Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:52, дипломная работа
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11
І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ
1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14
1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17
ІІ-Тарау. НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34
2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54
ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65
Бас конструктор Б.В.Литвиновтың: полигонда күрделі физикалық зерттеулерге арналған аспаптар, бұрын белгісіз болып келген жұмыстардың атқарылу технологиясы сынаудан өтті, жаңа схемелар, жаңа есептеулер байқаудан өтті, бұрын жердегі жағдайда белгісіз болып келген заттардың жағдайы туралы түсінік тексерілді деп тұжырымдауы өте дұрыс. Полигонда ядролық және термоядролық процестер туралы ойлар, гипотездер, болжамдар теріске шығарылды. Полигон, ең алдымен, мыңдаған адамдар барынша, жан аямай еткен орасан зор лаборатория болып есептеледі. Олар қазір де еңбек етуге әзір, ядролық қару шығару үшін емес, адамзаттың онан әрі дамуына қажетті әртүрлі процестердің көрсеткіштерін байқап көру үшін әзір.
Ядролық қаруға келетін болсақ, оны тек есі ауысқан адам ғана қолдануы мүмкін. Өкінішке орай, адамзат тарихының белгілі бір кезеңінде есі ауысқан адамдар да болған. Бәлкім, бүгінгі тарих сабағы есі ауысқан жаңа адамдардың шығуына жол бермес.
Адамзат баласы дүние жүзінде ядролық қарудың аз болуы, ал алдағы уақытта мүлдем болмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Адам өлтіру үшін ешнәрсе жасалмауы керек. Адам өмір сүру үшін туады. Және қорқынышсыз, жақсы, еркін, ар-ождан, ақыл-ойы бойынша өмір сүргісі келеді. Ондай өмір үшін қарудың ешқандай қажеті жоқ.
2.2 Антиядролық
қозғалыстардың қазіргі заманда
Қазақстан XX ғасырдың екі ғаламат оқиғасының - ядролық қаруды игеру мен космостық кеңістікке шығу секілді тарихи оқиғалардың куәсі. Ол ұлы державалар үшін қуаныш болса, қазақ халқы үшін қасірет еді.
Кейінгі жарты ғасыр бойы әлем өміріне төндіріп келе жатқан ядролық қарудың көзін құрту барлық халықтардың арманы болып отыр. Жойқын қаруды 1945 жылы бірінші болып сынаған да, сонан соң жауына қарсы жұмсаған да АҚШ еді. Бірақ атом бомбасына АҚШ-тың монополиясы көпке созылмады.
Ондай қаруға 1949 жылы КСРО-ның да қолы жетіп, екі мемлекет арасында жанталаса қарулану жолында егес-бәсеке басталып жүре берді. Осы сынақта атқарылмаған іс қалмады. Ең алдымен, сынақ полигонын дамытуға мән берілді. Оған қоса, осы саладағы жұмыстар тек құпия түрде жүргізілді.
Кеңес Одағының ядролық жиынтығына 700 000 тұрғыны бар 10 жабық ядролық қала қараған екен. Ал салада 1 млн. астам жұмысшылар қызмөт атқарған.
Егер біз кезінде ядрорлық статусты сақтау туралы шешім қабылдасақ, қазақстандағы ядролық қару аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік жүйесінде қандай бүлдіргіш рөл атқаратынын елестетудің өзі қиын. Ядролық қарусыз Қазақстан туралы тарихи шешім қабылданған соң, бір күндерде Қазақстанның ядролық әулетінің бүлдіргіш факторының барынша әр қилы нұсқалары қаралып, талданған болатын.
Біріншіден, ядролық статустың болуы еуразияда, әсіресе оның орталық бөлігінде жанжал әулетінің күшейе түсуі үшін жергілікті шарт болып табылады. Ядролық қару иелену реттеу ісін тек қана күш тұрғысынан жүргізуге сөзсіз итермелер еді. Әсіресе Қазақстанмен тікелей жапсарлас елдермен келіссөз процесінде солай болар еді. Сол арқылы атом қаруының және тиісті жеткізу құралдарының болуының өзі халықаралық саясат пен өзара қарым-қатынас процесінде қазақстан тап болатын кез келген мәселе мен кез келген проблеманы шиеленістіріп жіберер еді.
Екіншіден, ядролық қару иелену сыртқы кірігу процесін дамытуға тіпті де түрткі бола алмайды. Өйткені біздің ядролық кеудемсоқтығымыз БҰҰ-ның жарғысына да, әлемнің бәрі дерлік елдері қол қойған ядролық қаруды таратпау туралы шартқа да тұп-тура кереғар болып шығар еді.
