Экологиялық саясат: түсінігі және мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа

Краткое описание

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11


І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17


ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54


ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом-1.doc

— 2.47 Мб (Скачать документ)

 

Семей полигонының орналасу картасы:                                               

 

 

 

 

 

Семей полигонындағы сынақ алаңдары:

 

 

1990 жылы 22 сәуірде Жоғарғы  Кеңес біздің тарихымызда тұңғыш  рет Нұрсұлтан Назарбаевті Қазақстан  Президенті етіп сайлады және  де президент ретінде ол өткізген алғашқы ірі саяси шаралардың бірі 1990 жылы 24 мамырда Алматыда өткізген «Әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» атты ауқымды конференция болды. Ол үш күн бойы жүрді. Конференцияға қазақстандық антиядролық қозғалыс белсенділерінен басқа әлемнің отызға жуық елінің делегациялары келді. Бұл шынында да халықаралық ауқымдағы ірі оқиға болды. Барлығы да: зардап шеккендерге көмек, қарусыздану мен ядролық қаруды бақылау мәселелері сөз болды. Еліміздің ауасының өзі   «ХХІ ғасырда ядролық қарусыз атайық!», «Ядролық сынақтарға тыйым салынсын!», «Біз ядролық қарусыз дүниені жақтаймыз!» /18/ деген ұрандарға болы секілді еді. Семей облысының өзінде, Абай ауданының орталығы Қарауылда антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы ұйымдастырған сан мың адамдық митингіге қатысушылар әрқайсысы бір-бір тас алып, шағын тау жасады. Сөйтіп ұлы Абайдың балалық шағы өткен Қарауыл төбе жанында қолдан жасалған тас төбе пайда болды. Ол көлемі жағынан көп кіші болса да, әрбір қазақ үшін қасиетті жердің «ядролық» былғануына халықтың ашуы мен ызасының күші жағынан әлдеқайда үлкен болатын.  Өздерінің енжар еместігін Қарағанды шахтерлері да көрсетті. Ядролық сынақтарды тоқтатып, Семей полигонын жабу туралы петицияға 130 мың шахтер қол қойды.

Екінші жағынан, жұртшылықтың, әсіресе белсенділердің әрекеттері тарпымнан қолдау тауып отырды. Әрине республикалық басшылық тарапынан мұндай қолдау болмаса, белсенділердің әрекеттері КГБ-інің екі-үш қарапайым акцияларынан кейін оп-оңай тыйлар еді. Бұл тұрғыда қажет технология әбден пысықталған болатын...

Алдымен полигонға барып, жер қойнауындағы соңғы дарылыс  жасалған жердің нақ ортасында тұрып (жер қап-қара болатын, быт-шыт болған, әлі қызу қайтпағанда қиыршық тас жатты) қайтқан соң, мен КСРО басшылығының келісімін алмай – ақ, парламенттің ядролық полигонды жабу туралы мәселені талқылауға арналған сессиясы ашылатынын жарияладым.  Сессияға әскерилер мен ядрошы ғалымдардың үлкен бір тобы қатысуға тырысып бақты. Олардың депутаттары полигонды жаппауға үгіттейтіні айқын еді. Уәдені үйіп-төгетіні, ядролық жарылыстың зиянсыздығы туралы, тағы басқа әңгімені көбейтері анық еді. Бірақ мен оларды сессияға қатыстыра алмайтын едім. Мәселені қазақстандықтардың өздері шешуге тиіс болатын. 

Бүкіл халықтың қолдауына  ие болып, біз ядролық қарудың  адамзатқа қарсы жарылыстарына бір жақты тыйым салатынымызды, барлық қазақстандықтардың шын мәнінде бас ауыруына айналған Семей полигонын жабатынымызды жариялап, өзіміздің еліміз бұдан былай мәңгілікке ядролық қару мен оның сынақтарынан арылған аймақ болады деп жар салдық.

Ядролық қаруы бар  Қазақстанның қажеттігі мен «болашағы молдығын» аузы көпіргенше дәлелдеп бағу арқылы халық еркіне кесе-көлденең тұру үшін шын мәнінде тарихи ессіздікпен, арсыздықпен ауыру керек. Ядролық әзәзілге төтеп бере алмасақ, Қазақстан халқы бізді ешқашан кешірмес еді.  Біз халықтың еркін орындап, сол күндері демократияны үйрендік. Бұл тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы тәуелсіз қадамдарының бірі еді. Біз тоталитарлықкеңнстік өткеннің қателіктерін ұғынып, түзей бастадық. Біз жаңа демократиялық жолға түстік және бұл жолдың іргетасы ядролық қарусыз Қазақстан туралы нақ осы тарихи шешіммен қаланды.

