Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11
І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17
ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65
Жезқазған облысы, Арал теңізінен Балқаш көліне дейінгі облыстың бүкіл оңтүстік бөлігі «Приозерск» полигонының еншісінде.
Шымкент облысының Қызылқұм ауданындағы «Овцевод» совхозының территорисында июль1998 территориясында да ядролық сынақ жүргізілгенін бәрі бірдей білмейді. 1975 жылы жердің астында ядролық қаруға сынау жасалып, 1960 жылдан бастап уран алу жұмыстары жүргізілген. Жарылыстан кейін жердің бетінде ойдым-ойдымдар пайда болған.
Торғай облысы мен Қостанай облысының шекарасындағы Наурзымда да бірнеше атом сынағы өткізілген. Жарылыс Қостанай жерінде 1972 жылы 8 көкекте жүзеге асты. Сілкіністің қуаты 1 килотондай болды. Міне, Қазақ жерінің көп бөлігі 40 жылдан астам уақыт бойы осы секілді ядролық қаруды сынайтын аймаққа айналып, топырақ қабаты, ауа мен су ластанған.
Мұндай жарылыстар Сарыөзекте жыл жарымға тақау уақыт бойы үзілмеді. Осы мерзім ішінде бұл жердө ОТР-22 және ОТР-23 ракеталарының 1268 данасы жойылды. Алғашқыда ракеталар төрттен, ал кейіннен алтыдан жарылды.
Иә, қазақ халқына ұзақ жылдарғы жарылыстардың тигізген зардабы мен зияны адам айтқысыз.
Ядролық қаруды сынау зардаптарын анықтау мақсатымен кезінде құрылған ғылыми экспедиция 1957 жылы-ақ Семей облысының Абай ауданы тұрғындары мен малдарында радиацияның үлкен сәуле ауруы патологиясы барын анықтаған еді. Радиациялық сәуленің жалпы дозасы 400 рентгеннен кем емес болды. Мысалы, Семейдегі ядролық сынақтар салдарынан соңғы жылдары әр жүз адамға шаққанда жүйке-психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз жәнө жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауру сияқты дерттер халықты әбден меңдеген. Бүрын өкпе ауруын түқым қуатын ауру деп келсек, енді қазақтар дауасыз рак, лейкоз, паралич, анемия, жазылмайтын төрі ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұндай дертке дәрі де, дәрігер де дәрменсіз. Өйткені олардың бұрын-соңды адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың "жаңа" түрлеріне тап болып отырғандықтары жасырын емес. Қазір республиканың қай тұсында болса да, түрлі аурулар асқынып барады, Республикада түрлі жұқпалы аурулармен ауыратын адамдар мың адамға шаққанда қазір 7,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 2000 жылға қарай өсіп, 10,6-11,0 адамга жетеді. Жыл сайын 20 мыңға жуық сәби шала туып, 5 мың сәби іштей мүгедек болып жарық дүниеге келіп жатыр. Міне, осының бәрі жеріміздегі ядролық жарылыстар әсері деп білеміз.
Ядролық қаруды жою барлық жүргізілгенін бәрі бірдей білмейді қазіргі заманның ең күрделі мәселесі. Оның бәрі ойластыру біздің ұрпаққа жүктеліп отыр.
Қазақстан халқының тілегіне сәйкес Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. Бұл әлемге әйгілі ұлы жеңіс еді. Ендігі мақсат – бүкіл дүние жүзіндегі ядролық ракеталарды, атом бомбаларын жою.
Ядролық полигон аймағында тұратын халық қазірдің өзінде орасан зор зардап шегіп отырғаны анық. Ядролық жарылыстың бүгінгі күнде екі негізгі қаупі сақталып қалып отыр:
1. Ядролық жарылыстар кезінде жер қабаты ластануының салдарынан, бұл жерде мал жаю, егін егу қауіпті.
2. Жер қабаты астындағы судың радиоактивтік заттармен ластануы. /13, 31-32-бб/.