Үшіншіден, иелену жаңа сапаға сөзсіз жетелейді. Әлбетте, біздің ел ықтимал жау және тұрақты әскери қатердің көзі ретінде ядролық қаруы бар және жоқ державалардың барлық стратегиялық жоспарларының нысанасына айналар еді. Мұндай жағдайда бізді өзінің ықтимал дұшпаны деп санайтын державалардың жауынгерлік вахтадағы ядролық боеголовкалары бар зымырандары біздің аумағымызға ылғи да кезеніп тұратынын аңғару тіпті де қиын емес.
Ядролық қатер - белгілі бір мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінен гөрі, оның өмір сүруінің өзіне төнген ең ғаламдық та қауіпті қатер екені даусыз.
Мемлекеттер қоғамдастығында, әсіресе сыртқы кірігу саясатын белсенді жүргізе отырып, сонымен бірге ұдайы не ядролық шабуылмен қатер төндіріп, не қатер астында болып, қалыпты өмір сүре алмайсың. Бүгінде біз ұдайы төніп тұратын Дамокл семсерінен құтылдық – біздің елге әлемнің басқа мемлекеттерінің бірде-бір ядролық боеголовкасы көздеулі тұрған жоқ! Ал мұны біліп, сезініп отыру, барлық пікірлерден көп артық.
Төртіншіден, негізсіз ядролық статус ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартта жарияланған иеленбеу, таратпау және орналастырмау принциптерін внфқ көзге ілмеу салдарынан әлем жұртшылығының қырын көзқарасы мен халықаралық оқшаулауға ұшыратар еді.
Деректерге сүйенсек, әлемде 2044 ядролық жарылыс өткізіліпті, оның 513-і атмосферада. Соның 52,7 проценті АҚШ-та, 35 проценті бұрынғы КСРО-да, 8.8 проценті Францияда, 2 проценті Ұлыбританияда және 1,6 проценті Қытайдың Қазақстанмен шектес Лобнор полигонында болған.
Ал жалпы 1945-1989 жылдар аралығында АҚШ пен КСРО-да жасалған ядролық сынақ деректері мынадай:
Бұл цифралар құпия "атом соғысының" қызықты тарихын айтып бере алатын сияқты /10, 88-92-бб/.
АҚШ өзінің ядролық бағдарламасын іске асыруға КСРО-дан төрт жыл бұрын кірісіп, 1990 жылға дейін 921 заряд жарған екен, КСРО - 642. Қырық жылдан астам мерзімдегі жалпы айырмашылық үш жүзге таяп қалыпты. Бұл сан екі кезеңге - үстіндегі, ауада және жер астындағы сынақ кезеңіне бөлінеді.
Жыл |
АҚШ |
КСРО |
Жыл |
АҚШ |
КСРО |
Жыл |
АҚШ |
КСРО |
1945 |
3 |
0 |
1961 |
10 |
50 |
1977 |
19 |
18 |
1946 |
2 |
0 |
1962 |
96 |
44 |
1978 |
17 |
27 |
1947 |
0 |
0 |
1963 |
44 |
0 |
1979 |
15 |
29 |
1948 |
3 |
0 |
1964 |
38 |
0 |
1980 |
14 |
21 |
1949 |
0 |
1 |
1965 |
36 |
9 |
1981 |
16 |
22 |
1950 |
0 |
0 |
1966 |
43 |
15 |
1982 |
18 |
31 |
1951 |
16 |
2 |
1967 |
34 |
17 |
1983 |
17 |
27 |
1952 |
10 |
0 |
1968 |
45 |
13 |
1984 |
17 |
29 |
1953 |
11 |
4 |
1969 |
38 |
16 |
1985 |
17 |
9 |
1954 |
6 |
7 |
1970 |
35 |
17 |
1986 |
14 |
0 |
1955 |
18 |
5 |
1971 |
17 |
19 |
1987 |
14 |
23 |
1956 |
18 |
9 |
1972 |
18 |
22 |
1988 |
14 |
17 |
1957 |
32 |
15 |
1973 |
16 |
14 |
1989 |
11 |
7 |
1958 |
77 |
29 |
1974 |
14 |
18 |
|||
1959 |
0 |
0 |
1975 |
20 |
15 |
Барлығы |
921 |
642 |
Бірінші кезеңде Америка бізден 146 тәжірибе асырып жіберген екен. Дегенмен, келесі кезең кеңес қарушыларыныкі еді: 1962 жылы Жаңа жерде жарылған 60 меге-тондық сутөгі бомбасы күш жағынан сүра-пыл болып шықты. 1963 жылға дейінгі жа-рылған атоіущық, термоядролық қондырғы-лардың күш-қуатын түтас алғанда, КСРО қарсыласынан едәуір алға шыққан.
