Экология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:13, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел ӛсуі және кӛптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің кӛлемін ӛсіре тҥсуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология 11111.docx

— 535.14 Кб (Скачать документ)

Адам баласы жыртқыштар мен  құстарды байқап олардын міңез - құлқына  қарай ат қойып, колға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға үмтылып отырған. Кейбір кезеңдерде жыртқыш аң мен  құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық»  санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық  апаттарға үшырап отырған. Мәселен, касқырларды қырып түз тағыларының  арасындағы жұқпалы аурулардың тез  таралып андардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше  ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар  өте пайдалы организмдер екені  қазір баршамызға мәлім. Олар «дала  санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи срыптаудағы негізгі  жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың  сапалық құрамы прогрессивті түрде  дамып отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей эсер ете  отырып, оның прогрессивті дамуына  ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың  әсері эволюцияның қозі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің  ара салмағын реттеп отыратыны анық.

Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану  арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс  организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастагі  жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас  вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен  жануар арасында да паразиттік құбылыс  жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі  пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті  ауру тарататын түрлері де баршылық . Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкес  жәндіктердің паразиттері олардың  табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына  мол пайда әкеледі. Бір ғана құм  тышқанының үстінен ңемес ішкі мүшелерінен  паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның  ішек- қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер  паразиттер қатарына жатады.

Паразиттердің көптеген түрлері  жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан  аумағында жиі кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөл- шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын  білу олармен күресгі, сақтануды  жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде  роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан  облыстарының таулы алқаптарында кең  таралып отырған жапон энцефалитінің  қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн.

Симбиоз - екі түрге жататын  организмдердің кеңістікте бір- біріне еиібір зиянын тигізбей, керісінше  селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың  селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып  табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың  сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар  бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды  заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті  органикалық заттарды алады.

Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдыгымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы  ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорганысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге  бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.

Мутуализм - әр түрге жататьш  организмдердің бір-біріне қолайлы  жагдай тұғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен , тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым – қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.Зоохария - жануарлардьщ орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер туқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сұтқоректілердің және басқ а да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алые кеңістіктерге тарауы.

Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары  жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады.Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды. Аллелопагия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінғен заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тиғізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімғі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізее, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың кейбір түрлерін 6 кестеден де көруге болады.

5 2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер

 

Өндірістің қарқындап  дамуына және отын түрлерін кең масштабта  жағуға байланысты атмосферадағы бос  оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл  газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде  табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нәтижесінде  көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын  анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған  күннен бастап осы күнге дейін  түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна  оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соң- ғы жарты ғасырда  ғана жұмсалған. Көміртек айналымының  бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл  газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.

Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.

Табиғи ластану. Атмосферада  үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.

Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық  және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз  беттерінен судың булануы минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық  шаң ауада аэропланктондар —  бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары  мен өсімдіктердің тозаңдары, т.б. түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде  болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Табиғи ластанудың бір түрі космостық шаң атмосферадағы  жанған метеориттер қалдықтарынан  түзіледі, 1 жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер атмосферасының негізгі  құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін, олардың  радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуі немесе су беттерінен булану нәтижесінде түзілуі мүмкін. Атмосфераның төменгі қабаттарындағы шаң сусыз шөл далалардан пайда  болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсімдік споралары, саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының шіру, ыдырау өнімдерінен түзіледі.

Мұхит үстіндегі ауа атмосферасында магний, натрий, каль­ций тұздарының майда  кристаллдары болады, олар су шашырандылары  ауада құрғап қалғанда түзіледі. Әдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тіршілік ететін организмдер  үшін аса көп зиян келтірмейді.

Атмосфералық шаң Жер  бетінде жүретін кейбір процестер  үшін белгілі роль атқарады. Ол су буларының  конденсациялануы үшін, олай болса  жауын-шашынның түзілуіне әсер етеді. Бұнымен қатар күн радияциясын  сіңіріп тірі организмдерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайды. Академик В.И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың  химиясында маңызды роль атқарады деп  жазды.

Жер бетіндегі заттардың  биологиялық ыдырауы, оның ішіндегі топырақ бактерияларының тіршілігі  күкіртсутек, аммиак, көмірсутектер, азот, көміртек оксидтерінің орасан зор мөлшерінің түзілуіне әкеліп соғады.

Жасанды ластану. Атмосфераны  ластаушылардың ең негізгілері транспорт  түрлері, әсіресе автомобильдердің жанармайларының жану өнімдері болып  табылады. Француз ғалымы Ж. Детридің есептеулері бойынша, автомобильдерден бөлінген газдардың құрамында көмірқышқыл  газы — 9%, көміртек ок­сиді -4%, көмірсутектер  — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%, альдегидтер  — 0,004, азот оксидтері — 0,06%, күкірт оксидтері — 0,006% барлығы 200 ге жақын  компоненттер бар екенін анықтады. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің  құрамына кіретін канцерогенді заттар, мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте  зиянды әсер етеді.

Атмосфераға транспорттардан  бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған. Және оның 40% диаметрі 5 мкм ге дейін болатындықтан ауада  ұзақ уақыт сақталып, онымен бірге  адам организміне түсетіндігі белгілі  болды.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде шамамен 500 млн аса автомобиль жүріп  тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат  үшін қаншалықты маңызды екені түсінікті. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының ауасын үнемі 2,5 млн автомобиль, Парижде  — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал әрбір мың  автомобильден күніне ауаға 3000 кг көміртек оксидтері, т.с.с отынның толық  емес жану өнімдері бөлінеді. Бұл физико-химиялық қоспалар тыныс алу кезінде адам мен жануарларға аса зиянды болып  табылады.