Семей сынақ полигонының  проблемалары, оның ерекшеліктеріне  қарамастан, тек қана Қазақстанның ішкі мемлекеттік проблемасы емес, бұл проблемалар бүкіл планеталық масштабты қамтиды, өйткені қоршаған ортаны ластау деңгейі көрші елдерге (Қытай, Россия) айтарлықтай қауіп төндіреді. Сонымен қатар тоқсаусыз дүрсілдеген ядролық жарылыстар бұрынғы шөбі шүйгін, табиғаты әсем алқапта тартылған көлдер мен суалған бұлақтарды ғана қалдырды. Көптеген бастаулар жоқ болды. Кең жазық ойдым-ойдым мекен тақырға айналды. Шоқ-шоқ ормандар қурап, семді. Жасыл желек жамылған таулар мен төбелер жалаңаштанып жырым-жырым жарқыншақтарға оралды.

Полигон табиғатты және халықты ослайша жазалады.

Біз қазіргі кезде  экономикалық жағдайымыздың қиыншылыктарына  байланысты әлемдік қоғамдастықтың қаржылай көмегіне көбірек көңіл  аударудамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас Ассамблеясының Семей полигонының  проблемалары қаралған 53-сессиясына Қазақстан  делегациясы да қатысты. Шетелдік және қазақстандык сарапшылардың пікірінше,           ядролық      сынақтардың зардаптарын жою үшін кемінде 43 млн доллар қаржы керек. Осы сессияның жұмыс қорытындысымен «Қазақстандағы Семей регионының экологиялық және экономикалық дамуы, тұрғындарды ақтау мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы» /20/ Қарар өмірге келді.

Дипломдық жұмыс  орындалу барысында Семей сынақ полигонының проблемалары, оның ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдім. Семей сынақ полигонының проблемалары, оның ерекшеліктеріне қарамастан, тек қана Қазақстанның ішкі мемлекеттік проблемасы емес, бұл проблемалар бүкіл планеталық масштабты қамтиды, өйткені қоршаған ортаны ластау деңгейі көрші елдерге (Қытай, Россия) айтарлықтай қауіп төндіреді.

Тоталитарлық   тәртіп   халықтың, болашақтың да қамынан күнделікті өмірдегі өткінші табыстарға қол  жеткенге тоқмейіл  сушілікке жол  берді. Қоршаған орта мен халықтың тағдырына  немқұрайлы көзқарас тек әскери өнеркәсіпте  ғана емес, экономика саласында да орын алды. Кеңестік дәуірдегі ирригациялық жүйе мен жерді ешбір агротехникалық шараларды сақтамай, есепсіз игеру тәсілдері Арал теңізін жоюға жеткізді.

Бүгінгі таңда Арал теңізі өкелген трагедия жиырмасыншы ғасырдың ең ірі апатты жағдайларының бірі болып отыр. Қолдан жасалған жұмыстардың салдарынан 1976 жылдан бастап Арал теңізіне құятын Сырдария өзені тартылып қалуға дейін барды. Осыдан теңіздің терендігі 17 метрге дейін тайыздап, оның жағалауы 70-150 шақырымға дейін кейін шегініп кетті, суының тұздылығы 4-5 есеге дейін көбейіп, 1 литр судың құрамы 20-30 граммға дейін тұз құрайтын халге жетті /21/.

Суы тартылып, кеуіп қалуға айналған аймақтан ұшқан тұз аспанға  көтеріліп, оның зардабы тек жергілікті Арал өңірінде тұрған үш жарым миллиондай ғана халыққа емес, дүниенің   түкпір-түкпіріне  кеткенін      ғалымдардың зерттеуі ашық көрсетуде. Жыл сайын осы 100 млн тоннаға дейін атмосфераға көтеріліп жатқан тұзда инженерлік жүйеге келтірілген егістік жерлерді айналымнан шығарып, табиғи шабындықтар мен жайылымдарды аздырып, бұл аймақтың негізгі күнкөрісі - ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге кері әсерін тигізуде. Ауа райының түбегейлі өзгеріп кету қаупі төнуде, бұл өсімдіктер мен жан-жануарлар әлеміне де кері өсер етіп, құрып кетуіне бет алдыруда. Бұл экологиялық апат Арал өңірі халқын босқынға ұшыратып, соңғы жиырма жылда мындаған адамның туып- өскен жерін тастап, көшіп кетуіне мәжбүр етті.