Ядролық бәсекенің келесі кезеңі 1963 жылы басталды. Жер астында жарылыс жасау тәжірибесінің күрделі технологиясына көшу америка өнеркәсібіне оңайға түсті. Техникалық жағдайының нашарлығынан КСРО бұған ілесе алмады. Жер астының тәжірибе жұмысына ғана екі жыл уақыт кетті.
Әрине, бұл екі елдің ядролық бәсекесі ешқандай жақсы нәтиже берген жоқ, тек қана халқымыздың өміріне, денсаулығына, мәдениеттіне, экономикасына үлкен зиянын тигізді.
Кеңес Одағы полигондарының ең күрделісі Қазақстан жерінде орналасқан болатын. Қазақстан қызыл империяның бүкіл ядролық стратегиялық бағдарламасы толық циклмен: атомның шикізатын өндіру және өңдеу, ядролық оқ-ұмсықтарды дайындап, сынау, ракеталық қондырғыларды сынақтап өткізу және оның артық-кемін құрту, жою жұмыстары түгелдей жүргізілген аймаққа айналды. Жалпы, осы мерзім ішінде қазақ жерінде 500-дей ядролық қару жарылыпты. Ең тұңғыш жарылыс 1949 жылғы 29 тамызда Семей облысының ядролық полигонында өтті. Ал 1953 жылы 12 қыркүйекте осы полигонда дүние жүзіндегі алғаш рет термоядролық құрылым саналды. 1955 жылы 22 қарашада сутегі болбасы сынақтан өткізілді.
Кеңес Одағы полигондарының ең күрделісі Қазақстан жерінде орналасқан болатын. Қазақстан қызыл империяның бүкіл ядролық стратегиялық бағдарламасы толық циклмен: атомның шикізатын өндіру мен өңдеу, ядролық оқтұмсықтарды дайындап, сынау, ракеталық қондырғыларды сынақтан өткізу және оның артық-кемін құрту, жою жұмыстары түгелдей жүргізілген аймаққа айналды.
1963 жылдан бастап ядролық қаруды жару жер астына көшірілді. Себебі, АҚШ, Кеңес Одағы, Ұлыбритания арасында жер беті мен ауада, су астында атом қаруын жаруға тыйым салу туралы келісім жасалып еді.
Сонымен, Қазақстанның 19 облысында 12 ресми, 7 ресми емес полигондар орналасқан. Осы мерзімде өткен ядролық сынақты екі кезеңге бөлдік. Бірінші кезең 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл - ядролық жарылыстардың жер үстінде, ауада сыналуы. Екінші кезең 1963 жылдан 1989 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Мұнда ядролық жарылыстар жердің астында сыналды.
Полигонның иеліктері бұдан қырықжыл бұрын совхоздар мен колхоздардан тартып алынған 20 млн. гектар егістік жермен тепе-тең аймақты алып жатыр.
Бұрынғы Кеңес Одағы полигондарының ең үлкені - Семей ядролық полигоны. Семейдегі ядролық полигон 1947 жылы салынған. Кейін Абыралы ауданнының жері әскери сынақ алаңына айналды. Нақты деректерге сүйенсек, осы полигонда 445 ядролық жарылыс жасалған. Оның 90-ы - ашық аспанда, 26-сы - жер үстінде, қалған 354-і - жер астында. Ашық аспан мен жер үстіндөгі сынақ 14 жыл бойына жүргізілген. Жарылысты жүзеге асырған ұйымының дерегіне қарағанда, ашық ауада және жер үстінде жасалған жарылыстан радиоактивті 55 бұлт пайда болған, ол полигоннан тыс аймаққа жел арқылы тараған. Ал жер асты жарылысынан 69 рет аса қауіпті улы газ ағыны ауаға бұрқылдай шығып, тарап кеткен.