Осы айтылған мәселелерден артық ешқандай дәлел керек те емес шығар. Бұл жерлердегі ең басты мәселе - залалданған аймақтарда өмір сүрудің қауіпсіздік шараларын жасау. Полигон аумағындағы тұрғындарға, ең бірінші кезекте, жоғары дәрежедегі медициналық емдеу-сауықтыру кешендерін салу, екіншіден, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірінші категориясына кешіру керек.
Ғарышкерлер түсірген фотосуреттерде планетамыз бізге кіршіксіз көгілдір болып корінеді. Бірақ бұл бос елес қана. Адамзаттың үстінен қара түнек тажал төніп тұр. Бұрынғы тап-таза орман-тоғай, өзендер мен мұздақтар, ядролық және химиялық қалдықтармен уланбаған теңіздер мен мұхиттар, құнарлы топырақ, жайылымдар мен мөлдір бұлақтар... енді келмеске кетті. Оларды атмосферадағы озон саңлауларына, қышқыл жаңбырларға, Семей полигонының, Азғырдың, Чернобыльдың, Арал теңізінің қасіретіне айырбастадық. Қалалар мен ауылдар қақырап бос қалды. Бүгіндері біз тау-тау ядролық және химиялык қалдықтардың, атом және басқа өлім себетін қарулардың қақ ортасында қалдық. Жарты ғасырдан астам уақытқа созылған ядролық сынақтар салдарынан жер де, су да, ауа да, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де уланып бітті. Бүгінгі күні дүние есігін шыр етіп ашып жатқан сәбилердің көпшілігінің ағзасы патологиялық өзгерістерге ұшыраған. Адамзаттың бүкіл қол жеткізген жетістіктері мен прогрестің мүжіліп құру процесі мен өркениеттің жойылып кетуге, жер бетіндегі бүкіл жанды атаулының құрып кетуге қарай біртіндеп жылыстауын тоқтата алмайтынын, өкінішке орай, біз өте кеш ұғындық. Қазір бұл «локомотивті» бірден тоқтату мүмкін емес. Бүкіл әлем халқы экологияның тазалығы жолындағы күреске жұмылғанда ғана нәтижеге қол жеткізе алмақ. Экологиялык қауіпті әрбір адам ұғынып, қозғалысқа өз еркімен қатысуы — планетамызды шын мәнінде кіршіксіз таза планетаға айналдыруы керек.
Жарты ғасырдан
астам жер бетінде ядролық,
химиялық және әдеттегі
Кейінірек, атом қаруын жер астында сынай бастаған кезде радиоактивті газдар талай рет жер бетіне жарып шықты. Осындай жағдай жер астындағы ядролық жарылыстан кейін 1989 жылғы 13 ақпанда болған еді. Радиоактивті бұлт таяу жердегі кенттерді, ауылдарды және Шағандағы әскери ұшқыштар қалашығын басып қалды. Мұнда радиация 3200 мкр/с-қа, ал Большая Владимировка селосында — 170 мкр/ с-қа жетті. Осы қайғылы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол кезде Семей облысынан КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан О. Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, ядролық қасірет туралы айтып берді және Алматы тұрғындарын митингіге шақырды. 1989 жылғы 28 ақпанда «Невада — Семей» деп аталатын ядроға қарсы қозғалыс пайда болды. Осы арқылы ядролық қарусыз дүние жолындағы қазақстандық күрескерлер Невададағы өз әріптестеріне достық қолын созды.