Қоршаған ортаны қорғауға қажетті дәрежеде назар аударылмайды, ал экологиялық зардаптарды жою  оның алдын алудан әлдекайда қымбатқа түседі.

Мысалға Каспий шельфіндегі мұнай шығаруды алайық. «Табиғат» экологиялық одағының қорытындысы бойынша, Каспийден мұнай шығару бұл теңіздің жойылуына апаруы мүмкін. 4,5 шақырым тереңдікті скважинамен бұрғылаудың өзі теңізге және теңіз аймағында өмір сүріп жатқан 308 түрлі құс, 239 түрлі аңдар мен балықтарға үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне егер мұнай шығару мен өндіруге байланысты әрдайымғы апатты жағдайды еске алсақ, шындығында да Каспий өзенінде тірі жәндік тіршілігі тоқтап, құрып кетуі мүмкін /22/.

Каспийдегі қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы негізінде Алматы қаласында 1998 жылдың желтоқсан айында төгілетін мүнайдан сақтандыру профилактикалық проблемалары,   туындайтын  төтенше  жағдайларды алдын ала ескерту, оған дайындық және Каспий жағалауындағы елдердін керісінше жауап қайтару тәсілдеріне арналған халыкаралық семинар өтті. Семинарға Каспий жағалауындағы бес мемлекет - Әзербайжан, Иран, Түркменстан, Ресей және Қазақстан делегациялары қатысты.

 

 

 

 

Қорытынды

XIX ғасыр мен XX ғасыр түйісінде ғалымдар атом ядросының бөлшектену құпиясын ашуға, оларды басқарып үйренуге әрекет жасады. Бұл зерттеулерді ынталандырып отырған саясатшылар мен әскерилер алапат атом қаруын қолға түсіріп әлем билеушілері болуды армандады. Атом қаруын жасау жөніндегі жұмыс 30—40-жылдардың өзінде-ақ АҚШ-та, КСРО-да, Германияда, Францияда, Англияда және басқа еледерде жедел қарқынмен жүргізіліп жатты. 1945 жылы 16 шілдеде АҚШ атом бомбасын жасау жөніндегі — жұмысты аяқтап, алғашқы сынақты өткізгеннен кейін-ақ ядролық дәуір басталып кетті. Аламагордо, Нью-Мексико штаты. Осында Пентагон бригада генералы Л. Гровстың басшылығымен өзінің ядролық жарылысын жүзеге асырды. Ал 1945 жылғы 6 тамызда-ақ Американың атом бомбасы Жапонияның Хиросима қаласының тұрғындарына сыналды, ал үш күннен кейін Нагасакиде тұратын жүртты қан қақсатты. Осындай айуандықпен бомбалау салдарынан бір ғана Хиросиманың өзінде 40 мың үй-жай қирады, бомбалауға ұшыраған 350 мың адамның 140-ы қаза тапты. Міне, енді жарты ғасыр уақыт өткеннен кейін де тірі қалған 300 мың адам әлі де ядролық сәулелену зардаптарынан құтыла алмай отыр. КСРО-да ядролық зерттеулерге П. Курчатов басшылық жасады, дейді КСРО-да атом қаруын жасаушылардың бірі, жуырда қайтыс болған академик Ю. Харитон. ал барлық атом жұмыстарына тікелей бақылауды ішкі істер халық комиссариатының бастығы Л. Берия мен И. Сталиннің өзі жүргізді. Атом бомбасын жасау құпиясының шешімін табуға елдің ең таңдаулы ғылыми кадрлары жіберілді, бірақ жұмыс американдықтардан кейін қалып қойды. Біздің ғалымдарымызға кеңестік барлау агенттері көмекке келді. Сөйтіп олардың күш салуынан нәтиже шықты. Ағылшынның ғалым-физигі К. Фукс біздін агенттерге американдықтар жасаған атом бомбасының чертеждері мен құжаттамасын берді. Ядролық жұмыстарды жеделдету үшін И. Курчатов бір топ ғалыммен бірге өз нобайларын қоя тұрып американдық схеманы жылдамдатты, сөйтіп Кеңестің атом бомбасын жасап шықты. Сынақ үшін Абайдың туып-өскен жері таңдап алынды /23/.

