Экология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:13, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел ӛсуі және кӛптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің кӛлемін ӛсіре тҥсуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология 11111.docx

— 535.14 Кб (Скачать документ)

Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер  бетінің 2/3 бөлігін су қабаты алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі. Судың  тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның қатты  түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті  өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан  шығатын суларды минералдық сулар  деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне  байланысты. Ішуге жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды  шипалы сулар дейміз.

Су  табиғаттағы барлық тіршілік атаулының  құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының  құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді. Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа  да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

 

Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде  түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз  балдырларында жүретін үдеріс.

6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2↑

Осы оттегімен адамдар мен жануарлар  тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің  қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс  алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды  үдерістер.

 

 

4 Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі зандар;

қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;

мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға  егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;

әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне  қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы  әрбір адамға байланысты болады, біз  табиғат үшін жауаптымыз және болашақ  ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;

қоршаған  ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға  алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.

табиғи  ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда  мемлекеттің ерекше қорғауға алынған  өсімдіктер мен жануарлар жазылатын  Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып  кету үстінде тұр, сондықтан да оны  кесуге және пайдалануға тыйым салынған;

кедейлік  пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық  мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің  деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында  кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі шаралар  қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік бағдарламаларды  жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына  қолдау жасау және т.б;

қоршаған  ортаны ластаудың және табиғатқа  өзге де зиянды әсер етудің алдын алу  қағидаты;

коршаған  ортаны қорғау саласындағы тығыз  халықаралық ынтымақтастық кағидаты;

қоршаған  ортаға қатысты мәселелер бойынша  халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір  адам экологиялық сауатсыздық тек  оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін  білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.

 

5 Техносфера ( гр. techne — өнер, шеберлік, sphaira — шар ) —адамзаттың әлеуметтік-экономикалық қажетсінулеріне жақсы сәйкестендіру мақсатымен адамдардың техникалық құралдардың тікелей және жанама әсері арқылы өзгертілген биосфера бөлігі. Кейде бұл терминнің мынадай анықтамасы кездеседі: шаруашылық-өндірістік айналымдарды энергия ағыны мен заттектердің табиғи алмасуынан оқшаулау тұрғысында шаруашылық айналымына тартылатын табиғи ресурстарды пайдаланудың және қайта пайдаланудың іс жүзінде тұйык аймақтық ғаламдық келешек технологиялық жуйесі,

6 Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық Жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз бар¬лық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитар¬лық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады.

7билет

1 Экологиялық факторлар

 

Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды  заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның  компоненттері тірі организмдерге  оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан  әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы  тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты  өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы.

  Бірақ та организм үшін табиғаттың  барлық элементтері белгілі мөлшерде  қажет және жиынтық күйінде  әсер етеді. Олардың біреуі  өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет  емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен  орта дегеніміз – организмнің  өсіп - көбеюіне, тіршілігіне, дамуы  мен таралуына тікелей жанама  әсер ететін айнала қоршаған  орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар  деп – тек сол организм үшін  алмастыруға келмейтін табиғи  ортаның элементтерін айтады.

  Экологиялық факторлар дегеніміз  – организм үшін қажетті немесе  теріс әсерін тигізетін ортаның  элементтерін айтамыз. Табиғатта  экологиялық факторлардың әсеріне  әр түрлі реакция береді. Мәселен:  ащы суда тіршілік ететін организмдер  үшін тұз және минералды заттар  шешуші роль атқарса, ал тұщы  су организмдері үшін қажеті  шамалы.

  Факторлар үшін негізгі топқа  жіктеледі: абиотикалық, биотикалық  және антропикалық.

  а) Абиотикалық факторлар дегеніміз  – организмдерге әсер ететін  бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық  деп бөлінеді. Сол сияқты жердің  рельефі, геологиялық және геоморфологиялық  құрылымы, ортаның сілтілік немесе  қышқылдығы, космостық сәулелер  т.б факторлар организм үшін  әр түрлі деңгейде әсер етеді.

  б) Биотикалық факторлар дегеніміз  – тірі организмдердің бір  – біріне және ортаға жағымды  немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл  өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір-  бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету  арқылы алуан түрлі қарым –  қатынаста болады.

  Аталған қарым – қатынастар  өсімдік пен өсімдік, жануар  мен өсімдік немесе жануарлар  мен жануар арасында болуы  мүмкін.