Ядроға қарсы қозғалыстың ұйымдастырушысы және төрағасы О. Сүлейменов болды. Ядроға қарсы қозғалыс аз уақыттың ішінде бүкілхалықтық шараға айналды, оған бейбітшілік сүйгіш миллиондаған қазақтар, орыстар, украиндар. немістер және басқа ұлттар мен ұлыстар қосылды. Олар КСРО үкіметін Қазақстан халқының талап-тілектеріне құлақ қоюға, адамдардың денсаулығы мен тіршілік жағдайына көңіл аударуға мәжбүр етті. «Семей полигонында ядролық сынақ жасауға тыйым салынсын!» дегенді айту үшін үлкен қалалар мен шағын ауылдарда адамдар плакаттармен көшеге шықты. Қазақстанның ядроға қарсы қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ әлемнің түрлі елдеріндегі атом сынақтарына қарсы наразылық шерулеріне қатысты. Мұның өзі қозғалыстың халықаралық ядроға қарсы одаққа ұласуына мүмкіндік берді, оған «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы», «Парламентарийлер ғаламдық іс-қимыл жолында», «Гринпис», Жапониядан, АҚШ-тан, Германиядан, Франциядан және басқа да елдерден шыққан ядролық қаруға қарсы тұрушылар енді. «Қозғалыстың» бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресейде — Барнауылда, Якутияда, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Қырғызстанда — Бішкекте, АҚШ-та — Принстонда, Түркияда — Стамбулда ашылуда. «Невада — Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың» нақты жетістіктерінің бірі ол өте қысқа мерзім ішінде, халықтың бас көтеруі арқасында, алдымен Семей полигонындағы ядролық жарылыстардың» санын азайтуға көмектесті, содан соң Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен полигонның мәңгілік жабылуына жәрдемдесті. Қазақстандық ядролық қаруға қарсы тұрушылардың үлесін шет елдегі бейбітшілік сүйгіш қауым жалғастырды: Ресейде — Жаңа Жер, одан кейін Америкада — Невада, содан соң Францияда — Моруроа полигондарының үні өшті. Ең соңынан Қытайдағы Лобнор ядролық полигоны атом сынауын тоқтатты. Тәуелсіз Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының республикалары арасында ядролық қарудан азат тұңғыш мемлекет болды /14/. 1996 жылғы тамызда БҰҰ-да Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа колын қойып, бейбітшілікті қолдайтынын тағы да растады.
Полигонның бүгіні мен ертеңі: Бұрынғы Семей полигонының негізінде бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылған. Оның құрамына Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, Атом энергиясы институты, геофизикалық зерттеулер институты, Республикалық емдеу диагностикалық орталығы енді. Олардың қызметі ядролык сынақтарды зерттеу және олардың зардаптарын жою, энергетикалық қондырғылардың сенімділігін арттыру және атом энергетикасының қауіпсіздігі міндеттерін шешу проблемаларына жұмылдырылған. Әскери адамдар Курчатовты артқа тастай отырып сондарына ауыр мұра қалдырды. Көптеген қазан шұңкырлардан радиоактивті жылғалар ағуда. Ешкім күзетпейтін сынақ орындарына көптеген «қазына іздеушілер» ұмтылып, сонда қалған электр желілерінен түсті металдарды әкетуде. Қауіпті металл содан кейін Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД-ның, сондай-ақ Қытайдың балқыту пештеріне түсіп жатыр. Полигонды қарудан арылту мақсатында АҚШ Қорғаныс министрлігі ядролық полигонның инфрақұрылымын жою үшін Қазақстанға қаржы бөлді. Бұрын ядролық қаруды сынау үшін пайдаланылып келген «Дегелең» тауындағы 200-ге жуық, қазан шұңкырлар екі жыл бойы бетон тығындармен бітеледі немесе әдеттегі қопарғыштардың көмегімен бұзылатын болады. Түрлі елдердің ғалымдарымен бірге Курчатов қаласында және полигонға жапсарлас жатқан облыстарда халықты медициналық жағынан зерттеу жүргізіліп, топырақтың, су мен ауаның ауыр металдармен және улы қосындылармен ластану сипаттамасы анықталуда. 1996 жылғы қыркүйекте Курчатовта электронды өнеркәсіп үшін басу тақталарын шығару жөніндегі бірлескен Қазақстан-американ кәсіпорны іске қосылды. Болашақта қалада Халқаралық радиоэкологиялық орталық құру көзделіп отыр. Ядролық полигонның ғылыми-техникалық мүмкіндігі бейбітшілікке қызмет ете бастайтын болады.
Біздің өмірімізде ең басты орын – жердің еншісі. Жер – біздің асырайтын, бағып – қағатын дала. Осынау табиғи рухани бірлікті, адам мен жердің бірлігін бұзатын нәрсенің бәрі біздің түсінігімізде біздің өмір салтынымызды қайткенде де бұзады, сондықтан ол жер бетінде болуға да тиісті емес.