Семей полигоны КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1947 жылы 21 тамызда  ашылды. 1948 жылғы шілде айында полигонға  әскер бөлімдері, негізінен, құрылысшылар келе бастады. Осы кезден бастап бұл  жерде әу баста Москва—400 деп  аталған тұрғын қалашық салу жұмыстары аса құпия жағдайда кең ауқыммен жүргізіле бастады. Лобораториялық-экспериментальдык, өндірістік базалардың корпустары бой көтерді, тәжірибе аландары ашылды. Ядролық эксперименттер үшін халық шаруашылығы айналымынан 18500 шаршы километр жер алынды. Полигон Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағынан орын алды. Полигонға берілген жерде бұрыннан тұрып жатқан жергілікті қазақтардан мыңдаған отбасы басқа аудандарға қоныс аударды. Алғашқы атом сынағы үшін әскери құрылысшылар көлемі 300 шаршы километр «тәжирибе алаңын» дайындады. Аланның қақ ортасындағы 30 метрлік темір мұнараның төбесіне қуаты 20 килотон ядролық заряд орнатылды. Айнала темірбетон қорғаныштар, бронды мұнаралар мен доттар бой көтерді. Орталықтан әр түрлі қашықтықта әскери техника, артиллерия қаруы, танктер, ұшақтар, автомобильдер, бронемашиналар орналастырылды. Салынған пана жайлардың көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар — қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар кіргізілді. Одан сәл қашықтау тұтас бір қалашық — үш қабатты тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, жер асты жолы, теміржол және автомобиль көлірлері салынып, оларда жанар май құйылған вагондар мен цистерналар тұрды. Алаңға әскери форма кигізілген адам кейпіндегі заттар, азық-түлік салынған жәшіктер қойылды. Мұның бәрі ядролық жарылыстың алапат күшінің қуатын зерттеу үшін дайындалды. 1949 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонында бірінші сынақ жасалды. Л. Берия эксперимент үшін Кремльдің алдында жеке басы жауап беретін болды. Ол екі тізім дайындап қойды. Олардың біреуі — бомба ойдағыдай жарылса, ғалымдар мен сынаушыларды ордендермен наградтауға ұсыну туралы, екішшісі, сәтсіз болған жағдайда, ату туралы еді. Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл Қазақстанның ядролық қасіретінің басы еді, ол 40 жылдан астам уақытқа созылды. Республика жерінің түгеліне жуық полигонға айналды — сынақтар Каспиден Алтайға дейін барлық облыстарда өткізілді. Алғашы табыстар Кеңестін ядро жасаушыларын қанағаттандырып жіберді. Олар әскери-өнеркәсіп кешенінің ыңғайына жығылып атом қаруын жетілдіру жөніндегі жұмыстың қарқынын үсті-үстіне жеделдете берді. 1953 жылғы 12 тамызда термоядролық құрылғы сынақтан өткізілді, ал 1955 жылғы 22 қарашада дүние жүзі Кеңестің аса қуатты сутегі бомбасы туралы білді. Оны жасаған академик А. Сахаров болатын. Мұндай зарядтарды сынақтан өткізгеннен кейін кешікпей-ақ полигон мен оған жақын жатқан жерлерге радиоактивті шаң қонатын. Мәселен, Қарауылда дозаның қуаты — 250 р/с, Долонда — 200 р/с. Қайнар мен Саржалда 150 р/с болды. Сынақ кезінде жұртты көрші ауданға алып кетті, бірақ 9 тәулектен кейін-ақ дозаның 40 — 60 мр/с кезінде Қарауылдың тұрғындарын үйлеріне қайтарды. Басқа ауылдардың тұрғындарын үйлеріне сәл кейіндеу жіберд, алайда соның өзінде радиация деңгейі әлі де жоғары — 25—35 мр/с болатын. Атом қаруын сынаудың 40 жылы ішінде Семей полигонында 470 ядролық жарылыс жасалды, соның ішінде 1949—1963 жылдары жер үстінде және әуеде қуаты 100 килотонға дейінгі 118 жарылыс болды. КСРО, АҚШ және Ұлыбритан ядролық бәсекесіне қатысушылар 1963 жылы әуедегі, жер бетіндеп және су астындағы атом сынақтарына тыйым салу туралы шартқа қол қойды /24/. Осы уақыттан бастап сынақтарды тек жер астында ғана жасауға рұқсат етілді. Бірақ тыйым салуға қарамастан әскерилер мен физиктер «халық шаруашылығы мақсатындағы жарылыстар» дегенді ойлап тапты, сөйтіп жасанды көлдер, газ қоймаларын, т.б жасады. Сынақтар 1961 жөне 3962 жылдары шарықтау шыңына жетті. Екі жылдын ішінде 68 ядролық жарылыс жасалды. 1961 жылғы қыркүйек айының өзінде ғана 15 атомдық жарылыс болды. 1964—1989 жылдары Семей полигонында тағы да 352 ядролық жер асты жарылыстары болып, олардың куаты 150 килотонға дейін жетті. Қазақстан аумағында барлығы жиынтық қуаты 50 мегатоннан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды /25/

