Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11
І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17
ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65
Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт 1996 жылғы 10 қыркүйекте қабылданып, оған 51 мемлекет кол қойған болатын. АҚШ Конгресі бұл шартты бекіткен жоқ, нәтижесінде ол әлі күнге дейін (2003) күшіне енбей отыр.
2002 жылғы мамыр айында АҚШ пен Рссей арасында стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты қысқарту жөніндегі Шартқа (СНВ-3) қол қойды, онда ядролық қаруды үш есеге жуық (әр тарам 1700-2200) қысқарту жөніндегі екіжақты келісімді бекітті.
Енді биологиялық қаруды жою бағытында әлемде нендей іс-шаралар жүргізілуде — сол мәселеге тоқталайық. Биологиялық (бактериологиялық) қаруды сақтау, өндіруді тоқтату және оларды жою Конвенциясына 1972 жылы 143 мемлекет қол қойып, енді ешқашан биологиялық қару жасауға талпынбайтындықтарын білдірген болатын. Алайда, КСРО-ның Киров, Загорск, Свердловск және Степногорск (Қазақстан) қалаларындағы кәсіпорындарда биологиялық қару компоненттері Сібір жарасы, оба, сүзек сияқты ауруларды қоздырушы вирустардан құралды. Тек Степногорскінің өзінде ғана «Сібір жарасының» негізінде жыл сайын 300 тонна биологиялық бомба жасап шығару мүмкін болған.
Қазіргі кездегі соғыс қаупінен кем түспейтін проблемалардың бірі – экология. Адамдар қоршаған ортаны жан-тәнімен қорғамайынша дүниені аман алып қалу мүмкін еместігін жан жүрегімен сезіне бастады. Сондықтан қазір бұл туралы бүкіл әлемге дабыл қағылуда. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Табиғат адамдардан өш алып жатыр. Жер-жерде табиғат апаты жиілеп барады, топан су қаптауда. Күн санап жер бетіндегі барлық адамдарға жақындап келе жатқан қасіретті сезінесің. Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу – адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Қазір жер бетінде табиғаты таза түкпір табу мүмкін бе екен?. Чернобыль апатының зәрі 30 шақырымға төнсе, Аралдың ащы қаһарлы зәрі 3 мың шақырымға жетеді.
Сондай –ақ теңіз ортасынан орын тепкен «Возрождение» аралының сұмдығы өз алдына. Оның маңайы қазір судан жалаңаштанып барады. Ал бұл Аралдың 1945 жылдан бастап бактериялық қаруларды жасырын сынайтын полигон болғаны белгілі.
«Аральск-7» аталған биологиялық қаруға сынақ алаңы болған «Возрождение» аралында 196! жылғы қыркүйек-қараша айларында ядролық жарылыстардың салдарынан теңіздің түбіндегі балықтың қырылуы, Аралдың солтүстік қапталындағы құмды далада киіктердің кенеттен жаппай қырылуы кең етек алған. Мұндай апаттар 1978 жылы болып, 300 мың киік, 1989 жылы 540 мың киік қырылғаны анықталып отыр. Соңғы он жылда олардың саны бір миллионнан 20 мыңға дейін қысқарған /5/.
1988 жылы Ресейден Возрожденияға «Сібір жарасы» тиелген 24 вагон цистерналар әкелінген. Қазіргі зерттеулер бойынша, теңіздің тартылуына байланысты Арал мен құрлықтың арасы қосылып, зиянды жәндіктер жағаға шығып, үлкен эпидемиялық апат туғызуы мүмкін. 1992 жылғы 11 сәуірдегі Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен «Возрождениедегі» полигон жабылды. Қазіргі кезде бұл мекен (Өз-Сапиулла Абдулпаттаев. Қырып-жоятын қару-жарақ қаупі) Өзбекстан (75 пайызы) мен Қазақстанға қарайды.
«Сібір жарасы» қалбырларының осы аралдың астында көмілгені айтарлықтай қауіп төндіріп отыр.