  в) Антропикалық факторлар дегеніміз  – айнала қоршаған ортаға тигізетін  адам баласы іс - әрекетінің тікелей  немесе жанама әсері. Адам баласы  өзінің материялдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге  мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі  кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен  байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы  салалары дами түседі. Ал олардан  зияны әр түрлі газдар, қалдықтар,  лас сулар, химиялық зиянды  қосынды заттар айнала қоршаған  ортаға түседі.

 

2 Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер.

 

4 Биологиялық айналым — тіршілікте үздіксіз жүріп жататын биологиялық құбылыстардың кеңістікте белгілі бір тәртіппен қайталануы. Табиғатта болатын биологиялық айналымның сұлбасын былай көрсетуге болады:

продуценттер (жасыл өсімдіктер) күннің жарық  энергиясын сіңіруінің нәтижесінде  органикалық заттарды (бастапқы өнімді) түзеді. Ол заттар негізгі тіршілік тірегі болып саналады;

консументтер (жануарлар) дайын органикалық заттарды пайдаланып, оларды бір түрден екінші түрге айналдырады да, Жер бетінде  тіршіліктің дамуына және олардың  ұрпақтарының үнемі алмасып отыруына жағдай жасайды;

редуценттер (микроорганизмдер) органикалық заттарды минералды заттарға ыдыратады, соның  нәтижесінде табиғатта қажетсіз қалдықтардың жиналуына жол бермейді.

Биологиялық айналым нәтижесінде табиғаттағы  тіршіліктің дамуына қажетті  элементтер топырақтан, ауадан және судан  тірі организмдерге таралады және қайтадан топыраққа, ауаға, суға оралады

 

5 Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады. Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан. Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.

Қоркетік  тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар  түзіледі. Оларды бактериялар мен  ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша  жүреді. Бұл заңдылық  бірін –  бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын  бөледі. Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі  арқылы жүреді.

Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:

1. Сандар пирамидасы – әрбір  трофикалық сатыдағы даралар саны.

2.Биомасса  пирамидасы — әрбір сатыдағы  органикалық заттардың биомассасы.

3. Энергия пирамидасы — әрбір  сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.

«Экожүйелер»  және «биогеоценоз»  ұғымдары бір  – бірімен ұқсас, жүйе ішінде айналымда  болады, «билгоеценоз» — белгілі  бір аймақты қамтиды. Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі  бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе  фитоценозбен  сипатталады.

Уақыт  бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық  массасын құру бірлестіктегі  бірінші өнім деп аталады.

Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының  өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп  саналады.

Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға  байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары  жағынан  үнемі өзгерістер болып  отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады, оларды  2  түрлі типке бөлуге болады:  тізбекті және  түсуші.

Тізбекті  өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік  ырғақтарының байқалуымен  болатын өзгерістерді сипаттайды.

6

Көміртегінің  айналымы. Фотосинтез үшін көмір тегінің  көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмір-қышқыл газы болып табылады. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында  көміртегі қоректену тізбегі  бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп, тыныс алу, ату немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл  газы түрінде атмосфераға қайтады  Көміртегі циклының ұзақтығы үш-төрт жүзжылдыққа тең 

Азот  аиналымы. Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар  ақуыздардың азотым өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосфорада  бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк  жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот — фиксациялаушы  бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген  өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа  топтарының іс-әрекеті нәтижесінде  бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға  қайтады.

Оттегінің циклі. Жердегі оттегінің циклі  шамамен 2000 жылда, судың — шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл заттардың  атомдары Жер шарында әр түрлі  тірі зат арқылы еткен.

Биосфера  ұзақ даму кезеңін басынан өткізді. Бұл процесс тіршілік формасын өзгертіп, судан құрлыққа шығып, зат айналымның жүйесін өзгертті.

Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп  артты. Соңғы 600 млн. жылда зат айналымдардың  жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі  деңгейіне жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс  істейді, Ондағы ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, өздері де тіршілікке қолайлы жағдайларды  жасайды.

 

8 билет

1Өсімдіктердің тіршілік формалары

Тіршілік  форма (экобиоморфа) дегеніміз —  формалар түзетін процестің (эволюциялық  морфогенездің) ең қарапайым бірлігі (квант).

 

Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз  — өсімдіктің сыртқы түрі, ол жекелеген  өсімдіктің сыртқы ортаның әртүрлі  жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен  жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің  немесе сөулелердің өсерінің шамадан  тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның (қайта түзілудің), полиподияның негізіңде  өсім-діктерде серпінді өзгерістер (скачкообразные изменение) жүреді.

Информация о работе Экология