Экология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 08:13, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел ӛсуі және кӛптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің кӛлемін ӛсіре тҥсуде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

экология 11111.docx

— 535.14 Кб (Скачать документ)

3 Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – антропогенді және антропогенді несеме тіршілік ортада болып жатқан физикалық – химиялық процестеркезінде зиянды, улы заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жрғары елдерде соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді қоршаған ортаның химилық ластану қаупі әлі де жоғары болып тұр.

Қзіргі  кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам организміне  әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп тұратын организмге жат химиялық ластаушы заттарды ксенобиотиктер (грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп  айтады.

Жердің  геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның  және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның компоненттері  мен ластану орындары бойынша  химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:

1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар  тұратын аймақтар, жұмыс істейтін  жерлер);

2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;

3) жербетілік және жерсты суларның;

4)  топырақтың;

5) тамақтың және т.б.

Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай  үлкен топтарға бөлеміз:

1)  қоршаған ортаға сұйықтық, газды  және қатты түрдегі өндірістік  қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;

2)  ластанушы заттар шығаратын, немесе  оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;

3)  ластаушы заттар келіп тұратын  (трансшекаралық жылду) аймақтар;

4)  планетарлық ластануға әкелетін  атмосфералық жауын – шашын,  тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық  қалдықты сулар.

4 Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғата кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

 

11 билет

1 Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік және эволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады

1. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның  түрлері. Бүркеніш рең — жауы  тез байқайтын ашық жерде тіршілік  ететін организмдердің жауынан  қорғануы үшін қажет болып  табылатын бейімделушілік. Жерге  ұя салып балапан басатын (шіл,  құр, бөдене, сайрауық, т.б.) құстардың  реңі мекен ететін орта жағдайына  ұқсас. Сондықтан олар жұмыртқа  басып ұясында козғалмай жатқан  кезде жауына байқалмайды. Тіпті  жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы) секпілді дақтары да, жұмыртқаны  жарып шыққан балапандарының  түсі де тіршілік ететін орта  жағдайына ұқсас болып келеді. Ұяларына ешкім бара алмайтын  өте биік құз жартастарға ұя  салатын ірі жыртқыш құстар  мен жұмыртқаларын жерге көметін  құстардың жұмыртқа қабығында  теңбіл дақтар болмайды. Көбелектердің  жапырақтағы жұлдызқұрттары жапырақтың  түсіндей жасыл, қабықтағылары  сұрғылт-қоңыр (қабық түсіне ұқсас)  болады. Шөлде тіршілік ететін  жануарлардың сыртқы түсі құмға  ұқсас сарғыш болып келеді. Біркелкі  бүркеніш рең жәндіктерге (көк  қасқа шегіртке), кесірткелерге,  акбөкендерге, арыстандарға да тән.

Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы, ақ түлкі, ақкіс, аққоян, ақ шіл — қыста  ақ түсті (қардың түсіндей) болады.

Күндіз  ұшатын көбелектердің бүркеніш реңі қанаттарының астыңғы жағында (қанат  асты түрлі түсті) болғандықтан қонғанда қанаттары жайылмай бір-біріне беттесіп жиналып тұрады. Ал түн көбелектерінің бүркеніш реңі қанаттарының үстіңгі  жағында, сондықтан олар қонғанда қанаттары  жазылып тұрады.

Бүркеніш  реңі қанаттарының астыңғы жағында  болмағандықтан жауына байқалып қалады (қанаттарының астыңғы жағы бірыңғай акшыл реңді).

Бүркеніш  рең жәндіктердің дене пішінінен  де байқалады. Мысалы, көбелектің бүтаққа  жабысып тұрған қуыршағы бүршікке ұқсаса, дернәсілдері бұтаққа жабысып оқтай  түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің  жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте  баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар  үшін өте қажет. Ал оқпан құс қамыстың арасына ұя жасайды, абайсызда жакындаған жауын байқап қалса дереу мойнын созып қозғалмай қалады. Басқа  орта жағдайына бейімделу үшін жануарлардың тез арада реңдерін өзгерте қою  құбылысы тұқым куалайды. Мысалы, құбылғы, камбала, ешкіемер, т.б.

2. Сақтандырушы рең. Бұл рең улы,  шағатын, күйдіретін жәндіктерде  айқын байкалады. Олардың реңдері  бірден көзге түсетін, есте  сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып  келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т.б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды.

Бал ара, түкті ара, жабайы аралар, улы  жыландардың реңдері — оларды жыртқыш жануарлардан сақтайды. Сақтандырушы рең кейбір жәндіктер мен жануарлардың мінез-қылығынан да айқын байқалады. Мысалы, жорғалап бара жатқан қоңыздарға тиіп калсаң дереу өлгендей болып, біраз  уакыт козғалмай қалады.

3. Қызықтырушы рең. Бұл рең, әсіресе  жануарларға көбейер кезде пайдалы  болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер,  қосаяқтар, құстардың қораздарының  өте әдемі реңдері өз дараларына  көбею кезінде айқын көрінеді. Жайшылықта олардың реңдері тіршілік  еткен орта жағдайына ұқсас болып жауына байқалмайды.