Арал өңірінің экологиялық зардабы туралы Иоханнесбургте өткен жаһандануға арналған дүниежүзілік саммитте Президент Н.Ә.Назарбаев дүниежүзілік экологиялық тізілім жасау керек және соның ең басында Арал проблемасы тұру керек деп қадап айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері Қасымжомарт Тоқаев өзінің «Беласу» атты кітабында: «Бактериологиялық қаруға тыйым салу жөніндегі Конвенцияның бақылау жасау тетіктерін әзірлеу төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіреміз, өйткені, осы қару түрлерінің террористер үшін үлкен қызығушылық туғызатыны құпия емес» /6/ - деп жазды.
Химиялық қаруды өндіруді тоқтату және оны жою жөніндегі Конвенцияға 1993 жылғы 13 қаңтарда Парижде 100-ге жуық елдер қол қойып, ол 1999 жылғы маусымда бекітілді, Қасымжомарт Тоқаев: «Химиялық қаруды жою туралы Конвендияға қатысты жағдай көңілге қуаныш уялатады... Қолда бар қорларды жою жүзеге асырылуда» /7/ - деп жазды.
Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қол қою 1968 жылы басталып, ол 1995 жылы мәнгілікке ұзартылды. Ол құжат бойынша ядролық қаруы бар мемлекеттер басқа елдерге бұл қаруды және оның құрылымдарын (ядерные устройства) бермеуге міндеттеме алды. Алайда оған 182 мемлекет қол қойғанымен, 2001 жылғы мәлімет бойынша, тек 24 мемлекетте ғана құжат күшіне енген. 1998 жылғы мамырда Үндістан мен Пәкістан ядролық қаруды иеленді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер: «Барлық елдердің ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа тезірек қосылуы, сондай-ақ ядролық сынақтарды жан-жақты тыю туралы Шартқа қол қойып, бекітпеген мемлекеттердің соларды істеуі түрлі денгейдегі стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесетін болады» /8, 62-67-бб/ - деп атап көрсетті.
Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасы қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада жарылды. 1967 жылы 17 маусымда қуаты 3 мегатонналық тұңғыш термоядролық жарылыс атмосферада жасалды. Салыстыру ретінде айтсақ, Семей полигонында қуаты бір мегатонналық жарылыс тек бір рет қана жасалған болатын.
Қытайда 1980-1996 жылдар арасында атмосферада қуатты бір мегатонналық екі бомбы, үш мегатонналық бес бомбы, қуаты төрт мегатонналық бір бомбы жарылды.
1994 жылғы 10 маусымда Қытайда ядролық қарудың жер астында сынақтан өткізілуіне байланысты қазақстан республикасының Сыртқы Істер министрлігі Қытайдағы сынақ басқа ядролық державалар ядролық жарылыстарға мораторийді сақтап отырған жағдайда жасалғанын атап көрсетті. Мәлімдемеде ядролық қарудың бұл сынағы Қазақстанмен шекаралас ауданда жасалғандықтан және экология мен техногенді ортаға елеулі зардап тигізгендіктен наразылық білдірмеуге болмайтыны айтылған. Республика Сыртқы Істер Министрлігі Семей және Лобнор полигондары проблемалары жөнінде біріккен сарапшылар тобын құру туралы Қазақстан жағының ұсынысын нақты талқылауға оралу қажет деп санады.
Корея Халық Демократиялық Республикасы 2003 жылғы қаңтарда елдің ұлттық қауіпсіздік мүддесін негізге ала отырып, ядролық қаруды таратпау туралы Шарттан шығатындығын жариялады. Енді соның себептеріне тоқталайық:
- Біріншіден, АҚШ Президенті Джордж Буш 2002 жылдың 30 каңтар күні Конгресс мүшелерімен кездесуінде жаппай қырып-жоятын қарулар иеленуге ұмтылып отырған Солтүстік Корея, Иран және Ирак режимдері «Зұлымдық орындары» ("Оси зла") деп аталды. Оның үстіне Ирактағы соғыс елдің қауіпсіздігін сақтау үшін басқыншыны тоқтататын қуатты күш қажет деп көрсетті КХДР-ның сыртқы істер министрлігі.