Сондықтан ядролық қаруды қабылдамауымыз, керек десеңіз, жүрегіміздің айнуы заңды болатын. Біздің халқымыз табиғатпен рухани бірлік пен ділдік ортақтықты өз жарылыстарымен бұзып кеткен ядролық қаруды жан-тәнімен жек көреді, қабылдай алмайды. Осынау ұлттық, ерекше ұқсастықты түсініп, санаға сіңірудің өзі «Ядролық Қазақстанға жол жоқ!» деген бірден – бір шешімге келу үшін жеткілікті еді /16/.
Иә, жүздеген ядролық
сынақтар Қазақстан халқына
Бірақ Семей ядролық полигоны туралы шындық біртіндеп болса да, естіле бастады. Еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін бүкіл қазақстандықтар бұрын көңіл аудара бермеген мәселелерге бірте-бірте шындап ден қоя бастады. Сыбыс ұлғая берді, өсек-аяң бой бермей бара жатты, Семей аймағы мен жапсарлас сталкерлер туралы адам нанғысыз әңгімелер айтылып жүрді.
Бұл Хиросима мен Нагасаки трагедиясынан кейін елу жылдан соң, Чернобыль апатынан кейін бірнеше жыл ғана өткеннен кейін келіп жататын жауаптар еді! Мағынасыз жауаптар, осы проблема төңірегінде жауапты әскери шендер мен ведомстволық әкімшілік байқатқан енжарлық, ақпараттың жоқтығы және атом полигоны төңірегінде қалыптасқан шын ахуалды білмеуім барған сайын мазалап, алаңдата түсті. «Семей ядролық полигоны кезінен бері төңіректегі жұрт саны төрт есе өсті. Бірақ әскерилер бізді сынақтар адам денсаулығына тіпті пайдалы – мыс деп сендіргісі келеді. Біз мұның бүгінде мемлекеттік қажеттілік екенін білеміз. Бірақ атом жарылыстарының айналадағы ортаға әсерін шындап терең талдау, бұл туралы жұртқа айтып беру керек қой. Сол жерлерде күн кешетіндердің өмірін жақсартуға жұмсау қажет біршама шығынды айтпағанның өзінде...» деген сөздерімнен кейін – ақ халық депутаттарын арасында, әсіресе залдың төрттен бірін құрайтын әскери киімді депутаттардың арасында әлдебір қозғалыс басталғанын байқадым. Бірдеңе шамалы өзгергендей еді. Әскерилер жер қойнауындағы ядролық сынақтардың жұртқа зияны жоқтығын дәлелдеумен болды. КСРО-ның ең жоғары генералитетіне сынақтарға тыйм салып, Семей полигоны жабу перспективасы анық бір қорқынышты түсте ғана көрінуі мүмкін еді. Қазір мұның бәрін күле отырып еске түсіремін, бірақ сол кезде, шынымды айтсам, күлкі артын қысып кеткен...
Ал бұл кезде, 1989 жылдың нақ басынан бастап біздің қазақстандық халқымыз, кеңестік үйден «ядролық қоқысты» шығарып тастауды армандап, Ажал полигонына қарсы көтерілген болатын. Стихиялық наразылық бірте-бірте ұйымдық пошымдарға ие бола бастады.
1989 жылы 28 ақпанда Семей
ядролық полигонында жер
Ғалымдарды, жазушыларды, қызметшілерді, жұмысшыларды, әр түрлі жастағы көптеген басқа адамдарды біріктірген қозғалыс Семей ядролық полигонын жабу және әлемнің басқа сынақ полигондарының қызметін тоқтата тұру жолындағы күреске орасан зор үлес қосты. Антиядролық қозғалыста Олжас Сүлейменовтың жеке өзінің еңбегі орасан зор. Ядролық қарусыз қоғамдастықтың мүдделерін «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа жол бермеу жолында», жастардың «Next Stop» және басқа қоғамдық қозғалыстар білдірді /17/.