. Кез келген
тарап осы Хаттамаға түзетулер
ұсына алады.
2. Осы Хаттамаға
түзетулер осы Хаттама Тараптарының
кеңесi ретiнде жұмыс iстейтiн
Тараптар Конференциясының кезектi
сессиясында қабылданады. Хатшылық
оларды қабылдау ұсынылатын отырыстан
кемiнде алты ай бұрын осы
Хаттамаға ұсынылып отырған кез
келген түзетулердiң мәтiнiн Тараптарға
хабарлайды. Сондай-ақ, хатшылық ұсынылып
отырған түзетулердiң мәтiнiн Тараптарға
және Конвенцияның сигнатарийлерi
мен ақпарат ретiнде депозитарийге
хабарлайды.
3. Тараптар
осы Хаттамаға ұсынылып отырған
кез келген түзету бойынша
консенсус негiзiнде келiсiмге
қол жеткiзу үшiн мүмкiн болғанның
бәрiн жасайды. Егер консенсусқа
қол жеткiзуге бағытталған барлық
күш-жiгер жасалса да, келiсiмге
қол жеткiзiлмесе, онда түзету
соңғы шара ретiнде осы отырысқа
қатысушы әрi дауыс беруге қатысушы
Тараптар дауысының төрттен үш
көпшiлiгiмен қабылданады. Хатшылық
қабылданған түзетудiң мәтiнiн
депозитарийге хабарлайды, ал ол
оны қабылдау үшiн барлық Тараптарға
жiбередi.
4. Түзетудiң
қабылданғаны туралы құжаттар
сақтауға депозитарийге тапсырылады.
Жоғарыдағы 3-тармаққа сәйкес қабылданған
түзету оны қабылдаған Тараптар
үшiн депозитарий қабылдау туралы
құжатты осы Хаттама Тараптарының
кемiнде төрттен үшiнен алған
күннен бастап тоқсаныншы күнi
күшiне енедi.
5. Кез келген
басқа Тарап үшiн түзету аталған
түзетудiң қабылданғаны туралы
құжаттар сақтауға депозитарийге
тапсырылғаннан күннен кейiн тоқсаныншы
күнi күшiне енедi.
21-бап
1. Осы Хаттамаға
Қосымшалар оның ажырамас бөлiгiн
құрайды және егер тiкелей өзгеше
көзделмесе, осы Хаттамаға сiлтеме
сонымен бiр мезгiлде кез келген
оған қосымшаға сiлтеме болып
табылады. Осы Хаттама күшiне енгеннен
кейiн қабылданған кез келген
Қосымшалар тiзiмдермен, нысандармен
немесе ғылыми, техникалық, рәсiмдiк
немесе әкiмшiлiк мәселелерге қатысты
сипаттамалық сипаттағы кез келген
басқа да материалдармен шектеледi.
2. Кез келген
Тарап осы Хаттамаға Қосымшаларды
қабылдау туралы ұсыныстар енгiзе
алады және осы Хаттамаға түзетулер
ұсына алады.
3. Осы Хаттамаға
Қосымшалар және осы Хаттамаға
Қосымшаларға түзетулер осы Хаттама
Тараптарының кеңесi ретiнде жұмыс
iстейтiн Тараптар Конференциясының
кезектi сессиясында қабылданады.
Хатшылық кез келген ұсынылатын
қосымша немесе қосымшаға түзетудiң
мәтiнiн оны қабылдау ұсынылатын
отырыстан кемiнде алты ай бұрын
Тараптарға хабарлайды. Хатшылық, сондай-ақ
кез келген ұсынылатын қосымша
немесе қосымшаға түзетудiң мәтiнiн
Тараптарға және Конвенцияның
сигнатарийлерi мен ақпарат ретiнде
депозитарийге хабарлайды.
4. Тараптар
осы Хаттамаға ұсынылып отырған
кез келген қосымша немесе
қосымшаға түзету бойынша консенсус
негiзiнде келiсiмге қол жеткiзу
үшiн мүмкiн болғанның бәрiн
жасайды. Егер консенсусқа қол
жеткiзуге бағытталған барлық
күш-жiгер жасалса да, келiсiмге
қол жеткiзiлмесе, онда қосымша
немесе қосымшаға түзету соңғы
шара ретiнде осы отырысқа қатысушы
әрi дауыс беруге қатысушы Тараптар
дауысының төрттен үш көпшiлiгiмен
қабылданады. Хатшылық қабылданған
қосымша немесе қосымшаға түзетудiң
мәтiнiн депозитарийге хабарлайды,
ал ол оны қабылдау үшiн барлық
Тараптарға жiбередi.
5. Осы кезең
iшiнде осы қосымшаны немесе
осы қосымшаға түзетудi өздерiнiң
қабылдамайтыны туралы депозитарийдi
жазбаша нысанда хабардар еткен
Тараптарды қоспағанда, жоғарыдағы
3 және 4-тармақтарға сәйкес қабылданған
немесе түзетулер енгiзiлген А
және В Қосымшаларынан басқа,
қосымша немесе қосымшаға түзету
осы Хаттаманың барлық Тараптары
үшiн осындай Тараптарға осы
қосымшаны немесе осы қосымшаға
түзетудiң қабылданғаны туралы
депозитарий хабарлама жiберген
күннен кейiн алты айдан соң
күшiне енедi. Өздерiнiң қабылдамайтыны
туралы хабарламаның күшiн жойған
Тараптар үшiн қосымша немесе
қосымшаға түзету осындай хабардар
етудiң күшi жойылғаны туралы
хабарламаны депозитарий алған
күннен бастап тоқсаныншы күнi
күшiне енедi.
6. Егер қосымшаны
немесе қосымшаға түзетудi қабылдау
осы Хаттамаға түзету енгiзумен
байланысты болса, онда осы
Хаттамаға түзету күшiне енгенге
дейiн осындай қосымша немесе
қосымшаға түзету күшiне енбейдi.
7. Осы Хаттаманың
А және В Қосымшаларына түзетулер
В қосымшасына кез келген түзету
тек қозғалатын Тараптың жазбаша
келiсiмiмен ғана қабылдануы шартымен,
20-бапта жазылған рәсiмдерге сәйкес
қабылданады және күшiне енедi.
22-бап
1. Төмендегi
2-тармақта көзделген жағдайларды
қоспағанда, әрбiр Тарап бiр дауысқа
ие.
2. Экономикалық
интеграцияның өңiрлiк ұйымдары
олардың құзыретiнен енетiн мәселелер
бойынша осы Хаттама Тараптары
болып табылатын мүше мемлекеттер
санына тең дауыс санымен дауыс
беруге қатысады. Егер өз құқығын
оның мүше мемлекетiнiң өзi немесе
керiсiнше пайдаланса, осындай ұйым
дауыс беру құқығын иелене
алмайды.
23-бап
Осы Хаттаманың
депозитарийi функциясын Бiрiккен
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
атқарады.