- Екіншіден, 1994 жылы АҚШ Солтүстік Кореямен Ионбендегі атом электростансасын жауып, 2003 жылға таяу осы елде жаңадан екі реактордан тұратын станса жасау жөнінде және олар тек бейбіт мақсатта пайдаланатындығы туралы келісімге қол қойылды, Жабылатын атом электр стансасының компенсациясы (қайтарымы) ретінде АҚШ жыл сайын 500 мың тоннаға отын беретіндігі жөнінде атап көрсетілді. 2002 жылдың күзінен бастап АҚШ Солтүстік Кореяға отын беруді тоқтатты. Нәтижесінде КХДР Оңтүстік Корея мен Жапонияға жетіп баратын ядролық оқтұмсықтармен жарақталған зымырандарға ие. Онда Аляска мен Гавайға түсіретін ядролық қару жасалуда.
Әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату да зор қатер төндіріп отыр. Кофи Аинанның айтуынша, ол: «жаппай қырып жоятын қаруға» айналды. Женева халықаралық зерттеу институтының мәліметі бойынша 2004 жылдың басында әлемде 550 миллионнан астам атыс қарулары бар. 1990-жылдан бері сол қаруларды колдану нәтижесінде әлемде 5 миллион адам қаза тапты.
2001 жылғы шілдеде Нью-Иоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының арнаулы Конференииясында жеңіл және атыс қаруының заңсыз саудасына жол бермеу бағдарламасы қабылданды.
Сонымен, адамзаттың алдындағы ең кезек күттірмейтін міндеттің бірі -жаппай қырып-жоятын қару-жарақты толығымен жою, сөйтіп қазіргі және болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.
Семей ядролық полигоны қай кезден бастау алады? Семей ядролық полигонын ашу туралы шешімді КСРО Министрлер Кеңесі шешімімен 1947 жылғы 21 тамызда қабылдады. 1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастайды. Осы кезден бастап «Мәскеу— 400» деп аталған қала салу жұмысы аса құпия жағдайда кең ауқыммен жүргізіледі. Тез уақытта лабораториялық-эксперименттік, өндірістік базалардың корпустары бой көтереді. Алынған жердің, мекендердің көпшілігіне тәжірибе жасалатын хайуанаттар — шошқа, ит және т.б. әкелінеді. Алаңға әскери форма киген адам кейпі, сонымен бірге, азық-түлік салынған жәшіктер қойылады. Мұның бәрі ядролық жарылыстың қуатын зерттеу үшін дайындалған болатын.
1949 жылғы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс жасалды. Бұл эксперимент үшін Кремльдің алдында Л.Берия жауап беретін болды. Ол екі түрлі тізім дайындап койды:
-біріншісі, сынақшыларды ордендермен марапаттауға ұғыну туралы;
-екіншісі, сәтсіз болған жағдайда, ату туралы еді.
Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл ядролық қасіреттің басы еді, ол 40 жылдан астам уақытқа созылды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.
Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңде қауіпсіздік шаралары қолданылмады, медициналық зерттеулер жүргізілмеді. Полигонға жақын орналасқан тұрғындардың арасында тіпті полигон және оның зардаптары жөнінде есітіп көрмегендері де болды.
Аудан, ауылдың адамдарына, аудан орталығында әдейі қалдырылған 40 адамға да аудан, облыс, әскер басшыларының біреуі де өте зиянды соғыс қаруын сынаймыз деп тіс жарып айтпаған. Жаңа Семей, Абыралы, Абай, Егіндібұлақ, Қарқаралы және Семей қаласының тұрғындарына басшылар мен әскери адамдар тек уақытша бірнеше күндік әскери жаттығу болады деп хабарландырған. Тіпті Семейден көмекке барған дәрігерлердің өздеріне де шындықты айтпаған.
1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін 18 жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс болды. Бұл жолы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатқан аудандарды айтпағанның өзінде, Семей каласында радиация мөлшері 450 микроренттенге жетті.
Енді жаңа проблема –бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тұрды: ядролық реакция энергиясының әсерінен тірі клеткалардың ыдырайтындығы сол кездің өзінде –ақ белгілі болған. Енді өмірдің өзін және ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу және пайдалану тәрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.