Батыс Қазақстан облысындағы «Капустин Яр» полигоны 1952 жылы салынып, бұнда 11 атмосфералақ ядролық жарырасалды. Қуаты 10 килотон алғашқы ядролық заряд 10,4 биіктіктегі атмосферада 1957 жылғы 19 қаңтарда жарылды, қуаты 40 килотонға дейінгі мұнан кейінгі жарылыстар атмосфераның 50-ден 300 шақырымға дейінгі жоғарғы қабатында жасалды, 1956 жылы ақпанда «Капустин Яр» полигонынан тұмсығында ядролық оғы зымыран ұшырылды, ол Арал қаласының солтүстігінде жарылды.
Атырау облысында «Азғыр» атом полигоны 1952 жылы салынды, «Азғыр» полигоны Оңтүстік сейсмикалық экспедиция" деген бүркеншік атпен әскери-ғылыми мекеменің «Галит» деген учаскесінде орналасқан, ұңғының 12 технологиялық алаңы бар.19 алаңда 1965-1970 жылдары ядролық жарылыстар жасалды. Осында жүргізілген радиациялық зерттеу жарылыстары азғырлықтар жылына 300 бэр мөлшерінде сәуле алатынын анықтады. Олардың әрқайсысында 17 реттен жер асты ядролық сынақтар жасалды. Алғашқы жарылыс «Азғыр» ауылынан бір жарым ғана қашықтықта, 165 метр тереңдікте жасалған.
«Сүйіндік» арнайы авиациялық сынақ шоны. Ол Нарын құмында орналасқан. Мұнда бірнеше жер асты жарылыстары болған. Бұдан басқа, бұл өңірде 1952 жылдан "Тайсойған" ракеталық-авиациялық сынақ полигоны бар. "Тайсойған" полигонының көлемі 7,5 мың шаршы км. негізінен үш учаскеден тұрады. Әр учаске ракетаның әр түрін сынауға арналған. Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бұл полигонда жер, су, жан-жануарлар радиоактивті зиянды заттармен уланғанын көрсетті.
Ақтөбе облысы. Мұнда «Ембі-5» деп аталатын өте үлкен ракеталық-ядролық және химиялық-бактереологиялық полигон орналасқан.
Маңғыстау облысы. Ақтау қаласындағы өндірісінің радиоактивті қалдықтары осы маңдағы емдік қасиеті бар өте сирек кездесетін тұзды көлге тасталды. Облыс орталығында 1970 жылы үш мәрте жер астының ядролық сынағы жүзеге асырылған. Бұған қоса, түбектің солтүстік жағалауында әскери теңіз полигоны орналасқан болатын, ал Шевченко қаласының солтүстік-шығыс жағындағы 230 шақырым жерде, Үстірттің кең даласында полигон жасау көзделгенді {өте жасырын түрде мамандар келіп, шөл далада тереңдігі 1 шақырымға дейінгі алқап бұрғылап қазылған). Бірақ бұл аймақ ядролық сынақ жүргізудің шарттарына сай келмеді, сондықтан полигон салынбай, жұмыстар тоқтатылды. Бұл тек қана 20 жылдан кейін белгілі болды. Сол кездердегі ядролық жарылыстардың қазіргі кезде адам денсаулығына, табиғатқа қаншалықты зиян тигізгені белгілі. Сондай-ақ, 1987 жылы 3 қазанда Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданының аумағында жер астында қуаты 20 килотонға дейін ядролық жарылыс жасалды. Аталған жарылыс «халық шаруашылығы мүдделері үшін» - делінген /11, 15-16-бб/.
Қызылорда облысы: Мұнда «Арал-5» ракеталық полигоны орналасқан. Бұл полигон «Возрождение» деп аталған. Осы ядролық полигон салдарынан Арал теңізінің суы құрып бара жатқаны айтпаса да түсінікті. Бұған қоса, Байқоңырдағы космодром Қызылорда облысы халқының өмір-тіршілігіне апатты жағдай туғызып отыр. Мұнда 1990 жылдан бастап сынақ тоқтатылған. Оған дейін жыл сайын кемінде 100 сынақтан етіп тұрған. Қызылордадан 260 шақырымдай - Қармақшы ауданындағы жерде «Байқоңыр» космодромы тұр. Мақсаттары айқын. Мұндағы мың сан қызмет индустриясын дамыту үшін қазір тұшы-тылып беріліп отырған дария суы жарамсыз. Ғылыми мәліметтерді тыңдасақ, оған тек жер астының қоспасыз таза суы қажет. Аралы тартылып, апат құшағында қалған аймақ төбесіне тағы да бір қиямет бұлт төнді /12, 26-б/.