Ауа бассейнін күкіртті газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмір жағып, атмосфераға  шамамен 5 т күкіртті ангидрид және 16-17 т күл бөледі. Атмосфералық ауаның тазалығына үлкен әсер ететін жағылатын  отынның сапасы, жағу әдістері, газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетін  трубалардың биіктігі. ЖӘС газға  көшіру зиянды қалдықтар мөлшерін біршама  азайтады.

Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледі. Ж.Детридің есептеулері  бойынша, реактивті самолеттер ұшу  кезінде 1 сағатта 0,7 кг/м3 альдегидтер, 6,5 кг көміртек оксиді, 1,7 кг көмірсутектер, 4,3 кг азот оксидтері, 6,3 кг/м қатты  бөлшектер бөледі екен

Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетін бір реактивті самолет, 8 сағат  ұшу кезінде осы уақытта 25000 га жердің орманы бөлетін оттекті жұмсайды екен.

Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркәсіптері, транспорт, термоядролық қаруларды  сынау, т.б. арқылы жүреді. Бұлардың әрқайсысы  құрамы ондаған мың компоненттерден  тұратын түрлі қоспаларды атмосфераға  бөліп шығарады. Ауа кеңістігін ластайтын  қосылыстар көміртек оксидтері, күкірт пен азот қосылыстары, көмірсутектер  мен өндірістік шаң тозаң. 1 жыл  ішінде атмосфераға 200 млн тонна  көміртек оксиді (СО), 20 млрд тонна көмірқышқыл  газы , 150 млн тонна күкірт оксиді, 53 млн тонна азот оксидтері , 50 млн  тонна түрлі көмірсутектер бөлінеді.

Биосфераның ауыр металдармен  ластануы — ғылыми техникалық прогресстің  аса маңызды проблемаларының  бірі болып отыр. Кейбір есептеулер бойынша бүкіл адамзат қоғамы кезеңінде 20 млрд тонна темір өндірілген болса, оның түрлі техника, құрал  жабдықтар, қондырғылардағы мөлшері 6 млрд тонна ғана, олай болса 14 млрд тонна темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады. Бұдан  басқа жыл сайын өндірілген сынап  пен қорғасынның 80-90 % биосфераға таралған. Көмір жанған кезде күл және түрлі  газдармен бірге қоршаған ортаға таралатын кейбір элементтердің  мөлшері олардың өндірілген мөлшерінен де асып түседі. Мысалы, маг­ний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе, уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт  — 15 есе, сынап-50есе , литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған есе, т.с.с.

Ауаның ластануы адамның  денсаулығына, экожүйелердің қалыпты  жұмыс істеуіне, т.с.с. көптеген организмдерге  зиянды әсерін тигізеді.

Ауа бассейнінің мөлдірлігінің  өзгеруіне атмосферадағы көмірқышқыл  газының үлкен әсері бар. Жыл  сайын атмосферадағы оның мөлшері 0,4 % артып отыр, қазіргі кездегі  атмосферадағы көмірқышқыл газының  мөлшері 0,032 %. Кейбір есептеулер бойынша  атмосферадағы көмірқышқыл газының  мөлшері әр 23 жыл сайын 2 еселеніп отырады. Көмірқышқыл газы инфрақызыл сәулені — жылу сәулесін сіңіреді, оның мөлшері белгілі бір концентрацияға жеткенде қоршаған орта- дағы жалпы  температураның жоғарылауына әкеліп соғуы  мүмкін. Атмосферадағы озонның мөлшері (көлем бойынша) 2 х 10 %, бірақ ол Жер  бетін күн радиациясынан қорғап тұрады және бактерицидтік қасиеті  бар.

Атмосфераның күкіртті қосылыстармен  ластануы қазіргі таңдағы аса  маңызды проблемалардың бірі болып  отыр. Күкірт атмосфераға 5000 жылдан астам  уақыт бойы бөлініп отыр. Күкірт оксидтері өсімдіктерге, жануарлар  мен адам организміне зиянды әсер етеді. Атмосферада күкірт (1V) оксиді кү- кірт (V1) оксидіне дейін тотығады да, су буларымен қосылып, күкірт қышқылына  айналады. Күкірт қышқылы атмосфералық жауын-шашынмен бірге қышқыл жаңбыр түрінде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар  су экожүйелеріне зиянды әсерін тигі­зеді, ағаштар мен ауыл шаруашылық дақылдарының өсуін тежейді, сөйтіп үлкен экономикалық шығын келтіреді. Атмосфераға бөлінген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады. Олардың су мен топырақта  көп мөлшерде жинақталуы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Мышьяк пен  хром рак ауруларының тууына себеп  болады. Ал селенмен уланған организм өлімге ұшырайды.

 

Атмосфераның радиоактивті заттармен ластануы

Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радиациялық  әсер ету байқалатын болғандықтан өте  қауіпті болып саналады. Радиациялық  әсер — радиоактивті заттардан бөлінетін  радиоактивті сәулелердің әсері. Бұл  сәулелер кейбір химиялық элементтердің  атом ядроларының ыдырауы кезінде сыртқы ортаға бөлінеді. Бөлінген радиоактивті сәулелер адам организмінің тірі тканьдері арқылы өтіп, биологиялық процесс - терді бұзып, организмде түрліше физикалық, химиялық және физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерістер туғызады.

Информация о работе Экология