Маршал Г.К.Жуков өзінің естеліктерінде былай деп жазады: «Қай күн екені дәл есімде жоқ, 1945 жылы Потсдам конференциясының барысында үкімет басшылары мәжілістерінің бірінен соң президент Г.Трумэн И.В.Сталинге АҚШ-та ғаламат күшті бомба бар деп хабарлады, бірақ атом бомбасы демеді
Сол сәтте У.Черчилль қайтер екен дегендей, И.В.Сталиннің бетіне қадала қарады. Бірақ анау Г.Трумэннің сөздерінен ештеңе таппаған адамша, ішкі сезімін білдірген жоқ. Кейін Черчилль, көптеген басқа да ағылшын-американ қайраткерлері секілді,сірә, И.В.Сталин айтылған хабардың мәнін түсінбеген болуы керек деп тұжырымдады» / 9, 4-76-б/.
Іс жүзінде 1943 жылы, неміс коммунист-физигі К.Фукстың АҚШ-та үлкен жұмыс жүргізіліп жатқандығы жөніндегі хабарламасынан кейін-ақ, ССРО үкіметі И.В.Курчатовқа бірінші атом ғылымы орталығы мен атом проблемасына байланысты барлық жұмысқа басшылық жасауды тапсырған болатын.
Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 ж. 16 шілдеде Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат американ әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады.
Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіреті алыс емес екенін ол кезде білген жоқ. Хирасима мен Семейді ойша салыстырып көрсек, екеуі де өркениет тарихында болып көрмеген аса ірі екі қасіретті бастан өткерді. Хиросималық хибакусялар радиацияның бір реткі ғана әсеріне ұшырап, көп мөлшерде құрама нейтрондар мен гамма сәулетерін, жарық сәулесі мен ауа толқыны соққысын алды. Ал Семейдегі жағдай басқаша:
Біріншіден, ядролық жарылыстар өте көп жасалды.
Екіншіден, бұл жарылыстар 40 жыл бойына әртүрлі қуатта жасалып келді.
Үшіншіден, адамдар радиация сәулесін ондаған жылдар бойына көп рет алды.
Төртіншіден, семейліктер зардап шеккен жапон қалаларының тұрғындары сияқты сәуле әсерін сырттан алып қана қоймай, іштей де сәуле әсеріне ұшырады.
Екі қала – Хиросима мен Семей арасын жарты ғасыр бойына орасан алып қашықтық қана емес, сонымен қатар саяси билік жүйесі, қоғамдық құрылыс, идеологиялық нанымдар бөліп, бір-бірі туралы ештеңе білмей келді. Ал, Хиросима да, Семей де бірегей қырсыққа ұшырады, екеуі де түрліше болғанымен, ядролық қарудан зардап тартты.
Ал қырықыншы жылдың аяғында Сарыарқаның төрінде халық үшін жұмбақ объектінің құрылысы басталды. Сарыарқаны қазақ қазақ- тар ықылым заманнан бері қоныстанып келгені белгілі. Полигонды салу және сынақтар өткізу байланысты жұмыстардың бәрі аса қатаң құпия жағдайда орындалды. Полигоннан құрылыс бөлімшелері кеткеннен кейін, алаңдардың бәрі Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі әскерінің күзетіне алынды.
ССРО-да бірінші атом бомбасын жасаушылардың бірі өз естеліктерінде Берия туралы былай деп жазады: «Рас, онымен біздің пәлендей жұмысымыз болған жоқ, бірақ оның шамалы уақыт бір жерге барып келген өз шоферін қыспаққа алғанын көзіміз көрді. Ол әлгі шофердің тұмсығына пистолетін тіреп: «Сен қайда жоғалып кеттің малғұн?» деп сұрады. Анау бірдеңе дей бергенде, балағаттаған айқай естілді: «Өшір үніңді, әйтпесе басыңнан атып салам...!».
Ондаған жылдар бойы ядролық қару жасаумен шұғылданып келген полигон бүгінде үнсіз тұр. Алайда бұл полигон жабылды деген сөз емес. Өзінің аумағы жағынан аса үлкен полигон кешенінің кенеттен өз қызметін тоқтата салуы көп адамдарға мүмкін де емес көрінеді. Полигонды ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы да оңай емес еді.