4. Қауіп төндіруші рең. Кейбір  жануарлар қауіп төнген кезде  жауынан қорғану үшін айбар  шегіп денесін әр түрлі пішінге  келтіре алады. Мысалы: кең алқымды  жылан кауіп төнсе басын тік  ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп  айбар шегеді. Ал түкті бүйі  алдыңғы аяқтарын көтеріп құрсағымен  жер тірейді. Қарақоңыз тиіп  кетсең басын жерге тіреп құрсағын  көтеріп дереу жағымсыз иіс  шығарады. Құлақты кесіртке басының  екі жағындағы әшейінде жиналып  тұратын тері қатпарларын жазып  жіберіп аузын ашып тұра калады. Дәуіттің канатында көзге ұксаған  екі дақтары бар, ол тек қанатын  жазғанда ғана көрінеді, қауіп  төнсе қанатын жазып жауын үркітеді.

5. Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең  өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың  белгілі бір өлі және тірі  заттарына еліктеуінен байқалады.  Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің  бүркеніш реңдері бір немесе  бірнеше түрлерге ұқсас болып  келеді. Мысалы: тарақанның дене  пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы  коңызынан аумайды; теңіз атбас  балығы мен ине балықтың дене  пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл  шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға  ұқсауы, т.б. еліктеуіш реңдер  жауынан сақтанып, тірі қалуына  мүмкіндік береді.

6. Түйсік-сезімдік бейімделу. Жануарлардың  кей түрлері қауіп төнген кезде  қимылсыз өлген кейіпте тыныш  жатса, кей түрлер өз жауына  айбат көрсететін мінез-қылық  көрсетеді. Бейімделудің бұл түріне  кей жануарлар түрлерінің қоректік  заттарды қор ретінде жинауы  да жатады. Сонымен бірге кей  түрлердің жазғы немесе қысқы  ұйқыға кетуі немесе түнде,  не күндіз белсенді тіршілік әрекет етуі, т.б. жатады.

7. Ұрпағына қамқорлығы. Бейімделудің  бұл түрі кейбір балықтарда, құстарда  және сүтқоректілерде жақсы дамыған.  Олар өз ұрпақтарын жауларынан  корғауда белсенді мінез-қылық  көрсетеді.

8. Физиологиялық бейімделу. Әрбір  организмде өзінің тіршілік ортасына  сәйкес зат алмасу процесінде  едәуір бейімделушілік белгілер  мен қасиеттер қалыптасады. Ылғалды  немесе қуаңшылық жерлерде өсетін  өсімдіктер жәндіктердің белгілі  бір түрімен ғана тозаңданады.  Жануарлардың (әсіресе сүйекті балықтардың)  паразитті құрттардың өте көп  ұрпақ қалдыруға ұмтылуы да, олардың  бейімделушілігінің бір көрінісі  болып саналады.

 

2 Популяцияға тән касиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялык жағдайлары жатады.

Элементар (жергілікті) популяция - табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын  особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың  табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі  немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне  байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың  араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақтап  кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиын-тығы негізінде  қалыптасады. Олар негізінде түр  ішіндегі топтар болған-дықтан белгілі  бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей аумақты  қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық попу-ляциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген  әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық  мінез-қүлқы және басқа да касиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың  осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі  бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам  географиялық популяциясы бар. Табиғатта  популяцияның шекарасы мен дене тұрқы  оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиетгерімен ерекшеленеді

3 Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:

1) радиактивті заттрдың бөлінуінің  нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар)  бөлшектердің және гамма –  сәулелердің әсерінен болатын  радияциялық ластану (физикалық  ластану түрі);

2)  қоршаған ортадағы радиактивті  заттардың мөлшерінің көбеюіне  байланысты болатын ластану (химиялық  ластану түрі.

Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына  сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер  жауын – шашынның түсуіне әкеледі.Радионуклеиттер  – бұл элементтердің электрондарды  атомдардан шығарып, олард басқа  атомдарға оң және теріс иондар жұбын  түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді  сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп  атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық  сәулелену – бұл гамма-сәулелену  мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен  организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен  тысқары тұрып та әсер ете алады.

Радиациялық ластанудың көздері.Радиациялық қауіптердің  әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті  элементтердің бөлінуі кезіндегі  сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық  қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне  өте қауіпті радиациялық антропогендік  әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен  тығыз баланысты:

-   атом өнеркәсібі;

-   ядролық жарылыстар;

-   ядролық энергетика;

-   медицина мен ғылым.

Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен  және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.

  Келесі бір қауіпті радионуклид  – стронций – 90, ол ядролық  сынақтардың нәтижесінде түзіледі. Ол ағзаға асқазан – ішек  трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы  түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронциц қанада потологиялық құбылыстарды тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысынның бұзылуына әкеліп соғады. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.

Информация о работе Экология