Жеті қат жердің астындағы қала бірде бір географиялық картада көрсетілмеген. Аса құпия жер болғандықтан оның аты жиі өзгеретін. Москва — 400, Семей — 21, Ақырғы нүкте, ал соңғы жылдары Курчатов болып аталды. Онда тұратын әскерилер мен қарапайым халық ядролық сынақтар өткізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етті. Курчатовта болған адамдардың бәрі де әскери құпияны жария етпеу жөнінде қолхат беріп, ондаған жылдар бойы сыртқа бір ауыз сөз шығармай келді. Мұнда ғылыми және зерттеу лабораториялары, медиктер мен биологтар, математиктер мен физиктер орталықтары, сондай-ақ шахта салушылардың, бұрғылаушылардың, геологиялық барлаушылардың, құрылысшылардың өндірістік базалары шоғырланды. Бұл жердің Мәскеуден келетін ұшақтарды қабылдайтын өз ұшақжайы, темір жол және автобус станциялары, Мәдениет сарайы мұражайы, өз теледидары мен газеті болды. Ядролық жарылыстар дүрілдеп жататын алаңдарға қарай даланы ендеп ондаған, жүздеген шақырымға созылатын бетон жолдар, ал жер астында тереңде құпия коммуникациялар тартылды. Көкке шанжылған радар қондырғылар мен радиоантенналар күн, түн демей күзету және орталықпен, сондай-ақ полигонның сынақ алаңдарымен байланыс жасау жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз атқарып тұрды. Мұнда зерттеу және эксперимент жасау жұмыстары үшін барлық жағдай жасалды, ал тұрғындар үшін «коммунистік пейіш» орнады. «Курчатов қаласында И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров, Я. Зельдович сияқты кеңестің көрнекті физиктері уақытша тұрып, жұмыс істеді. КСРО-дағы ядролық қарудың көш басшылары деп осы адамдарды айтады. Осындағы ондаған мың адам өздерінің шығармашылық қызметін жаппай қырып-жоятын құбыжық қаруды жасауға жұмылдырды.

Семей полигоны халық  тығыз орналасқан аймақта. Оның төңірегіндегі кенттер жүздеген мәрте рет ыдыраушы өнімдер аясында қалса, тұрғындар иондалатын радиация әрекеті аясында қалды. Кеңшарлардың және жекеше малдың әдеттегі суаттары мен жайылымдары ластанды. Малдың сүті мен етінде, жемістер мен көкөністерде радионуклидтердің көп мөлшері жинақталып қалды.

Суды, тамақ өнімдерін  пайдаланған кезде адамдар радиациялық қосымша өрекетіне ұшырады. Адамдардың денсаулығына келтірілген залалды қазір өлшеп болмайды. Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңде халықты радиациядан қорғау жөнінде шаралар қолданылмады және медициналық зерттеу жүргізілмеді. Әскерилер халықты алда тұрған ядролық сынақтар туралы ескертпеді. Аса күшті сутегі бомбасын сынау алдында полигон маңында орналасқан ауыл адамдары 70—100 шақырым жердегі қауіпсіздеу аймақтарға шығарылғанымен, бір жарым —  үш  аптадан  кейін  өз үйлеріне қайтып отырды. Радиоактивті шөгінділермен ластаған осы жерде олар өмір сүріп, жұмыс істеп жатты. Осы кезеңде полигонға жақын жерде түрған халықтың арасында онкология, жүрек-тамыр аурулары, лейкоздар, орталық жүйке жүйесінің бұзылу оқиғалары жиі кездесті. Өлім көбейді. Медиктерге радиацияның әсерімен байланысты аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Сондықтан адамдарды радиация   туғызған аурлардан басқаның бәрінен «емдеп» бақты.

Информация о работе Экологиялық саясат: түсінігі және мәні